Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

МемлекеттіҢ пайда болуы

Читайте также:
  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  2. Бап. Контрацепцияны пайдалану
  3. Бап. Контрацепцияны пайдалану
  4. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
  5. Гепатобилиарлық аурулары бар науқастарда ауырсыну деңгейін бағалау үшін көзбен аналогтық шкаласын пайдалану
  6. Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалануға бола ма?
  7. Жоғарғы еріннің туа пайда болған ақауы. Клиникасы, нақтамасы, хирургиялық емінің принциптері, операция нәтижелері».

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамдардың көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.

Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек – қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;

2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір-біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;

3) осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал кәіби немесе жартылай кәсіби басқарушы – қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.

Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ – ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де кездестіруге болады.

Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен бірдей негізде жүргізілді.

Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен-күнге өндіргіш күштер жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар, мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан, ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қалуы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар тайпасының бөлініп шығуы; қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; көпестер тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.

Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға мемлекетке жол беруі керек болды.

Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылады. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан антогонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған өкімшіл-бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.

Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекеттің пайда болуына алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.

Әр халықта мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері. Әр халықтың нақтылы - тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын процесстердің нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме етудің өзі артық. Шартты түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі модельдің бір - бірінен елеулі айырмашылығы бар.

Батыстық модель туралы Ф. Энгельстің "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі" деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.

Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинының тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызады: мұнда мемлекет Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, тікелей рулық қоғамның өз ішінен өрбіген таптық, қарама-қайшылықтардан пайда болған.

Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала анықтап алып, сосын жіктеді одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды. Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу,тайпааралық конфликтілер және соғыс) бұл жерде елеулі әсері болған жоқ, олар экономикалық және әлеуметтік - таптық факторлардың басымдық рөліне көлеңке түсіре алған жоқ.

Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық қоғамда біртіндеп келімсектер (плебстер) көбейе берді де, римдіктер оларға араласып, сіңіп кетуден сақтанып жеке бір аристократияға айналды. Римге келіп жатқан плебстердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі. Күрестің нәтижесі плебстердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен аяқталды.

Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим империясынан көп аумақты жаулап алан олар басқаруды соңғы болып ұйымдастыруы, олардың өздеріне сөзсіз бағынуын, алым - салық пен басқа да төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдары бұл міндеттерді шешуге бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлекет құру қажеттігі туды. Әрине, жоғарыда аталған фактор (бөтен аумақты жаулап алу және оларды басқарудың қажеттігі) өзінен өзі емес, басқа да бірқатар ішкі факторлармен (қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы, герман жұртшылығының байлар мен кедейлер болып бөлініп, жіктелуі) бірлесіп әрекет етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен жеделдеткіштің рөлін атқарды.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілері азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы массивтерін игеруге деген қажеттілік суару каналдарының құрылысы мен басқа да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды. Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын еді, бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар, мемлекет деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынын келетін еді. Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншіксақталып келді, ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланылып жүргеніне қарамастан жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне жататын елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады. Мемлекет рөлінің артуына байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік көбінесе деспоттық бағытты ұстанды. Ол мәжбүрлеу - жазалау аппаратына, қарулы күштерге, бюрократиялық шенеуніктікке сүйенді, бұлардың алдындакез келген адам өзін құқықсыз сезінетін, олардың тағдыры тұтасымен мемлекетке тәуелді еді, заң жүзінде де, іс жүзінде десоның қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және екіжүзділік билік жұмысына өзінің ізін қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сыртқы әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды, басқа елдермен ақпараттар алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір режим өз бетінше, ешкіммен араласпай әрекет етті, кейде жалпы прогрестен де хабардар болмайтын еді.

Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы. Қазақстанның аумақтық, табиғи - географиялық, топырақ - климаттық жағдайлары, оны мекендеген халықтың ерекшеліктері алғашқы қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысанын қалыптастырып, дамытуға, ұйымдастыруға және тіршілік етуін қамтамасыз етуге әсер етті. Кең даланың өзі де алғашқы тобырдың, қауымның, тайпаның бір орында тұрақтамай үнемі көшіп-қонып жүруіне жағдай туғызғандай еді.Сонымен қатар ұлы дала жері жоқ көптеген көршілестайпалар мен халықтардың осында келіп, орнығып, тұрып қалсақ деген көз құртына да айналды. Қазақстан аумағының көптеген миграциялықтасқындардың түйіскен жерінде, халықтың жер аударылу жолында болғандығының да әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болу процесінің бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келді.

1. Қазақ даласы бір халықтың емес, көптеген халықтың (сақтар, үйсіндер, хундар, сарматтар және т.б.) мекені болғандықтан бірі екіншісін қуып шығып, сосын өздері жаңа "келімсектердің" шабуылына ұшырап жатты - ру - тайпалық институттарды мемлекеттікке қайта құру процесінде айқын жүйелілік пен сабақтастықтың кейде қаралмады да. Кейде, мемлекеттіліктің бір халықта пайда болған нышаны соғыстың немесе басқа да бір осындай жағдайлардың салдарынан жойылып кетеді де, белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқа халықтарда пайда болады.

2. Дамудың мемлекеттік сатысына жеткен күшті көршілері жаулап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттілікке өзінің еркінен тыс ұмтылады. Мұндай жағдайда олардың дамуының табиғи барысы жылдамдаған сияқты болады. Мысалы, сақ тайпалары Александр Македонскийдің, парсы патшалары Кирдің, Дарий - І-дің әскерлерінің шабуылына ұшырады, олардың толық немесе жартылай жаулап алуы жаулап алушылардың мемлекеттік нысанына енгізуімен, алым-салықтар жинауымен қатар жүргізілді. Бостандық пен тәуелсіздік алған бұл тайпалар бұрынғы мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу мүмкіндігіне ие болды, бірақ көбінесе мұндай жағдайларды жаңа мен ескінің синтезі байқалатын (ру - тайпалық және ертемемлекеттік нысандар мен институттардың шиеленесуі).

3. Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің рөлінің күштілігімен сипатталатынөндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша жаңғыруы немесе жойылып кетуі керек болды.

4. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мемлекет құруының тағы бір ерекшелігі, бұл процестегі армияның үлкен рөлінің болуы. Ол бірден-ақ қуғын-сүргін мәжбүрлеу механизмінде басты орын алды. Қандай да бір режимнің тағдыры, биліктің жүзеге асырылу сипаты соған тәуелді болды.

Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан "шығыстық" нысанда, монархтық (қағанат, халифат, хандық, сұлтанат) еді. Өзінің құрамына орталыққа бағынатын үлкен аймақтық - мемлекеттік құрылымдарды жиі-жиі бірлестіріп отырса да, олар, алайда, вассалитет - сюзеренитеттің негізінде құрылған классикалық феодалдық мемлекеттерден ерекшеленетін еді. Бірақ олардың дамуы біртіндеп осы бағытта жүрді. Нәтижесінде, ХІV-XV ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде, мұнда хандық билік нысанындағы феодалдық мемлекеттілік орнықты.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1051 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)