Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бактерияның тыныс алуына қатысатын (каталаза, нитратредуктаза, цитохромоксидаза) ферменттерді анықтау.

Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы. | Вирустардың морфологиялық сипаттамасы. | Ышқылға төзімді бактерияларды бояу | Тірі күйінде (витальді) бояу. | Клиникалық үлгілерді қатты коректік ортаға егу схемасы | Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы | Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы | Бактериялардың қоректенуі | Бактериялардың тыныс алуы | Оректік орталар |


Читайте также:
  1. Бактериялардың тыныс алуы
  2. Психический статусты анықтау.Болжам диагноз,тексерілу және емдеу жоспары.
  3. Тақырып: Инфекция. Бактерияның патогенді факторлары

А)Каталазаны анықтау: аэробты және факультативті анаэробты бактерияларда каталаза активтілігі жоғары. Бұл фермент сутегінің қос тотығын оттегі мен суға ыдыратады. Н2О2 – улы қосылыс, бактериальды торшаның тыныс алу тізбегінде оттегі тотыққанда флавопротеид түзеді. Облигатты анаэробтарда каталаза ферменті жоқ, сондықтан Н2О2 жиналады және торшаға кері әсерін тигізеді.

Әдісті қою: Пробиркаға тәуліктік сорпадағы зерттеу дақылынан 1-2 мл және бірнеше тамшы 3% сутегі қос тотығын тамызамыз. Каталаза болғанда О2 газы көпіршіктер бөлінеді, реакция оң болады, көпіршік болмағанда теріс.

Б)Нитратредуктазаны анықтау. Нитратредуктаза ферменті арқылы бактерияның нитрат пен нитритті қалпына келтіру қабілеті анықталады. Анаэробты тыныс алуда нитрат электронның соңғы акцепторы болып табылады («нитратты» тыныс алу негізінен факультативті анаэробтарға тән). Ортада нитрит болғанда крахмал-йодты реакция болады, себебі нитрат қышқыл ортада калий йодына дейін ыдырап, йод түзеді. Соңында крахмалмен әрекеттесіп көк түс түзеді.

Әдісті қою. Пробиркаға 2-3 мл зерттеу дақылын құямыз, ортада өсіреміз, НNО3 құрамды және 1 мл реактив қосамыз, 10% Н24 тең көлемді қосылыс және ерітінді, 0,5г КJ құрамды, 1г крахмал және 100 мл су. Реакция оң болғанда көгеру пайда болады.

В)Цитохромоксидаза реакциясы. Цитохромоксидаза аэробты тыныс алатын бактерияларда кездеседі

Әдісті қою. Пробиркаға зерттеу дақылын құямыз, үстіне 1% спиртті ерітінді α-нафтолын және 1% сулы ерітінді диметилпарафенилендиаминді құямыз. Реакция нәтижесі оң болғанда ақшыл көк түс пайда болады.

 

Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және дақылдандыру.

 

Микоздар-кең таралған жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары микроскопиялық организмдер-саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota, Mycetes). Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында оқшауланған ядросы (немесе бірнеше ядросы), серпінді (ригидты) жасуша қабаты, көптеген вакоульдері, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады. Олардың өсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, дегенмен кейбір метоболизмдік үрдістері жануарлар жасушасына жақындатады.

Саңырауқұлақ денесі (таллом-қабықшалар) мицелий (грибница) болып табылады. Олар перделері бар немесе жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер тәрізді, және де бүршіктенген оваль, дөңгелекше пішінді жасушалардан тұратын гифалар. Құрылымына байланысты (мицелийлерді құрайтын жасушалар пішіні және саңырауқұлақтар жасушасының бөліну механизмі бойынша) саңырауқұлақтар 2 топқа бөлінген:

1. Гифалылар немесе мицелийлілер (зең саңырауқұлақтар).

2. Бүршіктенушілер (ашытқылар, ашытқытәріздестер).

Ең қысқа мицелийлер-ашытқыларда; ең ұзыны-көгерткіш саңырауқұлақтарда (мукорларда). Мицелийлер тұрақты түрде бұтақталып отырады; ескірген мицелийлер-дәнді, ірілеу, көптеген қосындылары және вакоульдері болады, жаңа мицелийлер-мөлдір, нәзік, гомогенді.

Саңырауқұлақтар арасында диформизм құбылысы тараған, бұл кезде саңырауқұлақтың бір түрі гифаларды да, және де бүршіктенген жасушаларды да түзе алады. Бүршіктенуден гифа түзуге ауысуы саңырауқұлақтың патогенділік белгілерінің күшейгені деп қарастыруға болады. Диформизм кокцидияларға (Coccidioides), гистоплазмаларға (Histoplasma), кандидаларға (Candida) тән.

Мицелиялар біржасушалық, септаланған, яғни көлденең перделермен- септалармен (ол ценоцитті-бірегей, ортақ деп аталады) белінбеген болуы мүмкін; немесе септаланған көпжасушалы; немесе жалған мицелиялар (бүршіктеніп бөліне бастаған жасушалардан тұратын) түзеді. Ценоциттік саңырауқұлақтарға зигомицеттер (Zygomycetes), септаланғандарға-аскомицеттер (Ascomycetes), дейтеромицеттер (Deuteromycetes) және базидиоммицеттер (Basidiomyctes) жатады.

Саңырауқұлақтарды субстраттарда (тері, шаш, тырнақ немесе зертханалардағы қоректік орталар) өсу сипаты бойынша вегетативтік (субстраттық) және репродуктивтік (ауалы) деп бөледі.Сырттай қарағанда зертханалық жағдайда субстарттық түрі қоректік ортаның бетінде (сирек жағдайда ішінде) орналасады; ал репродуктивті түрі-субстраттың беткейінен жоғары көтеріліп өседі.

Саңырауқұлақтар жыныстық және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық жолмен көбейетіндер-жетілген саңырауқұлақтар, ал жыныссыз жолмен көбейетіндер-жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталады. Бірқатар саңырауқұлақтартарда жыныстық және жыныссыз жолмен де көбейетіндігі анықталған.

Жыныстық жолмен көбею аскомицеттерге, базидиомицеттерге және зигомицеттерге тән. Осындай жолмен көбею бірнеше сатыдан тұрады. Бұл кезде бір-біріне жақын орналасқан екі шеткі гифалардың бірігуі, гаметалар, жыныстық споралар және басқа жыныстық құрылымдар (телеморф) пайда болуы іске асады. Мұндай үрдіс нәтижесінде жыныстық споралар пайда болады: қалталарда (аскаларда) – жетілетін аскоспоралар, өнім беретін денешіктерде – жетілетін базидоспоралар, зигоспоралар. Саңырауқұлақтардың 70 %- да дамудың жыныстық фазасы тіркеледі, ал жыныстық даму кезеңінің аралығында саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен-вегетативті тәсілмен көбейеді. Жыныссыз жолмен дейтеромицеттер көбейеді. Бұл жолдың негізінде митоз жатыр, яғни мицелия гифаларының қарапайым бөлінуі және саңырауқұлақтың жыныссыз өнімдік құрылымы (анаморф) пайда болуы жүреді. Анаморфтарға артроспоралар, хламидоспоралар, конидиялар, және де оларды қалыптастыратын және ұстап тұратын құрылымдар (спронгиялар, конидияұстаушылар, өнімдік денешіктер, фиалалар т.б.) жатады. Аталған анаморфтар саңырауқұлақтардың жайылып өсуіне және қолайсыз жағдайда олардың сақталуына себепкер болады.

Этиологиялық маңызы бар саңырауқұлақтарды идентификациялап зертханалық диагноз қою телеморфтар және анаморфтардың сипатын, соның ішінде құрылысының, мөлшерінің ерекшелігін, конидилар санын анықтау негізінде жүргізілетінін ескеру қажет. Анаморфтар мөлшері шамалы біржасушалы (микроконидиялар) және көпжасушалы (макроконидиялар) болуы мүмкін. Артроспоралар немесе таллоконидиялар кәдімгі гифалардың шетінде немесе екі жанында орналасатын септаланған гифалардың фрагменттері. Бластоконидиялар (бластоспоралар) аналық жасушадан ұрпақтық жасушаның бүршіктеніп көбею жолымен пайда болады, хламидиоконидиялар (хламидиоспоралар) мицелия ішінде гифаның шеңберленіп қалыңдауы және оның қалың қабатпен қоршалуы нәтижесінде пайда болады.

Спорангияспоралар (эндоспоралар) саңырауқұлақтардың ерекше қапшығының-спорангиялардың ішінде жетіліп және сол жерде орналасады. Конидиялар (эктоспоралар) өнім беретін гифаның ең шетінде жетіледі және сол жерде орналасады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 181 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.| Репродукциясы, өсіп-өндіру әдістері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)