Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гипертониялық криздің белгілері

Читайте также:
  1. Кімшілік жауаптылықтың ұғымы және белгілері
  2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
  3. Ық ұғымы мен белгілері
  4. Ылмыстың ұғымы,белгілері және қылмыстарды топтастыру

Кіріспе

 

Артериялық гипертония — жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы, ол артериялық қысымның (АҚ) 140\90 мм сынап бағанасы бойынша жоғарылауымен білінеді. Артериялық гипертонияның даму себептері — тұқым қуалаушылық, артық дене салмағы, аз қозғалысты өмір тірлігі, алкогольді шамадан тыс қолдану, тұзды және майлы тағамды көп мөлшерде қолдану.

Пациентте гипертония бар-жоғын анықтау үшін АҚ тұрақты өлшеу қажет.

Артериалды қысым деңгейі сыныптамасына сәйкес (ДДҰ 2003ж.) артериалды гипертонияның үш деңгейі бар:

І гипертонияның деңгейі – АҚ 140-159 систоликалық, 90-99 диастоликалық;

ІІ гипертония деңгейі – АҚ160-179 систоликалық, 100-109 диастоликалық;

ІІІ гипертония деңгейі –АҚ 180 систоликалық, 110 диастоликалық;

Артериалды қысымның деңгейі 140/90 мм.рт.ст. және одан жоғары болуы ересектер үшін жоғары деп есептелетіндігін есте ұстаған жөн. Қалыпты деңгей АҚ‹140/90 мм.рт.ст. АҚ қалыпты деңгейі жасына байланысты болады. Артериалды гипертонияның дамуы мен өршуіне әсер ететін қатер факторлары бар.

 

 

Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) - негізгі және жетекші белгісі ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз артериалды қан қысымының көтерілуі біріншілік болатын, адам организмінің патологиялық жағдайы. Жалпы артериалды гипертензия көптеген сырқаттардың клиникалық белгісі болуы мүмкін. Оны негізгі 2 түрге бөледі: 1). гипертониялық ауру; 2). қан қысымының өзгеруіне қатысы бар кейбір ағзалардың зақымдалуы салдарынан болатын симптоматикалық гипертензия. Артериялық қан қысымының (АҚ) көтерілуін анықтау үшін, ең алдымен қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін білу қажет, Адамның қан қысымының деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді, мысалы: жасы, жынысы, ауа-райы, әлеуметтік жағдай сияқты. Сонымен қоса АК, әр қолда әртүрлі немесе төулік барысында өзгеріп отыруы мүмкін. АҚ мөлшері, сол сияқгы, адамның көңіл күйі-не, қоршаған ортаның температурасына да байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970ж.) ересек тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады: АҚ - 100/60 мм.сын.бағ,-нан 140/90 мм.б.с. дейін қалыпты, 140/90 мм.с.б.-нан 159/94 мм.с.б. дейін шекаралық гипертензия, және 160/95 мм.с.б.-нан жоғары-артериалды типертензия.
Практикада АҚ-ның 140/90 мм.с.б. және одан жоғары көтерілуі (әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдарда) артериалық гипертензия деп санауға болады.
Артериялық гипертензия жасы ұлғайған адамдар арасында кеңінен таралуда және орта есеппен алғанда 50 жастан асқандар арасында 10%, 60- тан 20%, 70 жастан асқандарда 30%- ін құрайды. Оның ішінде егде жастағылар арасындағы АГ-ң ең жиі кездесетін түрі жекеленген систолалық гипертензия болып отыр.

АҚШ кардиологтарының біріккен ұлттық комитеті АҚ-ң 18 және одан жоғары жастағыларға арналған классификациясында АГ-ны 5 кезеңге бөліп қарастырған (1-кесте). Бірақ бұл классификацияға антигипертензивті препараттар қабылдағандар мен аз уақыт ауырғандардың АҚ деңгейлері кірмейді. Сол сияқты АҚ өлшемдерінің 2 немесе одан да көп өлшемдерінің орташа деңгейі және жалпы клиникалық жағдайы мен қауіп факторлары бар.

 

Қауіп катер факторлары:

 

} Алкоголизм

} Никотин

} Кофені аса көп пайдалану

} Гормондық ақаулықтар

} Гипертензиялық дәрі-дәрмекті пайдаланбау

 

 

Пайда болу себептері:

v Психоэмоционалдық күйзелістер

v Теріс эмоциялар

v Жұмыстағы және уйдегі келеңсіз

жағдайлар

v Ұйқының бұзылуы

v Ауа-райының өзгергіштігі(күзде, көктемде)

 

 

Гипертониялық криздің белгілері

(Дифференциалды диагностика):

-Бірнеше минутта дамиды

-Артериялық қысымның жоғарылығы

-Қатты кеуде ауырсынулары

-Жүрек соғуы

-Бас ауруы,бастың айналуы

-Көздің нашарлауы

-Тершеңдік, дірілдеп, қалшылдау

-Ауаның тарылуы

-Ақыл-естің жоғалуы

-Лоқсұқ және құсық

-Қорқыныш сезімі, алаңдаушылық

 

 

Клиникалық формалары:

Нервті-вегетативті криз формасында науқас шошыған, қатты қозған, қорқыныш сезімі ұялаған.Пулсі жиілеп, қолы дірілдеп, аузы кеуіп кеткен.

Ісінген формада науқас аз қозғалып, ұйқысы келіп, көзі ісіңкіреп кетеді.

Судорожная форма (дірілдеу формасы) – ең ауыр түрі.Есінен тану және дірілдік белгілерімен сипатталады.

 

Гипертониялық криз жағдайындағы алғашқы көмек:

1. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету

2.Науқастың басын көтеріп жатқызу

3. Артериялық қысымын өлшеу

4. Толық физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету

5. Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындау.

 

Дәрі-дәрмектер тізбегі:

 

1. Нитропруссид натрия

2. Нитроглицерин

3. Лабеталол

4. Диазоксид

5. Фуросемид

6. Эсмолол

 

Нитропруссид натрия (Гипотензивті дәрі-дәрмек)— тікелей әсер ететін артериалды және венозды вазодилататор, гипертониялық криздің барлық кезеңдерінде қолданылады.Препаратты тамырға 50 мг в 250 мл 5% глюкоза ерітіндісімен. Ганглиоблокатор сияқты үйренгіштік қасиеті жоқ;

Нитроглицерин (гр. Антиангиналды дәрі-дәрмек)-нитроглицеринді қолданған кезде Натрий нитропруссиды түрлі тыйм салынулар бар.Мысалы жүректің ауыр ишемиялық формаларында немесе бауыр/бүйрек жеткіліксіздіктері кезінде.Енгізудің алғашқы жылдамдығы минутына 5-10 мкг/кгқұрайды.

Эсмолол — b1-адреноблокатор.

Бастапқы дозасы 500 мг/кг 1минут ішінде тамырішілік, кейін минутына 50-300 мкг/кг.Сонымен қатар эсмололды қабаттасқан аорта аневризмасы болған кезде пайдаланады.

 

Созылмалы криз жағдайында мынадай органдарға зақым келуі мүмкін:

Ø Жүрек (миокард инфаркты,сол жақ қарыншаның аса жетіспеушілігі,тұрақсыз стенокардия,аритмиялар)

Ø Тамырлар (аортаның қабаттанған аневризмасы,қан кетулер)

Ø Ми (инсульт, транзиторная ишемическая атака, аса ауыр гипертензивті энцефалопатия)

Ø Бүйрек (аса ауыр бүйрек жетіспеушілігі).

Профилактикасы:

 

ü ас тұзынан бас тарту;

ü темекі тартпау;

ü алкоголь мөлшерін азайту;

ü Көкөніс, өрік, грейпфрут, балық,теңіз тағамдары, ірімшік,құстың ақ етін көп мөлшерде пайдалану қажет.Ал майлы тағамдардан бас тарту.

ü Күнделікті 1сағаттан аса жаяу жүру;

ü Күйзелістік жағдайлардан жұмыста және үйде сақтану

 

Орытынды

 

Гипертониялық криз дегеніміз — артериялық қысымның қалыпты өлшемдеріне қарағанда шамадан тыс жоғарылауы, соның салдарынан ми немесе коронарлы қан айналымының жедел бұзылыстарының дамуы.

Тұрақты гипотензивті емді тоқтату, психоэмоционалды және физикалық күш түсіру, тұз және сұйықтықты көп мөлшерде қолдану, атмосфералық қан қысымындағы өзгерістер (метеотәуелді адамдарға) криздің дамуына әкеледі.

Оның белгілері: бастың ауруы, лоқсу, жүрек тұсындағы ауру сезімнің пайда болуы, бастың айналуы, көздің бұлдырауы, тіл, ерін, бет және қол терісінің жансыздануы, көз алдында бір заттың екеу болып қосарлана көрінуі, аяқтары әлсіреп, тік тұра алмау.

Мынаны есте сақтаған жөн: ауырған адамға дереу медициналық көмек көрсетілмесе, гипертониялық криздің соңы миокард инфарктына немесе инсультке ұласуы мүмкін.

Артериялық қысым жоғарылағанда жедел көмек көрсету дәрігерін шақыру керек. Кеуде тұсы ауырып, мазасызданған кезіңізде де нитроглицеринді тіліңіздің астына салыңыз. Әрі қарай қалай емдеу керектігін жедел жәрдем дәрігері шешеді.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 892 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)