Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диагностикасы. ГА-ның диагностикалық нышандарына (критерий) жатады:

Эпидемиологиясы | Салыстырмалы диагностикасы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Диагностикасы | МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ | ГРЕЙВС АУРУЫ | Этиологиясы |


Читайте также:
  1. Диагностикасы
  2. Диагностикасы
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Диагностикасы
  6. Диагностикасы
  7. Диагностикасы

ГА-ның диагностикалық нышандарына (критерий) жатады:

1. Зертханалық дәлелденген тиреотоксикоз (ТТГ↓, Т4 және Т3↑);

2. Эндокринді офтальмопатия (60–80 % жағдайда);

3. ҚБ көлемінің диффузды ұлғаюы (60–70 %);

4. ҚБ сцинтиграфиясы бойынша 99mТс сіңірілуінің диффузды күшеюі;

5. ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер.

 

ГА диагностикасының бірінші этапында, науқаста дамыған клиникалық симптоматика тиреотоксикоз синдромы әсерінен дамығанын дәлелдеу керек (тахикардия, тремор, арықтау). Бұл мақсатта гормональды зерттеу тағайындалады, зерттеу нәтижесі ТТГ төмендегенін немесе толық жоғалғанын, Т4 және/немесе Т3 жоғарылағанын көрсетеді. Клиникалық айқын ЭОП ГА диагнозына ешқандай күмән туғызбайды. ЭОП көріністері көрініс бермеген кездерде, оны аспаптық зерттеу әдістері арқылы зерттеу қажет (орбиталардың МРТ-сы мен УДЗ-уі).

ГА кезінде жүргізілген УДЗ-да ҚБ-дің диффузды ұлғайғаны және барлық аутоиммунды ауруларға тән гипоэхогендік анықталады. Сонымен қатар ҚБ көлемін анықтау емдеу әдісін таңдауға ықпал етеді, себебі үлкен көлемдегі жемсау кезінде консервативті тиреостатикалық терапияның болжамы нашар.

Көпшілік жағдайларда ҚБ-дің сцинтиграфиясын жүргізу міндетті емес (тиреотоксикоз, ЭОП, диффузды жемсау, науқастың жас болуы). Кей жағдайда бұл әдіс ГА-ын деструктивті тиреотоксикозбен (босанудан кейінгі, жеделдеу тиреоидит және т.б.) немесе ҚБ функционалдық афтономияларымен («ыстық» түйіндермен көптүйінді уытты жемсау) дамитын аурулармен салысытыруға мүмкіндік береді.

ГА-мен сырқаттанған науқастардың 70–80%-да тиреоидты пероксидазаға (ТПО-АД) және тиреоглобулинге (ТГ-АД) қарсы антиденелер анықталады, дегенмен, олар бұл сырқаттарға спецификалық емес және ҚБ барлық аутоиммунды ауруларында кездесе береді (аутоиммунды тиреоидит, босанудан кейінгі тиреоидит). ТПО-АД деңгейінің жоғарылауы тиреотоксикозбен дамитын (ҚБ функционалды автономиясы) аутоиммунды емес аурулармен ажырату диагностикасын жүргізгенде қосалқы диагностикалық белгі болып табылады. ГА-ның диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасында басты патогенетикалық маңыздылыққа ие болатын ТТГ рецепторларына қасы антиденелер деңгейін анықтау спецификалық тест ретінде қолданылады. Бірақ, кейде айқын ГА дамыған науқастарда бұл аталған антиденелер анықталмауы мүмкін, ол жақында пайда болған тест-жүйелердің жетілмегенінің айғағы.

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эпидемиологиясы| Дифференциалды диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)