Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ала экологиясы

Адамдар ерте заманнан бастап табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келген. Ол кезде табиғат байлықтары мол, ал оны жұмсау аз болғандықтан адамдар олардың орнын толықтыру, қалпына келтіру сияқты мәселелерге көп көңіл бөлмеген.Адамдардың іс-әрекеті -, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңдестікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің өміріне қауіпті бола бастады.Табиғи ортаны бұзып, бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғат өз күшімен жоя алмайтын өздігімен бұрынғы қалпына келе алмайтын күйге түсті.

Дүние жүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп, отырады. Ол үшін қажетті шикізатты құрылыс материалдарын азық-түлікті т.б. адамдар табиғаттан алады. Көп ғасырлар бойы «Қожалық етіп», билік жүргізуге үйренген адамдар оның байлықтарын есепсіз қисапсыз жұмсап, шашып төгіп қазіргі экологиялық дағдарысқа әкелді.Өмір сүруі үшін табиғаттың қажет екендігін енді түсіне бастады.

Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар аолдарына белгілі мақсат қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды.

Қалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауырпалық үнемі күшейтіліп келеді.

Қалаларда өндіріс пен қатынас кәсіпорындары бар, ауылмен салыстырғанда мәдениет, денсаулық, сауда, коммуналдық тұрмыстық қажеттерді өтеу жақсы долға қойылған.

Қала тұрғындары бос ауқытын қызғылықты өткізуге, оқып үйренуге, қалаған мамандық алуға, мәдениет мұраларымен танысуға мүмкіншіліктері мол. Сондықтан да қалада тұрғысы келетіндер қатары көбейіп, ауылдан қалаға көшушілер саны жыл сайын артып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік Урбанизация процесінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындары көп салынған, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны өсті.

Қоршаған ортаға ауырпалық көбейеді дегенде қаладағы көліктердің әсіресе автомашиналар, тракторлар, құрылыыта және жол салуға қажет техникалар, ауаны түтін және газбен уландыратынын, сол уланған газбен адамдардың дем алатынын, олардың денсаулығына зиян келтіретінін айтамыз.

Сондықтанда қала тұрғындары ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқатанатынын айтсақ та жеткілікті.

Қаладағы табиғи ортаның таза, адамдарға зиянсыз болуы ертеден бері ғалымдарды басшы орындарды ойландырып, жүрген мәселе. Сәулеттік –құрылыстық экологияның бұл жөнінде әзірлеген ұсыныстары бар.

Қоршаған ортаға адамдардың зиянды ықпалын айтудың жолдарының бірі әр мемлекет өз территориясында халықты орналастыру мәселесін дұрыс шешуіне байланысты. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, басқа да шаруашылық салаларының болашақта өсу қарқының ескере отырып, қалалар мен елді мекендердің орналасатын орындарын алдын ала белгілеу керек.

Әрбір қаланың келешекте өркендеуін ескерген бас жоспар жасалады.

Жан- жақты сауаты бар, көзі ашық, өз мамандығының жете білетін маман табиғи ортаны бүлдірмейді, өзінің өмір сүретін жеріне қастандық жасауы мүмкін емес.

Елдің байлығы мен қуаты осы еңбекке жарайтын күштің мөлшеріне байланысты. Халыққа білім беру жұмысын жолға қойып, жоғары дәрежеде жүргізу, кадрлардың іскерлік қабілеті мен мамандығын ұдайы арттырып отыру жаңа инженерлік мамандығын игеріп, елдің экономикасы мен мәдениетін өркендету арқылы дүние жүзі қоғамдастығына құрметті орын алуға болады. Тиіп- қашып, шала –шарпы оқып үлкен маман болу мүмкін емес. Еңбекке жарамды адамдар көп болып, олардың білімі мен мамандығы жоғары, денсаулығы мықты болса еңбек өнімді, қоғам бай.

"Қоршаған ортаның ластануы" ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластанудеп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;

2) қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы, химиялық заттар).

Экологиялық тұрғыдан ластану обьектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылатындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи орта бір заттардың тым көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде экологиялық факторлар болып табылады. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қаңдай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талантарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың өнімділігі де кемиді.

Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат ластаушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер (ннгридиенттер)деп атайды, Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылауы, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң, т.б.), антропогендіде (қоғамның іс-әрекетгілігнің нәтижесінде) текті бола алады.

Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. Өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулалармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлеріпің жіктелуі (классификациясы).Шыққан тегі бойынша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;

- адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:

1) биологиялық ластану— экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай-ақ бактерологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;

2) физикалық(радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);

3) химиялық(биосфераның химиялық заттармен ластануы).

Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға - биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластануға қоршаған ортадағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамдарға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).

Кеңістіктік түрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атфосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 85 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)