Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: № 17 «Балалардың ауыз қуысындағы қайталамалы афталары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі,алдын-алу шаралары».

Читайте также:
  1. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  2. Жоғарғы жақ сынықтарының клиникалық ағымы, нақтамасы және емінің принциптері».
  3. клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
  4. Төменгі жақ сынықтарының клиникалық ағымының, нақтамасының, ем принциптерінің ерекшелігі».
  5. Тақырып № 19: «Балалардағы ерін аулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы».
  6. Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 1 страница
  7. Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 2 страница

1. Балалардың ауыз қуысында афтаның пайда болуының себебін көрсетіңіз:

481. Ауыз қуысының шырышты қабатын, ұртты тістейтін зиянды әдеттері;

2.+Ағзаның аутоинфекцияға сенсибилизациясы;

3. Пломбаның өткір қырлары, тісжегі қуысы, ортодонтиялық аппаратар;

4. ЛОР-ағзаларының, асқазан-ішек жолдарыныңжедел аурулары;

5. ағза реактивтілігінің ерекшеліктеріне әсер ететін тұқым қуалау факторлары.

 

482. Зақымдану элементтерінің қосылмауы, еріннің қызыл жиегінің және терінің зақымданбауы, гингивит, бөртпелер полиморфизимінің болмауы қай ауруға ТӘН:

1. Жедел герпестік стоматит;

2. Дәрілікстоматит;

3.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

4. Венсанның жаралы-өлеттенген стоматиті;

5. Қайталамалы герпестік стоматит.

 

483. Бала 11 жаста, дәрігерге шайнау кезінде пайда болатын ауру сезіміне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралардың пайда болуын және өздігімен 7-10 күнде жазылатынын айтты. Баланың тәбеті нашар. Сонымен қатар ішінің ауруына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданды. Гастроэнтерологтың тіркеуінде тұр. Объективті: ұрт, өтпелі қатпардың, ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабатында беті фиброзды қабықпен жабылған,сопақша пішінді жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел псевдомебранозды кандидоз;

2. Рецидивті герпетикалық стоматит;

3.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

4. Жедел герпестік стоматит;

5. Дәрілікстоматит.

 

484. Созылмалы гепато-холециститпен ауыратын 12 жасар баланың ауыз қуысы шырышты қабатында жылына 3 рет пайда болатын ойық жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел герпестік стоматит;

2. Кандидомикоз;

3. Дәрілікстоматит.

4. Қайталамалы герпестік стоматит;

5.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

 

485. Ауру ауыз қуысының шырышты қабатында жеке-жеке афтозды элементтердің қайталанып пайда болуымен сипатталады. Осы ауруды атаңыз:

1. Қызылша;

2. Күл;

3. Скарлатина.

4. Көптүрлі жалқықты қызарма;

5.+Ауыз қуысындағы қайталамалы афталар;

 

486. Бала 12 жаста, дәрігерге тағам жеу кезінде пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезін жинау барысында гастроэнтерологтың тіркеуінде тұратыны анықталды. Тәбеті төмендеген. Ішінің ауруына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданады. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын бір аптада өздігінен жазылатын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралар пайда болған. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің шырышты қабатында қызарған жиекпен қоршалған, фиброзды қабықпен жабылған ойық жаралар бар.Нақтама қойыңыз:

1.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2. Созылмалы жарақаттық жаралар;

3. Созылмалы қайталамалыстоматит;

4. Жедел герпестік стоматит;

5. Дәрілік стоматит.

 

487. 12 жастағыбала созылмалы колитпен гастроэнтерологта емделуде. Баланың айтуы бойынша бөртпелер 1 жылда 1 рет шығады. Ауыз қуысында 3.4 тістің аймағындағы өтпелі қатпарда және тілдің бүйір бетінде домалақ пішінді қызарған жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1.+Ауыз қуысының қайталамалы афталары;

2. Созылмалы рецидивті стоматит;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Дәрілік стоматит;

5. Кандидоз.

 

488. 8 жасар балада бір жыл бойы өтпелі қатпарында жиі-жиі жекеленген афталар пайда болған. Созылмалы холециститпен ауырады. Қарап тексергенде: өтпелі қатпар бойында, жиегі қызарған, домалақ пішінді, d=0,5х0,3 см сұр түсті қабықпен жабылған афта байқалады.

Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

1. Беднар афтасы;

2.+Қайталамалы афта;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Созылмалы қайталамалы стоматит;

5. Шырышты қабаттың созылмалы жарақаты.

 

489. Ауыз қуысыныңқайталамалы афталарын емдеу тиімділігін ЕҢ анықсипаттайтын қай критерий?

1. Жеңіл дәрежесінен ауыр дәрежеге ауысуы;

2. Жеңіл дәрежесінен орта дәрежеге ауысуы;

3. Орта дәрежесінен ауыр дәрежеге ауысуы;

4. Асқорыту жүйесінің патологиялық көрінісі;

5.+Рецидивтің толық жайылуы;

 

490. Балаларда стоматиттің қай түрінде афтаның жазылуытыртықтанумен аяқталады:

1. Стивенс-Джонсон синдромы;

2. Поспишил афтоиды;

3. Бехчет синдромы;

4.+Сеттон афтасы;

5. Беднар афтасы.

 

491. Бала 1 жаста. Тәбетінің нашарлануына, ішінің ауыратындығынажәне үлкен дәретке сирек баратындығына шағымданады. Гастроэнтерологта диспансерлік тіркеуде тұрады. Объективті: ұрт және еріннің шырышты қабатында айналасы қызарған, фиброзды қабықпен жабылған майда дөңгелек пішінді жаралар байқалады.

Қандай аурулармен салыстырмалы нақтама жүргізу керек?

1. Созылмалы атрофиялықкандидоз, жалпақ лейкоплакия;

2. Созылмалы механикалық жарақат, жалпақ лейкоплакия;

3. Тілдің жіп тәрізді бүртігінің созылмалы гиперплазиясы;

4.+Жарақаттық жара, герпестік жара, сифилистікпапула;

5. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз, қызыл жалпақ теміреткі.

 

492. Бала 12 жаста. Тағам жеу кезінде пайда болатын ауру сезіміне, тәбетінің нашарлануына, ішінің ауырғандығына және үлкен дәретке сирек баратындығына шағымданады. Анамнезін жинау барысында гастроэнтерологтың тіркеуінде тұрғаны анықталды. Анасының айтуынша, жарты жылда 1 рет, кейде жиі ауыз қуысы шырышты қабатының әр жерлерінде жаралардың пайда болуын және жаралар 1 апта көлемінде өздігінен жазылады. Бала әлсіз, бозғылт. Ауыз қуысында, ұрт және еріннің шырышты қабатында, айналасы қызырған, саны 5-ке дейін жететін фиброзды қабықпен жабылған сопақша пішіндімайдажаралар байқалады. Нақтама қойыңыз:

1.+Қайталамалы афталар;

2. Дәрілік стоматит;

3. Көптүрлі жалқықты қызарма;

4. Созылмалы механикалық жарақат;

5. Қайталамалы герпестік стоматит.

 

493. 5 жастағыбала тағам қабылдау кезіндегі ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: гастроэнтерологта емделуде. Өтпелі қатпардың, тілдің бүйір бетінің, ұрттың, ерінніңшырышты қабатындасаны 7-10 дейінгі афталар бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз:

1.+Қайталамалы афталар;

2. Дәрілік стоматит;

3. Жедел герпестік стоматит;

4. Қайталамалы герпестік стоматит;

5. Созылмалы атрофиялық кандидоз.

 

494. Бала 12 жаста. Стационарда емделуде. Жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. Денесінде, қол- аяғының терісінде папулалар, түйінді эритема түріндегі бөртпелері бар. Ауыз қуысының, жыныс мүшелерінің,көздіңшырышты қабатындаэритемалармен афта элементтері:

1.+Бехчет синдромы;

2. Лайелл синдромы;

3. Папийон-Лефевр синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

495. 15 жастағы жасөспірім тағам қабылдау кезіндегі ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен гастроэнтерологтың тіркеуіндетұрғаны анықталды. Тәбеті нашарлаған. Ішінің ауыратындығына және үлкен дәретке сирек баратынына шағымданады. Анасының айтуы бойынша жарты жыл бұрын ауыз қуысының шырышты қабатында жаралар пайда бола бастаған, 1 аптада өздігінен жазылып кетеді. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің шырышты қабатында айналасы қызарған жаралар байқалады. Сіздің емдеуәдісіңіз:

1. Қабынуға қарсы препаратар, шайқау;

2. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар, диета;

3.+Ішек қызметін реттеу, ауыз қуысындағы ауру сезімін жою;

4. Ауру сезімін басатын препараттар тағайындау, ауыз қуысының гигиенасы;

5. Антигистаминді препараттар тағайындау, кератопластикалық препараттармен аппликациялау.

496. Бала 9 жаста. дәрігерге тағам шайнау кезіндегі ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілдің бүйір бетінде, өтпелі қатпарында көлемі 2 мм дейінгі айналысы қабынған афтасы байқалады. Анамнезінде: бала дәрігер-гастроэнтерологтың есебінде тіркеуде.

Осы ауру кезінде қандай зерттеу әдісі ЕҢ тиімді?

1. Цитологиялық;

2.+Копрологиялық;

3. Бактериологиялық;

4. Рентгенологиялық.

5. Колоноскопикалық;

 

497. Қанша жастағы балалардың ауыз қуысында рецидивті афталар кездеседі:

1. Нәресте кезінде және өмірінің бастапқы кезінде;

2. Ерте мектепкі жаста;

3.+Орта мектепкі жаста;

4. Емшектегі жаста;

5. Әртүрлі жаста.

 

498. Ауыз қуысының шырышты қабатының, жыныс мүшелерінің, көз конъюнктивінің зақымдануы қандай синдромға ТӘН:

1.+Бехчета синдромы;

2. Лайелла синдромы;

3. Папийон-Лефевр синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы;

 

499. Ауыз қуысының шырышты қабатында қайталамалы афта қандай түрде пайда болды:

1. Қатты таңдайда қызарыңқы түйін түрінде;

2. Қызарған аймақтағы ақ түсті оңай алынатын қақ түрінде;

3. Қызарған аймақтың ортасында орналасқан жаралар түрінде

4. Тіл және ұрт шырышты қабатында тор тәрізді майда ақ-перламутрлы папула түрінде;

5.+Ақшыл-сұр түсті фиброзды анықтайтын d=3-5 мм болатын, домалақ пішінді анық-қызыл

қабынумен қоршалған қақтүрінде.

 

500. Стоматиттің қандай түрінде балаларда жеке дара дәнді (чечевичного зерна) афта кездеседі:

1. Кукенің Герпетиформды

2. Поспишил афтоиды;

3.+Афта Микулича;

4. Сеттона афтасы;

5. Беднар афтасы;

 

501. Стоматиттің қандай түрінде балалардың ауыз қуысында шырышты қабатында көптеген нүкте тәрізді афталар кездеседі:

1.+ Кукенің Герпетиформды.

2. Поспишил афтоиды;

3. Микулич афтасы;

4. Беднара афтасы;

5. Сеттон афтасы;

 

502. Стоматиттің қандай түрінде балалардың шырышты қабатында үлкен, терең, тегіс емес жиектерімен және пальпациялау кезінде ауру сезімінсіз жазылуды тыртықтанумен аяқталатынафталар кездеседі:

1. Поспишил афтоиды;

2. Микулич афтасы;

3.+ Сеттона афтасы;

4. Беднар афтасы;

5. Турен афтозы.

 

503. 5 жасар балада Сеттон афтасы. Қандай аурулармен салыстырмалы нақтамалау жүргізесіз:

1. Акантолитикалық пузырчаткамен, жедел герпетикалық стоматитпен, акантолитикалықемес

пузырчатка;

2.+Жарақатты жаралармен, ойық жаралармен, Бехчет ауруымен, спецификалық инфекциялы

жаралармен;

3. Дәрі-дәрмекті стоматитпен, көптүрлі жалқықты эритемамен;

4. Пузырчатка, көптүрлі жалқықты эритемамен;

5. Кандидозбен, жедел қызыл волчанкой.

 

504. Бала 12 жаста, ауруханаға емделуге жатқызылды. Жалпы жағдайы ауыр, дене қызуы 390С дейін. Қарап тексергенде: қосарланған ауыз қуысы шырышты қабатының, көздің, жыныс мүшесінің көздің жаралық зақымдануы, сонымен қатар артралгиясы және миологиясы байқалады.

Дұрыс диагнозды қойыңыз:

1.+Бехчет синдромы;

2. Лайелл синдромы;

3. Папийон-Лефева синдромы;

4. Стивенс-Джонсон синдромы;

5. Стейнтон-Капдепон синдромы.

 

505. Қандай ауру кезінде копрологиялық зерттеу әдісі жүргізіледі:

1.+Ауыз қуысында афтаның рецидиві;

2. Рецидивті герпетикалық стоматит;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Көптүрлі жалқықты эритема;

5. Дәрі-дәрмекті стоматит.

 

506. Қандай ауру кезінде иммуностимулдеуші препараттар тағайындалған нәтижелі:

1. Рецидивті афтаның жеңіл түрі;

2.+Рецидивті афтаның ауыр дәрежесі;

3. Рецидивті герпетикалық стоматит;

4. Жедел псевдомембранозды кандидоз;

5. Жедел герпестік стоматиттің жеңіл түрі.

 

507. Қайталамалы афтаны нақты нақтамалау үшін қолданылатын ЕҢ тиімді әдісті атаңыз:

1. Ауыз қуысындағы объективті зерттеу;

2.+Копрологиялық әдіс;

3. Жалпы зәр анализі;

4. Сұрап тексеру;

5. Қан анализі.

 

508. Балалар жасындағы рецидивті афтаның ауыр дәрежесінде диспансерлік бақылау жүргізіледі:

1. Жылына 1 рет;

2.+Жылына 2 рет;

3. Жылына 3 рет;

4. Жылына 4 рет;

5. Жылына 5 рет.

 

509. Бала 10 жаста, дәрігерге тағам қабылдау кезіндегі ауру сезіміне шағымданады. Созылмалы жаралы колитпен 6 жыл бойы ауырады. Ұрттың шырышты қабатында фиброзды қақпен жабылған майда домалақ пішінді жаралар байқалады. Жараның пайда болуы колиттің өршуімен сипатталады.

Дұрыс диагнозын қойыңыз:

1. Көптүрлі жалқықты эритема.

2. Жедел герпетикалық стоматит;

3. Рецидивті герпетикалық стоматит;

4.+Ауыз қуысында афтаның рецидиві;

5. Созылмалы атрофикалық кандидоз.

 

510. Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатындағы рецидивті афтаның болуы кезінде иммуно-терапия жүргізу кезінде қандай препарат қолданылады:

1. Эндометазон;

2. Имудон;

3.+Декарис (левамизол);

4. Преднизолон;

5. Линетол.

 

 

Тақырып: № 18 «Балалардағы көптүрлі жалқықты эритема. Стивенс-Джонс синдромы. Лайелл синдромы. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі, алдын- алу шаралары».

 

511. Көптүрлі жалқықты қызарманың пайда болу теориясың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс:

1. Вирусты

2. Неврогенді

3. Аутоиммунды

4.+Токсико-аллергиялық

5. Инфекциялы-аллергиялық

 

512. Қай ауру кезінде «кокарда» тәрізді элементтер пайда болады:

1. Қызылша

2. Дифтерия

3. Дәрілік стоматит

4. Жедел ұшықты стоматит

5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

513. Қай ауру кезінде аллергиялық реакцияның баяу түрі дамиды:

1.+Көптүрлі жалқықты қызарма

2. Анафилактикалық шок

3. Желшешек

4. Квинке ісігі

5. Есекжем

 

514. Бала 13 жаста. Басының, көз алмасының ауруына, бұлшық еттер мен буындарының сынып ауруына, ас қабылдағанда тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы 38,60. Конъюктивит. Тілдің, еріннің, ұрттың, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында жаралар бар. Қолдың бүгілетін бетіндегі теріде көкшіл-қызыл дақ түріндегі зақымданулар бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз:

1. Жедел лейкоз

2. Қызыл жалпақ теміреткі

3. Дәрілік стоматит

4. Жедел ұшықты стоматит

5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

515. Көптүрлі жалқықты қызарманы қандай аурулармен салыстыруымыз қажет:

1. Дәрілік стоматит

2. Баспа, инфекциялық мононуклеоз
3. Дифтерия, қызылша, қан аурулары

4.+Күлбіреуікше, жедел ұшықты стоматит
5. Жедел псевдомембранозды кандидоз, қызамық

 

516. Бала 13 жаста. Ас қабылдағандағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы 38оС, басының ауруы, әлсіздік. Еріннің, ұрттың, тілдің ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында ақшыл қақпен жабылған ауқымды жаралар, дақтармен қосарланған қанды қабыршақтар бар. Қолдың сырт жағындағы терісі көкшіл-қызыл дақ түрінде. Нақтама қойыңыз:

1. Кандидоз
2. Дәрілік стоматит
3. Жедел ұшықты стоматит
4.+Көптүрлі жалқықты қызарма

5. Ауыз қуысының қайталама афталары

 

517. Көптүрлі жалқықты қызарманың жергілікті емдеу жоспарын құрыңыз:

1. Антисептикалық шайқау, қабынуға қарсы препараттар
2. Ауыру сезімін басатын заттар, витаминдермен электрофорез
3. Антисептиктермен гидромассаж
4. +Ферментті препараттар
5. Кератопластиктер

 

518. Бала 9 жаста. Дене қызуы 38,3оС. Шағымы: ауыз қуысының шырышты қабатының қатты және күйдіріп ауруы. Ерін, ұрт, өтпелі қатпар, тіл, тіласты аймағындағы шырышты қабатының қызаруы, ісінуі байқалады. Әртүрлі көлемді папулалар, күлбіреуіктер, көпіршіктер бар. Никольский симптомы теріс. Ерінде қабыршақ, қолында, білекте, жіліншігінде, бетінде – кокардалар. Нақтама қойыңыз:
1. Күлбіреуікше
2. Дәрілік стоматит
3. Жедел ұшықты стоматит
4. Ауыз қуысының қайталама афталары
5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

519. Көптүрлі жалқықты эритеманың қай кезеңінде стафилакоккты анатоксинмен спецификалық гипосенсибилизациялаушы емді тағайындайды:

1. Продромальды
2. Эпителизация
3. Катаральды
4.+Ремиссия
5. Аурудың нағыз кезеңі (разгар)

 

520. Қай ауру кезінде гистоглобулин тағайындалады:
1. Қызылша
2. Дифтерия
3. Қызамық
4. Желшешек
5.+Көптүрлі жалқықты қызарма

 

521. Бала 3 жаста. Ата –анасы: баласының мазасыздығына, тағамнан бас тартуына, нашар ұйықтайтынына шағымданады. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, көптеген жаралар, күлбіреуіктер, көпіршіктер бар. Бет терісінде дақтар. Білек, шынтақ аймақтарында ақшыл-қызыл түсті дақтар байқалады. Никольский симптомы теріс. Нақтамасы: көптүрлі жалқықты қызарма. Ем тағайындаңыз:
1.+Жансыздандыру, жалпы сауықтандыратын ем, кортикостероидтар;
2. Сілтілермен шаю, саңырауқұлақтарға қарсы ем;
3. Шөптермен шаю, вирустарға қарсы препараттар;
4. Антисептикалық шайқау;
5. Жансыздандыру, шөптермен шаю;

 

522. Бала 10 жаста. Басының ауруына, қалтырау, буындарындағы ауру сезіміне, тағам қабылдағанда тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы 39о С. Еріндерінде ісіну, ауқымды қанды-іріңді қабыршақтар, екі жақты конъюктивит, кератит. Ауыз қуысының, көздің, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында, теріде фибринозды қабықпен және серозды-қанды қабыршақпен жабылған көптеген көпіршіктер, күлбіреуіктер, жаралар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Турен синдромы
2. Бехчет синдромы
3. Лайелл синдромы
4. Олбрайт синдромы
5.+Стивенс-Джонс синдромы

 

523. Бала 12 жаста. Дене қызуы 37,8оС, басы ауырады. Терісінде және ауыз қуысында күлбіреуікті бөртпелер пайда болған. Терінің барлық бетінде қою қызыл түсті папулезді бөртпелер, көптеген күлбіреуіктер бар. Кейбір күлбіреуіктер серозды және серозды – геморрагиялық жалқықпен толған. Білекте, жіліншікте диаметрі 3-4 см жететін күлбіреуіктер бар. Никольский симптомы оң. Нақтама қойыңыз:

1. Турен синдромы
2. Бехчет синдромы
3.+Лайелл синдромы
4. Олбрайт синдромы
5. Стивенс-Джонс синдромы

 

524. 13 жастағы балаға Стивенс-Джонс синдромы нақтамасы қойылды. Баланы қандай емдік мекемеге жатқызу керек:

1. Аллергиялық орталық
2. Инфекциялық аурухана
3.+Көпсалалы балалар ауруханасы

4. Тері-венерологиялық диспансер
5. Көпсалалы балалар ауруханасының гематология бөлімі

 

525. Бала 11 жаста. Дене қызуы 39-40ОС дейін. Терісінде көпіршікті бөртпелер пайда болған. Көптеген көпіршіктер бар, кейбір жерлерде эпидермис ажыраған. Ұрт, ерін, ауыз қуысы түбі шырышты қабатында және тілде күлбіреуік және жаралы беттер бар. Никольский симптомы оң. Нақтама қойыңыз:

1. Бехчет синдромы
2.+Лайелл синдромы
3. Шегрен Синдромы
4. Стивенс-Джонс синдромы
5. Көптүрлі жалқықты қызарма

 

526. Балалардың ауыз қуысындағы көрінісімен қатар басқа ағзалардың шырышты қабатының зақымдануымен жүретін синдромды көрсетіңіз:

1. Мелькерсон-Розенталь синдромы
2. Стейтон –Капдепон синдромы
3.+Стивенс-Джонсон синдромы
4. Олбрайт синдромы
5. Турен синдромы

 

527. Бала 10 жаста. Басының ауруына, жалпы мазасыздыққа шағымданады. Дене қызуы 39ОС. Жедел ауырған. Терісі мен ауыз қуысында көпіршікті бөртпелер пайда болған. Бет, мойын, кеуде, арқа, білек, жіліншіктерісінде диаметрі 5см дейін күлбіреуік бар. Олардың жартысы серозды және серозды – геморрагиялық жалқықпен толған. Жарылған күлбіреуік орындарында ауқымды жаралар байқалады. Никольский симптомы оң. Диагноз қойыңыз:

1. Стейтон –Капдепон синдромы
3. Папийон-Лефевр синдромы

2. Стивенс-Джонс синдромы
4.+Лайелл синдромы
5. Бехчет синдромы

 

528. Бала 14 жаста. Шағымы: басының ауруы, ас қабылдағанда ауру сезімі, дене қызуының 38,00С көтерілуі. Ерін, ұрт, тіл, ауыз қуысы шырышты қабатында ақшыл қақпен жабылған жаралар бар. Еріндерінде қанды қабыршақтар. Табан мен білектің сыртқы бетінде көкшіл-қызыл түсті дақты тері зақымданулары бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Қайталамалы ұшықты стоматит
2.+Көптүрлі жалқықты қызарма
3. Жедел ұшықты стоматит
4. Дәрілік стоматит
5. Қайталамалы афталар

 

529. 12 жасар бала ас қабылдағандағы ауру сезіміне, дене қызуының 39ОС көтерілуіне. терісіндегі бөртпелерге, көрудің бұзылуына шағымданады. Ерін, тіл, ауыз қуысы шырышты қабаты ісінген, көпіршіктер, күлбіреуіктер, жаралар, ойық жаралар бар. Еріндері көпіршік және қабыршақпен жабылған. Шат аймағының шырышты қабаты ісінген. Терісінде қызыл түсті дақтар мен таңдақтар бар. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Бехчет синдромы;
2. Лайелл синдромы;
3.+Стивенс-Джонс синдромы;

4. Папийон-Лефевр синдромы;
5. Стейтон –Капдепон синдромы.

 

530. 13 жастағы балада мазасыздық, бұлшық еттер мен буындарында ауру сезімі, бастың ауруы, дене қызуы 37,50С тен 380С пайда болды. Ерні ісінген, бөлек аймақтарында қанды қабыршақпен жабылған. Ауыз шырышты қабаты ісінген, қызарған, фибринозды қабықпен жабылған, дұрыс емес пішінді көптеген жаралар байқалады. Қолдың және білектің терісінде – папулалар және күлбіреуіктер бар. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Ауыз қуысының қайталамалы афталары
2. Қайталамалы ұшықты стоматит
3.+Көптүрлі жалқықты қызарма

4. Жедел ұшықты стоматит
5. Дәрілік стоматит

 

531. Бала 14 жаста. Басының, көз алмасының ауруына, бұлшық еттер мен буындарының сынып ауруына, ас қабылдағанда тамағының ауруына шағымданады. Дене қызуы 38,40С. Конъюктивит. Тілдің, еріннің, ұрттың, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында жаралар бар. Қолдың бүгілетін бетіндегі теріде көкшіл-қызыл дақ түріндегі зақымданулар бар. Жақасты лимфа түйіндерінің лимфадениті. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Қайталамалы ұшықты стоматит
2.+Көптүрлі жалқықты эритема
3. Жедел ұшықты стоматит
4. Дәрі-дәрмекті стоматит
5. Жедел лейкоз

 

532. Бала 12 жаста. Басының ауруына, жалпы мазасыздыққа, әлсіздікке шағымданады. Жедел ауырған. Ауыз қуысында күлбіреуікті бөртпелер пайда болған. Бет, мойын, кеуде, арқа, білек, жіліншіктерісінде диаметрі 5см дейін күлбіреуік бар. Жарты күлбіреуіктер серозды және серозды – геморрагиялық жалқықпен толған. Жарылған күлбіреуік орындарында ауқымды жаралар байқалады. Никольский симптомы оң. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес диагнозды нақтаманы қойыңыз:

1. Бехчет синдромы
2.+Лайелл синдромы
3. Папийон-Лефевр синдромы
4. Стивенс-Джонс синдромы
5. Стейтон –Капдепон синдромы

 

533. 12 жасар баланың шағымы: ас қабылдағанда ауру сезімі, басының ауруы, дене қызуының 38,00С көтерілуі. ауыз қуысында жаралар, көпіршіктер, күлбіреуіктер, еріндерінде қанды қабыршақтар. Білек пен қолда көкшіл дақтар бар. Берілген жағдайда қандай емдік әрекетті қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

1.+ Госпитализациялау, дезинтоксикациялық ем, антигистаминді, кортикостероидты

заттар
2. Госпитализациялау, антибиотиктерді ішке қабылдау, антисептиктер, кератопластиктер
3. Қызуды түсіретін, қабынуға қарсы препараттар, антисептиктер, кератопластиктер

4. Қызуды түсіретін, антигистаминді заттар, антисептиктер, жансыздандыру

5. Госпитализация, витаминді терапия, қызуды түсіретін, кератопластиктер

 

534. 10 жастағы балада ауыз қуысының шырышты қабатында ауқымды өліеттенген және жаралы аймақтар бар, жара қырларында ақшыл-сұр бос салбыраған эпителий кесінділері байқалады. Никольский симптомы оң. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Бехчет синдромы
2.+Лайелл синдромы
3. Стивенс-Джонс синдромы

4. Папийон-Лефевр синдромы
5. Стейтон –Капдепон синдромы

 

535. Бала 12 жаста. Қолындағы папулезды бөртпелерге шағымданып келді. Ауыз қуысында қызарған, ісінген шырышты қабықта көпіршіктер, күлбіреуіктер байқалады. Олар тез жарылып, бірігіп, қиын алынатын қақпен, фибринозды беттеріндегі ауқымды жараларды жалаңаштайды. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1.+Көптүрлі жалқықты қызарма
2. Стивенс-Джонс синдромы
3. Дәрілік стоматит
4. Лайелл синдромы
5. Бехчет синдромы

 

536. Бала 13 жаста. Ауыз қуысындағы, бұлшық еттер мен буындарының, бастың ауруына шағымданады. Дене қызуы 38ОС. Анамнезінен гастроэнтероголтан ем қабылдап жүргені анықталды,. Бала, әлсіз, бозарған. Ауыз қуысын қарап тексергенде папулалар, көпіршіктер, күлбіреуіктер, жаралар байқалады. Кол және табан терісінде көкшіл-қызыл папулалар бар. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1.+Көптүрлі жалқықты қызарма
2. Стивенс-Джонс синдромы
3. Дәрі-дәрмекті стоматит
4. Лайелл синдромы
5. Бехчет синдромы

 

537. 14 жастағы бала ас қабылдағандағы ауру сезіміне, бастың ауруына, әлсіздік, мазасыздық, бұлшық еттер мен буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуының 390С көтерілуі, денесінде, білек пен табан терісінде бөртпелер. Ерін, ұрт, ауыз қуысы түбінің, ауыз кіреберісінің жайылып қызарған шырышты қабатында күлбіреуіктер анықталады, олардың кейбіреулері жарылған, жара құрайды, теріде - « кокардалар » бар. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. +Көптүрлі жалқықты қызарма
2. Папийон-Лефевр синдромы

3. Стивенс-Джонс синдромы

4. Лайелл синдромы
5. Бехчет синдромы

 

538. Бала 2 жаста. Дене қызуының 390С көтерілуіне шағымданады, мазасыздық, аузындағы қатты және күйдіріп ауруы, қызарған, ісінген ерін, ұрт, шырышты қабытында күлбіреуік, жаралар байқалады. Никольский симптомы теріс. Денесіндегі, қолдағы, білектегі, жіліншіктегі, беттегі бөртпелер көкшіл-қызыл дақ түрінде. НЕҒҰРЛЫМ сәйкес нақтаманы қойыңыз:

1. Қайталамалы ұшықты стоматит
2.+Көптүрлі жалқықты қызарма
3. Жедел ұшықты стоматит
4. Дәрілік стоматит
5. Лайелл синдромы

 

539. «Кокард» түріндегі элементтер қандай ауру кезінде кездесетінін атаңыз:

1. Қызылшада

2. Дифтерияда
3. Қызамықта
4. Жедел ұшықты стоматитте
5.+Көптүрлі жалқықты қызармада

 

540. 12 жасар бала ас қабылдағандағы ауру сезіміне, бастың ауруына, бұлшық еттер мен буындарындағы ауру сезіміне, дене қызуының 39ОС көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде тұлға мен қол терілерінде «кокард» түріндегі бөртпелер бар. Ерін, ұрт шырышты қабатында күлбіреуіктер мен жаралар. Еріндерінде қанды қабыршақ.

Төменде берілген себепші факторлардың қайсысы зерттеушілермен қаралып, НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болып табылады:

1.+Инфекциялы-аллергиялық
2. Саңырауқұлақты

3. Бактериальді

4. Жарақаттық
5. Вирусты

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)