Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диагностикасы. Басты, бірақ абсолютті емес маңыздылыққа бірге дамитын ГА

Эпидемиологиясы | Диагностикасы | МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ | ГРЕЙВС АУРУЫ | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Диагностикасы | Дифференциалды диагностикасы | Болжамы | Этиологиясы |


Читайте также:
  1. Диагностикасы
  2. Диагностикасы
  3. Диагностикасы
  4. Диагностикасы
  5. Диагностикасы
  6. Диагностикасы
  7. Диагностикасы

Басты, бірақ абсолютті емес маңыздылыққа бірге дамитын ГА, сирек жағдайда аутоиммунды тиреоидит ие болады. Бұл жағдайда науқаста екі жақты үрдістің дамуы диагнозды толығымен растайды. Сирек орындалатын орбиталар УДЗ-сі көзқозғалтқыш жүйкелерінің жуандағанын көрсетеді (3.17 сурет).

Бұл зерттеу әдісі клиникалық айқын емес ЭОП-ны белсенді түрде диагностикалау мақсатында жүргізіледі, себебі ол тиреотоксикозбен дамитын бірқатар сырқаттардан ажырату барысында ГА диагнозын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатта аса қымбат, бірақ әлдекайда ақпаратты зерттеу МРТ жүгізуге болады. МРТ жүргізуге басты көрсеткіш болып науқаста біржақты экзофтальмді анықтау табылады (әсіресе, басқа көз симптомдары мен қабынулық өзгерістер дамымағанда). Сонымен қатар, МРТ ретробульбарлы ісікті жоққа шығару мақсатында орындалады. ЭОП диагностикасындағы емді тағайындау жөніндегі маңызды сұрақтардың бірін шешу үшін ЭОП белсенділігін анықтау қажет. Осы мақсатта клиникалық көріністер мен анамнез мәліметтері (динамикадағы қарау) маңызды. Оларды төменде көрсетілген 3.9 кестедегі ЭОП клиникалық белсенділігі шкаласында қосып, топтастырады.

 

3.9 кесте. ЭОП-ның клиникалық белсенділігінің шкаласы

 

1. Спонтанды ретробульбарлы ауырсыну (соңғы 4 апта бойы көздің артында дамитын қысқандай ауыру сезімі) 2. Көзді қозғалтқанда дамитын ауыру сезімі (соңғы 4 апта бойы жоғарыға, жанына және төмен қарауға әрекет еткенде) 3. Қабақтың қызаруы (эритема) 4. Қабақтың ісінуі 5. Конъюнктива инъекциясы (аз дегенде бір квадрантты қамтитын конъюнктиваның диффузды қызаруы) 6. Хемоз 7. Карункул ісінуі  
· 1 балл 1 белгіге сәйкес келеді · Жалпы балл 0зден (белсенділік жоқ) 7-ге дейін (айқын) ауытқиды. · ЭОП 4 баллдан жоғары болғанда белсенді болып есептелінеді.  

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 55 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эпидемиологиясы| Салыстырмалы диагностикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)