Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Кемел жас кәрілік шақ психологиясы.

Читайте также:
  1. A. Бұршақ дәнінің ішінде
  2. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  3. Тақырып. Жеке тұлға психологиясы. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
  4. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  5. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.
  6. Тақырып: Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі
  7. Тақырып: Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері.

Жоспар:

1. Ересектік жастағы даму.

2. Ересектік жастағы когнитивті даму.

3. Кәсіби цикл.

4. Орта жастағы дағдарыс.

5. Геронтопсихология.

6. Ұзақ өмір сүру жңне оны анықтайтын фаторлар.

7. Қартаю әлеуметтік мәселе ретінде.

Негізгі ұғымдар: кәсіби цикл, геронтопсихология, қартаю, кемел жас.

Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері. Кемелдік – шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптін арасында бұл кезеңді қалыптастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кезеңді (зейнетке кету кезеңі) деп анықтаса, енді біреулері «нағыз қоғам өмірін гүлдендіретін» кезең деп анықтама береді. Э. Эриксонның пікірінше, кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа дейін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз.

Кемелдік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады: Бір кәсіпті таңдау мен өмірлік жарды таңдау орын алса, яғни өмірдің маңызды жақтарын ұйымдастыру болса, онда кемелдік шақта өзінің «менін» толық аша білу жағдайы жүзеге асады, яғни кәсіптік қызметпен жанұяда өзін толық аша білуі маңызды болып табыылады Э. Эриксонның ойынша, кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.

Кемелдік шақтың негізгі ерешелігінің бірі өзінің және өзгелер өмірі үшін жауапкершілікті сезіну. Кемелдік кезеңдегі жеке бастың дамуынан ақталмаған максимализмнен құтылуды талап етеді, бұл әсіресе жас өспірімдік пен жастық шаққа тән. Бұл кезеңдегі ойладыратын мәселелер өмір мәселелеріне салмақтылықпен қарау, әсіресе кәсіби қызметтің жан-жақтылығына назар аудару болып табылады.

Кемелдік кезеңдегі көптеген адамдардан «жоспарланбаған» дағдарыс болады, яғни тұрақты екі кезең шекарасынан икемделу емес, нақты кезеңнің өзіне тұрақталу болып табылады. Бұл «40 жас дағдарыс» деп аталады.

Бұл дағдарыс кейбіреулерінде ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталып ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл 30 жастың дағдарысының қайталануы болып сияқты, яғни өмірдің мәнін іздеу дағдарысы. 30 жастағы дағдарыс кезінде адам белгілі бір нақты шешімге келе алмаса, 40 жаста бұл дағдарыстың қайталануы сөзсіз. 30 жастағы дағдарыс кезіндегідей, бұл кезде де адам қатты уайымға түсіп, өзінің өміріне деген қанағаттанбаушылық, өмірлік жоспарлары мен оның жүзеге асуы арасындағы алшақтықты сезінуін басынан кешіреді.

Кәсіби қызметтегі мәселелерге қоса, бұл кезеңде жанұялық қатнастарда да қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде, әдетте, балалары өзіндік-дербес өмір сүре бастайды, кейбір өзінен үлкен туысқандары өмірден өтіп жатады. Жақын адамдарынан айырылу, жанұяда болатын келіспеушіліктер, барлығы дағдарыстық жағдайды одан да тереңдете түседі.

40 жастағы дағдарыстың туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, «Я – концепциясын» жаңадан құра бастайды бұл дағдарыспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен, кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін.

Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы – бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э. Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүйесі, алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту болып табылады.

40-жастық дағдарыс жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты «Я- концепциясының» өзгеруі болып табылады.

Адамның соңғы өмір уақытын - қартаю деп атаймыз (60-70 жас аралығы). Б. Д. Бромлей қарттық кезеңнен басқа (55-70 жас аралығы) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э. Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда «қартаю – қуаныш емес» деген түсінігіне сай келе бермейді.

Жоғарыда айтып өткендей, кемелдік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі» деп аталады.

Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзылады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. «Зейнетке кету дағдарысы», әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процесі тез жүреді.

Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда төлқұжаттық жас психологиялық жасқа негізделіп келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін.

Э. Эриксон бойынша, қарттық кезеңде «адамның көңіл бөлу фокусы» болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1477 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)