Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.

Читайте также:
  1. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  2. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  3. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).
  4. Есту қызметтерін бағалау критерилері
  5. Жалпы ережелер.Әскери қызмет өткеру тәртібі
  6. З) Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.

Лицензия – бұл уәкілетті мемлекеттік орган беретін азамат не заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беретін шешім. Лицензиядан айыру уақытша не тұрақты, қосымша не негізгі жаза болуы мүмкін. «Лицензиялау туралы» ҚР Президенті жарлығына сәйкес, 17.04.1995 жыл сот тәртібімен алынуы мүмкін: - егер лицензият лицензияда көрсетілген талаптарды орындамаса немесе сот ондай қызметпен айналысуға тиым салса. 6 айға дейінгі мерзімге лицензия мерзімін тоқтата тұруы мүмкін, себебі көрсетілуі тиіс. Ол кемшіліктер жойылған соң лицензияның күші қайта енеді.

Әкімшілік жазаны тағайындау тәртібі Кодексте, нормативтік актілерде көзделген. Әкімшілік жазаны төмендегідей жағдайларда өз өкілеттігі шеңберінде тиісті орган немесе лауазымды тұлға тағайындайды: -егер кінәлінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар болса. -егер бұл құрам ӘҚБК-ң тиісті нормасымен бекітілген болса.-егер бұл баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген болса. -жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке тұлғасы, кінә деңгейі, мүліктік жағдайы, сонымен қатар жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар: -кінәлінің шын өкінуі. -кінәлінің құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарынжоюы, зиянның орнын толтыруы -жан күйзелісі жағдайында жасалуы. -кәмілетке толмаған адамның құқық бұзушылық жасауы. -жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі жас баласы бар әйелдің құқық бұзушылық жасауы.

Істі қарайтын орган немесе лауазымды тұлға бұдан басқа да мән-жайларды жеңілдететін мән-жай есебінде қарастыруы мүмкін.

Әкімшілік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар: -уәкілетті органның талаптарына қарамастан құқыққа қайшы іс-әрекетін жалғастырса.-бұрын құқық бұзушылық жасаған тұлғаның қайталап құқық бұзушылық жасауы.-құқық бұзушылыққа жасөспірімді итермелеу. -адамдар тобының жасауы.-табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайда құқық бұзушылық жасалуы. -мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасауы.

Басқарудың құқықтық актілері – атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың белгіленген тәртіппен шығаратын, мемлекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты басқару ісін шешетінзаңға тәуелді заңды актісі.

Басқарудың құқықтық актілерінің ерекшелік белгілері:

- олар заң аясында қабылданады;- заңдық актінің бір түрі боп табылады;- ресми тағайындалған құжаттарда (мысалы: қаулы, бұйрық, жарлық) көрініс табады;- әкімшілік құқық субъектілері үшін міндетті мінез-құлық ережелерін бекітеді;- әкімшілік құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне, не тоқтатылуына әкеп соғады;- лауазымды тұлғаның не органның заңдық – биліктік ерік білдіруімен ұштасады;

Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері. Басқарудың құқықтық актілерін әртүрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: заңдық қасиеттері бойынша, әрекетр ету мерзімі бойынша, әрекет ететін аумағы бойынша, құзіретінің сипаты бойынша, аттары бойынша, көрініс сипаты бойынша, күрделілік деңгейі бойынша, қабылдау тәртібі бойынша.Басқарудың құқықтық актілерін құзіретінің сипаты бойынша мынадай 3 түрге бөлуге болады:1) жалпы актілер;2) салалық актілер;3) салааралық актілер;

Жалпы құқықтық актілер ҚР-ның Конституциясына және басқа да заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билік субъектілері мен атқарушылардың мінез-құлық ережелерін бекітеді. Жалпы актілердің ішіндегі неғұрлым маңыздысы – ҚР Президентінің актілер. ҚР Президентінің актілері негізінде Үкіметтің және атқарушы биліктің өзге де органдарының қызметінің тәртібі және құқықтық негізі құрылады, яғни олар құрылтайшылық сипатта болады. Аттары бойынша бұл актілер: жарлықтар, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, нұсқаулықтар, шешімдер, ережелер болып бөлінеді.

Құқықтық актілерді дайындау, талқылау және ұсыну тәртібі. Құқықтық актілер 2 жағдайда дайындалып, талқыланып, қабылданады:1) оның қабылдануы жоғарғы нормативтік құқықтық актіде тікелей көрсетілген жағдайда;2) мұндай актіні қабылдау қажеттілігі туған жағдайда.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)