Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес буындар.

Читайте также:
  1. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  2. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  3. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  4. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  5. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  6. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  7. арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қоғам өзінің тіршілік ету процесінде тек қана мемлекетке емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымның ауқымды жүйесіне,
ұйымдарға, бірлестіктер мен қозғалыстарға да сүйенеді. Мемлекетпен бірге соңғылары қызмет көрсетуге, бақылауға жәнеқоғамдық қызметтің түрлі саласын реттеуге қатысады, көптеген бастамалар мен жаңалыктардың бастамашысы болады,қоғамға туындаған проблемаларды, қиындықтарды жеңіпшығуға, күнделікті келешектегі және перспективадағы
міндеттерді шешуге көмектеседі. Қоғамды жан жағынан қоршай, оның байланыстары мен қарым-қатынастарына кірісе отырып, оның өмір тіршілігіндегі көптеген процестеріне мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар орасан зор, кейде баға жеткісіз роль атқарады. Олар біріншікезекте қанағаттандыруға жататын анағұрлым елеулі қажеттіліктер мен мүдделерді тауып, жұмыстың қандай да бір учаскесіндегі кемшіліктерді жойып, жағдайды жақсартуға шараларқабылдайды, анағұрлым тиімді (олардың көзқарасы бойынша)шешімдер вариантын ұсынады, теріс пайдаланушылық жәнебұзушылықтармен күреседі. Кейде олар қоғамды мемлекеттің болжап болмайтын әрекеттерінен қорғайды, әсіресе – өкіметтібасып алып, жұрттың барлығына өз еркін, диктатын және өзінің тәртібін таңуға тырысушы жекелеген топтар мен тұлғалардың
озбырлығынан қорғайды. Мемлекеттік емес құрылымның біріболмаса екіншісі заңдылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге тырысып, жоғарыда аталған сияқты топтар ментұлғалардың жолына кесе көлденең тұрады. Билікті қолына алып алған топтар мен тұлғалардың жағына шығып кеткен немесе әліптін артын бағып отырған мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, козғалыстар да бар екендігі шындық. Бұл жерде әдетге бірыңғай көзқарас болмайды.

Мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар мейлінше әралуан, сипаты әртүрлі, алға қойған мақсаттары да әртүрлі. Оларды түрлі критерийлер мен негіздертұрғысынан карап, жіктейді. Қазір ғылыми еңбектерде мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктердіңжәне қозғалыстардың әрекетіне олардың саясатпен, саясиөмірмен және саяси қарым-қатынаспен байланысының қандай
екендігіне қарап талдау жасалуда.

Осытұрғыдан алғанда саясатпен белсенді айналысуға, қоғамөмірінің саяси көңіл-күйіне ыкпал етуге, саяси қарым-қатынастың тікелей субъектісі болуға бейім құрылымдар, ұйымдар,бірлестіктер мен қозғалыстар ерекше көзге түседі.

Олардың саяси міндеттерге бағыт алуы өздерінің жарғыларында және басқа да маңызды құжаттарда айқын баяндыетілген. Мұндай құрылымдар мен ұйымдардың қатарына ең алдымен саяси партиялар, сондай-ақ президенттің, парламенттің, жергілікті өкілетті өргандар мен жергілікті өзін-өзібасқару органдарының, басқа да сайлау мекемелері мен лауазымды тұлғалардың сайлауы кезеңінде үгіт-насихат, ұйымдастыру - саяси жұмыстарын өткізу үшін құрылатын тұрақтынемесе уақытша сайлау блоктары жатады. Мұндай блоктарданерекшелігі, саяси партиялардың қызмет аясы анағұрлым кең:олар сайлауға байланысты жұмыстармен шектеліп қалмайды, өмірдің өзі туындатып отырған түрлі саяси мәселелердіңшешілуіне қатысады (парламентке заңжобаларын енгізу жәнеүкіметке ұсыныстар енгізу; жылдың, жарты жылдықтың, тоқсанның және одан туындайтын міндеттердің қорытындыларыншығару; ішкі және халықаралық өмірдегі маңызды саяси жағдайларға үн қосу; мемлекеттік аппараттың қызметіне қоғамдық-саяси бақылау жасау және т.б.).

Мешекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер мен қозғалыстардың басқа тобын тікелей саяси өміргеқатысу үшін құрылатындар емес, өндірістік-экономикалық,әлеуметтік-мәдени, рухани, кәсіби-еңбек қызметі саласындағыміндеттерді шешу үшін құрылған топтар құрайды. Бұл жердекәсіподақ, кооператив, діни, әйелдер ұйымдары, жазушылар,композиторлар, сәулетшілер одақтары және басқалар айтылып отыр, олар өздерінің жарғылары мен ережелерінде саясимақсатты айрықша баса көрсетпейді, керісінше материалдык-экономикалық, мәдени-тұрмыстық, рухани, әлеуметтік, кәсібиқажеттерін және өз мүшелерінің мүдделерін қанағаттандыру міндеттерін алға қояды. Ақиқат өмірде олар (әсіресе кәсіподақтар), саясаттан тыс болмайтыны рас, анда-санда немесетұрақты түрде сайлау науқандарына қатысады, кейде тіпті түрлі
саяси талаптарды да белсенді түрде қойып отырады (мысалы,
еңбекақыларын ұзақ уақыт төлемегендігіне байланыстыРесейдің шахтерлері мен кеншілерінің бірқатар кәсіптік одақтары 1998 жылдың жазында Ресей президенті мен үкіметініңотставкаға кетуін талап етіп койды). Кейбір зерттеушілер (М. Н. Марченко, С.А. Комаров) жоғарыда аталған ұйымдарды «нағыз саяси ұйымдар емес» деп атайды, және бұл терминқұлаққа онша жағымды болмағанымен, олардың қоғамның
саяси саласындағы өзіндік ерекшелігі мен орнып дәл көрсетеді.

Ақырында, саясаттан және саяси қарым-қатынастан алыстұрған және тар шеңбердегі кәсіби, әуесқойлық мақсатты көздейтін, адамдардың жеке және топтық бейімділігі менмүдделерін ескеретін мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар,бірлестіктер мен қозғалыстар да бар. Бұлжерде филателистер,нумизматтар, автоәуесқойлар, музыкамен әуестенушілер жәнет.б. қоғамдар айтылып отыр. Олар қоғамның саяси жүйесініңқұрамына кіре ме? Олар саяси биліктің субъектісі болып табылмайды, нағыз саяси қарым-қатынасқа қатыспайды, сондықтан да оларды қоғамнын саяси жүйесінің бір бөлігі деп санауғаболмайды.

Осылайша, қоғамда тіршілік етіп, қызмет істеп жатқанмемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктермен қозғалыстардың бәрі бірдей саяси жүйенін компоненттеріжәне құрамдас бөліктері болып табылмайды.

Ондайлардың қатарына қоғамның саяси өміріне қатысудытура немесе жанама түрде өздерінің мақсаты деп жариялайтын,саяси биліктің субъектісі болып табылатын, белгілі бір саясимүдделерді көздейтіндерді жатқызу керек.

Қоғамның саясижүйесінің мемлекеттік емес буындарыныңнегізгі түрлерін кеңінен қарастырдық. Олардың нақтылы ролікөптеген факторларға байланысты және қоғамдық дамудыңтүрлі кезеңдерінде айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік-ұйымдасқан қоғам жағдайында әрекет ете отырып, олар мемлекетке қатысты толық селқостық таныта алмайды және әртүрлі мәселелер бойынша ауық-ауық олармен байланысқа түсуге мәжбүр.

Мемлекет-қоғамның саяси жүйесінің өзегі. Мемлекетқоғамның саяси жүйесіне оның қүрамдас бөлігі ретінде енеді.Сонымен саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі - айрықша, өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйеніңмемлекет сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатынбасқа субъектісі жоққой. Мемлекетті саяси жүйенін кұрамындаоның жаңа қырлары мен жақтарын көрсетуге мүмкіндік береотырып зерттеу аса пайдалы.

Саяси жүйеге саяси сипаты бар, қоғамның саяси өмірінеқатысатын, саяси биліктін субъектісі болып табылатын құрылымдарды, бірлестіктерді, қозғалыстарды қоса отырып, осыайтылғандардың барлығының толық көлемінде мемлекетте деқолданынатындығын айта кету керек. Өйткені ол саяси биліктіңқоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субъектісі.Ол - саяси катынастардын басым көпшілігінің белсенді қатысушысы (көбінесе - бастамашысы); онсыз олар көп жағдайдаөзінің мәнділігі мен салмақгылығын жоғалтады. Барлық дерлікмемлекеттік-құқықтык институттар бір мезгілде саяси институттар болып табылады.

Басқаша айтканда, мемлекетке саяси сипат тән, соған қарайол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет - оның мемлекеттік емес буындарына ұқсае саяси жүйесінің, өдеттегіден тыс бөлігі. Ол - оның белгілібір мөлшерде(белгілі бір елеулі ескертулерімен) ондағы шоғырландырушыжәне үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.

Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды және нақтырақ айтқанда, олардың арасындағы қарым-қатынастан тұратып, әр алуан саяси институттардың қызмет істеуіне әсерібар билік субъектілерінің жиынтығын өзінеқосып алады.

Түрлі объективті және субъективті себептердін әсерімен
саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңіне саяси жүйенің әзінің жай-күйі сәйкескеледі.

Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекетте, бір бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды. Олар қандай дабір мәселелер бойыпша өзара алуан түрлі карым-қатынасқатүседі. Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады деп айтуға болады.

Алайда қоғамнын саяси жүйесінің мұндай тұтастығы мен
бірлігін асыра мақтауға, тіпті абсолюттендіруге болмайды, өйткені оның ішіндегі қарым-қатынас ылғи да оның құрамдасбөліктерінің ынтымақтастығы мен өзара көмегінің ара қатысысияқты бағаланбауы мүмкін. Бұл қарым-қатынастың кейбіреуіынтымақтастық пен өзаракөмек шеңберіне сыйып кетеді, алолардың кейбіреулері оған қарама-қайшы болып, күрес пенбірін бірі жоққа шығаратын сипаты болады.

Қоғамның саяси жүйесі - өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнешесалыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтантұратын құрылым. Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамнынсаяси ұйымы қызықтырады, өйткені оның құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік (соның ішінде мемлекетгік билік үшін) жолындағы күреске қатысуды, оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар,бірлестіктер мен құрылымдар табылады. Олармен бір «қатарда» әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір шекте олардың.іс-қимылына ықпалетеді, қажетгі жағдайларда олармен байланысқа да түсе аладыжәне т.б.

Ішкі саяси жүйенін қарым-қатынасын ең алдымен оның
бірқатардағы элементтерінің (мысалы, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы) арасынан қарастырған дұрыс. Сөйтсе де кезде саяси жүйеніңәр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігітуып калады (мысалы, мемлекеттік органдардын саяси нормалармен катынасы). Әрине, әр қатардағы элементтердің қатынасын айқындау көбінесе бірінші түрдің қарым-қатынасыменжанама түрде байланысады (мысалы, мемлекеттік органдар
құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе
күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы
басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол
«тікелей» жүзеге асырылады (мысалы, әңгіме саяси нормалардың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралыболғанда немесе, керісінше, қандайда бір саяси нормалардыңмемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралыболғанда).

Бұл тарауда әңгіме саяси жүйенің бір қатардағы элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар туралы болады.

Мемлекетгің қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесініңтүрлі құрамдас беліктеріне қатынасы жөніндегі позициясыбірдей емес; ол олардың әрқайсысының қандай бағдарды жәнеқандай бағытты ұстанғанына қарай жіктеледі.

Өзара қарым-қатынастың бір тұрпаты мемлекет пен саясижүйенің билеуші таптар, таңдаулылар, әлеуметтік топтар ментоптар құрған мемлекеттік емес буындарына тән. Бүл өзарақарым-қатынасқа, әдетте, терең де шиеленісті, антагонистікқарама-қайшылықтар жат. Бұған қоса, мемлекет пен қоғамныңсаяси жүйесінің аталған буындары бірін-бірі өзара қолдайды,
алдарында тұрған міндеттерді шешуде көмек пен жәрдемкөрсетеді. Мемлекет саяси жүйенің аталған буындарына заң-мен көзделген (кейде тіпті көзделмеген де) жеңілдіктер менартықшылыктар береді, ешқандай кедергі келтірмейді, олардынеғұрлым қолайлы режиммен қамтамасыз етеді, олардыңжіберген бұзушылықтарына көбінесе «көзін жұмып» қарайды.
Өз кезегінде соңғылары үкіметтін саясатын әрқашан қолдайды, мемлекеттік механизмнің кез келген қадамын, кез келгенакциясын ақтайды, халықтың өзіне адал қарым-қатынасына қолжеткізеді.

Қарым-қатынастың басқа тұрпаты мемлекетке және оппозициялық топтар, тандаулылар, әлеуметтік топтар мен топтарқұрған саяси жүйенің мемлекеттік емес буындарына тән. Бұлқарым-қатынастардын әдетте қарама-қайшылық сипаты болады, кейде бұл қарама-қайшылыктар шиеленісіп, антагонизмсипатына ие болады. Салыстырмалы түрде алғанда олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек сирек болады,
олардың бір біріне қарсы тұруы мен қарсы әрекет жасауы жиі
кездеседі. Мемлекет оппозицияның әрекетін шектеуге тырысады, оған кедергілер келтіреді, реті келсе күшпен басып отырады. Саяси жүйенің олар құрған буындарында топтасқан оппозициялықкүштер үкіметсаясатына қарсы әрекететеді, қоғамдық пікірді оған қарсы қояды, халықтың өмір сүріп отырғанөкіметке жағымсыз қарым-қатынасын туғызады.

Сондай-ақ мемлекет пен саяси жүйенің мемлекетке енжарқарайтын мемлекеттік емес буындарының арасында пайда болатын, өзара қарым-қатынастың аралық тұрпатын да айта алукерек. Соңғылар бір мәселелер бойынша үкіметті қолдаса,екінші бір мәселе бойынша оны сынайды. Мемлекет саясижүйенің осындай мемлекеттік емес буындарына қатыстыбіржақты қолдаушылық немесе біржақты кінәлаушылық бағыт ұстанбайды.

Қазақстандағы бір партиялылық жүйеден көппартиялылықжүйеге дейін Қазақстанның өтпелі кезеңге қадам басуы қоғамның саяси жүйесінің сипатының, құрылымы мен функциясының приниипті түрде өзгеруімен жария етілді. Қазір ол бұрынғы саяси жүйені мүлде қайталамайды десе де болғандай: қоғамөміріндегі ролі мүлде басқа, мүлде басқа сыртқы байланыстарымен және қарым-қатынастарымен сипатталады, қызмет ету
мен ықпал етудіңбұрынғыдан басқа механизмдерін пайдаланады.

Қазақстандағы саяси жүйенің бүгінгі жай-күйі мен түрініңқандай екендігін көрнекірек елестету үшін оны өзінің шыққантегі және өзі соның жалғасы болып табылатын социалистікқоғамның саяси жүйесімен салыстыру керек.

Социалистік қоғамның саяси жүйесінің өзіне тән сипаты,
онда бір партияның дара, ешкіммен бөліспей жеке билік етуі,бірпартиялылықты орнату болып табылады. Бұған кейбірсоциалистік елдерде коммунистік (немесе жұмысшы) партиялардан басқа бірқатар басқа партиялардың да (шаруа,интеллигенттік, ұлттық-демократиялық және т.б.) болғанфактілері кайшылық етпейді. Олар, алайда, коммунистік (немесе жұмысшы) партиялардың жетекшілік ролін сөзсіз мойындады, солардың белгілеген шегінде әрекет етті, іс жүзіндеолардың бақылауында болды және олар белгілеген шеңберденешқашан шығып көрген жок.

Бірпартиялылықтын негізгі белгісі, мемлекетте өзінің диктатурасын орнатқан партия:

1)оның құзыретінің маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік істерге араласыпқана қоймайды, мемлекеттік биліктітолығымен ауыстырып жібере алады;

2) барық жария (жасырындарын әсіресе) оппозицияларды жоюға, билік ету ісінде кез келген болуы мүмкін бәсекелестерді жоюға тырысады;

3) халықты басқару ісіне белсенді қатыстырудын сыртқыкерінісін құруға ғана мүдделі, барлық мәселені өзі шешетіндіктен, халықтықбастаманы. қайраткерлікті және белсенділіктііс жүзінде көзге де ілмейді;

4) мемлекеттің құқықтық актілерінің, соның іішнде конституцияның да мазмұнын жояды, өзі қабылдайтын нысандар менпринциптерді олардан жоғары қояды, халықты нормативтікқұқықтық нұсқаулардың міндетті еместігі туралы ойға туранемесе жанама мағынасында үйретеді.

Бір партиялы жүйенің осы және басқа да бірқатар сипаттары мен ерекшеліктеріне қарай ол - тоталитарлық мемлекеттік-саяси режимді орнатудың негізі, билікті бір қолға заңсыз ұстаудың алғышарты, оның озбырлықпен тартып алудың шарты.Бірпартиялылық алдымен билеуші партияның көшбасшыларымен мүшелері жағынан жекелеген теріс пайдаланушылықтарүшін, сосын - олардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы үшінобъективті негіз қалайды, өйткені оппозицияның болмауы
себепті оларға ешқандайқарсы әрекет жоқ. Осыған қарай
билеуші партия өзінің шешімдеріне жоғары талап қоюшылық
сезімін жоғалта бастайды, өзінің бүкіл қызметін дұрыс бағаламайды, өзіне, өзінің көшбасшылары мен мүшелеріне жұмсақтық танытады, бұл ақыр соңында мемлекет үшін қауіпті зардаптарға алып келеді.

Бірпартиялылықтан бас тарту әлде саяси плюрализм мен
көппартиялылықты нығайтуға жағдай жасай отырып, демократияға қарай батыл қадам жасаудың белгісі. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясының компартияны қоғамнын басшы және бағыт беруші күші, барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ұйтқысы деп жариялаған 6-бабы алынып тасталды. Әрбір сайлау округінде партиялық инстанция қуаттаған тек бір ғана депутатқа кандидат тіркелетін тәртіптің алынып тасталуы үлкен роль атқарады. Партиялық номенклатураға берілетін артықшылықтар алынып тасталды. Партиялық,және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшыларының елдің түйінді мәселелері бойынша бірлесіп акт қабылдауы қолданылмайтын болды. Коммунистерді қылмыстық жауапкершілікке тек тиісті партиялық комитеттердің рұқсатымен тартатын тәртіп күшін жойды.

Алайда көппартиялылық пен саяси плюрализм бірден орнығып кете қойған жоқ. Олардың қалыптасу процесі ұзақкезенді қамтыды, ол әлі де аяқталған жоқ; ол азаматтардыңсаяси белсенділіктің алуан түрлі нысандарын байқап көруіменбайланысты. Жаңадан құрылып жатқан партиялар мен саясиблоктар ұйымдастырушылық, идеялық-теориялық жөне саясиқатынастарда билік органындағылармен тең құқықты диалог
жүргізуге қол жеткізбейінше, әлсіз болып қалады. Олардың
бағдарламалары мен тұғырнамалары көп жағдайда бірін бірі
қайталайды, көптеген декларативті және нақты емес ережелерібар. Екінші кезектегі және ұсақ-түйек мәселелермен айналысып жүрген партиялар (сирек жағдайларда болмаса) өздерінкөзге түсерліктей істерімен әлі таныта қойған жоқ. Алайда аталған аурулардың денден кетпеуіне тырысып, барлықпартиялардың тіршілік етіп, қызмет істеуі үшін қажетті жағдайлар туғызу керек.

Айқын коппартиялылық, түрлі мағынадағы саяси күштердің плюрализмі салауатты қоғамның белгісі. Олардан құтылу, олардың қалыптасуына кедергі жасау тоғышарлық болар еді.Әртүрлі пікірлерді салыстыру, олардың күресі (идеялық-теориялып, концептуальдық, тек қарулы емес) шындыққа тезірекжетуге, дұрыс шешімдер таңдай алуға мүмкіндік береді. Сонымен саяси әралуандықты үкіметтің саясатын қолдайтынкөптеген партиялар және басқа саяси ағымдар ретінде түсінуге болмайды. Кейде оппозициялық күштерге қауіптене қарайтынүкіметтің идеологтары мен шенеуніктері мұндай көзқарастыелге таратып жібереді. Мұндай көзқарас басым болып, оппозицияны жойып, жоқ қылыпжіберсе, бүл қоғамның науқасының салмақты екендігін білдіреді. Күшке табыну ақылдан басым түскен кезде, ақиқат та, әділдік те жайьіна қалады.Өзініңбарлық жағымды және жағымсыз жақтары бола тұра саяси
оппозицияның даусыз артықшылығы бар: оның болуы еркімен
болса да немесе еріксіз болса да билеуші таңдаулыларды (элитаны) өздерінің әрбір қадамын байкап басуға, белгілегеншешімдері заңға қайшы емес пе, соны анықтауға, асыра пайдаланушыпық пен ашык бұзушылықтардан қашуға мәжбүр етеді.

Осылайша, қоғамның неғұрлым демократиялық саясижүйесі деп тек қана саяси пікір алуандығы мен көппартиялылық нығайған емес, сондай-ақ толыққанды саяси оппозициясы бар саяси жүйені тану қажет.

Бұдан былай кез келген партия, тіпті парламентте көпшіліксанға қол жеткізіп, «билеуші» болса да, үкіметті қалыптастырса да, мемлекеттегі ерекше монополиялық жағдайға үміткерболуға құқықты емес. Ол өзініңмақсатына конституциялықжолмен, билік институттары мен құрылымдарына ықпал етудің жария нысандарып пайдалануымен қол жеткізе алады. Оғанөзін мемлекеттік билікпен ауыстыруға еш жол беруге болмайды. Басшылық етудің партиялық тәсілі бір басқа, мемлекеттік
тәсіл бір басқа, оларды араластыруға, бір бірін қайталауға және
ауыстыруға еш болмайды.

Мемлекет және қоғамдық ұйымдар. Барлыққоғамдықұйымдардың көп алуандығын мына төмендегі үш түрге бөлугеболады:

1) жеке мүшелік принципіне құрылған ұйымдар;

2) қоғамдық өкілдік ұйымдары:

3) бұқаралық қоғамдық қозғалыстар.

Қоғамдық мүшелік ұйымдарда, саяси партиялардағы сияқты, азаматтар ең алдымен өзінің бірлесу бостандығына конституциялық құқығын жүзеге асырады. Жеке мүшеліктің болуы мүшелердің бәрінің ұйымның барлық ісіне тартылуы депболжанады. Қатардағы мүшелер аумақтық және басқа белгісі
бойынша неғұрлым ірі құрылымдарға бірігетің бастауыш ұйымдарда тұрады. Сондықтан да мүшелік қоғамдық ұйымдардыңбасқа ұйымның түрлеріне қарағанда неғұрлым қалыптасқанқұрылымы бар. Олардың буындарының арасында субординациялық және басқа байланыстар мен қарым-қатынастар бар.

Осы жағынан мүшелік ұйымдар партияларға жақындайды және қоғамдық ұйымдардың басқа түрлерінен ерекшеленеді.

Бұған дейін өмір сүрген мүшелік ұйымдардың бөрі бірдей
қайта құру кезеңінің, жаңарулар мен демократияландырудыңауыртпалығына тотеп бере алмады. Олардын кейбіреуі (комсомол, ДОСААФ, «Білім» қоғамы) өздерін өздері таратыпжіберді, коммерциялық немесе жартылай коммерциялық құрылымға айналды, не іс жүзінде құрыпкетуге жақын тұр. Мүшелікқоғамдық ұйымдардың арасында кәсіподақтар ерекшеленеді.

Кәсіподақтар жүйесі біртекті болған кеңес кезеңінен айырмашылығы, олбүгіндемұндай біртектіліктен айрылған. Бұрынғы«қазыналық» деп аталатын, мемлекет колдайтын және өзкезегінде оны да қолдайтын кәсіподақтармен қатар «еркін»,«тәуелсіз» деп аталатын кәсіподақтар құрылды. Соңғыларыкейде жұмыс берушілерге, кейде тіпті үкіметке де өзінің оппозициялылығымен батырсынып қояды, ең бір батыл талаптар
қояды, кез келген сәтте жұмысшыларды ереуілдерге, наразылық акцияларына және басқа да осындай әрекеттерге шақыруға дайын тұрады. «Қазыналық» және «тәуелсіз» кәсіподақтардың қарым-қатынасы бірін бірі өзара жоққа шығарумен,жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті категорияларының
арасындағы ықпал үшін ымыраға келмейтін сынмен және батыл күреспен сипатталады.

Түрлі бағдардағы кәсіподақтардың болуы мемлекеттікоргандарға олармен өзара қарым-қатынас жасағанда бірқатарманеврлер жасауға мүмкіндік береді, белгілі бір жағдайлардаоларды біріне бірін қарсы қоюға, олардың қимылынын тиімділігін әлсіретуге еркіндік береді.

Қоғамдық өкілдікті ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгерістер болды.Жолдастық соттар мен ерікті халық жасақтары,қоғамдық автоинспекторлар кеңесі жұмыс істеуін тоқтатты,көше, квартал және үй комитеттері жойылу қарсаңында. Мектептерде ата-аналар көшітеті қандай болса да бір жұмысты
істеугетырысуда. Оның есесіне Қазақстан халықтарының облыстық және республикалық ассамблеяларына біріккенұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы жандана түсті.

Дамыған және аяқталған-жинақы құрылымның болмауы,
оның таңдаулы ұйымадар шеңберінде шектеліп қалуы, оныңқұрамына кірмейтін соңғы тұлғаға формальды тиістіліктің болмауы, оны тандаған халықтың категориясымен өзгеше байланыс қоғамдық өкілдік ұйымының ерекшелігі болып табылады.Осыған қарай қоғамдық өкілдік ұйымдары қуатты, өмірдіңөзгермелі жағдайларына шұғыл түрде үн қоса алады.

Бұқаралыққоғамдыққозғалыстар, айталық, мүшелік ұйымдармен салыстырғанда формалдылығышамалы құрылымретінде қоғамдық ұйымның түрлерінің бірі болып табылады.Олардың қатарына «рухы», сипаты, мақсаты, міндеті жағынанжақын партиялар, мүшелік және басқа қоғамдық ұйымдарбірігетін одақтарды, блоктарды, фронттарды, ассоциацияларды жатқызуға болады.

Қандай да бір тактикалық нұсқаудың өзгеруі сол немесебасқа партияның, ұйымның қозғалыс құрамынан шығуына,оның шеңберінің тарылуына немесе тіпті тарап кетуіне алыпкелуі мүмкін. Сондықтан да қозғалыстарды тұрақсыз қоғамдықұйымдар деп санауға болады. Олардын басқа ерекшеліктерімынада: әдетге олардың жеке мүшелігі болмайды, ал құрылымы тұрақсыз, динамикалық қозғалыстың дәл осы сәттегі нақты құрамына байланысты өзгеріп тұратын, оның ішіндегікүштердің, міндеттердің, мақсаттардың және т.б. қатынасыболып табылады.

Шіркеуді және шіркеулік ұйымдарды саяси жүйеге енгізу
туралы мәселе әр түрлі қоғамда әр түрлі шешілді және шешілуде. Мысалы, феодализм дәуірінде, шіркеу мемлекеттік аристократиялық биліктен жоғары қойылып, инквизация сотың жүргізгенде, оның сол кездегі қоғамның саяси жүйесіне қатысы бар екендігіне әлдекімнің күдіктене қоюы екіталай еді.
Немесе мүсылмандық діни ұйымдары орталық және жергіліктімемлекеттік биліктің жүзеге асырылуында зор роль атқарғанкөптеген шығыс елдерін алайық, ал құқықты қолдану жәнежүзеге асыру шариғаттыңшарттарынсыз еш мүмкін емес. Бұлжерде сондан-ак мұсылман мешіті мен онымен байланыстыұйымдар қоғамның саяси жүйесінің маңызды компонентін
құрайтыны күдік тудырмайды.

Өздерін зайырлы деп санайтын мемлекеттерде бұл мәселе
басқаша шешіледі: олар әдетте мемлекеттін шіркеуден жәнешіркеудің мектептен бөлек екендігін жариялайды. МысалыРесей Федерациясының Конституциясында былай делінген:«Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және заң алдындатең». Одан бөлек, шіркеудің және шіркеу ұйымдарының саясаттан шеттетілетіндігі барынша жарнамаланып жатады.Нәтижесінде соңғыларының қоғамның саяси жүйесінекірмейтіндігі туралы қорытынды жасалады.

Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет деп жариялай
отырып, қазіргі Конституциянын алайда шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы ережелері жоқ (Ресей Федерациясының Конституциясынан айырмашылығы). Бұдан басқа, республикадаәлеуметтік жетістіктердің және ұлтаралық келісімнің міндеттерін шешуде мұсылмандық, сондай-ақ православиелік діни
ұйымдардың ролі елеулі өскендігін көреміз. Бұл жағдайларда
діни ұйымдарды қоғамның саяси жүйесінен аластау дұрыс бола
қояр ма екен.

Басқаша айтқанда, қоғамдық ұйымдар жүйесі қоғамның
реформалау, жаңғыру, демократизациялау кезеңіне енуіне байланысты елеулі өзгерістерге, модификацияға ұшырады, нарықтық қатынастарға бет бұрды.

Мемлекеттің қоғамдық ұйымдарға деген қарым-қатынасықазір бұрынғыдай емес. Қазір ол мүлде басқа принциптергенегізделеді және бұрынғыға қарағанда басқа нысанда көріністапқан.

Мемлекет кеңес үкіметі кезеңінде өзінің «демократизмін»
көрсете отырып және өмір сүріп жаткан қоғамдық ұйымдардың достық ниеттегі сипатын ескере отырып (өйткені оппозициялық және жаулық ниеттегі ұйымдар талқандалып, таратылып, тарих сахнасынан кеткен болатын), оларды өзіне жақындатуға, тартуға (немесе тартқан сияқты болып көрінуге) тырысты. Бірқатар жағдайларда ол тіпті оларға өзінің органдарының жекелеген функцияларын беріп, оларға құқық қолдану және
құқық қорғау туралы ғана емес, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді басып шығару өкілеттігін де берген болатын. Енбек халық комиссариаты мен оның жергілікті органдары жойылып, олардың функциялары кәсіподақтарға берілген,ал ВЦСПС еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мәселелері жөніндегі міндетті қаулыларды басып шығару құқығын алған 1933 жылы осылай болған. Қоғамдық ұйым -спорттық қоғамдар мен ұйымдардың одағы - бірқатар уақыт(1959-1964жж.) солкезде жойылып кеткен физкультура жәнеспорт жөніндегі комитеттің және оның жергілікті органдарының функцияларын атқарып, орнын алмастырды. Қандай да
бір қоғамдық ұйымға мемлекеттік органның барлық функцияларын емес, тек жекелеген міндеттері мен өкілеттіктерін орындауды жүктеу тәжірибеде жиі қолданылды. Мысалы, жолдастық соттар кейбір ұсақ құқық бұзушылықтар туралы істердіқарай алатын еді, ал ерікті халық жасақшылары қоғамдық
тәртіпті бұзу фактілерін құртуға құқылы болатын. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысына қоғамдық бақылаудың түрлі нысандарыпайдаланылды.

Басшылық етуші партия, мемлекет, кәсіподақ және комсомол органдарының жиі қабылданатын бірлескен қаулылары
жұрттың бәрінің есінде болар. Мұндай актілердің артықшылығы болып, олардың өздеріне мемлекеттік органдардыңсеріктесі болған құрылымдардың моральдык-қоғамдық беделімен заң күшін үйлестіргендігінде-мыс деп саналды. Алайда олжағдайларды бірлескен актілер демократизмнің тек сыртқыкөрінісін ғана жасап, партия мен оның органдарының
бөлінбейтін үстемдігін сырткөзден жасырды. Мұндай актілерді
қабылдау кезінде қоғамдық ұйымдар дербес дауыс құқығын
(әсіресе-бірлескен актілердің өздеріне қолайсыз тармақтарына қарсы қарсылық білдіру құқығы) пайдаланған жоқ.

Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-әрекетінің
аталған нысандары бірте-бірте сирек қолданыла бастады, сосын қоғамның демократияландырылу кезеңінен және әкімшілік-өміршілдік жүйенің ыдыраған кезінен бастап мүлдемкүшін жойды. Ол аз болса, уақытөткен сайын мемлекет пен қоғамдық ұйымдар бір бірінен алшақтай бастады, бұл олардыңқызмет өрісінің айқын шектелуі, өкілеттігі және функциясы
мен бір бірінің ісіне өзара араласпау идеясынан туындап отырған жағдай. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың жақындасуы тек бұл үшін экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық алғышарттары дайындалғанда, ең бастысы ақылғақонымды шекте дайындалғанда ғана мүмкін.

Мемлекеттік істермен мемлекеттік органдар, ал қоғамдықістермен қоғамдық ұйымдар айналысуы керек деген принципҚазақстан Республикасының соңғы жылдардағы Конституциялары мен зандарында дәйектілікпен баянды етіле бастады.Мысалы, қазіргі қолданылып жүрген Конституциямызда қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне жолберілмейді делінген (5-баптың 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктердің заң алдында бірдей екендігін атап өте келіп, Конституция қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекетісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдықбірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге,қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жолберілмейді дептура айқыпдап берді (5-баптың 2-тармағы). Бұлережелер мемлекеттің қоғамдық ұйымдарға қатынасы жөніндегісаясатының негізін құрайды.

Қазіргі кезде мемлекет қоғамдық ұйымдарға қатыстытөмеңдегідей өкілеттіктерді орындайды:

1.Тіркеу өкілеттігі, оны жүзеге асырмайынша қоғамдықұйымдардың қызметі заңсыз.

2.Байқауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттік, ал кейбірмәселелер бөйынша - қоғамдық ұйымдардың қызметіне бақылау жасау.

3.Қоғамдық ұйымдардың қызметінің мәртебесі мен шегінжалпынормативтік реттеу жөніндегі өкілеттік. Сонымен мемлекет қоғамдық ұйымдар аттап өте алмайтын бірқатар тыйымсалуларды белгілейді, оларға істеуге болатып әрекеттер тізімін қарастырады, олардың құқықтары мен жалпыға танылғанміндеттерін, мемлекеттік органдармен өзара әрекет нысандарын баянды етеді, басқаша айтқанда, олар құрылып, қызмет
істеп және дамитын құқықтық өрісін айқындайды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)