Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылыми негіздеме

Читайте также:
  1. Дәріс. Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері
  2. Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.
  3. Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.
  4. Реформаны жүргiзу саясатында ғылыми болжамның болмауынан
  5. Студенттің ғылыми қажеттілігі деңгейін талдау үлгісі

Әлемнің кез келген мемлекетінің даму деңгейін, экономикасын анықтауда, сол мемлекеттің табиғат жағдайы мен табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі, нарықта сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен сапасы сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштермен қатар халқының саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен өмір сүру жасының ұзақтығы, денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны алға ілгерлегенімен, халықтың саны мен табиғи өсуі, туу және өлім мөлшері, олардың денсаулығы, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейі сияқты көрсеткіштер әлі де нашар деңгейде. Осы мәселелерге негізінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, биологиялық себептердің тікелей ықпалы бар екені белгілі.

Халық – қоғамның басты өндіргіш күші, онсыз өндірістің өзі, ғылым мен техниканың дамуы мүмкін емес. Сонымен қатар халық – өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, транспорттың өнімдерін негізгі тұтынушы және адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады.

Демографиялық жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық даму сұрақтарында айтарлықтай рөлді атқарады, халық – шаруашылық кешенінің тиімді қызмет атқаруының шешуші факторларының бірі болып табылады, сондықтан Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының әлеуметтік-демографиялық жағдайын талдап зерттеу өзекті және кәсіби мақсатым. Себебі, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік қалаларындағы түрлі демографиялық жағдайлар елдің болашағы үшін күрделі мәселелер тудыруда. Алда осы мәселе бойынша тереңірек зерттеу жүргізуді жоспарлаудамын. Осы зерттеу жұмысында Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының әлеуметтік-демографиялық жағдайын, қалалардың экологиясын зерделеу зерттеу жоспарында ұсынылады. Қазақстанның, сонымен бірге Шығыс Қазақстанның демографиялық жағдайын М. Тәтімов, А.Н. Алексеенко бастаған атақты демограф ғалымдар зерттеген.

Облыстағы өнеркәсіптік қалалардың демографиялық жағдайына Өскемен, Семей, Риддер, Зырян және Курчатов сияқты ірі өнеркәсіптік қалалардың экологиясы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инфрақұрылымның және қызмет көрсету салаларының даму деңгейінің төмендеуі тікелей әсер етеді.

Шығыс Қазақстан облысы үшін демография мәселесі мәнді болып қалады, сондықтан аймақта туу деңгейін көтеруге, өлім деңгейін төмендетуге бағытталатын республиканың демографиялық саясатына ерекше назар бөлу қажет, өйткені Шығыс Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің ірі орталығы болып табылады. Ол ландшафтардың нашарлауына, атмосфера мен гидросфераның ластануына, халықтың денсаулығына, қатерлі және жұқпалы ауруларға шалдығуына әкеледі.

Философия (PhD) докторантурасында тәлім алу арқылы Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының әлеуметтік-демографиялық жағдайын талдай отырып, мәселелердің себебін, халықтың табиғи өсімінің өзгеруіне әсер етуші факторларды анықтап, геоақпараттық жүйелеу (ГАЖ) технологияларының көмегімен демографиялық көрсеткіштердің деңгейін көрсететін карталар құрастыру кәсіби мақсатымды жүзеге асыруға көмектеседі.

Философия (PhD) докторантурасына тапсырушы Мусабаева А.К.

Ұсынылатын ғылыми жетекші Мазбаев О.Б.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Конкурсная программа| НАУЧНОЕ ОБОСНОВАНИЕ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)