Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық құқықтың міндеттері және принциптері

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Адвокатураның міндеттері мен өкілеттері
  5. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  6. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Қылмыстық құқықтың міндеттерін оның пайда болуымен тікелей байланысты, бағзыдан келе жатқан қорғау міндетінен бастауға болады. ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында: «адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорңалатын мүдделерін қылмысиық қолсұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау...» міндеттері көрсетілген.

Бұрынғы қылмыстық кодекстерде қорғалатын объектілерді баяндау ретінің өзгеше болғандаған, алдыңғы кезекте мемлекеттік-қоғамдық, содан соң ғана жеке адамның мүдделерін қорғау тұрғандығын айта кету керек.

Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы сөз қозғағанда екі түрғыдан келген ләзім. Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама ескертпесі (қылмыстың жалпылама алдын алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу арқылы сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен қатар, кейбір істерді жасауға жол беретін әрекеттермен де (мысалы, қажетті қорғану мен аса қажеттілік туралы) жалпылама ескертпе жасалады. Өйткені, мұндай нормалардың да қылмыстың алдын алуда өз үлесі бар.

Екіншісі, қылмыстың жеке-дара алдын алу міндеті. Ол бұған дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық және тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты шараларды қолдану арқылы жаңа қылмыс жасаудан сақтандырады.

Бұлар қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері. Бұдан басқа да міндеттерді айтуға болады. Қылмыстық Заңның бұл көрсетілген міндеттері қылмыстық саясат арқылы жүзеге асады, ал ол кең мағынасында қылмыспен күресу жолындағы мемлекеттің ұстанған саясаты болып табылады.

Қылмыстық құқықтың принциптері қылмыстық құқық басшылыққа алатын оның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастаулар. Қылмыстық құқық қандай жетекші идеяларды ұстанады? Олардың бірқатарын санап шығуға болады, бірақ, соның ішіндегі төмендегі 10 принцип: қылмыстық құқықтың басты-басты қағидалары:

1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберіндегі оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек артады. Ешкім де соттың үкімінсіз, яғни заңға қарсы жолмен кінәлі болып табылмайды. Сондықтан да қылмыстық заң қылмыстардың нақты тізімін көрсетеді. Қылмыстық заң нормасын ұқсастығы бойынша (аналогия) қолдануға тыйым салынады.

2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, ініне, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамай Заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»,- делінген.

3. Қылмыстық құқық принциптерінің енді бірі қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы қолымен істегенді мойнымен көтеретінін біліп жүруі тиіс. Бұл принципті жүзеге асыру нысандары болып мемлекет атынан оның органдарының қылмыстық істі қозғауы, айып тағуы, соттауы, жаза тағайындауы мен орындауы табылады.

4. Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасғаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын көрсетеді.

5. Айыпты жауаптылық принципі. Қылмыстық әрекеті үшін басқа адамдар (баласы, ата-анасы, т.б.) емес, нақты сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса, оны айыпты түрде жасаған адам айыпты екенін көрсетеді. Объективті айыптауға, яғни, кінәсіз зиян келтіргені үшін (қапылыста жәбірленушінің кінәсінен) қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

6. Әділдік принципі.. Обьективті,жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстсқ жауапқа тартуға болатынын, айыптының жасаған ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуын бар қылмыс үшін қайталап жауапқа тартуға болмайтынын білдіреді.

7. Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі қатысушылар мен сол ауылдың басым бөлігі білетін тілде жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен қамтамасыз ету демократизм принципінің көрінісі болып табылады.

8. Гуманизм принципінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап кейде әкімшілік жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстық жауапкершіліктен толығымен босатудан керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивтерге ұйымдасқан құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.

9. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану принципі. Мемлекет құқықтық қудалауды қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш принциптің көрінісін жазаның көлемімен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын шаралар салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық ықпал ету нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік құқық бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.

10. Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа мемлекеттің мүддесіне,халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)