Читайте также: |
|
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі.Биологиялық ластануларға ауру туғызатын микроорганизмдер,вирустар,құрттар,өарапайымдар жатады.Олар ауада,суда,топырақта,жануарлал мен адамның организмінде кездкседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді,соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып есептелінеді.Адам паразиттерінің көбісі ауру қоздыратын жндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер - уақытша және тұрақты болып бөлінеді.Уақытша паразиттер организм денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады.Оларға – сүліктер,кенелер,масалар,бүргелер жатады.Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес,олардың өсіп – көбейетін тұрақты ортасы болып саналды.Оларға безгек плазмоиді,аскаридалар,қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам организмінің әлсіреуі,оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы.Организмге түскен микробтар өсіп - өну үшін айрықша жағдай керек.Эволюциялық өзгеоістер арқасында микробтар адам организміне де белгілі бір жерде өсіп - өнуге бейімделген,тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ,қанды жалқыаяқ,іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.Сырқат адам түкіргенде,жөтелгенде,сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап,ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына таралады.Мұндай жолмен тарайтын ауруларды – ауа арқылы таралатындар деп атаймыз.Оларға - тұмау,қызылша,шешек аурулары жатады.
Екіншіден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек-қарын жолдарына түсуі.Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады.Бұл жолмен ішек – қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды.Оларға тырысқақ,іш өту,сальмонеллез,полиемелит жатады.Бұл аурулардың қоздырғыштары жейтін тағам,ішетін су арқылы ішек-қарынның шырышты сілекей қабығына барады.Негізінен жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны,тазалықты сақтамауынан,қолды сабындап жумай,жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады.Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер,әр түрлі жәндіктер ауру микробын таратушылар.Олардан сақтанудың жолы тек тазалық.
Үшіншіден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса,бүрге,қандала,бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі.Бұл аурулар тобына безгек,бөртпе,сүзек,оба,туляремия,энцефалиттер,т.б.жатады.
Төртіншіден,жұқпалы аурулар жыныстық қатынас арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез,гонория,спид,құтыру,сіреспе,гангрена,т.б. аурулар жатады.Мұндай аурулар теріде,жыныс орындарында жарақаттың болуынан жұғады.
Биологиялық ластаушылады жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады.Сіреспе,ботулизм және басқа да кейбір уаурулардың қоздырғыштары үнемітопырақта тіршілік етеді.Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек,көкөніс арқылы олар адам организміне тарайды.
Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп,жұқпалы аурулардың тарауына себепші болады.Сондықтан артезиан суларын,құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек.Өзен,көл,тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады.Су көздері – тырысқақ,іш сүзегі,ұантышқақ таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.
Спид вирусы тек дам организмінде ғана ауру тудырады.Жануарлардың организмінде өмір сүре алмайды.Спид ауруын тарататын тек адамға болғандықтан,бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуінен пайдалнуынан да жұғуы мүмкін.Негізінен жыныс жолы арқылы таралады.
Безгек ауруын безгек масасы таратады.Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң бауырға қарай жылжиды.Бауырда өсіп,дамып,ұлпаға одан қанға өтеді.Қайтадан қанға түскен микробтары адамдармың бойын денідеп алып,ауырта бастайды.
Жұқпалы оба ауруын егеу құйрық бүргесі таратады,ал ұйқы ауруының қоздырғышы трипаносомас цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.Бұл аурумен ауырған адаамның бұлшықеттері әлсіреп,ақыл есі төмендеп,ұйқы басады.
Жұқпалы аурулар тарлған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек.Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді.Жас нәресте туа салып оған дифтерияға,туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі.Оба,сүзек,безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып оның алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда,мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав