Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  5. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  6. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Негізгі ұғымдар: Азамат, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесі, азаматтық, әкімшілік жауаптылық

1. Азаматтың әкімшілік құқық мәртебесі – азаматтық әкімшілік құқық нормаларымен бекітліген субъективтік құқықтарының, заңдық міндеттерінің, жауаптылықтарының кешені.

Азаматтық әкімшілік құқық мәртебесі төмендегідей сипатталады:

1) Жалпы құқықтық субъективтілік (құқықтар мен міндеттері иелену мүмкіндігі мен оларды дербес жүзеге асыру мүмкіндігі)

2) Салалық құқықтық субъективтілік (басқару саласында әкімшілік құқық қатынасының қатысушысы болуы)

3) Арнайы құқықтық субъективтілік (белгілі құқықт ық қатынастарда арнайы құқықтық нормалармен қамтамасыз етілген, қорғалған тұлға болуы).

Азаматтың әкімшілік құқық мәртебесі өте күрделі кешендік сипатқа ие және атқарушы билік саласында көптеген құқықтар мен міндеттерді қамтиды.

Азаматтық әкімшілік құқық мәртебесі мынадай элементтерді құрайды:

1) әкімшілік құқық қабілеттілігін иелену

2) мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттері

3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік құқықтық кепілдіктері.

 

2. Шетел азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің мазмұны.

1) Қазақстан заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтар республикада азаматтар үшін белігелнген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, міндеттерді атқарады.

2)ҚР-ның азаматтарымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылыққа жатады.

3)ҚР-ның аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық туралы мәселе, егер бұл азаматтар қолданылып жүрген заңдар мен халықаралық шарттар бойынша ҚР-ның әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын болса, дипломатиялық жолмен шешіледі.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар танылады.

Азаматтығы жоқ адамдар болып ҚР азаматтары емес басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар танылады.

Шетел азаматтары ҚР-ның аумағында болу мерзімі бойынша екіге бөлінеді:

1) Тұрақты тұратындар – ішкі істер органдары берген рұқсаты мен қоныстану ықтиярхаты барлар.

2) Уақытша болатындар-өзге заңдық негіздерде тұратындар.

Шетел азаматтарды іжәне азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік құқық мәртебесінің ерекшеліктері:

1) Мемлекеттік қызметші бола алмайды, ҚР-ның азаматтығы керек болуға байланысты мемлекеттік билік органдарында лауазымға орналаса алмайды.

2) Мемлекеттік құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді

3) Әскери міндет қолданылмайды

4) Сайлау құқығы жоқ

5) Референдумға қатысу құқығы жоқ

6) ҚР-ның аумағына рұқсаттары болғанда келе алады.

7) Арнайы құжаттың негізінде тұрады және өзінің қызметін жүзеге асырады

8) Жүріп-тұруға және тұратын жерін таңдап алуға шекетулер белгілейді

9) Шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша еркін басқа жерге ауыса алады, егер бұль жөнінде ішкі істер органына хабарланған болса

10) Заңнамада белгіленген жағдайлар бар болғанда Қазақстаннан кетуге рұқсат етілмеуі мүмкін.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)