Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістер эрозиясының клиникалық көрінісі.

Читайте также:
  1. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  2. Жоғарғы жақ сынықтарының клиникалық ағымы, нақтамасы және емінің принциптері».
  3. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  4. Кіреуке эрозиясының емі.
  5. клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
  6. Ртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
  7. Төменгі жақ сынықтарының клиникалық ағымының, нақтамасының, ем принциптерінің ерекшелігі».

Эрозия – кіреукенің белгілі аймақта біртіндеп жойылуынан пайда болған, тістер бетінің ең дөңес аймағында орналасқан домалақ, сопақ немесе жарты ай пішіндес әртүрлі көлемді ақау. Көбіне аттас тістерде симметриялы орналасады, қабырға тік, табаны жазық, тегіс және жылтыр болады (сурет). Эрозия шекарасының біртіндеп кеңеюі және өзінің тереңдеуі тістің ұрт жақ бетіндегі кіреукенің түгел, ал дентиннің жартылай жойылуына әкеп соғады. Кейде эрозия ошақтарының пішіні науаға, кейде қашауға ұқсас болады, демек ақау аздап ойықтау, эрозия жиегі біртіндеп тіс сауытының сау бетіне ауысады. Мұндай көрініс дентиннің жедел мүжілуі әсерінен дамиды.

Эрозиялана жарақаттанудың екі кезеңін ажыратады: бастапқы сатысы (кіреуке эрозиясы) және дамыған немесе анық сатысы (кіреуке және дентин эрозиясы).

Тереңдігіне байланысты үш сатыға бөледі:

Бірінші немесе бастапқы сатысы – кіреукенің жоғарғы қабаттарының жойылуы;

Екінші немесе орта сатысы – кіреукенің дентин – кіреуке шекарасына дейін жойылуы;

Үшінші немесе терең сатысы – дентиннің жоғарғы қабаттарының қоса жойылуы.

Боровский Е.В. және б., (1978), Максимовский Ю.М. (1981) екі клиникалық сатысын (белсенді және тұрақтанған) ұсынады.

Белсенді сатысы тістің қатты тіндерінің жедел жойылуымен және жарақат ошағының әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығымен сипатталады.

Тұрақтанған сатысы патологиялық үрдістің баяу дамуымен, жарақаттанған тіндерде аса сезімталдықтың болмауымен сипатталады.

Кіреуке эрозиясы кезінде тістердің басқа себепті қажалып – жойылуына қарағанда жарақаттанған қатты тіндерде аса сезімталдық жиірек кездеседі.

Кіреуке эрозиясының патологиялық анатомиясы.

Эрозия ұщағындағы кіреукеге микроскопиялық зерттеу жүргізген кезде беткей қабатта өзгерістер байқалады. Поляризация микроскоптың көмегімен кіреукенің жоғарғы қабатында қараңғы жолақ түрінде өзгеріске ұшырағаны, ал астыңғы қабаты ешбір өзгеріссіз қалғаны анықталған. Электронды – микроскопиялық зерттеулер жарақат ошағының бетінде органикалық жарғақты, кіреукенің кристалдық торының анықтығының бұзылғанын, аморфты ошақтардың пайда болғанын анықталған.

Дентиндегі өзгерістер оның жоғарғы қабатында орналасқан: дентин өзекшелері кристалды құрылымдармен толған, өзекшелер аралық аймақтарда кристалдар бағыттары өзгерген, құрылымсыз ошақтардың көлемі үлкейген.

Кіруке эрозиясының сараптамалық нақтамасы.

Кіреуке эрозисын жоғары тісжегіден, сынаға ұқсас ақаудан ажырата білу керек. Эрозия мен сынаға ұқсас ақау сыртқы пішіндерімен, орналасу аймақтарымен ерекшелінеді. Жоғары тісжегі кіреуке эрозиясынан орналасу аймағымен, қабырғаларының жұмсақтығымен, кіреукенің түсінің өзгеруімен ерекшелінеді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)