Читайте также: |
|
______________________________________________________________________________________________________________________
«ТАЛАНТТАР АКАДЕМИЯСЫ»
О Қ У - К Е Ң Е С О Р Т А Л Ы Ғ Ы
Vk.com/аcademy_kz
«Happy NEW YEAR -
Бақытты ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» атты
I-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІ
Фестивальдың мақсаты: Еліміздің бейбіт аспаны, тәуелсіздігі мен ынтымағы аясында бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге байқаулар, мәдени-танымдық экскурсиялар, кездесулер арқылы рухани байлығының жоғары болуына, өнерлі, білімді, абыройлы азамат болып қалыптасуына үлес қосу. Олардың өнерін, көркем туындыларын, есімдерін тарихтың жаңа беттеріне жаза отырып, балғын және балалық шақ жайлы ұмытылмас естелік қалдыру. Отанымыздың басқа өңірлерінен, түрлі ұлттарынан және көршілес елдерден жаңа достар табуына және достықты нығайтуына ықпал ету. Ұстаздардың жаңа әріптестермен пікір, тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
ЖАНРЛАР:
· Вокал - ән, жыр, терме, эстрада;
· Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі (домбыра, сыбызғы, жетіген, баян, гитара);
· Би - классикалық, ұлттық, шығыс, батыс және африкалық билер;
· Көркем сөз (өлең, әңгіме), авторлық шығарма оқу, ертегі, «қырықөтірік» айту, әлемге танымал туындының қысқа мазмұнын, философиясын жеткізу;
· Театралдық қойылымдар, КВН өнері, әзіл-сықақ өнері, фокус өнері;
· Интеллектуалдық, логикалық ойындар жүргізу; білім таныту - тарих, психология, астрология ғылымдарынан.
· Шеберлік таныту - спорттық би, фристайлер, шахмат, шашка, дойбы, тоғызқұмалақ, т. б.;
· Қол өнер, сурет және жобалар байқауы - қол өнер бұйымдары көрмесі, авторлық көркемсурет, фотосурет, дизайн, жобалар көрмесі.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ: Мәдениет және білім саласына танымал қайраткерлер, ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар, Халықаралық және Республикалық конкурстардың Лауреаттары.
ФЕСТИВАЛЬДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ: Фестиваль берілген жанрлар ретімен жүргізіледі.
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
ҮМІТКЕРЛЕР: Жеке Үміткер; Топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесі - Үміткер. Топ, оркестр, ансамбль - Үміткер;
«Happy NEW YEAR»-ның ерекшелігі:үміткерлерге барлық жанрлардаөнерін, білімін, қабілетін жан-жақты танытуға мүмкіндік береді. Үміткерлер таңдаған жанрында екі шығарма немесе екі жанрда бір шығармадан дайындайды. Келесі жанрларда бір шығармадан дайындай алады, өзінің басқа таланттарымен таныстыра алады. Әр үміткерге өз шығармасын орындауға, таныстыруға - 3 минут уақыт беріледі. Шығармаларды қай тілде орындауы үміткердің өз еркінде. Фонограммаға рұхсат етілмейді.
Үміткерлерге жанрларда қабілеттерін жан жақты танытуға шек қойылмағандықтан топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесіне жеке үміткермен теңдей ұйымдастыру жарнасы белгіленді (ұйымдастыру жарнасы кестесімен зерек танысыңыздар).
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:
Міткерлержас деңгейіне сай бағаланады: бүлдіршіндер тобы - 4-6 жас, кіші топ - 7-9, орта топ - 10-12, жоғары топ - 13-15 жастағы балалар. Жанрлар бойынша жеңімпаздар және жалпы балдары бойынша жеңімпаздар анықталады. «Happy NEW YEAR» Халықаралық фестивалінің Лауреаты, «ТАЛАНТТАР АКАДЕМИЯСЫның» Лауреаты, «Жұлдызды талант», «Хас талант», «Ел мақтанышы», «Жыл шебері» Құрмет Дипломдарымен, «ТалантSTAR», «АртSTAR», «ЖасSTAR» және Платина, Алтын, Күміс дипломдарымен марапаттауды Қазылар алқасы шешеді.Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
Ерекше дарындылар «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» (Планета мира - World of Рeacе)
Халықаралық Ыстықкөл-2013 жасөспірімдер мен жастар форумына шақырылады.
ДЕМЕУШІЛЕРДІжас таланттарға ынталандыру сыйлықтары мен сыйақыларын тағайындауға ШАҚЫРАМЫЗ!
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАП: Шығарманың музыкалық үні сапалы СД / мини-дискіде таза жазылуы тиіс.
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЛАПТАРЫ:
Қатысушылар: Үміткерлер, Жетекшілер, Жанкүйерлер.
1. Үміткерлер: жеке Үміткер; топ, оркестр, ансамбльдың әрбір мүшесі - Үміткер. Сіздерденкелесі құжаттар қажет: 1) Туу туралы куәлік көшірме - 1 дана; 2) Фотосурет (3,5*4,5) - 2 дана; 3) Үміткердің облысы, ауданы, мектебі, сыныбы; 4) Эпидаумақ тазалығы анықтамасы, фестивальге дәрігерден рұхсат;
1.1. Үміткерлерден туған өңіріңізді, білім ұяңызды, талантыңызды сипаттайтын естелікті «Бейбітшілік әлемі» музейіне әкелуіңізді, және, естеліктеріңізбен басқа өңірден келген Жаңа Досыңызбен де алмасуды өтінеміз.
2. Жетекшілер: ұстаздар, ата-аналар, демеуші, басшы. Келесі құжаттарыңыз қажет: 1) Жеке куәлік көшірмесі - бір дана; 2) Фотосурет (3,5*4,5) - 2 дана; 3) Эпидаумақ тазалығы анықтамасы; 4) Өмірбаян: еңбек жолы, жетістіктері жайлы. 5) Оқушының ата-анасынан сенімхат - фестиваль кезеңіне;
2.1. Жетекші жарнасы: бір үміткермен келсе - 6 мың, екі-үш үміткермен келсе - 4 мың. Бір жетекші төрт үміткерге жауапты болып келсе, ұйымдастыру жарнасы алынбайды. Келе алмаған Демеушілерге, Басшыларға, көркемдік, ғылыми, спорттық Жетекшілерге Алғыс хаттар / Дипломдар беріп жіберіледі.
2.2. Жетекшілердің назарына:
Жетекшілер «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» (Планета мира - World of Рeacе) Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігі Президентінің Құрмет Грамотасымен, «Ел мақтанышы», «Алтын Адам», «Білім бұлағы», «Жыл ғалымы» дипломдарымен еңбек жолына, жетістіктеріне сәйкес марапатталады.
Халықаралық Бірлестіктің «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Алтын медалі, Күміс медалі, «Әлемнің мейірімді адамы», «Добрые люди мира», «Абылай ханға 300 жыл», «Ұлт мақтанышы - Гордость нации», «Ел ардақтысы», «Мәдениет майталманы», «Таланты мира», «Лидер образования», «Элита», «М. Шолохов» медальдері қызмет орнынан мінездеме, резюме негізінде беріледі. Наградалардың демеушілік жарнасы бар. Халықаралық Ұстаздар, Халықаралық Көркемөнерпаздар Одағы мүшелігінің жарнасы - 12 (он екі) мың тг, төс белгі және куәлік табыс етіледі.
3. Жанкүйерлерді шақырамыз: оқушылар, студенттер, жастар, ата-аналар, ұстаздар, демеушілер.
Сіздерден келесі құжаттар қажет: 1) Жеке куәлік / туу туралы куәлік көшірмесі - 1 дана; 2) Фотосурет (3,5*4,5) - бір дана; 3) Эпидаумақ тазалығы анықтамасы. Жарна - 18 мың тг.
4. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫНЫҢ ішіне кіреді: фестивальге қатысу, бағдарламамен демалу, үміткер, жанкүйер Сертификаты, үміткерге қабілеті үшін Диплом, ұстаздарға жетекшілік еңбегі үшін Диплом, сынып жетекшісіне, ата-анасына тәрбиелік еңбегі үшін Алғыс Хат, үміткердің білім орны басшысына және демеушіге Алғыс хаттар, әрбір үміткерге, жетекшіге, жанкүйерге « Happy NEW YEAR» фестивалінен естелік, мерекелік папка, қалам. Баспасөз,жарнама қызметі, конференц-зал қызметі, қолөнер және жобалар көрмесі, Орталық музей қызметі, экскурсиялық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырушылар қызметі, арнайы автобустар қызметі, т.б.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Формы контроля | | | Атысушылардың жатын орны, тамағы, жол ақысы өзінің немесе жіберуші ұйымның есебінен. |