Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. 1922-1924 жж ақша реформасы.

Оқыту нәтижелері | Тақырып 3. Несиелік мекемелерінің пайда болуы. | Тақырып 12. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы. | Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары | Курс бойынша емтихандық сұрақтары |


Читайте также:
  1. Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу
  2. Отбасының заман талабына сай мәселелері туралы қазақша реферат
  3. Тақырып 12. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
  4. Тақырып. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.
  5. Тақырып. Детерминация және қылмыстылықтың себептері
  6. Тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері

Ақша айналымының реформасына дайындық ретінде ақша есебін күрделі болдырмау үшін 1921 ж. қарашасында және 1922 ж. желтоқсанында екі түрлі деноминация өткізілді. Бірінші деноминация кезінде, «1922 жылдың белгілері» айналымға енгізілген уақытта, олар несие билеттеріне және бұрыңғы шығарылымның барлық төлем белгілеріне 10 000: 1 сәйкестікте айырбасталынды; екінші деноминация кезінде «1922 жылдың ақша белгілері» жаңа «1923 жылдың белгілеріне» 100: 1 сәйкестікте ауыстырылды.

Ақша реформасын өткізу бойынша дайындық кезінде Мемлекеттік банк бағалы металдарды және тұрақтандырылған шетел валютасын олардың қорын құру мақсатында сатып ала бастады.

Айтылып кеткендей несие жүйесін қалпына келтірудің алғашқы амалы 1921 ж. қазанында РСФСР Мемлекеттік банкін құру болып есептелінді, оның алғашқы қызметтері:

- қайта қалыптасып келе жатқан экономикасының несиелендіру көзін құру мақсатында ақша жинауларын мобилизациялау;

- кооперация және сауда операциялармен айналысатын басқа ұйымдарға несие беру;

Орталық банкке сай емес операцияларды жүзеге асыру: мемлекеттік және кооперативтік ұйымдардың комиссияға қабылданған тауарларды сату, әрі қарай сату мақсатында тауарларды өз қаражаттарына сатып алуы, несиені өттеуден алынған тауарларды сату, нан өнімін дайындау мен сатуда белсенді қатысу.

Мемлекеттік банкпен қатар мемлекеттік, кооперативтік және мемлекеттік-капиталисттік (аралас) жеке меншік формалары бойынша бөлінген банктер құрылды. Бұл банктер экономиканың әртүрлі салаларына ссуда беретін ұзақ және қысқа мерзімді несиелендірудің мамандырылған банктері.

ХХ ғ. 20 ж.ж.-ның екінші жартысында елдің несие-ақша жүйесінде, ақырында өзара байланысқан, екі дербес үрдістер байқалған: күрделілік пен қайшылықтың артуы және несиені орталықтанған басқаруына бейімделуі үрдістері.

Ішкі нарықтағы червонец тұрақтылығын сақтау шараларын жүзеге асыруы барысында қиыншылықтар байқалған. Дамуға бет бұрған өндіріс пен сауда жан-жақты өсуі себебінен несиені қажет етті. Сонымен бірге Халықтық Қаржылық Ұйым (Наркомфин) және Мемлекеттік банк (Госбанк) инфляцияны баяулату және червонец тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттарында несиелік эмиссияның әрекеттерін бәсендетуге тырысты. Мысалы, ел экономикасы 1926 жылы несиелік рестрикцияның жүргізілуіне байланысты қиыншылықтар көрді, яғни ақша массасының айналымағы мөлшеін азайту мақсаттарында ссудалар көлемінің қысқаруы үрдісі жүрді. Несиелік рестрикция саясатынан бас тартқан соң Мембанк 1927 жылы ауқымды несиелік экспансия саясатына көшті. Нәтижесінде несиелік эмиссия нақты салымдарға сәйкес келмей халық шаруашылығына ақшалай белгілерін тарта бастады, осыған байланысты 1925 жылы червонец бағамының төмендеу әрекеттері басталды. Оны тұрақтандыру мақсаттарында нарықтың үнемі валюталық құндылықтармен толтырылуы талап етілді. 1926 жылдың екінші жартысында ішкі нарықта шетел валютасының сатып алу-сату әрекеттері тоқтатылып, Кеңестік валютаның елге енгізуі мен шығарылуы да тоқтатылды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5.

Қосымша әдебиеттер:6, 7, 8, 9, 20.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 231 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Баға бойынша ақпараттар| Тақырып. Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)