Читайте также: |
|
Жалпы арнайы органоидтар (митохондрия, лизосома, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, пероксисомалар, рибосомалар, центриолдер) - Митохондриялар.
Жалпы құрылымы және қызметі.
Митохондриялар – екі мембраналы органеллалар. Клетканың метаболизді орталық қызметін атқарады. Митохондрия Сфералық, жіптәрізді, сопақша және т.б. пішінді. Митохондрияның ішінде қыртыстар бар (ұзындығы 0,8 - 7 мк).
Лизосомалар Орташа домалақ пішінді (диам. 1 мк)
Гольджи комплекс Ірі қуысты жүйеден тұрады, олардан түтікшелер таралған, олар тор түзеді және олардан үнемі ұсақ және ірі көпіршіктер бөлінеді.
ЭПТ Ірі қуысты канал түзетін цитоплазмадағы мембраналы жүйе.
пероксисомалар – жекеленген органеллалар, мембранамен қоршалған. Олар оттегін пайдаланудағы негізгі орын болып табылады, сонысымен олар митохондриямен ұқсас болып келеді. Пероксисомалардың көлденең кесіндісі домалақ пішінді
Рибосомалар Ұсақ жасушалық органоидтар.Ақуыз малекулаларының синтезін
жүзеге асады, олардың аминқышқылдарынан жинақталуын қамтамассыз етеді.
Жасушалық орталық Екі денешіктен тұрады – центриольдер және центросфералар – тығыз цитоплазмалық аймақтан.
Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері - Кодтың қызметі.
1Код триплетті, яғни генетикалық кодтың бірлігі триплет немесе кодон болып табылады.
2. Кодтың көптігі – көптеген аминқышқылдары бірнеше триплеттермен шифланады. (Бұл өте маңызды, себебі ДНҚ тізбегіндегі бір нуклеотидтің орнына екіншісінің қойылуы триплет мағынасын немесе ақпаратын өзгертпейді), яғни жаңа кодон сол аминқышқылын кодтауы мүмкін.
3. Өзгешелігі, ерекшелігі - әрбір триплет тек бір аминқышқылын кодтайды.
4. Генетикалық кодтың универсалдығы – Бұл тірі ағзалардың әр түрлі түрлерінің коды толық сәйкес, жер бетіндегі барлық тірі формалардың шығу тегі бірлікті екенін дәлелдейді.
5. Үздіксіздік – нуклеотидтердің бір ізділігін триплет соңында триплеп санайды, кодта үтір болмайды, яғни бір кодонды екіншісімен бөлетін белгі жоқ.
6. Бірін-бірі жаппайды – Көршілес триплеттер немесе кодондар бірін-бірі жаппайды, ал әрбір жеке нуклеотид беоілген бағдарлама кезінде тек бір триплеттің құрамына кіреді.
1. Жасуша құрылысының типтері - Жасушалық мембрана (немесе цитолемма, немесе плазмалемма, немесе плазматикалық мембрана) әрбір жасуша құрамын тұрақтылығын сақтай отырып сыртқы ортадан бөліп тұрады, жасуша және сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттейді, жасушаішілік мембраналар жасушаны арнайы тұйық бөлімдерге — компартменттерге немесе жасушаішілік ортаның белгілі жағдайларын ұстап тұратын органеллаларға бөледі. Жасушалық мембрана екі қабаттан тұрады (биқабат), олардың көбісі күрделі липидтер- фосфолипидтер деп аталатын липидтер класы малекуласынан тұрады. Липидтер молекуласында гидрофильді («басы») және гидрофобты («құйрығы») бар.
48. Нонсенс-кодон және старт-кодондардың ролі -Генетикалық кодты толық шифрлау 20 ғасырдың 1960 жылдары іске асырылды. ДНҚ-ның 64 триплеті бар. Оның ішінде 61 триплет әртүрлі аминқыщқылдарын кодтайды, ал қалған үш триплет – мәнсіз немесе «нонсенс-триплеттер» деп аталады. Үшеуі аминқышқылдарын шифрламайды, олар ешбір аминқышқылына сәйкес келмейді (АТТ, АЦТ, АТЦ).
Ақуыз малекуласының синтезі 100 аминқышқылынан тұрады, 2 мин. Артық уақытты алады. Нақты ақуыз малекуласының жинақталуы рибосоманың белсенді орталығына мРНҚ стоп-кодоны түскен кезде аяқталады және ақуыздық тізбек үзіледі.
.39. ДНҚ молекуласының құрылысы -Нуклеин қышқылының екі классы белгілі – дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ). 1869 ж көптеген химиялық заттардың арасында ДНҚ жеке топ болып бөлінді. 1953 ж ағылшын ғалымы Ф.Крик және американдық ғалым Дж Уотсон ДНҚ үшқұрылымды құрылысын және құрылымын анықтады. ДНҚ екі орамды. ДНҚ фосфор қышқылының қалдығынан, дезоксирибоза қантынан, 4 азоттық негізден: пуриндік (аденин және гуанин) жәнепиримидиндік (цитозин және тимин) тұрады.
Екі тізбек бір-біріне комплементарлы орналасқан: пуриндік негіз - аденин (А) пиримидиндік - тиминмен (Т), ал гуанин (Г) цитозинмен (Ц). Сондықтан аденин саны тиминге, гуанин саны цитозинге тең: А+Г = Т+Ц. Фосфор қышқылы малекуласының қалдығы, дезоксирибоза қанты және азоттық негіздердің жиынтығы нуклеотидті құрайды. ДНҚ негізгі бөлігі ядрода ядролық ақуыздармен байланысып орналасады, жартысы митохондрияда орналасады. Рентгенқұрылымдық мәліметтер анализінің көрсетуі бойынша, ДНҚ молекула – екі тізбекті спиральден тұрады, өз білігінің (ось) айналасында сағат тілінің бағыты бойымен оңға қарай ширатылған, бұралған Спиральдің диаметрі 2 нм, ұзындығ – 3,4 нм, әрбір орамда 10 нуклеотидтен болады.Қос оралым оң жаққа қарай бұралған β-пішінді.
Мембрана ар0ылы Белсенді және белсенсіз тасымалдау -Белсенді тасымалданукезінде энергия жұмсалады, заттарды электрохимиялық градиентке қарсы тасымалдайды. Мысалы, натрий, калий және хлор иондары. Қан плазмасында бұлардың құрамы эритроциттерге қарағанда біраз айырмашылығы бар.
Белсенсіз тасымалданудың басқа түрі – градиентті концентрациялы диффузия болып саналады, яғни жоғары концентрация аймағынан төменгі концентрация аймағына. Осы тасымалдану түрімен клеткаға кіші молекулалар (салмағы 150 Да дан көп емес) енеді, және де оттегі, көмірқышқыл газ және азот енеді.
Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі – бұл тасымалдау болып табылады. Мембрана арқылы тасымалданудың 4 түрі белгілі, олардың екеуі белсенді және екеуі белсенсіз. Белсенді тасымалдану, энергияны қажет етеді, ал белсенсіз тасымалдану, энергияны қажет етпейді. Плазмалық мембрана арқылы тасымалданудың қарапайым түрі: осмос және су диффузиясы.
15. Прокариот және эукариот жасушаларының компоненттерін атаңыз - Табиғат әлемінде клетка екі топқа бөлінеді: прокариот және эукариот клеткасы. Эукариотты тип 2 тип астына бөлінеді: 1 – тип қарапайымдыларға тән, 2 – тип көпклеткалыларға
тән.Прокариот клеткасының көлемі кішігірім (диаметрі немесе ұзындығы 0,5 – 3 мкм –ден көп емес. Прокариот клеткасының құрамы: цитоплазмалық мембранадан, цитоплазмадан, рибосомалардан, гликоген және липидтер қосындылардан құралған. Цитоплазмада бос күйінде орналасқан бірғана сақиналы ДНК-а болады. Прокариот клеткасының ішіндегі жүйе толық жетілмеген және гистондардың болмауымен
Ерекшеленеді. Прокариот клеткасында клетка орталығы болмайды және цитоплазма қозғалысқа бейімді емес. Прокариот клеткасына бактерия және көк жасыл балдырлар жатады.Эукариот клеткасы – көпклеткалы құрылыммен ерекшеленеді. Өсімдік және жануарлар клеткасын жалпы түрде алып қарастырсақ құрылысы бір-біріне ұқсас, тек қана өсімдіктер клеткасында хлоропластар, үлкен орталық вакуол, клетка қабықшасы болады. Клетканың көлемі ағзалар түріне тәуелді болмайды. Табиғатта клетка диаметрі орташа 10 – 100 мкм, ал көлемі 200 – 15000 мкм- квадратқа тең. Ең үлкен клетка – жұмыртқа клеткасы (яйцеклетка) болып саналады.
16. Интерфазалық ядро – ның морфалогиясы -Интерфаза 3 фазаға бөлінеді: G1, S, G2. G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды белоктар түзіліп клетканың өсуі жүреді.
S фазада ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері жүреді. Гистонды белоктардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидтеге бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіледі және центриолдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады. Интерфаза біткеннен кейін кариокенез немесе митоз басталады. Митоз бес кезеңге бөлінеді. Митоздың кезеңдері: профаза, прометафаза, метафаза, анафаза, телофаза
.
26. жасушалық байланыстар Адгезия - Адгезиондыбелдік – бұл бұлшық етсіз клеткалардағы актинді және миозинді филаменттердің тұрақты жыйналуы. Клеткалы байланысу құрамына кіретін адгезионды белдіктер клеткаларды бірге қосады және апикальді плазмалық мембрана маңында эпителиальді клеткаларда табылды, онда көршілес клеткалар бір-бірімен латеральді қосылады.
ЖАСУШАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ 5 ТИПІ БАР. 1.ҚАРАПАЙЫМ БАЙЛАНЫСТАР ЖАСУШАНЫҢ КӨПТЕГЕН АЙМАҒЫН АЛЫП ЖАТАДЫ. БИЛИПИДТІ МЕМБРАНАЛАРМЕН КӨРШІ ЖАСУШАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АРАҚАТЫНАС 15-20НМНЫ ҚҰРАЙДЫ, АЛ ЖАСУШАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ГЛИКОКАЛИКСКЕ ЖАНАСҚАН МАКРОМОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ЕСЕБІНЕН ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. ҚАРАПАЙЫМ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ӘЛСІЗ МЕХАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС – ЖАСУШААРАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛДАУЫНА КЕДЕРГІ ЖАСАМАЙТЫН АДГЕЗИЯ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. 2 ДЕСМОСОМДЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖАСУШААРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ДИАМЕТРІ 0,5МКМ.ӘРБІР БӨЛІМІ 3 ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫСТЫ ЖӘНЕ ЕКІ ДЕСМОСОМЭЛЕКТРОНДАР ТЫҒЫЗ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ, ЦИТОПЛАЗМАДА ЖАСУШЫНЫҢ БАЙЛАНЫСАТЫН ЖЕРІНДЕ ОРНАЛАСАДЫ, ЭЛЕКТРОНДЫ ТЫҒЫЗ МАТЕРИАЛ МЕМБРАНА АРАЛЫҚ АЙМАҚТА ЖИНАҚТАЛАДЫ. ДЕСМОСОМАНЫҢ БІР ЖАСУШАДАҒЫ САНЫ 2000ҒА ЖЕТЕДІ. ДЕСМОСОМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАСУША АРАСЫНДАҒЫ МЕХАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. 3.ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТАР АСҚАЗАН ІШЕК ЖӘНЕ Т.Б. МҮШЕЛЕРДІҢ ЭПИТЕЛИАЛЬДЫ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ОРНАЛАСАДЫ.ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС ЭПИТЕЛИЙ ЖАСУШАСЫНЫҢ АПИКАЛЬДЫ БӨЛІКТЕРІНІҢ АРАСЫНДА БОЛАДЫ. БҰЛ БӨЛІКТЕРДЕ МЕМБРАНАЛЫҚ АЙМАҚ БОЛМАЙДЫ, КӨРШІ ПЛАЗМОЛЕММАЛАРДЫҢ БИЛИПИДТІ ҚАБАТЫ БІР ОРТАҚ БИЛИПИДТІ МЕМБРАНАМЕН ҚОСЫЛАДЫ. ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ – ЖАСУША АРАСЫНДАҒЫ МЫҚТЫ МЕХАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС. СОНЫМЕН ҚАТАР ЖАСУША АРАЛЫҚ АЙМАҚТАРДА ЗАТТАРДЫҢ ТАСЫМАЛДАНУЫНА ҚАТЫСАДЫ.4.САҢЫЛАУ ТӘРІЗДІ БАЙЛАНЫС НЕМЕСЕ НЕКСУСТАР ДИАМЕТРІ 0,5-3,0МКМ,БИЛИПИДТІ МЕМБРАНАНЫҢ АРАСЫ 2-3НМ ҚАШЫҚТЫҚТА ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН.ГИДРОФИЛЬДІ КАНАЛ БАР.БҰЛ КАНАЛДАР АРҚЫЛЫ ИОНДАРДЫҢ АЛМАСУЫ ЖҮРЕДІ. 5.СИНАПТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕМЕСЕ СИНАПСТАР – ЖҮЙКЕ ЖАСУШАЛАРЫНДАҒЫ АРНАЙЫ БАЙЛАНЫС (НЕЙРОНАРАЛЫҚ СИНАПСТАР) НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСҚА ДА ЖАСУШАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ (ЖҮЙКЕ-БҰЛШЫҚЕТТІК СИНАПСТАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА)СИНАПСТЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТІК РӨЛІ ӨОЗУ ЖӘНЕ ТЕЖЕЛУДІ БІР ЖҮЙКЕ ЖАСУШАСЫНАН БАСҚАСЫНА НЕМЕСЕ ЖҮЙКЕ ЖАСУШАСЫНАН ИННЕВИРЛІ ЖАСУШАҒА БЕРУ
34.АҚУЫЗДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ Ақуыздың бірінші ретті -құрылымына сипаттама Ақуыз құрылысының бірнеше деңгейлі құрылымы бар. Олар келесі түрге бөлінеді:Алғашқы; 2. Екінші; 3. Үшінші; 4. Төртінші.
Алғашқы құрылымы – бұл бір-бірімен полипептидті байланысқан аминқышқылды қалдықтар байланысқан бір ізділігі.
Нақ осы құрылым РНҚ – дағы кодондардың бір ізділігімен тіке кодталады және трансляция кезінде көшірмесін алады.
Табиғаттағы ақуыздарда кездесетін барлық 20 аминқышқыл қалдықтарының құрылысы ұқсас, (лейцин, глицин, изолейцин, лизин, аспарагин, трипторан және т.б.). Олар үш мүшелі негізден тұрады, орташа (альфа – көміртекті атомымен байланысқан радикалдар -R). Аминқышқылдар қалдықтарының нақ радикалдармен айырмашылығы бар.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1498 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Вычисление полной погрешности измерений | | | Ақуыздың екінші ретті құрылымы және оның ерекшелігі - Ақуыздың екінші құрылымы. |