Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Болжамы. Дер кезінде ем жүргізілмеген жағдайда болжамы нашар

Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Диагностикасы | МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ | ГРЕЙВС АУРУЫ | Этиологиясы | Эпидемиологиясы | Диагностикасы |


Читайте также:
  1. Болжамы
  2. Болжамы
  3. Болжамы
  4. Болжамы
  5. Болжамы
  6. Болжамы
  7. Болжамы

Дер кезінде ем жүргізілмеген жағдайда болжамы нашар, ол жүрекшелер фибрилляциясымен, жүрек жеткіліксіздігімен, арықтаумен (марантикалық тиреотоксикоз) анықталады. ҚБ қызметі қалыптасқан кезде тиреотоксикалық кардиомиопатия болжамы оңтайлы- науқастардың басым көпшілігінде кардиомегалияның регрессі дамып, синусты ырғақ қалыптасады. 12–18-айға созылған тиреостатикалық терапия курсынан кейін тиреотоксикоздің рецидив беру мүмкіндігі - науқастардың 70–75%.

 

3.5. ЭНДОКРИНДІ ОФТАЛЬМОПАТИЯ

 

Эндокринді офтальмопатия (ЭОП, Грейвс офтальмопатиясы, аутоиммунды офтальмопатия) — Грейвс ауруымен патогенетикалық байланысты, ісінумен және лимфоцитарлы инфильтрациямен, кейін ретробульбарлы шелмай мен көзқозғалтқыш бұлшықеттердің фиброзды өзгерістерімен сипатталатын аутоиммунды ауру.

 

3.6 кесте. Эндокринді офтальмопатия

 

Этиологиясы Грейвс ауруындағыдай
Патогенезі Грейвс ауруының жүйелік аутоиммунды үрдісінің шеңберінде дамитын ребробульбарлы шелмай мен көзқозғалтқыш бұлшықеттердің иммунды қабынуы.
Эпидемиологиясы Грейвс ауруымен сырқаттанған науқастардың 50–75 %-да дамиды.
Басты клиникалық көріністері «Көзге құм кіргендей» сезім, көздің ауыруы, диплопия, қабақтың ісінуі, экзофтальм, көз жүйкесінің нейропатиялық көріністері, қитарлық.
Диагностикасы Офтальмологиялық қарау, экзофтальмометрия, орбиталардың УДЗ-сі мен МРТ-сі.
Салыстырмалы диагностикасы Ретробульбарлы ісіктер (бір жақты экзофтальм кезінде), көз алмасының инфильтративті аурулары, миастения.
Емі Жеңіл дәрежесі кезінде көрсетілмеген, ауыр және орташа ауырлықта белсенді фазада тағайындайды: глюкокортикоидтар (per os немесе пульс-терапия), көз алмасының рентгенографиясы, соматостатин туындылары, орбитаның хирургиялық декомпрессиясы, белсенді емес фазада: қажет болған жағдайда косметикалық операциялар орындалады.
Болжамы 98 % жағдайда ремиссия дамиды (өздігінен немесе емнен кейін), 2 % жағдайда- белсенді емес фазасы орнағаннан кейін ЭОП-ның қалдық белгілерімен ауыр ағым.

 

95 % жағдайда ЭОП Грейвс ауруымен бірге дамып, бұл жүйелік аутоиммунды аурудың ажырамастай бөлігі болып табылады (оның «визитті картасы»), бірақ ЭОП тиреотоксикоздан бұрын басталуы мүмкін. Шамамен 5% жағдайда ЭОП аутоиммунды тиреоидитпен ұштасады, ал қалған 5%-да — жекеленген ауру ретінде, яғни ГА кезінде дамитын аутоиммунды аурудың дара компоненті ретіне дамиды. Түсініксіз себеппен 5–10 % жағдайда ЭОП-ға біржақты сипат тән (3.6 кесте).

 

3.14 сурет. Эндокринді офтальмопатияның даму сатылары

3.14 сурет Активность- Белсенділігі Тяжесть- Ауырлығы Остаточные явления- Қалдық белгілер % от максимальной активности и тяжести- Белсенділігі мен ауырлығының максимальды %

 

 


Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дифференциалды диагностикасы| Этиологиясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)