Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диссоциациялану дәрежесі.

КІРІСПЕ. ХИМИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ. | Зат массасының сақталу заңы | Эквиваленттер заңы | ЖӘНЕ МОЛЕКУЛА ҚҰРЛЫСЫ. МОЛЕКУЛА АРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ. | Химиялық термодинамика | Химиялық тепе-теңдік | ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ПРОЦЕСТЕРІ | КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР | Монокарбон қышқылдарының беттік қасиеттері. | Лекция. САНДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗ. |


Читайте также:
  1. Ышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітшділерде диссоциациялануы.

Электролиттік диссоциация – кайтымды процесс болғандыктан, электролиттердің ерітінділеріне олардың ионымен катар молекулалары да болады. Сондыктан электролиттердің ерітінділері диссоциациялану дәрежесімен сипатталады ():

 

Диссоциациялану дәрежесі – бұл иондарга ыдыраған молекула санының (п) еріген молекуланың жалпы санына (N) катынасы.

Диссоциациялану дәрежесінің мәндерін аныктау үшін мынадай екі шектік жағдайды карастырайык: Бірінші шектік жағдай: зат ерітіндіде мүлдем диссоциацияланбайды. Онда аныктама бойынша диссоциациялану дэрежесі = 0. Екінші шектік жағдай: зат ерітіндіде толық диссоциацияланады. Онда диссоциацияланған молекулалардың саны еріген молекулалардың жалпы санына тең болады, демек, диссоциациялану дәрежесі = 1. Сонымен диссоциациялану дәрежесі 0 мен 1 аралығында өзгеретін шама.

Әдетте диссоциациялану дәрежесін 100-ге көбейтіп, оны процентпен өрнектейді. Процентпен өрнектелген диссоциациялану дәрежесі еріген молекулалардың канша проценті иондалғанын көрсетеді және 0 мен 100 аралығындағы мәндері болады.

Диссоциациялану дәрежесін тәжірибе жүзінде аныктайды.

Диссоциациялану дәрежесінің шамасына карай электролиттер күшті, орташа және әлсіз 30 проценттен артык электролиттер күшті, 30 процент пен 3 процент аралығындагылары орташа, 3 проценттен кемдері әлсіз электролиттерге жатады. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі: 1. Еріген заттың табиғатына; 2. Еріткіштің табиғатына; 3. Ерітіндінің концентрациясына тәуелді шама.

Ерітіндіні сұйытқанда, яғни электролиттердің концентрациясын төмендеткенде диссоциациялану дәрежесі артады.

Ионды – молекулалық теңдеу.

Ертіндіде өтіп жатқан процесстердің негізін түсіндіру үшін ерітіндідегі электролиттер арасындағы алмасу реакцияларын ионды-молекулалық (не иондық) теңдеу түрінде көрсеткен жөн.

Ерітіндідегі электролиттер арасындағы алмасу реакцияларының бағыты (тепе-теңдіктің ығысуы) олардың бір-бірімен нашар еритін, нашар диссоцияланатын немес газ түріндегі қосылыстардың түзілу мүмкіндігімен анықталады.

Иондық теңдеулерді жазғанда төмендегі жағдайларды ескеру қажет:

1. Күшті электролиттердің формулаларын иондар түрінде жазу керек. Күшті электролиттерге барлық тұздардың ертінділері жатады. Жиірек кездесетін төмендегі қышқылдар мен негіздер ертінділері:

 

2. Әлсіз электролиттердің, газдар мен нашар еритін заттардың формулаларын молекула түрінде жазу керек.

Бұл тараудың есептерін шығарғанда қосымшада тұздардың ергіштігі кестесіне қараңыз.

1 мысал. Төменде келтірілген ионды-молекулалық теңдеулерді молекулалық реакция теңдеулері түрінде жазыңыз:

 

Шешуі: Молекулалық теңдеулерді жазғанда әлсіз электролиттердің, тұнбалардың және газдардың формулалары иондық теңдеулерде молекулалық түрінде жазылатынын естен шығармау қажет.

 

2 мысал. Калий хлориді, никель (II) сульфаты, күкірт қышқылы, азотты қышқылы ертінділерінің әрқайсысына – натрий гидроксидінің ертіндісі артық

 

мөлшерде құйылған. Қайсысында және не себепті реакция жүрді. Реакциялардың молекулалық және ионды-молекулалық теңдеулерін жазыңыз.

Шешуі: Бірінші жағдайда KCl+NaOH реакциясы жүрмейді, себебі тұнба, әлсіз электролит немесе газ түзілмейді.

Екінші жағдайда нашар еритін никель гидроксиді түзіледі:

 

 

Сульфат және натрий иондары реакцияға қатыспайды: никель дигидроксидінен басқалары түгел толық диссоцияциға түседі.

Үшінші реакцияда (нейтралдау) нашар диссоциацияланатын су молекулалары түзіледі.

атрий және сульфат иондары реакцияға қатыспайды.

Төртінші реакцияға су түзіледі, бірақ азотты қышқыл әлсіз электролитке жататын болғандықтан кері реакцияның жүруіне себепкер болады, сондықтан бұл төртінші реакцияның алғашқы үш реакциядан айырмашылғы қайтымдылығында.

Су азотты қышқылға қарағанда әлсіздік электролит болғандықтан тепе-теңдік тіке реакция бағытына ығысады:

3 мысал. Төмендегі заттардың сулы ертінділерінің өзара әрекеттесу реакцияларының ионды-молекулалы теңдеуін жазыңыз:

ә) HCl және NaOH;

а) (NO 3)2 және Na 2 S;

б) NaClO және HNO 3;

в) K 2 CO 3 және H 2 SO 4;

г) CH 3 COOH және NaOH.

Шешуі:

Әрекеттесу реакцияларынеың молекулалық теңдеуін жазыңыз:

 

Бірдей иондарды қысқартқаннан кейін қысқа ионды-молекулалық теңдеу алынады:


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 426 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітшділерде диссоциациялануы.| Гидролиздің түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)