Читайте также:
|
|
1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары мен фирманың көлемі жатады. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
-индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
- серіктестік немесе партнерлік;
- корпорация (акционерлік қоғам).
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді. Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен оның ең жоғарғы сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация (ағылшынша – саналуан, көптүрлілік). Бұл бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де Немур» химиялық тал жіп, дәрі дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірісін біріктіріп отыр.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
2. Менеджмент – фирманы басқару теориясы
Менеджмент (ағылшынша “managment”- басқару) шешімдер қабылдап,оларды орындауға бағытталған жүйе.Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді. Фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне – менеджерлерге көшеді.
Менеджер акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмыcшылар.
Менеджмент ХХ ғасырдың басында қалыптасқан.
Негізін қалаушылар – американдық инженер Тэйлор, франциялық А. Файоль.
Осы заманда менеджмент-тің төрт қызметі аталады:
Жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, мотивациялау.
Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:
• 1) нарыққа талдау жүргізу;
• 2) өнімдік стратегия;
• 3) өндірістік стратегия;
• 4) фирманы басқару жүйесінің
• және меншіктің дамуы;
• 5) қаржылық стратегия.
Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар - жоспарлаудың негізгі элементі.Есеп беру құжаты мен инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес- жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты- басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.
2. Ұйымдастырушыға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
3. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық ғана емес, психологиялық аспект орын алады.
4. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.
1. Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімдежәне шығындарды барынша төмен жұмсап, тауар өндірумен айналысатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
2. Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын, табыстардың барынша мол болуын және шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
3. Нарықтық менеджмент - маркетинг - бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады.
Маркетинг (ағылшынша “market” – нарық) нарықтарды таңдау үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.
2. Бердалиев К.Б. Менеджмент. Курс лекций. Алматы, 2005
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
4. Макконелл К.Р., Брю С.Л., Экономикс: Принципы, проблемы и политика. Пер. с англ. М., «Республика», 2001.
9 Лекция. Кәсіпкерлік капитал
1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы
1. Капитал (ағылшынша – бас мүлік, бас сома, латынша – ең басты) – экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып өалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін - өнеркәсіптік.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.
2. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997.
3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті.2000.
Макроэкономика. Ұлттық экономика
10. Лекция. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары.
Макроэкономика - өзара байланысты өндірушілердің және
тұтынушылардың жиынтығы.
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар бәсекеліктің әртүрлі болған жағдайындағы солардың тауар нарығындағы және өндіріс факторы нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэконмика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның саласы болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
· ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
· ұлттық экономика мастабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
· инфляцияның табиғатын талдау;
· экономикалық өсудің механизімі мен факторларын зерттеу;
· Экономикадағы циклдық ауытқулардың себептерін зерттеу;
· Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
· Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.
Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі.
Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұған жататындар:
Жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ
Түпкі қоғамдық өнім – ТҮҚӨ
Таза қоғамдық өнім – ТҚӨ
Таза ұлттық өнім – ТҰӨ
Жалпы ішкі өнім – ЖІӨ
Ұлттық табыс – ҰТ
Жеке табыс – ЖТ
Арадағы өнім – АӨ.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Тлеужанова М. Макроэкономика. Алматы, 2008
2. Макрэкономика под редакцией Абишева. Алматы, 2007
11. Лекция. Жұмыссыздық және оның түрлері
Экономикалық белсенді адамдар – елдің жұмысқа қабілетті және жұмыс істеуге ниеті бар адамдар. Жұмыссыз деп жұмыс істеуге ниеті бар, бірақ белгілі бір себептермен жұмыс таба алмай жүргендер кіреді. Барлық жұмысқа қабілетті адамдарды 3 категорияға бөліп қараймыз.
1.жұмыс істеушілер
2.жұмыс істемейтіндер, бірақ белсенді жұмыс іздеушілер (жұмыссыздар)
3.жұмыс істемейтіндер, яғни жұмыс іздемейтіндер.
Адамдар кейбір төмендегі себептермен бір категориядан басқасына ауысып отырады.
- адамдардың бір бөлігі еңбек қызметін үзбей жұмыс орнын ауыстырады;
- басқасы өз жұмысын уақытша тастап, басқа жұмысқа тұрады;
- енді біреулері жұмыс істегісі келмей, жұмыссыздар категориясына көшеді;
- кейбір жұмыссыздар жұмысқа шығып, кейбіреулері іздеуді тоқтатып жұмыс істемейтіндер қатарына қосылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмыссыздықтың себептері:
Ø экономидағы жүйелік қозғалыстар;
Ø экономиканың төмендеуі (депрессия);
Ø үкіметтің еңбекті төлеудегі саясаты;
Ø экономиканың кейбір салаларында өндірістің маусымдық өзгерістері;
Ø демографиядағы өзгерістер;
Ø табиғи катаклизмдер.
Жұмыссыздықтың түрлері:
- еркін – қызметкер өзінің таңдауына не жағдайына байланысты жұмыс орнынан бас тартуы;
- мұқтаж – жалақының төмен болуына байланысты қызметкерджің жұмыстан бас тартуы;
- фрикциондық – қызметкерді жасына, мамандығына, т.б. байланысты орнынан ауыстыру;
- кейбір салалалрдың маусымдық болуына байланысты;
- жасырын – жалған жұмыспен қамтылғандық, яғни өндірістік дағдарыс кезінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай, ақы төленбейтін демалысқа шығарады.
11.1. Лекция. Инфляция және оның түрлері
1. Инфляция мәні және түрлері
2. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары
1. Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алуы мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемелекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынап кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
«Инфляция» - желбуаз көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қарсыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады.
Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы процесс- дефляция, баға мен шығыяндардың жалпы төмендеуі. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.
2. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.
3. Жаналинов Б.Н. Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане. Алматы, 2006
12. Лекция. Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі. Несиенің мәні. Банктік қызмет.
1. Несие мәні
2. Банктік жүйе
3. Экономикалық даму және экономикалық өсу
Несие (кредит) сөзбе-сөз аудармада сенім (credo - сенемін) деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім – бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады.
Несиенің, несиелік қатынастардың, несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе - банктер пайда болады. Банк ақша ресурстарын тартып, оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операциялар арқылы соларды орналастырады.
Банктік жүйе дегеніміз - банктардың, несие-қаржылық операциялар мен қатынастардың жиынтығы. Банк – шаруашылық қызмет субъетілерін, азаматтарды несилендірумен, халық шаруашылығын кассалық, есеп айырысумен, валюталық және басқа да банктік операциялар жасаумен айналысатын мекеме.
Экономикалық даму және экономикалық өсу
Экономикалық өсу – белгілі-бір уақыт аралығында тауар мен қызметтер көлемінің өсуі. Экономикалық өсуге барлық елдер ұмтылады. Оның динамикасына қарай ұлттықэконмиканың дамын, халықтың өмір деңгейінің жақсаруын көруге болады. Экономикалық өсу 2 көрсеткіш арқылы бағаланады.
1) ВНП жалпы өсуіне
2) адам басына ВНП өсуі
Экономикалық өсуді былай есептеу тек сандық көрсеткішті көрсетеді, ал бұдан басқа экономикалық өсудің сапалық жағын да білдіретін факторлар бар. Олар: * сұраныс;
· ұсыныс;
· бөлу;
Экстенсивті экономикалық өсу – қосымша ресурстарды пайдаланудың арқасында болатын эколномикалық өсу.
Интенсивті экономикалық өсу – жаңартылған өндіріс факторлары мен технологияларды пайдаланудың арқасында, яғни олардың қарқынды жұмыс атқару барысында экономикалық өсу. Интенсивті экономикалық өсу халықтың тұрмысының көтерілуіне әсер етеді.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ильясов А.А. Денежно-кредитная политика. Алматы, 2007
2. Экономическая теория: учебное пособие / В.М. Соколинский, В.Е. Корольков; под ред. А.Г.Грязновой и М. Соколинского. - 2-ое издание. - М.: КНОРУС, 2006. - 464 с.
3. Қазақстан республикасының «Банк және банктік қызмет» туралы заңы.
13. Лекция. Сақтандыру нарығы
1. Сақтандыру қызметінің мәні.
2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.
3. Сақтандыру нарығының қатысушылары.
1. Сақтандырудың негізгі қайнар көзі « Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Ол 2000 жылғы 18 желтоқсанда қабылданды. Осы заң бойынша Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi. Ал с ақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.
Сақтандыру жағдайы: болған оқиға нәтижесінде келісім негізінде сақтандырушы төлем жасауға міндеттенеді. Келісімге отырған кезде сақатандырушы мен сақтандырылушы сақтандыру сомасына байланысты келіседі.
Сақтандыру функциялары:
Қорғаушы – яғни сақтандыру арқылы адам өзінің қауіпсіздік қажеттігін қамт. етеді.
• Ынталандырушы – көрсетілетін қызметтердің (медициналық, өрт қауіпсіздігі) дамуы мен сапасын ынталандыру б.т.
• Әлеуметтік – сақтандыру компанияларының белгілі бір жұмыс орындармен қамтамасыз етуінің нәтижесінде жұмыссыздықтың проблемасының бір бөлігін шешуге болады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі» туралы заңы
2. Темірбекова А.Б., Байшоланова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2008
14 Лекция. Бағалы қағаздар нарығы
1. Бағалы қағаздар түсінігі
2. Бағалы қағаздардың түрлері
3. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
Бағалы қағаздар айналымы жүретін қаржы нарығының бөлігін қор биржасы дейміз. Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.
Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық береді.
Облигация - борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік береді.
Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.
Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия жасайды. Мемлекеттік облигациялар - мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз эмитенттердің тұрғысынан қарағанда, облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы банктік депозит баламасы.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Қор нарығындағы кәсіби делдалдар-брокерлік және дилерлік қызмет көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен дилерлер. Брокерлік қызмет – бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру, клиенттік тапсырыс негізінде клиент мүддесі мен өз атынан бағалы қағаздарға кепілдік ретінде қаражат қорын тартып, орналастыру, бағалы қағаздарды жасау мен орналастыру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру, сонымен қатар бизнестің бірігу мен сіңу мәселесі бойынша кеңес беру.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2008
2. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар» туралы заңы
www.kase.kz
15 Лекция. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі
1. Мемлекеттің экономикалық саясаты
2. Қаржы жүйесі және қаржы саясаты.
Мемлекеттің экономикалық саясаты – бұл қойылған мақсатқа жету үшін эк-қ суб-дің іс әрекетін реттеуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Оның мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін: экономикалық өсу, ғылыми тех-қ прогресс, кірістерді онтайлы бөлу, толық жұмыспен қамтылу.
Мемлекет мақсатына жету үшін әртүрлі әрекет қолданады. Олар тура немесе жанама болуы мүмкін.
Тура шараларға объектке әсер ететін шаралар жатады. Ол әкімшілік ұстанымдар, тыйым салу, рұқсат, қаулылар.
Жанама шараларға объектіге оның қызмет ету аясын өзгерту арқылы әсер ететін шаралар жатады. Онда мемлекет ақша-несиелік, салық-бюджеттік, ғылыми-техникалық саясаты арқылы әсер етеді.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Есқараев Қ. Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Алматы, 2007
2. Мировая экономика в век глобализации. Москва, 2007
3.]www.minfin.kz
ПРАКТИКА (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Семинар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын оқытушы әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.
Семинар сабақтарына курстың неғұрлым маңызды әрі күрделі сұрақтары шығарылады. Студенттерден семинар сұрақтарын талқылауы үшін лекция мен ұсынылған қайнар көздерді пайдалана отырып, арнаулы дайындалуы талап етіледі.
Семинар сабақтарының мақсаты: студенттерде қарастырылып отырған мәселе бойынша оқу әдебиеттерімен, нормативтік құқықтық актілермен және өзге де қайнар көздермен дербес жұмыс істеу дағдыларын; оқып қарастырылған материалдарды ұғыну және талдау дағдыларын; тәжірибелік мәселелерді шешу жолымен нақты жағдайға қатысты құқықтық нормаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.
Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі.
Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.
Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн:
1. Берілген тақырып бойынша семинар жоспарымен мұқият түрде танысып алу, алдымен негізгі сұрақтармен, ал соңынан талқылауға ұсынылған сұрақтармен;
2. Семинар тақырыбы бойынша лекцияның конспектісін толық оқып шығу және қойылған сұрақтарды оқу үшін қажетті материалдарды белгілеп алу;
3. Берілген тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша қайнар көздерге жүгіну;
4. Берілген тақырып бойынша курсты тиімді меңгеруге көмектесетін негізгі терминдер мен түсініктерге ерекше мән беру;
5. Тақырыпта кездесетін нормативтік құқықтық актілерді ұғыну;
6. Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады.
Семинарға дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Студенттің семинар сабағындағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:
Курсты оқу аяқталған соң студент курстың негізгі тұжырымдарын меңгеруі тиіс және құқық субъектілерінің мінез құлқын талқылауда, проблемаларды талдау және шешуде, мемлекет пен құқық, мемлекеттік саясат үлгілерін таңдауда оларды қолдана білуі тиіс.
Семинар сабақтарына оқу бағдарламасына сәйкес аудиториялық сабақтардың жалпы санынан 15сағат бөлінген. Студент әрбір семинар сабағында мах. І баллға дейін жинай алады.
Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
· Теориялық білімдерін пайдалану;
· Жауаптарының негізділігі;
· Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу;
· Жаттығуларды орындау, мән жайларды қарастыру;
· Тезистер мен жауаптардың негізділігі;
· Есептерді шығару;
· Фактілік және кесте, сызбалық материалдарды қолдану;
· Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру;
· Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту;
· Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету;
· Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі;
· Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу;
· Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру;
· Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;
· Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі;
· Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу;
· Семинар сабағында толықтай белсенділік таныту.
«Экономикалық диктант»
Мақсаты: Лекцияда өткен тақырыпты, студенттің қаншалықты меңгеріп, түсінгенін анықтау.
Өткізу тәртібі: Сабақтың аяқталуына 12-15 минут қалғанда, дәптерге өткен сабақтар бойынша негізгі ұғымдар, терминдердің мағынасын жаздырту. Студентке ойлануға уақыт берілмейді. Ол сол ұғымның жанына бірденен анықтамасын не түсінігін жазуы керек.
Мысалы: Экономикалық заң, экономикалық категория, өндіріс, кәсіпкерлік, нарық, тауар деген сияқты кейбір негізгі ұғымдардың түсінігін лектор диктант ретінде алады.
Өткізу талаптары: оқытушы сабақ аяғында өтілген тақырыптардың негізгі ұғымдарры бойынша диктант алады. Бір сөзді айтқаннан кейін балалардың жауабын жазғанын қарап тұрады, жауап жазылғаннан кейін екінші сөзге көшеді. Студент көршісінің жұмысына қарауына болмайды, сұраққа тез жауап жазып үлгеруі керек.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:
СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағаттарында қорғалады. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.
Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі. Оқу-жұмыс бағдарламасында көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қабылданбайды.
СӨЖ туралы талаптар:
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.
СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.
Бұл пән бойынша орындалатын СӨЖ– берілген тақырыпты зерттеудің нәтижелері мен қозғалысын сипаттайтын теориялық және практикалық мазмұндағы дербес аяқталған жұмыс болып табылады.
Өзіндік жұмысты орындайтын студенттің алдына қойылатын мақсат – «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша теориялық білім дәрежесін көрсету, экономикалық үдерістер мен құбылыстарды өз бетінше талдай алу, нақтылы есептерді шеше білу.
Өзіндік жұмысты орындау студентке келесі мүмкіншіліктерді береді:
- экономика негіздері бойынша базалық білімдерін бекіту;
- таңдап алынған тақырыпқа сәйкес нақты экономикалық мәселе немесе есеп бойынша білімді ұлғайту және тереңдету;
- алынған теориялық білімдерді практикалық экономикамен байланыстыру;
- ҚР-ң ағымдағы жай-күйімен танысу;
- өзіндік ғылыми зерттеулерді алғашқы дағдысын алу;
- топтық жұмысты қорғаған кезде өзінің білімін және білімдарлығын көрсету;
- экономикалық тұрғыдан сауатты сөйлей және жаза алатындығын көрсету.
Студенттер өз бетінше орындайтын бұл жұмыстар реферат және эссе түрінде болады. Бұларды орындау барысында студенттер дәріс, практика сабақтарынан алған білімдерін және оқулықтарды, қосымша әдебиеттерді қолдануы тиіс. Реферат жазбаша түрде орындалып, көлемі 4-5 бет болуы керек.
Тапсырмадағы сұрақтардың негізгі мәнін анықтап, оны түсініп, басты проблемаларды шешу жолдарын көрсете білулері керек. Егер студент бұл жұмысты орындаған кезде әдебиеттер, интернет материалдарын қолданып, солардың мәліметтерін пайдаланса, онда сол жұмыстарға сілтемелерді міндетті түрде көрсетулері керек. Жұмыс силлабуста көрсетілген уақытта, мерзімінде тапсырылуы тиіс, егер белгілі уақыттан кешігіп өткізсе, онда бағасы төмендетіледі.
Жұмыс силлабуста көрсетілген бағалау тәртібі кестесіне сәйкес бағаланады.
Рефераттың құрылымды элементтері болып келесілер саналады:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Жұмыстың құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар:
1. Кіріспе.
Кіріспенің мазмұнында шешілетін мәселенің бүгінгі күйінің деңгейі бағаланып, тақырыпты өңдеуге қажетті нәтижелі мәліметтер мен оның іргетасы, сонымен қатар зерттеудің мақсаты мен міндеттері берілуі қажет. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, сондай-ақ зерттеліп жатқан мәселенің басқа тақырыптармен байланысы көрсетілуі керек.
2.Негізгі бөлім.
Бұл бөлімде оқулықтарға, оқу әдістемелік құралдарға, ғылыми журналдар мен мақалаларға негізделген теориялық материал баяндалуы тиіс. Студенттер зерттелінген экономика саласын, яғни нақты объектіні сипаттап, жұмысты орындау барысында теориялық білімдерді қолданып, осы экономика саласының жұмысына талдау жүргізу арқылы нақты шешімдер қабылдау іскерлігін көрсетулері керек.
3. Қорытынды.
Қорытындыда орындалған рефераттың тақырыбы бойынша қойылған мақсаттардың шешімі және оның нәтижесі туралы қысқаша түйін беріледі. Осы бөлімде студент қолданылған әдебиеттер туралы қысқаша мағлұматтар беруі керек.
СӨЖ орындау және тапсыру кестесі
тақы рып№ | СӨЖ тақырыптарының аталуы | Тапсырма мазмұны мен бақылау нысаны | Сағат саны | Семестр аптасы |
Экономикалық теория: пәні мен оның негізгі бағыттары | 1. Экономикалық ойдың дамуы 2. Әр түрлі экономистер мектебінің экономикалық теорияға берген тұжырымдамасы. 3. Экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары. Тақырыптарының мәнін ашып, баяндама, реферат жазып, оны қорғау. | |||
Экономикалық дамудың жалпы негіздері Өндіріс теориясы | 1. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. 2. Дәстүрлі экономикалық жүйенің мәнімен мазмұны. 3. Экономикалық жүйедегі өндірістің орны. 4. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Өндіріс және оның формалары. Өндірістік функция Қосымша әдебиеттерден мағлұматтарды ұсыну негізінде баяндама жасау | |||
Өндірістің ұйымдастыру-құқықтық формалары | 1. Кәсіпорынның даму стратегиясындағы шығындардың ролі. 2. Нарықтық экономикалық жүйенің мәнімен мазмұны. 3. Аралас экономика жүйесі: мәнімен мазмұны. 4. Орталықтандырылған экономикалық жүйенің мәні, мазмұны. Сұрақтарды талдай отырып, презентация негізінде көрсету | |||
Меншік және экономикалық жүйе. | 1.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының дамуы. 2.Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарын реттеу. 3. Мемлекет иелігінен алумен жекешелендірудегі заң негіздерінің ролі Нормативті-құқықтық база негізінде баяндама жасау | |||
Нарықтық экономиканың негізгі белгілері. Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы. | 1. Баға белгілеудегі нарық механизмі экономиканың реттеушісі ретінде 2. Қазақстанда нарықтық экономиканың негізін қалыптастыру 3. Нарық типтерінің ерекшеліктері. Әдебиеттер негізінде реферат жазу, сұрақтарға жауап беру | |||
Нарықтық қатынастар. | 1. ҚР шағын және орташа бизнесті дамытудың проблемалары. 2. Шағын бизнес - ҚР қаржы тұрақтылығының және экономикалық дамудың негізі. 3. Венчурлік кәсіпкерлік: ролі және даму проблемасы. БАҚ/ интернет көздеріндегі мағлұмат бойынша, кесте негізінде презентация жасау | |||
Нарықтық бәсеке және оның түрлері | Бәсеке түсінігі және оның түрлері. Еркін немес жетілген таза бәсеке Монополистік, жетілмеген бәсеке Капитал. Инвестициялар Осы тақырыптар бойынша, мысал клтіре отырып, реферат жазу. | |||
Фирма теориясы. Менеджмент, маркетинг. Жер нарығы. | 1. Жер нарығы: негізгі қалыптастыру факторлары. 2. Жер бағасы: құралуы, әсер етуші факторлар. 3. Еңбек нарығындағы баға құрудың ерекшелігі. Баянда жасау. | |||
Кәсіпкерлік капитал | 1.Нарық экономикасы жағдайындағы акционерлік қоғамдардың ролі. 2.Капитал туралы әр түрлі экономикалық мектептердің тұжырымдамалары. 3.Негізгі активтерді пайдалануды жақсарту жолдары және көрсеткіштері. Реферат не баяндама жазып, қорғау. | |||
Макроэкономика. Ұлттық экономика | 1.Ұлттық экономикадағы өнім мен табыс туралы көзқарас. 2.ҚР инвестициялық саясаты. 3. Жиынтық сұраныспен жиынтық ұсынысты реттеу Мағлұматты кесте не сызба ретінде көрсету | |||
Макроэкономикалық тұрақсыздық. | 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары, әдістері, құралдары. 2. Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары 3. Инфляция мәні және оның түрлері. Реферат жазу не презентация жасау | |||
Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі. | 1. Ақша –несие жүйесі. Банктік қызмет. 2. ҚР мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясаты. Интернет көздері негізіндегі мағлұматты және заңнаманы қосымша пайдалана отырып, баяндама әзірлеу | |||
Сақтандыру нарығы | 1. Сақтандыру қызметінің мәні. 2. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру. 3. Сақтандыру нарығының қатысушылары. Баяндама не презентация жасау | |||
Бағалы қағаздар нарығы | 1. Бағалы қағаздар түсінігі, түрлері 2. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары 3.Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы Презентация жасау. Үшінші сұраққа кесте құру | |||
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі. | 1. ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы. 2. ҚР бүкіләлемдік сауда ұйымына ену қарсаңында. 3. ҚР экономикасының интеграциясы. Соңғы мәліметтер негізінде баянда жасау | |||
Барлығы: |
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СОӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СОӨЖ тапсырмаларының түрлері:
Презентация, эссе, баяндама (реферат), кесте, ауызша жауап және т.б. болуы мүмкін.
Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады. Қорғау уақыты 10 минут.
Реферат 10-12 беттен кем болмауы тиіс. Реферат жазбастан алдын қажетті әдебиеттерді таңдап алып, материалдарды оқып шығу және негізгі мәліметтерді талдап, статистикалық мәліметтерді құрастыру қажет.
Кесте компьютерде жасалады, мұндатақырып бойынша материалды неғұрлым жақсы игеру үшін кесте түрінде бейнелеу қажет. Кесте А4 форматында 1,2 бетке сызылуы мүмкін.
Салыстырмалы сызба к омпьютерде жасалады, тақырып бойынша материалды толық игеру үшін бірнеше мемлекеттік құқықтық құбылыстарды салыстыра отырып, олардың айырмашылықтарын А4 форматында сызбада көрсету қажет.
Ауызша жауап материалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.
СОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:
СОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тәртіпте және уақытта қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған студенттерден өз аптасында тапсырмаған СОӨЖ қабылданбайды. Егер СОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе келесі аптадағы СОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.
СОӨЖ мазмұны мен өткізу кестесі
№ | Тақырыптың аты | Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны | Ұсынылған әдебиеттер | Әдістемелік нұсқаулар | СОӨЖ өткізудің нысаны | СО ӨЖ өткізу аптасы |
Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен рөлі. | 1.Экономика және оның қоғамдағы рөлі. 2.Экономикалық теория пәні. 3.Негізгі экономикалық ұғымдар. 4.Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері. 5.Экономикалық теорияның функциясы. | н.ә. № 2, 3 | Ұсынылған әдебиеттер негізінде реферат жазу | Реферат | ||
Экономикалық дамудың жалпы негіздері Өндіріс теориясы | 1. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. 2. Экономикалық жүйедегі өндірістің орны. 3. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. 4. Өндіріс және оның формалары. Өндірістік функция | н.ә. № 1,4 | Қосымша әдебиеттерден мағлұматтарды ұсыну негізінде жасау | Баяндама | ||
Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі. | 1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. 2.Меншіктің экономикалық теориясы. 3.Меншіктің құқық теориясы. 4.Нарықтық экономикада меншік қатынастарының түрлері. 5.ҚР мемлекет меншігінен алу және жекешелендіруге байланысты меншік қатынастарының қалыптасуы. | н.ә. № 3,6 | Ұсынылған әдебиеттер негізінде реферат жазу | Реферат | ||
Экономиканың негізгі ұйымдастыру формалары. | 1.Натуралды шаруашылық және негізгі белгілері. 2.Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары. 3.Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері. 4.Ақшаның пайда болуы және қызметтері. | н.ә. № 3,6 | Қосымша материал негізінде презентация жасау | Презентация | ||
Экономикалық жүйелердің үлгілері және өтпелі экономиканың заңдылықтары. | 1.Экономикалық жүйе және оның элементтері. 2. Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. 3.Өтпелі экономиканың заңдылықтары: меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру,ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату,нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. 4.ҚР экономикасының қайта құрылуы: мақсаттары және кезеңдері. | н.ә. № 5 қ.ә. № 10,11,12 | Ұсынылған әдебиеттер негізінде реферат әзірлеп, оны қорғау | Реферат | ||
Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі. | 1.Нарықтың мәні,қызметтері. 2.Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. 3.Нарық механизмінің элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке. 4.Нарық түрлері және оның жіктелуі. 5.Нарық инфраструктурасы. | қ.ә. № 1,11,12 | Кесте не сызба негізінде презентация жасау | Кесте не сызба | ||
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері | 1.Сұраныс заңы.Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. 2.Ұсыныс заңы.Ұсыныс қисығы.Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. 3.Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.Нарық тепе-теңдігі. | н.ә. № 3 қ.ә. № 5,16 | Сызба негізінде көрсету | Сызба | ||
Фирма теориясы. | 1.Менеджмент – фирманы басқару теориясы және оның қызметі 2. Маркетинг, мәні, тәсілдері | н.ә. № 8 қ.ә. № 8 | Қосымша интернет ресурстарын пайдаланып, презентация жасау | Презентация | ||
Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы | 1.Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. 2. Жер ауылшаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның түрлері. 3.Фирманың табысы: жалпы,орташа, және шекті. 4.Еңбек өндіріс факторы және еңбек ақы еңбек бағасы ретінде. | н.ә. № 8 қ.ә. № 2, 19, 23 | Сызба не кесте негізінде презентация көрсету | Сызба не кесте | ||
Ұлттық экономика жүйе ретінде | 1.Ұлттық экономика жүйе ретінде, 2.Жалпы экономикалық саясаттың мақсаттары. 3.ЖҰӨ-ді есептеу әдістері(шығындар бойынша,табыстар бойынша,қосылған құн бойынша) | н.ә. № 3, 8 қ.ә. № 20, 22 | Ұсынылған әдебиет негізінде баяндама жасау. ЖҰӨ есептеу әдістерін сызба реінде көрсету | Баяндама/ сызба | ||
Жалпы экономикалық тепе-теңдік және оның бұзылуы. | 1.Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. 2.Жұмыссыздықты өлшеу, оның себептері, түрлері. Қазақстандағы жұмыссыздық 3. Инфляцияның себептері мен түрлері. 4.Қазақстандағы инфляция. | н.ә. № 7 қ.ә. № 5, 6 | Соңғы мәліметтер және ғаламтордағы мағлұмат негізінде баяндама/ презентация дайындау | Баяндама/ презентация | ||
Ауытқу экономикалық дамудың заңдылығы ретінде. | 1.Нарықтың экономикалық ауытқулы дамуы және оның себептері: сыртқы және ішкі. 2. Экономикалық ауытқуларды реттеу. | н.ә. № 7 қ.ә. № 1,5 | Реферат әзірлеу | Реферат | ||
Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндірістің мақсаты ретінде. | 1.Экономикалық өсу, оның үлгілері және өлшемдері. 2.Экономикалық өсудің түрлері және жағдайлары. 3. ҚР-да экономикалық өсудің жағдайлары және факторлары. | н.ә. № 7, 9 қ.ә. № 1, 6, 7, 9 | Реферат әзірлеу | Реферат | ||
Экономикада мемлекеттің ролі. | 1.Мемлекеттің экономикалық қызметтері. 2.Ақша жүйесі және оның элементтері. 3.Несие және оның қызметтері. 4.Ақша-несие саясаты және оның құралдары. 5.ҚР монетарлық саясаты. 6.Қаржы және қаржы саясаты. 7. ҚР-ның бюджет-салық саясаты. | н.ә. № 9 қ.ә. № 1, 4, 7 | Баяндама/ презентация дайындау | Баяндама/ презентация | ||
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі. | 1.Халықаралық еңбек бөлінісі. 2. Қазақстанның әлем шаруашылығына кіру мәселесі. 3. Сыртқы экономикалық реттеудің құралдары мен механизмі. | қ.ә. № 1, 3, 7 | Баяндама/ презентация дайындау | Баяндама/ презентация |
БАҚЫЛАУ ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДАР
1. Семестраралық бақылауға арналған тест сұрақтары
1. Информациялық ресурстар –
А) ҒТР Ә) экономикалық қатынастар сферасы
Б) автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар.
2. Өндіргіш күштер –
А) Өндіріс процесіндегі экономикалық және өндірістік қатынастар
Ә) Экономикалық қатынастар сферасы
Б) адам өзінің өндірісіне, тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер.
3. Халықтың бай, кедей боп бөлінуі, жалақы айырмашылығының тым алшақтығы, кәсіпкерлікті қолдау нарықтық экономиканың қай үлгісіне жатады?
А) жапониялық үлгі, Ә) француздық үлгі, Б) американдық үлгі.
4. Марсистік теория бойынша факторларды жіктеу әдістеріне төмендегілердің қайсы кірмейді?
А) жұмыс күші Ә) еңбек заттары Б) капитал В) еңбек құралдары.
5. Маржиналистік теория бойынша факторларды топқа бөлуіне төмендегілердің қайсы кірмейді?
А) жер Ә) еңбек Б) капитал В) кәсіпкерлік қызмет Г) игіліктер
6. Коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет
А) кәсіпкер Ә) кәсіпкерлік Б) жетістікке жету деп аталады.
7. Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалыu
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 263 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Экстраверт — интраверт — амбаверт | | | Интернет ресурстар |