Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық құқық кодификациясы және үдемелі дамуы.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  5. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары

Шетел сөздерінің қазіргі заманғы сөздіктерінде кодификацияны былайша түсіндіреді.

Кодификация -(лат.codification) – құқықтың жеке салалары бойынша мемлекет заңдарының жүйеленуі, әдетте ол, әрекеттегі заңдарды қайта қарап және ескірген заңнаманың күшін жою арқылы жасалады. Аталған анықтамаға сүйене отырып, біз кодификацияның негізгі бағыттарын айқындай аламыз.

1. Әрекет етуші нормаларды, институттарды, қағидаларды, халықаралық құқық салаларының тура және нақты мазмұнын белгілеу.

2. Ескірген нормаларды өзгерту немесе қайта қарау.

3. Халықаралық құқықтың үдемелі дамуын ескере отырып, жаңа нормаларды, институттарды, қағидаларды, салаларды анықтау.

4. Халықаралық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын, салаларын нормативтік бекіту.

Халықаралық құқықты кодификациялау жөніндегі алғашқы конференция 1927 жылы Ұлттар Лигасының басшылығымен өткізілді. ХХ ғасырдың 20-жылдарында халықаралық құқық доктринасы кодификацияны шектеулі етіп анықтады, яғни халықаралық құқықтың өмір сүретін нормаларын тіркеу арқылы ғана. Мұнан басқа, кодификация түсінігі әрекеттегі нормаларды анықтау (констатациялау) мен жаңартумен ғана шектелді; 20-шы жүз жылдықтың 30-жылдары кодификацияның халықаралық құқықтың дамуында белсенді рөл атқаратынын мойындаумен сипатталды. БҰҰ-ның құрылу тарихы кодификация аумағында алға жылжудың бар екенін сипаттайды, себебі БҰҰ Жарғысында БҰҰ Бас Ассамблеясы халықаралық құқықтың және оның кодификациялануын үдемелі дамытуды қолдау мақсатында зерттеулер ұйымдастыру мен ұсыныстар жасауы туралы ережесі бар (БҰҰ Жарғысының 13-бабы). Сөйтіп, Сан-Францискодағы Конференция кодификацияны халықаралық құқықтық нормалардың үдемелі даму элементі ретінде қарастыруды ұсынады. 1946 жылы Бас Ассамблея үдемелі даму мен оның кодификациясы жөніндегі Комитетті құрды. БҰҰ Жарғысының аталған бабын орындау үшін осы Комитет БҰҰ-ның халықаралық құқық комитеті болып қайта құрылды. Халықаралық құқық теориясы кодификациялық процесстің 2 түрін зерттейді.

ad hoс- халықаралық ұйымның (үкіметаралық) қатысуынсыз.

Халықаралық ұйымның аясында өткізілетін кодификация.

Мәселен, ad hoс 1815 жылы Вена конгресінде, 1898 және 1907 жылы Гаага конференцияларында соғыс жүргізу дәстүрі мен заңдары мәселері бойынша қолданылды. Бүгінгі таңда, кодификация және халықаралық құқықтың үдемелі дамуы халықаралық ұйымдар аясында өткізіледі. Мысалы, халықаралық теңіз құқығының мәселелері халықаралық теңіз ұйымының (ИНО) қатысуымен жасалды және қабылданды, теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі 1974 жылы Конвенция, теңіздерде кемелердің соқтығысып қалуларының алдын-алудың 1972 жылғы халықаралық ережелері, теңіздерді кемелердің ластауынан сақтау жөніндегі 1973 жылғы Халықаралық конвенциясы, азаматтық авиацияның халықаралық Ұйымы (ИКАО) халықаралық әуе хабарламаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Конвенцияның бастаушысы болды, атом энергиясының халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) ядролық қаруды таратпау туралы 1968 жылы Шарт жасауға және ережелерін қолдануға жауапты болды. «Латын Америкасында ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт – 1967ж. ТЛАТЕЛОЛКО шарты, Тынық Мұхиттың Оңтүстік бұлігіндегі ядросыз аймақ туралы Шарт – 1985 жылғы РАР ОТОНГА Шарты, халықаралық еңбек ұйымы-МОТ- еңбек, білім беру, еңбекпен қамту саласындағы кемсітушілікке тыйым салу туралы, жалақыны қорғау туралы, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу туралы конвенцияны қабылдады.

Қазіргі заманғы халықаралық құқыққа әмбебап ұйым БҰҰ-ның кодификациялық процестерге қатысу сипаты тән. БҰҰ аумағында халықаралық құқық кодификациясы бойынша едәуір жұмыстар істелді. Қазіргі заманғы сатыда халықаралық құқықтың кодификациясы үдемелі өзгерістерді белгілеу мен бекітудің маңызды құралы болып табылады. Кодификациялаудың нәтижесінде халықаралық құқық субъектілерінің міндеттемелері анық айқындалған және бекітілген. Кодификация халықаралық қатынастағы мемлекеттердің құқыққа сай іс-әрекетін айқындайды.

Жоғарыда аталғандар ресми кодификацияны сипаттайды. Ал, бейресми кодификация, едәуір икемділеу, ол жеке ғалымдардың, халықаралық ғылыми мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың тиісті жобаларында көрсетіледі. Бейресми кодификацияға халықаралық құқықтың көрнекті өкілдері – В.Э.Грабарь, Е.А.Коровин, В.Н.Дурденевский, С.Б.Крылов, В.М.Корецкий, Ф.И.Кожевников, Г.И.Тункин, Н.А.Ушаков, Р.А.Тузмухамедов сынды ғалымдардың сіңірген еңбегі зор.

Халықаралық құқықты кодификациялаумен айналысатын халықаралық ұйымдардың ішінен Халықаралық құқық Институты Штаб-пәтері – Брюссель мен халықаралық құқық Ассоциациясы - штаб пәтері – Лондон айрықша орын алады, олар 1873 жылы құрылған болатын.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)