Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.

Оқыту нәтижелері | Баға бойынша ақпараттар | Тақырып 12. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы. | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихандық сұрақтары |


Читайте также:
  1. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер
  2. Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу
  3. Отбасының заман талабына сай мәселелері туралы қазақша реферат
  4. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.
  5. Тақырып 12. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
  6. Тақырып. 1922-1924 жж ақша реформасы.

КСРО ыдырауы, экономика құдырауы, КСРО ақша жүйесінің құлауы, Қазақстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы – Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себебтері болды.

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін құру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта – теңге айналымға еңгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961 -1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшаға ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды.

16-ға толған және одан ересек Қазақстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды.

ҚР Ұлттық банк теңгенің валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары – 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақыда көтерелді. Инфляцияның өсу қарқыны екі белгімен есептелді.

1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шеғарылды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7.

Семинарлық сабақтар жоспары

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинарлық сабақтың мақсаты – студенттердің лекциялық материалдарды қабылдауы және өзіндік жұмыстарды орындау кезінде тақырыпты толық талдау. Семинарлық сабақтар оқытушының студенттерден ауызша сабақ сұрауы бойынша жүзеге асырылады. Оқытушы тарапынан семинарлық сабақта тақырып бойынша дебаттар, ойындар түрлерін, жазбаша жұмыстарды, глоссария, тест жұмыстарын және тағы басқа сабақ өткізу формаларын қарастыруға болады.

Сонымен қатар, тапсырмаларды орындау үшін, студенттерге келесілер қажет: ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттермен танысу, статистикалық мәлметтерді талдай білу керек, қосымша тапсырмалар орындауы үшін өзінің зерттемелері болуы керек, практикалық есептерді шешу әдістемесін ұсыну қажет.

 

Тақырып 1. Ақша – несие жүйесінің қалыптасуы.

1. Ақша - несие жүйесінің түсінігі.

2. Ресей ақша-несие жүйесінің даму тарихы.

Тапсырма.

Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7.

Тақырып 2. 1535-1538 ж.ж. Ақша реформасы (Елена Глинскаяның реформасы)

1. Ақша реформасының мәні.

2. Ақша реформасының артықшылығы мен салдары.

Тапсырма.

Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. 1922-1924 жж ақша реформасы.| Тақырып 3. Несиелік мекемелерінің пайда болуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)