Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери бөлімдердің әскери қалашықта орналастыруы.

Читайте также:
  1. Жалпы ережелер.Әскери қызмет өткеру тәртібі
  2. Негізгі әскери паектің сипаттамасы.
  3. Скери қызмет бойынща шектеу
  4. Скери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.
  5. Скери қызметшілердің жалпы құқықтары.
  6. Скери қызметшілердің жауапкершілігі
  7. Скери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттері..

Әскери бөлімдер әскери қалашықтарда орналастырылады.

Әскери қалашық деп бір жер учаскесінде әскери бөлімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаруды Күштерінің әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметшілері белгілі бір мақсатта орналастырылған үйлер мен ғимараттардың кешені түсініледі.

Әскери қалашыктар ашық және жабық болып бөлінеді.

Жабық әскери қалашықтарға өткізу жүйесі белгіленген әскери қалашықтар жатады.

Әскери қалашықтардың бүкіл жылжымайтын мүлкі мьналардан тұрады:

- түрғьн үй қоры (казармалар, тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер);

- қызметтік қор (штабтар, асханалар, клубтар ғимараттары және т.б.);

- коммуналдық құрылыстар (су және канализациялық сорап станциялары, электр станциялары, трансформаторлық көмекші станциялар, қазандык қондырғылары, сумен жабдықтау, канализациялар, жылу-газ жабдықтау, электрмен жабдықтаудың ішкі және сыртқы желілері және т.б.);

- жер учаскелері.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бейбіт және соғыс уақытында пайдаланылатын қызметтік тұрғын үй қоры, коммуналдық құрылыстар және жер учаскелері мемлекеттің меншігі болып табылады. Олар міндетті түрде есепке алынуға, дұрыс пайдаланылуға және ұқыпты ұсталуға тиіс.

Әскери жылжымайтынмүлік Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің иелігінде, басқаруында, бөлуінде болады. Жылжымайтын мүлік әскери бөлімдерге пайдалануғаберіледі. Үйлер, құрылыстар және жер учаскелері әскери бөлімдерге бекітіліп беріледі.

Үйлерді, құрылыстарды және жер учаскелерінәскери бөлімдердің арасында бөлу, оларды бір әскери қалашықтаорналастыру кезінде гарнизон бастығы, ал аралас гарнизондарда қажет болған жағдайларда - Қорғанысминистрлігі Құрылысжәнс әскерлерді орналастыру Бас баскармасы бастығыныңөкімімен гарнизонбастығы мен пәтерлерді пайдалану органдарының бірлескен ұсынуы бойынша жүргізіледі.

Әскери бөлімнің командирі барлық тұрғын үй, түрғын емес үй-жайлар, жер учаскелерінбөлімшелердің арасында бөледі.

Үйлерді, құрылыстарды, жер учаскелерін әскери бөлімдерге беруді акт бойынша ауданның пәтер пайдалану бөлімі жүргізеді.

Бөлімнің барлық үй-жайлары мен аумағын бөлімшелердің
арасында әскери бөлімніңкомандирі бөледі. Әскери қалашыкта бірнеше әскери бөлім орналасуы жағдайында үй-жайлар мен аумақты олардыңарасында гарнизонның бастығы бөледі.

Кемелердегі матростар мен старшиналардан басқа, мерзімді әскери қызметшілер казармаларда орналастырылады.

Әрбір ротаны орналастыру үшін мынадай үй-жайлар көзделінуі тиіс:

- жатын үй-жайы;

- ақпарат-тәрбие жұмысы бөлмесі;

- демалыс бөлмесі;

- рота кеңсесі;

- қару сақтауға арналған бөлме;

- қару тазалауға арналган бөлме (орын);

- спорт дәрістеріне арналған бөлме (орын);

- тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;

- ротаның мүлкін және әскери қызметшілердің жеке заттарынсақтауға арналған қойма;

- темекі шегуге және аяқ киім тазалауға арналғанбөлме (орын);

- киім-кешектер мен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме (орын);

- жуынуға арналғанбөлме;

- су бүрікпесі;

- әжетхана.

Әрбір батальонның орналасқан жерінде батальон командиріне, оның орынбасарларына, батальонштабына арналған, офицерлерді дәрістерге (әдістемелік даярлыққа ), офицерлердіңкеңестері мен демалысына арналған бөлме бөлінеді. Әскери бөлімде сабақтарды өткізу үшін қажетті сыныптар жабдықталады. Әрбір бөлімде жауынгерлік даңқ (тарих) бөлмесі жабдықталады және әскери бөлімнің (кеменің) құрмет кітабы және құрметгі келушілер кітабы жүргізіледі.

Әскери қызметті келісім-шартбойынша өткеруші әскери қызметшілер: отбасыларымен- әсксри бөлімнің орналасқан жерінен тыскарыда, ал отбасы жоктары - әскери бөлімнің орналасқан жеріндегі жатақханаларда немесе казармалардың бөлек үй-жайларында (бөлмелерінде), сондай-ак, әскери бөлімнің тұрған жерінен тысқары жерлерде пәтерлерде орналастырылады.

Бұл ретте әскери бөлімнің орналасқаи жерінде тұратын әйел әскери қызметшілер үшін бөлек жатақханалар (жатын үй-жайлары), дәрістерге әзірлену, кеңестер мен бос уақыт, су бүрікпесі мен әжетханаға арналған бөлмелер, сондай-ақ тұрмыстық қызмст көрсету бөлмелері мен жуынуға арналған бөлмелер жабдықталады.

Әскери кызметті келісім-шарт бойынша өткеруші, ротаның старшинасы лауазымын иеленуші әскери қызметшілер (отбасы жоқ немесе отбасыларымен) әскери бөлімнің орналасқан жерінде немесе оның жақын маңайында немесе казарманың бөлек үй-жайында орналастырылады.

Әскери-оқу орындарының 1 және 2-курстарының курсанттары (тыңдаушылары) мерзімді әскери қызметшілср үшін белгіленген тәртіппен казармаларда орналастырылады. Одан жоғары курстардың курсанттары (тыңдаушылары) мен офицерлік атақтары жоқ тындаушылар жатақханаларда орналастырылады, отбасы барларына отбасы жатақханалары беріледі. Әскери-оқу орнының бастығы отбасы жақақханалары болмауы кезінде 3-ші және одан жоғары курстардың курсанттарына және офицерлік атақтары жоқ тындаушыларға әскери-оқу орнының орналасқан жерінен тысқары жерде тұруға рұксат бере алады. Әсксри қызметті келісім-шарт бойынша откеруші курсанттар (тыңдаушылар), әскери кызметшілер мен мерзімді әскери қызметті әскери оқу орнына түскенге дейін откерген адамдар оқудың бірінші жылынан бастап казармаларда орналасудан босатылады.

Әскери-оқу орындарының офицер қатарындағы тындаушылары қызметтік тұргын үй алаңымен қамтамасыз етіледі.

Кімге де болсын казармалар мен жатакханалардың жатын үй-жайларын қоспағанда, әскери бөлімдердің ғимараттары мен құрылыстарында тұруға тыйым салынады.

Мерзімді әскери кызметтің әскери қызметшілерін жатын үй-жайларына орналастыру ауа көлемі бір адамға 12 текше метрден кем емес есеппен жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)