Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Д і с т е о р и я с ы

Д і с т е о р и я с ы | Д і с т е о р и я с ы | Д і с т е о р и я с ы | Жұмыстың орындалу реті | Дістің теориясы | Жұмыстың орындалу реті | Т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р | Жұмыстың орындалу реті | Д і с т е о р и я с ы | Жұмыстың орындалу реті |


 

Жарық толқыны, электрмагниттік толқындар тәрізді өзара перпендикуляр жазықтықтағы электр және магнит өрістерінің, яғни Е және Н векторларының тербелістерімен сипатталады (1-сурет). Табиғи жарықта электр өрісі кернеулігі Е мен магнит өрісі кернеулігінің Н барлық бағыттағы көлденең тербелісі бірдей дәрежеде өтеді. Қандай да бір тәсілмен жарық векторының тербелісі реттелсе, оны поляризацияланған жарық деп атайды. Егер жарық векторы тек бір жазықтықта тербелетін болса,мұндай жарықты жазық немесе сызықты поляризацияланған дейміз.

Электрлік тербелістер болатын жазықтықты тербеліс, ал оған перпендикуляр (яғни магниттік тербелістер болатын) жазықтық поляризация жазықтығы деп аталады. Поляризацияланған жарық алу үшін арнаулы құралдар поляроидтар қолданылады. Олар өзінің бас қимасының жазықтығында болатын тербелістерді ғана өткізеді (2-сурет).

Көз поляризацияланған жарықты табиғи жарықтан нақты ажырата алмайды. Зерттеу жұмыстарында табиғи жарықтың жолына бірінші поляроид- поляризатор, одан өткен жазық поляризацияланған жарық жолына екінші поляроид-анализатор қойылады. Поляризатордан өткен жарық интенсивтігі оған түскен табиғи жарық интенсивтігінің жартысына тең, яғни . Егер екінші поляроидты жарық сәулесінің таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта орналастырып, өз осіне қатысты айналдырса, өткен жарық интенсивтігі поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтарының арасындағы бұрышқа байланысты өзгеріп отырады.

Айталық, РР поляризатор жазықтығы, АА анализатор жазықтығы, α-олардың арасындағы бұрыш болсын делік (3-сурет). Сонда

E=E0cosα (1)

мұндағы Е0 поляризатордан өткен жарық векторының амплитудасы, Е -анализатордан өткен жарық векторының амплитудасы.

Жарық интенсивтігі тербеліс амплитудасының квадратына тура пропорционал болғандықтан:

І=І0 соѕ²α (2)

Мұндағы I0 және І -сәйкесінше анализаторға түскен және анализатордан өткен жарық интенсивтігі.

Е

 

 

U

 

 

Н

1-сурет

 

P A

 
 


S

Е

 

P A

 

2-сурет

 

Р А

 

Е0 ФЭ

a Е

S P A

 

 

А Р

 

3-сурет 4-сурет

 

Егер анализаторды поляризацияланған сәуленің бойымен айнала бұрса:

α=О° болғанда (поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтары параллель), поляризацияланған жарық интенсивтігі максимал болады.

α=90° болғанда (поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтағы өзара пнрпендикуляр), поляризацияланған жарық интенсивтігі нольге тең болады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Д і с т е о р и я с ы| Д і с т е о р и я с ы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)