|
Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
Тотығу дәрежесі деп – молекула тек иондардан тұратын бейтарап бөлшек деген болжаммен есептеліп шығарылған атомның шартты зарядын айтады. Тотығу-тотықсыздану бұл бір-бірімен тығыз байланысқан біріккен процесс. Тотығу процесі тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесін жоғарлатады, ал тотықсыздану процесі тотықтырғыштың тотығу дәрежесін төмендетеді.
Кез -келген элементтің атомы өзінің ең жоғарғы тотығу дәрежесінде оны одан ары жоғарлата алмайды (электронды бере алмайды), ал ең төменгі тотығу дәрежесіндегі оны одан ары төмендете алмайды (электронды қосып ала алмайды). Сондықтан ең жоғарғы тотығу дәрежесіндегі атомдар тотықтырғыштық, ең төменгі тотығу дәрежесіндегі атомдар тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Орта тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары тотықтырғыштықта, тотықсыздандырғыштықта қасиет көрсете алады.
Мысалы:
тек тотықтырғыштық қасиет көрсетеді;
|
тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
Тотығу-тотықсыздану реакция кезінде атомның валенттілігі өзгермеуіде мүмкін. Мысалы: тотығу-тотықсыздану реакция кезінде сутек және хлор атомдарының валенттілігі реакцияға дейін және реакциядан кейін бірге тең. Олардың тек тотығу дәрежелері өзгереді. Валенттілік атомдардың арасында түзілген химиялық байланыстың санын көрсетеді, сондықтан оның +, – таңбалары болмайды. Тотығу дәрежесінің + және – таңбасы болады.
Тотығу-тотықсыздану реакция екі тәсілмен құрастырылады:
1. Электрондық тепе-теңдік.
2. Ионды-электрондық (жарты реакция әдісі).
1 мысал. Төмендегі тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін электрондық тепе-теңдік және ионды-электрондық тәсілдерімен құрастырыңыз:
.
Шешуі: Есептің шарты бойынша реакцияға түсетін және оның нәтижесінде түзілетін заттар берілгендіктен теңдеуді құрастыру үшін тотығу дәрежесін өзгертетін элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықтап электрондық тепе-теңдік теңдеуін құрастырып коэффи-циенттерді анықтау керек:
тотықсыздандырғыш | тотығу процесі | |
тотықтырғыш | тотықсыздану процесі |
Тотықсыздандырғыш берген электрондардың жалпы саны тотықтырғыштың қосып алған электрондарының санына тең болуға тиіс. Сондықтан берілген және қосып алынған электрондар саны коэффициент ретінде электрондық тепе-теңдікке қойылады. Қарастырылып отырған жағдайда тотықсыздандырғыштың коэффициенті 5, ал тотықтырғыштікі 2. Осы коэффициенттерді тотығу дәрежелерін өзгертіп тұрған атомы бар заттардың алдына қойып реакция теңдеуін теңестіреміз:
Ионды-электрондық тәсіл бойынша реакция теңдеуін ион түрінде жазамыз:
Осыдан ионды-электрондық теңдеу құрастырамыз:
Бірдей иондармен молекулаларды қысқартқанда:
Лекция.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гидролиздің түрлері | | | КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР |