Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этиологиясы. ДР дамуына әкелетін басты этиологиялық түрткі созылмалы гипергликемия болып

Эпидемиологиясы | Диагностикасы | Салыстырмалы диагностикасы | Этиологиясы | Диагностикасы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Салыстырмалы диагностикасы | Болжамы | Эпидемиологиясы |


Читайте также:
  1. Этиологиясы
  2. Этиологиясы
  3. Этиологиясы
  4. Этиологиясы
  5. Этиологиясы
  6. Этиологиясы
  7. Этиологиясы

ДР дамуына әкелетін басты этиологиялық түрткі созылмалы гипергликемия болып табылады. Басқа түрткілердің маңыздылығы айтарлықтай емес (артериялық гипертензия, дислипидемия, темекі тарту, жүктілік).

 

Патогенезі

ДР патогенезінің басты тармақтарына жатады:

• гипоперфузияның дамуына әкелетін қантамыр саңылауын тарылтатын торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы;

• микроаневризманың түзілуімен сипатталатын қантамырлардың дегенерациясы;

• қантамырлар пролиферациясын үстемелейтін және майлы дистрофия мен торлы қабықта кальций тұздарының жөгуіне септігін тигізетін үдемелі гипоксия;

7.17 кесте. Диабеттік ретинопатия

Этиологиясы мен патогенезі Созылмалы гипергликемия, торлы қабық қантамырларының микроангиопатиясы, торлы қабықтың ишемиясы мен неоваскуляризациясы, артериовенозды шунттардың түзілуі, витреоретинальді тракциялар, торлы қабықтың сыдырылуы және ишемиялық дегенерациясы
Эпидемиологиясы Еңбекке жарамды халық арасында соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады
Басты клиникалық көрінісі Пролиферативті емес, препролиферативті, пролиферативті ретинопатия  
Диагностикасы Офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет
Салыстырмалы диагностикасы ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары
Емі ҚД компенсациясы, лазерлі фотокоагуляция
Болжамы ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды. ДР байланысты соқырлықтың жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 3,3 жағдайды құрайды. ҚД-1 кезінде HbA1c дейгейінің 7,0% түсуі ДР даму қаупін 75%-ға және оның үдемелі даму қаупін 60%-ға төмендетеді. ҚД-2 кезінде НbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі ДР даму қаупін 20%-ға азайтады

 

• жұмсақ «мақталы дақтардың» дамуына әкелетін экссудациямен микроинфаркттар;

• тығыз экссудаттардың түзілуімен липидтердің жиналуы;

• торлы қабық гипоперфузиясының өршуіне және көктамырлардың дилатациясына әкелетін, шунттар мен аневризманы дамытатын қантамырлар пролиферациясының торлы қабықта артуы;

• инфильтраттар мен тыртықтардың дамуына әкелетін, ишемизацияны әрі қарай үдететін ұрлау феномені;

• ишемиялық дезинтеграция нәтиежесінде торлы қабықтың сыдырылуы және витреоретинальді тракциялардың түзілуі;

• геморрагиялық инфаркт, массивті қантамырлық инвазия және аневризманың жыртылуы нәтижесінде шыны тәрізді денеге қан құйылу;

• екіншілік глаукоманың дамуына әкелетін нұрлы қабық қантамырларының пролиферациясы (диабеттік рубеоз);

• торлы қабықтың ісінуімен макулопатия.

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Салыстырмалы диагностикасы| Диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)