Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Соғыс жағдай режимінің мәні және мазмұны

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  3. А. кеңістік пен ауқыттың өрісіндегі жағдайы
  4. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  5. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.

Негізгі ұғымдар: құқықтық режим, әкімшілік құқықтық режим, бостандығынан шектеу

1. Құқықтық режим деп заңды нормалармен бекітілген адамдардың белгілі бір қызметін реттейтін жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы. Құқықтық режим ұғымы құқықтық мәртебе ұғымына жақын келеді. Құқықтық мәртебе субъектіге белгілі бір құқықтар мен міндеттер береді және басқа бір тұлғалармен байланыстырады. Ал құқықтық режим белгілі бір қызметті сипаттайды және оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін байланыстырады.

Құқықтық режим дегеніміз құқықтық нормалармен бекітілетін, заңи-ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығын қамтамасыз ететін белгілі бір қызметтің қоғамдық қатынастар кешені.

Құқықтық режимдерді ж алпы және қ осымша деп бөліп қарастырады. Жалпыға құқық салаларының режимдері жатады, олар өзінің мазмұны бойынша оқшауланған сипатта реттеуді кажет ететін қоғамдық қатынастардың айрықша түрін қамтиды. Осыған сәйкес құқық салаларына құқықық реттеудің арнаулы құқықтық режимін қамтамасыз ету тән. Жалпы режимдердің ерекше реттеушілік бағыттылығы сол құқық саласы реттейтін қоғамдық қатынастарда қосымша режимдердің қалыптасуына негіз болып табылады. Қосымша режимдер жалпы режимдердің үлгісі сипатына ие, олар бір-бірінен азаматтар мен ұйымдардың қосымша тыйымдар мен міндеттерден көрініс тапқан конституциялық мәртебесін өзгерту деңгейімен ғана ажыратылады.

Қосымша әкімшілік құқықтық режимдер екі үлкен топқа бөлінеді: әдеттегі және төтенше.

Әдеттегі режимдерге тұрақтылық тән, бұл кезде басқару органдарында белгілі бір төтенше өкілеттіктер болмайды, азаматтар мен ұйымдар өздерінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруда үлкен дербестікті иеленеді. Олар әртүрлі негіздер бойынша ажыратылады: аумақтық (қорықтар және т.б.), жекелеген объектілер бойынша (қару-жарақ, есірткі және т.б.), қызмет түрі бойынша (төтенше жағдайларды жою, жүйелік және т.б.).

 

2. Төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР конститутциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне,азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, сондайақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.Бұл режим азаматтардың қауіпсіздігі мен конститутциялық құрылымды қамтамасыз ету үшін ғана ерекше жағдайда жарияланады.. Төтенше режимдердің үш түрі болады: төтенше, әскери және ерекше жағдайдағы.

Төтенше режимдер – бұл халықтың өмір тіршілігінің арнайы құқықтық режимі. Ол төтенше жағдай болған аумақтағы мемлекеттік органдардың қызметін және шаруашалық қызметті реттеуге бағытталған.

Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты – жағдайды енгізуге себеп болған мән-жайларды жою, тұлға мен азаматтың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ҚР конститутциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Төтенше жағдайдың құқықтық негізін ҚР конституциясының 44-бабының 16-тармағы және «Төтенше жағдай туралы» ҚР 2003 жылғы 8 ақпандағы №387 Заңы және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері төтенше жағдайды енгізудің құқықтық негізі болып табылады.

Төтенше жағдай құқықтық режимінің мазмұны екі элементтен тұрады:

1) азаматтардың ұйымдардың құқықтарын уақытша шектеу;

2) мемлекеттік билік жүйесін әкімшілік органдарды құру, құзыреттерді қайта бөлу, қосымша ережелерді енгізу жолы арқылы өзгерту.

Төтенше жағдай енгізудің негізі болып мыналар табылады:

1) шекаралас мемлекеттер аумағынан Мемлекеттік шекара рақылы жаппай өту; ҚР конститутциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу;лаңкестік актілер;ҚР Конститутциясын бұза отырып, билікті күштеп басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттер;қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық іс-әрекеттер; ҚР аумақтық тұтастығын бұзу;жаппай тәртіпсіздіктер,ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистік топтардың жекелеген жерлерді, аса маңызды нысандарды қоршап алуы немесе басып алуы;заңсыз әскери құрамдар құру және олардың қызметі.

2) Дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел,қар көшкіні,су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер,эпидемиялар мен індеттер, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсіптік,көліктік және басқа да авариялар өрттер,күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық қауіпті заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупі бар)авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы,су бөгеттерінің бұзылуы, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қажетті құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасауды талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.

ҚР бүкіл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлеріндегі төтенше жағдайды ҚР Премьер-Министрімен және Парламент палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейін ҚР Президенті тиісті Жарлығымен енгізеді, бұл туралы ҚР Парламентіне дереу хабарланады.

ҚР бүкіл аумағында енгізілетін төтенше жағдайдың күшінде болу мерзімі – 30 тәуліктен, ал оның жекелеген жерлерінде 60 тәуліктен аспауға тиіс.

Төтенше жағдай енгізілген мерзім өткеннен кейін төтенше жағдай тоқтатылады деп есептеледі.

Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда ҚР Президенті тиісті акт шығару арқылы белгіленген мерзімдер шегінде оның қолданысын ұзартуға құқылы.

ҚР Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығы ҚР Президенті белгілеген мерзімде қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президентінің Төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығында:

1)төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар;

2)төтенше жағдайды енгізу қажеттігінің негіздемесі;

3)төтенше жағдай енгізілетін жерлердің шекарасы;

4)төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдар;

5)енгізілетін шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердің, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетін міндеттердің тізбесі;

6)төтенше жағдайды енгізу кезеңінде құрылатын мемлекеттік басқарудың арнайы органдары және олардың өкілеттігі;

7)төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар(лауазымды тұлғалар);

8)төтенше жағдайды енгізу уақыты және оның қолданылу мерзімі қамтылады.

 

3. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық нысандарын төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Сондықтан қолданыстағы заңнама мен әкімшілік тәжірибе қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекетнемесе әрекетсіздік және өнеркәсіп, көлік авариялары және де басқа авариялар,өрт, күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар авария), уйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуыв, тіршілікті қамтамасыз ететін электрэнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, таарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар туындағанда ерекше құқықтық режим енгізу мүмкіндігін қарастырған, ол ерекше жағдай деп аталады.

Ерекше жағдай да төтенше жағдай сияқты экстремалдық жағдайларға жатады. Мұнда да өзінің көлемі мен қатаңдығына қарай әртүрлі айрықша шаралар қолдануды қажет ететін құқықтық режимдер енгізіледі.

Ерекше жағдай төтенше жағдайдан мынадай үш сипатымен айырықшаланады:

- құқықтық режим енгізудің әртүрлі нақтылық және заңи негіздерімен. Ерекше жағдай енгізу жағдайлары халыққа тікелей қауіп төнуімен не зардаптың ауырлығымен анықталады. Мысалы, егер белгілі бір жұқпалы ауыру анықталып, оған қатысты Президент төтенше жағдай жарияласа, Үкімет немесе әкімдер ерекше жағдай енгізуі мүмкін;

- ерекше режим жағдайы азаматтар мен ұйымдардың құқықтарының аз болуымен және оларды шектеудің қатаңдығымен ерекшеленеді;

- мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдардың қызметінің аздап өзгеруімен ерекшеленеді.

 

4. Соғыс жағдайы дегеніміз – ҚР қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және ҚР Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құқықтық режим.

Бұл режим « Соғыс жағдайы » туралы ҚР 2003 ж 5 наурыздағы №391 заңымен реттелінеді және ҚР азаматтарының, ҚР аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нымандарына қарамастан ұйымдардың соғыс жағдайы кезеіңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді.

С оғыс жағдайын енгізудің мақсаты болып ҚР қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшін жағдайлар жасау табылады.

Халықаралық құқықтың жалпы мақұлданған ұстанымдары мен нормаларына сәйкес агрессия дегеніміз - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған БҰҰ Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын асауы.

Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей төнген қатер Қазақстан Республиксының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайын енгізу үшін негіз болып табылады.

Соғыс жағдайы ҚР бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде ҚР Президентінің жарлығымен енгізіледі.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 432 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)