Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

З) Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.

Читайте также:
  1. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  2. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  3. Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.
  4. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).
  5. Есту қызметтерін бағалау критерилері
  6. Жалпы ережелер.Әскери қызмет өткеру тәртібі

Лицензия – бұл уәкілетті мемлекеттік орган беретін азамат не заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беретін шешім. Лицензиядан айыру уақытша не тұрақты, қосымша не негізгі жаза болуы мүмкін. «Лицензиялау туралы» ҚР Президенті жарлығына сәйкес, 17.04.1995 жыл сот тәртібімен алынуы мүмкін:

- егер лицензиат лицензияда көрсетілген талаптарды орындамаса немесе сот ондай қызметпен айналысуға тиым салса. 6 айға дейінгі мерзімге лицензия мерзімін тоқтата тұруы мүмкін, себебі көрсетілуі тиіс. Ол кемшіліктер жойылған соң лицензияның күші қайта енеді.

Әкімшілік жазаны тағайындау тәртібі Кодексте, нормативтік актілерде көзделген. Әкімшілік жазаны төмендегідей жағдайларда өз өкілеттігі шеңберінде тиісті орган немесе лауазымды тұлға тағайындайды:

-егер кінәлінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар болса.

-егер бұл құрам ӘҚБК-ң тиісті нормасымен бекітілген болса.

-егер бұл баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген болса.

-жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке тұлғасы, кінә деңгейі, мүліктік жағдайы, сонымен қатар жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып.

ӘҚБК-нің 61-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар:

-кінәлінің шын өкінуі.

-кінәлінің құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарынжоюы, зиянның орнын толтыруы

-жан күйзелісі жағдайында жасалуы.

-кәмілетке толмаған адамның құқық бұзушылық жасауы.

-жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі жас баласы бар әйелдің құқық бұзушылық жасауы.

Істі қарайтын орган немесе лауазымды тұлға бұдан басқа да мән-жайларды жеңілдететін мән-жай есебінде қарастыруы мүмкін.

Әкімшілік жауаптылықтыауырлататын мән-жайлардың тізімі Кодекстің 62-бабында көрсетілген:

-уәкілетті органның талаптарына қарамастан құқыққа қайшы іс-әрекетін жалғастырса.

-бұрын құқық бұзушылық жасаған тұлғаның қайталап құқық бұзушылық жасауы.

-құқық бұзушылыққа жасөспірімді итермелеу.

-адамдар тобының жасауы.

-табиғи апат немесе басқа да төтенше жағдайда құқық бұзушылық жасалуы.

-мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасауы.

Кодекстің 37-бабына сәйкес әкімшілік жаза кінәліге құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 айдан кешікпей, ал созылмалы құқық бұзушылықта, анықталғаннан кейін 2 айдан кешікпей тағайындалады.

Егер тиісті орган немесе лауазымды тұлға құқықтық іс-қозғаудан бас тартса немесе құқықтық істі тоқтатса, бірақ кінәлінің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері болса, онда 1 айдан кешікпей жаза тағайындалады. Егер әкімшілік жазаға тартылған адам, жаза қолдану туралы қаулыны орындау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ж. ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледі.

Әкімшілік теріс қылық кезде кінәлі жеке адамға, заңды тұлғаға немесе ұйымға залал келтіруі мүмкін. Сондықтан да судья, әкімшілік комиссия кінәліге жаза тағайындаған кезде келтірілген залалдың орнын толтыруға міндеттеуі де мүмкін. Мүліктік залалдың орнын толтыру туралы мәселені шешкенде судья қаулы шығарады және осы қаулы шығарылғаннан кейін 15 күн ішінде кінәлі оны орындауы тиіс. Егер уақтында орындалмаса онда азаматтық сот ісін жүргізу нормаларына сәйкес өндіріп алынады.

Әкімшілік заң кінәлінің бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылық қарастырады, яғни 1 тұлға 2 немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаса, онда тиісті орган немесе лауазымды тұлға заң негізінде оның әрбір құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза тағайындайды. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, ол істерді бір судья, бір орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайда – 30 тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауы тиіс.

Әкімшілік теріс қылықтың көптілігін қалай анықтауға болады?

1) Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірнеше жеке құрамдарының болуы.

2) Бірнеше жеке құрамдардың болуымен бірге олардың субъектісі – ортақ, яғни бір адам болу керек.

3) Әкімшілік теріс қылығының көптігі үшін жаза тағайындағанда кінәліні жауаптылыққа тартуға кедергі келтіретін мән-жайлар болмауы тиіс.

4) Субъектінің мінез-құлқының да маңызы бар.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)