Читайте также: |
|
Жоспар:
1. Темперамент туралы ілімнің дамуы.
2. Темперамент типтерінің сипаты және өзгеруі, адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі, оларды тәрбиелеу.
3. Иррадиация, концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары.
4. Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.
5. Ұлттық мінез. Мінездің физиологиялық негізі.
6. Қабілет туралы жалпы ұғым.
7. Педагогтық қабілет және оның құрылымы.
8. Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.
Негізгі ұғымдар: темперамент, рефлекс, динамикалық стереотип, иррадиация, концентрация, индукция, мінез, мінез қасиеттері, генотип, фенотип, қабілет, іс-әрекет, нышан, дарындылық, қызығушылық, талант.
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері бар. Оның бірі - бір түп ағаштағы 200000 –ға жуық жапырақтың бедері бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі - темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі - дүние жүзіндегі 6 милрд. Адамның әрқайсысының саусақ бедері бір – біріне ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл –ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамның эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек, т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д.460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы – сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтықтың араласуын грекше «красие» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Ал темпераментке байланысты қасиеттер мынадай үш түрлі дәрежеден құралады.
Біріншіден, адамның қиыншылыққа төзімді, не төзімсіз келуі,осыған орай, адамдар күшті делінетін төзімді типтерге және әлсіз деп аталатын төзімсіз типтерге бөлінеді.
Екіншіден, қызбалығы мен тежелгіштігі тең, не теңсіз болу дәрежесіне байланысты. Егер адам төзімсіз, тез болдырғыш келсе, онда мұндай типті меланхолик деп атаймыз. Ал қалған төзімділерді тең не теңсіз дәрежесімен ажыратады. Егер теңсіз типтердің қозуы тежелуінен неғұрлым басым болса, онда бұл типті холерик темпераментіне яғни қызбалы, ақкөңіл типіне жатқызады. Ал теңсіз дәрежедегілердің қозуынан тежелуі басым келсе, онда бұл-тежелгіш, яғни бүкпелі типке жатады.
Ал тепе- тең дәрежедігілерді алатын болсақ, бұл типтің қызбалығы мен сабырлығы (тежелгіштігі) өзара тең болғандықтан, ондай адамдар шапшаңдық белгісі мен(ширақ не баяу белгісімен) ажыратылады. Егер төзімділер ұрпағы ұстамды бола тұрып, іс-әрекетінде ширақ,шапшаң келсе, онда мұндай адамдарды сангвиник темпераменттілері деп атайды. Ал осындай типтегілердің іс-әрекеті мен қимыл қозғалысы баяу болып келсе,оларды флегматик темпераменттілер деп атайды.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда адамдар мінез ерешеліктеріне қарай ажыратылады. «Мінез» деген сөз гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатысын білдіреді.
Мінез ерекшеліктері - адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері.Адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі мінез ерекшелігіне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофрас (4-3ғ). Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Темперамент адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл – ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас – тартыс туғызып келді.
Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:
- мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкешілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т.б.
- ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
- өзіне - өзінің қатынасы: өркөкректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік;
- заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр – салақтық, заттарды ұстап – тұтуы мен ұқыпсыздығы.
Мінез құрылымының қасиеттеріне жататын ерекшеліктер:
- мінез тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
- адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет- мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
- мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып,дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез – құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді.
Қабілет депәрадамның белгілі бір іс -әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған, тәлім - тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Психологияда қабілетті адамның тиісті істі меңгеруге тағайындалған мүмкіншілігі деп сипаттайды. Мүмкіншілік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір іске даярлығы.Мүмкіншілік пен іске даярлықтың түпкі сыры мен ішкі мәні осы күнге дейін тексерілмеген мәселенің бірі. әдетте, қабілеттілік ұрпақтан берілген туа пайда болатын нышанмен байланыстырылады. Бұл ретте нышан деген ұғымның орыс тіліндегі түсінігі задатки. Ал нышан мен қабілет бір емес.Нышан –адам бойындағы биологиялық (физиологиялық) фактор болып саналса, ал қабілет сол нышанның дамып жетілуі нәтижесі. Олай болса, нышан-дақылдың дәні, ал қабілет сол дәннің өніп шығуы. Дәннің өсуі үшін қолайлы жағдай керек.
Нышан-деп әрбір адамның іштей туа берілетін анатомиялық және физиологиялық қасиеттерін айтады.
Әрбір адамның өэіне тән даралық қабілеттері де болады. Мысалы, адамда ыждағаттылық пен сабырлылық, баяулық пен әбжілдік, жайдарылық пен ашуланшақтық, сеэгіштік пен аңқаулық, өэгелердің сезіне сыншылдық пен нанғыштыққа байланысты қабілеттер де болады. Сондай-ақ, белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы қабілеттіліктер де бар. Мысалы, есеп шығаруға қабілеттілік мынадай бөлшектерден құралады: ойдың ширатылып, бұрыңғы әрекеттерге ауысып отыру икемділігі, ойдың ширатылып, немесе қажет болған кеэінде бұрыңғы пікірден қайтқыштығы т.б. Ал, адамның күрделі істерді меңгеруі мен оларды шеше білу қабілеттілігі "құмалақтар тәрізді" ұсақ қабілеттіліктерден құралады.
Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойы өскен сайын (мысалы, іске дарындылық), оның нышаңдары мен ұсақ қабілеттіліктері күрделі қабілеттіліктің (дарыңдылықтың) құрамына енеді. Дегенмен, әртүрлі дәрежедегі нышаңдардың көпшілігі күрделі бір қабілеттіліктің өсіп-өркеңдеуі үшін тұқым функциясын атқарады деуге болады. Мысалы, күрделі деп саналатын қабілеттіліктер нышандардың жаңа комбинациясынан тұрады деу - сол нышаңдар санының адам бойыңда онша көп бола бермейді деген пікірге жетелеп әкеледі. Егер, біздер бірнеше қабілет саласына арналған нышаңдар саны "41 құмалақ" саныңдай дейтін болсақ, онда мұндай нышаңдардың өзара комбинациясының саны миллиардқа жетеді екен. Осы ретте біздер "41 құмалақ" санынан шығатын комбинацияларды есептеп көргеңде, олардың саны 2 х 88 санынан да асып түсті.
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз.
Қызығушылық адамда обьектіні жан – жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал, бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл адамның ақыл – ойы мен іс - әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде өрістеуінің негізгі факторы - еңбек.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 451 | Нарушение авторских прав