Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түсінік хат

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  2. дыси хадис туралы түсінік 1 страница
  3. дыси хадис туралы түсінік 2 страница
  4. дыси хадис туралы түсінік 3 страница
  5. дыси хадис туралы түсінік 4 страница
  6. дыси хадис туралы түсінік 5 страница
  7. Персоносфера туралы түсінік

«Психология және адам дамуы» курсы жаңа пән болып табылады. Ол «Жалпы психология» мен «Даму психологиясы» атты екі пәннің қосындысынан тұрады. Бұл курс студенттердің психологиялық дүниетанымы мен көзқарастарын кеңейту және психологиялық таным бойынша білімдерін тереңдету мақсатымен құрылған және студенттердің психологиялық даярлығы жүйесінде маңызды орын алады. Психика дамуының механизімдері мен заңдылықтарын білу білім саласындағы, сондай-ақ қоғамның басқа да түрлі салаларында жұмыс атқаратын психологиялық практикалық іс- әрекетінің негізі болып табылады.

«Психология және адам дамуы» курсы студенттердің жалпы психология курсы білімдерін игеру, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялық ойлауын дамытуды, сонымен қатар, студенттерді олардың кәсіби психологиялық даярлығын күшейтуге және психологиялық білімінің маңызды салаларының бірі даму психологиясын терең оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімдермен қаруландыруды мақсат етіп қояды.

Пәннің міндеті:

- жаратылыстану және гуманитарлық ғылыми пән ретінде психологияның мәнін ашу;

- психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;

- әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі психологиялық талдау үрдісінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

- субьектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау;

- негізгі психологиялық ұғымдар және оның анықтамаларымен таныстыру;

- даму психологиясы саласындағы зерттеулерді құрудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.

Оқыту барысында студенттер негізгі білімдерді меңгеріп, келесі маңызды іскерліктер мен дағдыны игеруі қажет:

- жалпы психология және даму психологиясы пәнінің даму тарихын; психология және адамдамуының ғылым ретіндегі ерекшеліктерін, сипаттамасын, оның әдістері мен міндеттерін; адам тұлғасы мен іс-әрекетінің даму динамикасы мен құрылымын білу керек;

- онтогенездегі адам тұлғасы мен психикасының даму ерекшеліктері жөнінде түсініктері болу керек;

- алынған білімдерді тәжірибеде қолдана алу, баланың психикалық дамуның мазмұны мен жағдайларының толыққандығын қадағалау үшін әдістемелік негіз құра білу;

- субьектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау;

- даму психологиясы саласындағы зерттеулерді құрудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)