Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЫҚ шыҒармашылыҒы ҰҒымы. ҚаҒидалары мен тҮрлері

Читайте также:
  1. АҚЫНДЫҚТЫҢ АЗАБЫ МЕН ҒАЖАБЫ НЕМЕСЕ ДЕПРЕССИЯ-1
  2. АДАМ АНАТОМИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  4. ЖАҚ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
  5. ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР
  6. НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ШАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 1 страница
  7. НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ШАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 10 страница

Құқық шығармашылығы ісі ерекше іс-әрекет болып табылады. Мұндай еңбектің нәтижесінде нормативтік құқықтық шығармашылық ісі-қоғамдық қатынастарға ықпал жасалады. Норма жасап шығару яғни құқық шығармашылық ісі- қоғамдық қатынастарға ықпал жасаудың тәсілі және ол құқыққы заңдық күш беретін құрал болып есептеледі.

Құқықтың жаратылуы әу бастан-ақ табиғи жолмен тарихи дамудың барысында, заң жасаушының іс- әрекеті мен қызметтерінен бұрынырақ және оған байланысты болмай-ақ қалыптасқан болатын. Құқықтың жаратылуы үрдісіндегі бастапқы сатысы қоғамдық қатынаснастарды заңмен реттеу қажеттілігінің обьективтік түрде туындауымен байланысты. Бұл қажеттілікті ең ақыр аясында экономикалық базис қамтамасыз етті, алайда, оған жуық болып, нәр беріп қоректендірген қозғаушы күштер – әлеуметтік- саяси, таптық және басқалай да қоғамдық мүдделер болды. Құқықтық жасаушылардың соңғы сатысында қоғамдық қажеттілік пен жалпыға бірдей мінез, жүріс-тұрыс ережелеріне сай мүдделерді білдіретін құзыретті органдардың мақсатқа лайықты іс-әрекеттері үлкен мән-мағынаға ие болды. Құқықтың жасалуының барысында құқықтық жалпы сипаттағы айқындылығы бар жария формалды ұйғарымға айналдыру құқықтық норма шығармашылық ісінің үш тәсілі бар:

1. Мемлекеттік өкілетті органдардың құқықтарды белгілеудегі атқаратын қызметтері:

2. Мемлекет органдарының өздеріне тәуелсіз түрде әдет- ғұрыптар болып қалыптысқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар жасалған: (мысалы коорператив, қоғамдық ұйымдардың) нормаларды бекітуі:

3. Бүкіл халықтық дауыс беру түрінде өткізілетін халықтың тікелей құқық шығармашылық ісі

Осы үш жағдайдың үшеуінде де құқық шығармашылық ісі өздерінің алдында қойған мақсаттарымен де және басшылыққа негіз етіп ұсынған принциптерімен де ерекшеленеді.

Қайсы бір мелекеттің болмасын дамуының жекелеген кезеңдерінде әйтеуір бір принциптерімен ауытқу орын алып келген. Бірақ, олар ізденістер жасаудың қажеттілігі мен заң шығармашылық іс-әрекеттеріне тиісті бастаулардың орнықтырылуын және бекуін шайқата алмаған. Қалай болғанда да құқық шығармашылық ісі мемлекеттің ерік-жігерімен байланысты көрінеді. Бұл қағиданы әлем дамуының тарихи талай-талай дәлелдеген болатын. Мұның бәрінен бұрын қажет нәрсе, осы қатынастар кезінің тұсында үстемдік етуші жеке тұлғалар өзінің күш – қуатын меелекетік етіп жұмсап,оны құрастырып шығуы тиіс. Олар өздерінің ерік – ықтиярын қамтамасыз етіп отырған осы қатынастарды пайдаланып, сол өз ерік-ықтиярларын мемлекеттік ерік – жігердің бүкіл жалпылық түріне келтіріп оның заң кейпіне айналдыруы тиіс.

Құқық шығармашылық ісінің мазмұны дәйекті түрде, бірізділікті сақтай отырып атқарылатын ұйымдастырушылық жұмыс сипатындағы әрекеттерден тұрады. Оның өзі бүкіл жиынтығында құқық шығармашылық ұрдісі деп аталады. Бұл айтқанымыз нормативтік актілер жасаудың және оның ұйғарымдарын алушы тағайындарына жеткізіп берудің технологиясы. Құқық шығармашылық ісінің қоғамдық- саяси маңызының болуы себепті ол конституциялық және басқалай да заң нормаларымен реттелінеді.

Құқық шығармашылық ісі бірнеше сатыдан тұрады

1.Заң шығару бастамасы кеі мағыналы – норма шығармашылық бастамас. Бұған құқық шығармашылық ісімен шұғылданаиын органға құзіреті бар субъектінің ресми нормвтивтік акт жасап шығару туралы немесе дайындалған актінің жобасын нң алғаш ұсыныс жасағандығы іс- әрекет жатады.

Заң шығару бастаасы құқығына ие субъектілердің аясы заңда өте-мөте анық түрде белгіленіп көрсетілген. Өйткені, заң шығару бастамасы ісімен шұғылданушы субьект заң шығарушы органға өзінің ұсынысы немесе дайын заң жобасымен барғанында құзіретті орган оны қарауға, талқылауға жіне қортындысын ресми түрде беруге заңмен міндеттелген

2. Құзіретті органның акт шығаруды, оның жобасын жасауды, заң жобаларын дайындауды жоспарға енгізудің қажетілігі жөніндегі шешімі және т.с.с.

3 нормативтік актінің жобасын жасау және оны алдын- ала талқылау. Бұл істерді атқарудың рәсімдері бір – бірінен жобаның маңыздылығына, оны дайындаудың кімге тапсырылғанына, сондай–ақ болашақ нормативтік актінің сипатына жалпы мемлекеттік акті ме,әлде ведомстволық па байланысты ерекшеленеді. Ең маңызды деген жобалар бүкіл халықтық талқылауға ұсынылады. Өзгелерін дайындауға ғалымдар мен мамандардан құралған ақыл-кеңес беретін топтамалар қатысады.

4.Нормативтік актінің жобасын қабылдауға өкілеттік берілген органда қарау, талқылау

5.Нормативтік актіні қабылдау

6.Қабылдаған актінің мазмұнын оны алатын тағайынының қаперіне жеткізу.Жоғарыда көрсетілген қағидаттар принциптер құқық шығармашылық ісінің әрбір сатыларын басынан яғына дейін әйтеуір азды-көпті дәрежеде көктеп өтеді

Заң жасаудың алғышқы сатысы- заң акті жобасын дарлау. Жобаны жасап ұсыну үшін заң бастамасында құқық болу керек. Жобаны жасап ұсыну үшін заң бастамасында құқық болу керек. Ондай құқық Парламенттің депутаттарына және Қазақстан Республикасынң Үкіметіне берілген. Осы құқықтық пайдалана отырып, әр депутат, депутат топтары Үкімет Парламент мәжілісінің қарауына заң жобасын ұсынды Үкімет Парламент мәжілісінің қарауына заң жобасын ұсынды. Үкіметке заң жобасын жасауы Республиканн Президенті де ұсына алады. Ал Үкімет, әдетте, заң жобасын жасауды тиісті министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге тапсыруы мүмкін. Жасалған заңның жобасы Мәжілістің комитеттерінде, содан кейін оның жалпы жиналысында қаралап, жан-жақиы тплқыға түседі. Заңның әбден иі қанды-ау деген пікірге келгенде. Депутатар оны дауысқа салады. Содан кейін жай заң депуттардың көпшілігінің, ал Конституциялық заң барлық депуттардың үштен екісінің дауысымен қабылданады. Президент егер оны дұрыс деп тапса, заңға қояды. ПРезидент өзіне беріген өкңлеттік көлемінде заң күші бар жарлық, жай нормативтік жарлық, ал Үкімет қаулы қабылдайды. Құқық шығармашылық ісіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңында көрсетілген.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)