Читайте также: |
|
А.1 кестесінде status регистрі биттерінің аты және олардың орналасуы көрсетілген. Олар арифметикалық және логикалық операцияларды басқаруда, банктерді таңдауда және басқа мақсаттарда қоданылады.
А.1 кесте – Status регистрінің биттері
Нөмірлер | ||||||||
Аттар | IRP | RP1 | RP0 | -TO | -PD | Z | DC | C |
А.1 кестесінде келесі атаулар қабылданған:
- IRP жанама адресация кезінде банкті таңдау биті (IRP=1 - банк 2 немесе банк 3 таңдалады, IRP=0 - банк 0 немесе банк 1 таңдалады);
- RP1, RP0 тура адресация кезінде банкті таңдау биттері. Банк таңдау кезіндегі биттердің мәндері А.2 кестесінде көрсетілген;
- TO бақылаушы таймердің толу флагы;
- PD қорек көзінің қосылу флагы;
- Z нөлдік нәтиже флагы. Арифметикалық немесе логикалық операциялар нәтижесі нөлге тең болса оған “1” жазылады.
- DC ондық ауысу немесе қарызға алу флагы. Ондық-екілік жүйеде қосу және алу командалары үшін егер кіші жартыбайттан ауысу болса “1” жазылады. Қарызға алу инверсиялы мән;
- C ауысу неме қарызға алу флагы. Қосу және айырмасын алу командалары үшін егер үлкен биттен ауысу болса “1” жазылады. Қарызға алу инверсиялы мән;
А.2 кесте – RP1жәнеRP0 биттерімен банк нөмірін таңдау
RP1 | RP0 | Банк нөмірі |
Регистрдің әрбір битімен аты бойынша немесе нөмірі бойынша қатынасуға болады. BTFSC STATUS, Z командасы BTFSC STATUS, 2 командасына пара-пар.
Statusрегистрін тазартқаннан кейінгі оның биттерінің мәндері А.3 кестесінде көрсетілген.
А.3 кесте – CLRF STATUS командасынан кейінгі status регистрінің мәні.
IRP | RP1 | RP0 | -TO | -PD | Z | DC | C |
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат | | | PIC* МБ нұсқауларының сипаттамасы |