Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі экология

Читайте также:
  1. I. ЭКОЛОГИЯ ДЮНЫ
  2. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  3. Азіргі әдеби үдеріс. Жанр, ағым, бағыт
  4. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  5. Ала экологиясы
  6. Аралдың экологиялық проблемасы

Адам организмнің қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне төзу қабілетін оның экологиялық төзімділігіне (адамның) жатқызамыз.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша денсаулық жеке адамның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік саулығының субьективті сезімі және обьективті күйі.

"Денсаулық" термині аса көп жоспарлы, оның медициналық критерилері оңтайлы еңбек қабілеттілігі және әлеуметтік белсенділік ұғымдарымен толығады. Жақсы денсаулық әлеуметтік, экономикалық және жеке дара дамудың басты ресурсы, соңдай-ақ тіршілік санасының аса маңызды параметрі болып табылады.

Қоғамның денсаулығы және өмірдің жалпы ұзақтығы биологиялық (тұқым қуалаушы), табиғи және әлеуметтік факторлармен анықталады. Денсаулық адамдар мен тіршілік ортасының арқасында жасалып, күнделікті өмірде сүйемелденеді. Соныменен халықтың денсаулығы сол елдің экономикалық дамуының деңгейімен және хал-ақуалымсн тығыз байланысты.

Денсаулықты сақтауға қажетті шарттар таза ауа мен су, жоғары сапалы азық өнімдері, флора мен фаунаның барлық сан алуандығы болып табылады. Халықтың денсаулығының стратегиясын жасауда шешілуі басты әлеуметтік инвестиция мен моралдық құндылықты құрайтын экологиялық проблемаларды ескеру қажет.

Алматыда алғаш рет «Алматы экологиялық проблемалармен бетпе-бет» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Оған 1,5 мың адам, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы өкілдігінің басшысы, танымал ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Табиғат» ассоциациялар мен кәсіпорындар экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов, «Казмеханобр» АҚ президенті александр Клец, Қазақстан мен Ресей ғалымдары, ҮЕҰ өкілдері, қала қоғамдастығы, БАҚ қатысты.

«Қаланың экологиялық мәселелерінің ауқымы соншалықты, олар қалалық бағдарламалармен немесе экологиялық ұйымдар шеңберінде шектеліп қалмауы қажет. Бұл іске ең үздік ғылыми зерттемелер, ең үздік экономистер мен заңгерлердің, білім мен денсаулық сақтау салалары, бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігері пайдаланылу керек. Бір сөзбен айтқанда қаланың бүкіл қауымдастығы осы процеске тартылуы қажет. Осының бастамасы ретінде қоғамдық тыңдаулар деп аталынған бүгінгі форум бола алады»,- деді сөзінің басында қала әкімі И.Тасмағамбетов. Оның мәлімдеуінше, Алматыдағы экологиялық ахуалдың нашарлауы соңғы 10 жылда ауру-сырқаудың 1,5 есеге артып отырғанына себепші. Бұл ретте тыныс органдары, эндокринді және қан жүйелері ауруы бойынша, қатерлі ісік, балалар арасында тыныс демікпесі бойынша қала республика бойынша бірінші орынды алады.

Ластанудың негізгі көзі автокөлік болып табылады. Олардың шығарған жарамсыз газында 200-ге жуық химиялық қоспалар бар.

«Егер 1991 жылы қалада 97 мың автомобиль болса, бұл көрсеткіш 2006 жылдың желтоқсан айына шаққанда 420 мыңға жетті. Бұл қалада сағатына 30 мыңға жуық машинаның шығатынын айтпағанда. Статистикалық мәліметтерге қарағанда олар ауаға жылына 265 мың тонна зиянды зат тастайды»,- деп атап көрсетті әкім.

Сонымен қатар 45 мың тоннаға жуық зиянды заттар өнеркәсіп кәсіпорындары мен үйді жылытудағы жекеменшік секторға тиесілі.

«Отын ретінде көмірді пайдаланатын жекеменшік үйлерден ауаға 30 мың тонна зиянды зат тасталады. Ал біздің қаламызда 7000-нан астам көпқабатты үйлер мен 90000-нан астам ескі және апаттық үйлер бар. Олар күзгі-қысқы кезеңде көмірді отын ретінде пайдаланады. Бұл жылу энергетика кәсіпорындарынан 2 есе артық зиянды зат. Демек, осылардан тасталатын зиянды зат биіктігі аса көп емес, ал шығатын салдары өте ауыр. Мәселе мынада, осы көздерден тасталатын заттар ауаның тапал қабатында жиналады. Сондай-ақ, олар ешқандай тазарту құрылыстарымен жабдықталмаған. Ал олардың иелері отын ретінде автомобиль дөңгелектерін, пластик шыныларын, полиэтилен пакеттерін және т.б. жиі қолданады»,- деді И.Тасмағамбетов. Сонымен бірге, қалада қоқысты жою мәселесі, оның жыл сайынғы көлемі 700 мың тоннаға жетеді, өзен аңғарларын тазарту, жасыл қорды сақтау мен кеңейту мәселелері өзекті болып отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту мәселесін кешенді түрде шешу қажет. Ол үшін, әкімнің пікірінше, бірнеше бағыттан тұратын стратегия әзірлеу қажет. Бұл ең алдымен көліктің экологияға қысымын төмендетуге бағытталған шаралар, өнеркәсіп кәсіпорындарымен және жеке сектормен ауаға тасталатын зияндыларды барынша азайту, қаланы дамыту бас жоспарын қатаң сақтау, атап айтқанда, полиорталықтандыру мен кешенділік принципіне негізделу, сондай-ақ, экологиялық заңды әрі қарай жетілдіру шаралары.

Негізінен, басты мақсаттардың бірі автомобиль шығаратын жарамыз газынан пайда болатын ластануды азайту. Бұл ретте, бір жағынан, жолдарды жөндеу арқылы көшелердегі қозғалыс ахуалын жақсарту, жол айырықтарын салу, екіншіден, қалаға әкелінетін жанармай сапасын ЕУРО-1, 4 түріндегі халықаралық стандарттарының деңгейіне дейін көтеру.

«Өткен жылы ғана қаланың 190 АЗС тексеруден өткізілді, 600 сынама алынды. Нәтижесінде 32 АЗС отыны белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Ашып айтатын болсақ, меніңше, әр АЗС мұнай өнімдері сапасында проблема бар»,- деп мәлімдеді әкім.

Өз кезегінде О.Сүлейменов атап көрсеткендей, экологиялық ахуалды жақсартуда тағы бір әдіс – отын ретінде биоэтанолды пайдалану. Бұл үшін ол Алматының маңайында биоэтанол шығаратын зауыт салуды ұсынды. Сонымен қатар, ақынның пікірінше, көмірден жасалатын табиғи газдың орнын басу мақсатында Іле сұр тас көмір бассейнінің көмірін газификациялау жобасы басымдықты болар еді.

Жер шарын қоршап тұрған тұрған шаң тозаң, бу мен гездан құралған атмасфаре ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткен ұсақ - ұсақ бөлшектерге бөлініп, жан –жаққа шашырап жатады.

Егер атмасферада ауа болмаса, жарық сәуле шашып беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түседі. Бұлт пен жел, жауын- шашын болмай жер бетіндегі температура күндіз + 100 С –тан астам ыстық, түнде – 100 С-қа төмендеп қақыраған аз болар еді.

Атмосфералық ауа тым жеңіл 1 м 3 –де 1300грамм ауа болады. Ауа газдары құрамының өзгеруі ауадағы газдар құрамы биосфераның көп жылдар бойы дамуының нәтижесі.Ауадағы қалыптасқан мөлшерде болатын шаң –тозаң атмосферада өтіп жататын күн сәулесінің азайып жерді өте ысып, кетуден сақтауға, жер бетіндегі жылудың әлемге тарап кетпеуіне жауыын-шашын әкелетін бұлттарды жинауға көмектеседі.Адамдар ауасыз күн көре алмайды, таңдауға мұршасы болмай қандай ауа болса да дем алуға мәжбүр болады.Егер қамтамасыз етілмесе адам өледі. Адам баласы тамақсыз 5 күн өмір сүрсе, сусыз 5 күн өмір сүрсе, ауасыз 5 минутта өмір сүре алмайды.

Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауа етсе, қойға – 20мың, жылқыға 86 мың литр ауа керек.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаға норта бүлініп, ісиен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады.

Тірі организмдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен арақатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады.

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі- су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдей бастайды, 20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды.

Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішітін көрінеді.

Су- түсі, исі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші.

Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін және кептіріп жылыту үшін су қолданылады.

Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың агрогаттық сұйық, бу, мұз түрлерінің күйіне қарамастан, жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.

Су қорларында өзен, көл, теңіз, жер асты сулары, таулар, поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.

Экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстан ғалымдары да көптеген зерттеулер жариялап, оқу құралдарын шығарып, өз үлестерін қосады. Бұл салада қазақ тілінде басылып шығарылған кітаптарда аз емес. Дегенменде бұл зерттеуші бітпейтін, анықтауы таусылмайтын, күнбе- күн жаңадан талап қоятын тақырып.

Өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында тұрмыстық қажетте көбіне өзен, көл сулары пайдаланылады.

«Бұл әдісті Қытайда, Америкада қолданылады. Бірнеше ұңғымалар бұрғылады, сол жерде осы қабат жағылып, еріп газ шығарады. Ол құбыр арқылы қалаға көтеріледі. Бізден 200 шақырым жерде. Бұл газдың қуаттылығы табиғи газ қуаттылығынан кем емес, бірақ ол арзанға түседі»,- деп атап көрсетті О.Сүлейменов. Осылардан басқа тыңдауларды ұйымдастырушы комитет атына залда орнатылған «еркін микрофон» мен жазбаша хаттар үшін қойылған сауыттар арқылы басқа да көптеген ұсыныстар түсті. Олар екі секцияда талқыланды. Бірі «Автомобиль көлігі және экология» және «Алматы экологиясы проблемасының энергетикалық астары». Осындан барып, ең сындарлы (конструктивті) ұсыныстар қорытынды құжатқа енгізіліп, қарастыру үшін парламент пен үкіметке, бірнеше: энергетика және минералды ресурстар; қоршаған ортаны қорғау; индустрия және сауда; көлік және коммуникация; әділет министрліктеріне жіберіледі. Амлаты экологиясын жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстар жауапты мемлекеттік органдар үстелінде жатып қалмау үшін ұйымдастыру комитеті күзде қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте тыңдауларға жоғарыда аталған министрліктер жетекшілерін шақырып, Қазақстанның ірі мегаполисінің экологиялық проблемаларының шешімін олар қайдан көріп отырғанын тыңдау жоспарланып отыр.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)