Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мекеменің әкімшілік-құқықтық мәртебесі.

Читайте также:
  1. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  2. Мемлекеттік қызметті өткерудің әкімшілік-құқықтық реттелуі
  3. ОСӨЖ. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі.
  4. Тақырып: Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық мәртебесі.
  5. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Негізгі ұғымдар: ұйым, мекеме, кәсіпорын

1. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат-міндеті мен әкімшілік

құқықтық мәртебесі жөнінен әр түрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет етеді.

Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде

шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әртүрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңға дейін) қызметкерлер ұжымы.

Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке-дара басшы (директор, бас директор) және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке-дара және ұжымдық (директорлар кеңесі, басқарма, дирекция) немесе басқа тағайындалатын орган, не қызметкерле ұжымының ұйымды басқару жөнінде уәкілеттік берген органы болуы керек.Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымының ішінде жүзеге асырады. Бұлар еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, еңбек және мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер.

Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін құқық нормалары әртүрлі заңдарды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерде қаралған.

Ұйымдардың әрқайсысының әкімшілік-құқықтық мәртебесін жекелеп дұрыс және жан-жақты сипаттау үшін оларды топтастырудың үлкен маңызы бар. Бұл олардың қызметінің мақсаттары, ұйымдық-құқықтық нысандарыөздеріне жататын мүлікке билік ету өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты бойынша, сондай-ақ бағыныштылығы немесе ведомстволық қарастылығы бойынша жүргізіледі.

Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бйынша: коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Қызметінің түрі бойынша кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері ажыратылады.

Меншік түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

 

2. Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект.

Кәсіпорындарды мемлекеттік органдар, құрылтайшылар, мүлікті меншіктенушілер не оған мүлік меншік иелерінің уәкілеттік берген органдары құра алады.

Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарған өніміне тапқан пайданың, салықтар менөзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін, қалғанына билік етеді.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі.

Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады, оны кәсіпорынның құрылтайшысы бекітеді. Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде республика министрліктері, агенттіктері, ведомствалары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекетік органдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мемлекеттік роганның қарауына: мемлекеттік кәсіпорынды құру; олардың қызметінің мақсат-міндеттерін, оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту; кәсіпорындарды басқару; олардың басшыларын конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату; белгіленген жағдайда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу; мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне арай айқындалатын мынандай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу:

1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету

және мүддесін қорғау;

2) экономиканың жеке меншік секторы қамтылмағаннемесе жеткіліксіз

қамтылған қоғамдық өндірістің салаларында бірінші қажетттіліктегі тауарларды өндіру (жұмыс атқару, қызмет көрсету)

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы

блып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.

Мүліктің құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді. 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ҚР АК 102-бап, 1-т. 2) жедел басқару құқығына негізделген қазыналық кәсіпорын ҚР АК 104-бап

Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның тиісті түрі үшін заңмен қаралған мағлұматтар болуы тиіс.

Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады.

Мемлекет мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілігін құруға қатыспайды. Мемлекеттің бұл кәсіпорындар жөніндегі рөлі барлық кәсіпорындарға олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жалпы бірдей болатын әкімшілік-құқықтық тәртіп белгілеу және сол белгіленген тәртіптің сақтауына бақалау жасау болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындарды басқарудың тәртібі заңнамалармен және кәсіпорыннның жарғысымен айқындалады.

 

3. Мекеме дегеніміз басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым.

Мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің,облыстар (республикалық маңызы бар қалалар) астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек қана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме.

Басқару функцияларын жүзеге асыратын мекемелерге заң шығарушы, ст органдарының, прокуратураның аппараттары жатады.

Әлеуметтік-мәдени функцияларын білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелер атқарады.

Мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындарға сияқты, айтарлықтай дербестік берілген, олардың күнделікті қызметін атқарушы биліктің тиісті органдары үйлестіріп, бақылап отырады.

Мекеменің құқықтық жағдайы басқарудың жекелеген салалары мен аяларындағы қатынастарды реттейтін бірнеше құқықтық актілермен белгіленген.

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 434 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)