Читайте также: |
|
Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте).
Емі
ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады:
— ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру;
— жүйелік антибиотикотерапия;
— табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін);
—гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу;
— аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию.
Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.
7.22 кесте. ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
Белгісі | Нейропатикалық түрі | Ишемиялық түрі |
Орташа жасы | Кез-келген, жиі 40 жаста | 55 жастан жоғары |
ҚД ұзақтығы | 5 жылдан астам | Кез-келген, жиі 1-3 жыл |
Басқадай кеш асқынулар | Жиі | Айқын көрініс бермеуі мүмкін. |
Қантамырлық патология | Макроангиопатия дамымауы мүмкін | Артериялық гипертензия, гиперхолестринемия, ЖИА |
Анамнезіндегі табан ойық жаралары | Жиі | Сирек |
Зақымданған аймақ жағдайы | Әдетте ауырсынусыз. Түнде қатты ауыру сезімі мен парестезия мазалауы мүмкін («мазасыз аяқ» синдромы) | Ауырсынумен. Аяқтың артериялық қанмен қамтамасыз етілуіне тест оң. Қосымша нейропатияның дамуы кезінле ауыспалы ақсақтық көрініс бермеуі мүмкін |
Аяқ жағдайы | Аяқтары жылы, қызғылт реңді. Терісі құрғақ, қамыр тәрізді, жырған. Пульс анықталады, көктамырлары толыққанды | Аяқтары ылғалды, суық, көгерген. Пульс әлсіреген немес пальпацияланбайды. Түктену жоқ |
Ойық жара локализациясы | Басым жағдайда табанда, башпай аралықтарында. | Жиі башпайда, өкшеде (акральді некроздар) |
Сезімталдылығы | Вибрациялық, ауыру және температуралық сезімталдылықтың бұзылуы («шұлық» және «қолғап» типті бойынша), сонымен қатар тізе және өкше рефлекстерінің әлсіреуі, бұлшықет атрофиясы | Сезімталдылықтың айқын бұзылыстары әдеттер болмайды |
Табан өзгерісі | Жиі табан деформациясы мен остеоартропатия дамиды. | Сүйек өзгерістері сирек дамиды |
Рентгенография | Остеопения, остеолиз, табан буындарының спонтанды фрактурасы, табан күмбезі құрылымының өзгерісі | Тізе мен тобық қантамырларының медиасклерозы (tunica media қантамырларының кальцификациясы) |
ДТС-ның ишемиялық түрінің емі негізделеді:
• ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге көшіру;
• ойық жара-некроздық зақымданулардың болмауы кезінде эрготерапия (коллатеральді айналымның қалыптасуы үшін тәулігіне 1–2-сағат жаяу жүру);
• зақымданған қантамырларға реваскуляризациялық операциялар;
• консервативті терапия: антикоагулянттар, қажет болғанда аспирин (100 мг/тәу) — фибринолитиктер, простагландин E1 және простациклин препараттары.
ДТС барлық түрінде кең таралған іріңді-некротикалық үрдіс кезінде ампутация жөнінде сұрақ қойылады.
Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Эпидемиологиясы | | | Болжамы |