Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жақ-бет аймағының зақымдануынан болған жарақаттар

Читайте также:
  1. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  2. Жақ-бет аймағының жарақаттары және зақымдарының жіктелүі.
  3. Жоғарғы еріннің туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емінің принциптері, операция нәтижелері».
  4. Таңдайдың туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық ем принциптері, операция нәтижелері». 1 страница
  5. Таңдайдың туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық ем принциптері, операция нәтижелері». 2 страница
  6. Таңдайдың туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық ем принциптері, операция нәтижелері». 3 страница

Жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс диагноз қою, адекватты ем қолдану, реабилитация жасау және асқынуларыныңалдын алу үшін осы аймақтың /жарақаттануына байланысты/ анатомо-физиологиялық ерекшеліктері дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қәжет. Олар:

1. Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан тудырады. Осы ошақтан эфферентті /түсетін/ жолдарымен келіп адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатор ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65% психикасы бұзылады.

2. Бұл аймақта 18 ымдау /клиникалық/ еттері орналасады. Бұл еттер арқылы адам өзінің ымдау /эластомимика/ қабілетін іске асырады.

Ымдау /мимикоз/ /эластомимикоз/ ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психоэмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М.П.Павловтың заңы бойынша іске асырылалды. Яғни, ішкі және сыртқы тітіркенулер /қоздырғыштар/ афферентті /көтерілетін/ жолдарымен қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті /түсетін/ жолдарымен келіп бет нервісі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиысады. Еттердің жиырылуы қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты /қуану, қорқу/ ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т.б. Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психо-невролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс диагноз қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің нервтенуінің немесе эфферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.

3. Жақ-бет ауданы шокогендік аймаққа жатады.Тұрмыс жағдайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.

4. Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады /көру, есту, дәм, сезім түйсігі/. Мимен және көкірек қуысындағы /средостения/ мүшелерімен тығыз байланыста.

5. Қан тамырлардың ерекшеліктері:

1.Артерия тамырларының ерекшелітері: а) Үлкен артериялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады; б) артериямен, вена тамырлары бөлек орналасады; в) артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жараларда хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек; г) артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қосылып қоймай, олар өзарада қосылады /анастомоз/; д) бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.

2.Вена тамырларының ерекшеліктері: а) вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кедінде ауа эмболиясы болуы мүмкін; б) веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бүл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланысты. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар ьоры арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы мидағы қуыстармен байланысады

Жақ-бет аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Давыдовскийдің айтуынша тіндердің өсүіне керек.

Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар.

Зиянды екі жағы: а) оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысындағы мүшелердлі жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп асфекция болуы мүмнін; б) тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.

Тістің пайдалы екі жағы: 1. Тіс арқылы /ренгенограммасыз/ жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2. Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.

Жақ-бет аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір- бірімен тығыз байланысты, іріңді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.

Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа /1 мм/ және майлы қабықта жатқандықтан өте қозғалғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық операцияларда кеңінен пайдаланады.

Иммунобиологиялық қасиети ауыз қуысында болатын микроорганизмдерге байланысты. А.И.Рыбаковтың ғылыми зерттеуі бойынша, ауыз қуысында 36 түрлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы жән аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш фактормен түсіндіруге болады:

1. Ауыз қуысындағы микроорганиздер бір-бірімен қарсылықты /антогонизм/ өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процессі басталады.

2. Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің Рh ортасын реттейді.

3. Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған /регенерация/ толық жағдай жасайды,яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)