Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерьердегі поп-арт

Читайте также:
  1. Зарождение поп-арта
  2. Поп-арт: добавить яркую ноту

Қаныққан түстер мен бояулардың молшылығы, ең көрнекі үйлесімділіктер, заттарға деген әдеттегідей емес көзқарастар, қол жетімділік, қолайлылық пен түпнұсқалық – поп-арт үлгісі өткен ғасырдың 50-60 жылдары наразылық білдіріп, содан бері шарттылықтан еркіндікті ресми мәлімдеп келеді. Заманауи интерьерде поп-артты соншалықты танымал деп атауға болмайды – дегенмен де ол жайдан-жай сәйкес келе бермейтін белгілі бір өмір салтына әдемі көркем көрініс береді.

Поп-арттағы интерьер рухы мен атмосферасынан басталық. Егер Сіз белсенді еңбек еткен күннен кейін тыныққанды ұнатсаңыз, онда бұл үлгі Сіз үшін арналмаған. Бүгінгі таңда поп-арттың жастар дәмханасы мен клубтарын көркемдеуде кең танымал болуы жайдан-жай емес. Ол каминдегі ұшқын шашқан оттың жылуымен, кітап оқитын тыныш кештер үшін емес, үнемі қозғалыстағы, шулы компаниялар үшін ұсынылады. Алайда, тіпті жарқылы көп ортаның өзінде тыныш әрі жанға жайлы уақытты өткізуге болады. Әрбір түстің белгілі бір атмосфераны құрып қана қоймай, белгілі бір көңіл-күйдің қалыптасуына мүмкіндік беретіндігі белгілі. Ал, поп-арт ұсынатын барынша жарқын, қышқылды түстердің үйлесімділігіне әрбір адамның шыдауы қиын. Сондықтан егер Сіз өз үйіңіз үшін осы үлгіні таңдаған болсаңыз, Сіздің айналаңызда үнемі қозғалыстың болатындығына дайын болыңыз. Және егер бұл қонақ бөлмесі мен дәліз үшін кейбір сәттермен дәл келер болса, онда жатын бөлме үшін қиындыққа айналуы мүмкін. Мұнда бойды еркін ұстап, демалу қиынға соғады. Сондықтан өз үйіңіз үшін поп-артты таңдай отырып, жатын бөлмеде поп-арт үлгісіндегі акценттермен, аксессуарлармен ғана шектеліңіз.

Қабырғалардың, жиһаздың немесе еденнің бәсеңдетілген түстерін ашық түсті жастықтармен немесе, мысалы, белгілі бір танымал тұлға бейнеленген суретпен үйлестіруге болады. Алайда, бұл суреттің поп-арт үлгісін көрсетуі үшін, бейне бірнеше ретке көбейтілуі тиіс. Бейнесі қандай да бір түспен ерекшеленетін, өзіндік триптих жасауға болады. Сонымен бірге бір суреттің әртүрлі үлгілерде бірнеше рет көбейтілуі осы үлгіге тән. Поп-арт өнеріндегі мұндай тәсілдің жарқын үлгісі ретінде «Біреуге қарағанда отызы артық» атаулы суреті қызмет етеді. Онда Мэрилин Монроның боялған бейнесі отыз рет қайталанады. Осыған қоса плакат көлемдеріне дейін ұлғайтылған комикстерден тұратын суреттері керемет көрінетін болады. «Еркектер не туралы айтады» фильмінде бейне кейіпкерлерінің Киевтегі өнер галереясында бір қарағанда – ғимараттың қажетті бөлігі ме немесе өнер туындысы ма екендігін айыру мүмкін емес, заманауи өнер, Энди Уорхолла, бастамалар туралы талқылайды. Фильмнің осы көрінісіне сүйене отырып, өз үйіңізде поп-арт үлгісінде интерьер жасауға болады. Себебі, бұл үлгінің басты белгісі - өнердің қиыр шыңына ең қарапайым заттарды шығару болып табылады. Сіз ванна бөлмесінде қол жуғышты қандай да бір қарапайым емес плиткамен және стандартты емес түстермен көркемдесеңіз – таңертеңгі дәретхана орны интерьердің толыққанды стильді бөлшегіне айналады.

Поп-арт үлгісінде жібектерге, барқытқа және ағаштардың бағалы түрлеріне орын жоқ. Пластик – интерьердің ең басты қаһарманы: түсті, ақ, жартылай мөлдір. Онда үстелдер, орындықтар, кереует жанына қойылатын сөрелер жасалынуы тиіс. Алайда егер Сіз жатын бөлмеде поп-арт үлгісінен кейбір бөлшектерді алғыңыз келсе, бөлмені пластик жиһазға толтырудың қажеті жоқ. Ол өте қуатты стилистикалық жүктемеге ие және интерьердің бейтарап, қарапайым бөлшектерімен ол диссонансқа ұшырайды.

Поп-арттағы түстердің жарқындығы мен алуандылығы тек төбелерге жоламауы тиіс. Акценттер мен дизайнерлік шешімдерді реңдестіру үшін төбе ақ түсті болуы тиіс. Бұл керілген жалтырақ болуы мүмкін немесе гипсокартоннан көп деңгейлі композицияны құрыңыз, алайда не болса да, ақ түсті болсын. Төбелерге келгенде түспен ойнаудың қажеті жоқ. Тағы да, егер сіз өз қалауыңызды көп деңгейлі гипсокартонды төбеге тоқтатқан болсаңыз, кеңістікті аздап шектеуге, аумақтарды бөлуге көмектеседі. Поп-арт үшін жай шекараларының жылыстауы сипатты. Әрине, қабырғалар мен есіктер өз орындарында қалайды, алайда бұған қарамастан бөлмелер бір-біріне өтетіндей көрінеді.

Міндетті түрде жайды түсті пластиктен даярланған аксессуарлармен толтырыңыз. Олар пластик жиһазбен және түсті пластиктен даярланған стеллаждармен үйлесетін болады. Дизайнерлік ұсақ-түйектерді таңдау кезінде өз қиялыңызға ерік беріңіз. Бұл белгілі бір мүсіншілер (оларды таңдау кезінде поп-арт ережесі туралы естен шығармаңыз: өнер – бұл сіздің айналаңыздағы заттар), сағаттар, бокалдар, құмыралар, фото-жиектемелер (осыған қоса, оларға не атақты адамдардың негативтерін, немесе коллажға жинақталған, өз фотосуреттеріңізді қоюға болады) және осылайша жалғаса береді.

Үлкен кеңестіктерді талап ететіндігіне қарамастан, поп-арт ең қолжетімді әрі демократиялық үлгі болып қалып отыр. Алайда оны тинейджерлік деп атау қате болар. Себебі, ересек, сәтті адамдардың өзі одан өз керегін тауып жатады. Поп-арттың күмәнсіз жетістіктері қатарына мұндай интерьер өз иесін ұстап тұратын, тонусты жатқызуға болады. Поп-арт үлгісінде көркемделген үйдің өзіңізді қайтадан жас сезінуге мүмкіндік беретіндігі, ал жастарға интерьер арқылы өмірдің жарқын сәттерін көрсетуге мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Осылайша, поп-арттың бюджеттігіне қайта орала отырып... Бұл үлгінің өнер шыңына үйлесімді интерьер жасау үшін тұрмыстың қарапайым заттарын шығаратындықтан, оларды жай жөндеп, барынша көп түс қоссаңыз жетіп жатыр. Картина, жастықтар, коллаждар немесе паннондар сатып алып немесе өз қолдарыңызбен жасай отырып, қарапайым заттар мен бұйымдарды поп-арт үлгісінде өзіңіз жаңартсаңыз жетіп артады.

Сондықтан егер әрдайым өзгерістер мен тұрақты қозғалыстарға даяр болсаңыз, поп-арт үлгісіне өз интерьеріңізді түрлендіріңіз. Дегенмен, жарқын, белсенді, қаныққан түстерден де жылдам шаршайсыз. Бұған қарамастан, поп-арт үлгісіндегі интерьер заттардың қалыпты және жалыққан тәртіптерін ауыстыруға, қабырғаларды басқа түске бояуға, жиһаздардың орнын ауыстыруға мүмкіндік беретіндігімен жақсы. Жалпы алғанда, оны әр адам бүгінгі таңдағы талғам мен көңіл-күйіне қарай өзгерте алады.

 

2.2

Масштабтау – бұл интерьерде жайлы үй атмосферасын немесе керісінше, көтеріңкі көңіл-күйді құрудың дизайнерлік тәсілі. Кейде әдеттегі емес әсерлерге қол жеткізу үшін адамның қарқынымен бірге үйлеспейтін заттарды саналы түрде қолданылады.

Сауатты қарқындастыру көмегімен жай ішінде жайлы үй ішін құруға немесе керісінше қарапайым бөлмеден сәулетті қонақ бөлмені жасауға болады.

Болашақ нысандарының көлемдерін таңдау кезінде дизайнерлер әдетте үлес және масштаб түсініктерін басшылыққа алады. Үлестер деп бөлшектер мен тұтас өлшемділігі түсіндіріледі; үлестер сандық қатынастар түрінде көрінеді және дұрыс немесе дұрыс емес ретінде қабылданады. Масштаб бір элементтің шамасының өзгелер шамасына қатынасы туралы айтады, ол сәулет имараты (немесе оның интерьері) және барлық тұтастың жеке элементтерінің өлшемділігін білдіреді.

Жиі жағдайда дизайнерлік шешімдер әртүрлі шамалардың екі немесе одан да көп заттардың қатынасына негізделеді! Мысалы, үлкен емес сурет қандай жерде орналасқандығына қарамастан кең әрі биік қабырғада сенімсіз жоғалып кетеді. Алайда, интерьердің ірі элементтері де бөлмедегі немесе тұтасымен алғанда қалған заттарға қатынасы бойынша аумақта көзге көрінбеуі мүмкін.

Нақты масштабты бағалау жайдың стандартты пішіндеріне және көптеген өзге факторларға байланысты емес, интерьердегі заттардың санының көптігіне байланысты қиыншылық туғызуы мүмкін.

Масштаб үлестермен тығыз байланысты дизайн қағидасы болып табылады. Үлес дегеніміз композицияның бөлшектері арасындағы қатынас болып табылатындықтан, масштаб бір нысанның екіншісіне немесе бүкіл кеңістікке өлшемінің қатынасымен айқындалады.

Теңсіздік тиімді дизайнды құрудағы ең күрделі мәселелердің бірі және осыған қарамастан түс немесе материал болсын, өзгелердің өлшемдестігі жалпы әсер алуды өзгертеді. Егер интерьердегі барлық дүние бір масштабта ұсталынатын болса, нәтижесі болжауға оңай әрі қызықтан құр қалған болады. Басқаша айтқанда, көзге ұрынар ештеңе болмайды. Әртүрлі көлемдегі заттарды қолдану жайға белгілі бір сипат беріп, тартымды етеді. Белгілі бір жақты масштабтығын бұзу – жүздеген жылдар бойы қолданып келе жатқан тәсіл.

Мәселе масштабқа келіп тіркелгенде, қарапайым ережені басшылыққа алу қажет: бөлмеге жақсы үйлесетін, ең үлкен затты табыңыз. Дұрысы оны диван, кереует, шкаф, үстел немесе есіктер жанына орналастыру қажет. Алайда, масштабты өзге түрде де қолдануға болады. Мысалы, орасан үлкен камин плиталарынан төселген еденді немесе еденнен төбеге дейін кеңістікті алып жатқан есікті елестетіп көруге болады.

Жайдағы заттардың әртүрлі көлемді: ұсақ және ірі болуы өте маңызды. Орта көлемді заттармен шектелмей, материал немесе түсті гамманың біріктіруін ойластыру қажет. Ірі заттармен жұмыс жасау ұсақтармен қарағанда оңай, сондықтан ортақ ережелерді қолданыңыз: пішіні және материалдары ұқсас ұсақ заттарды іріктеңіз; оларды өте көп көлемде қолданбаңыз; қатарға немесе топтастырып орналастырыңыз; егер барынша үлкен әсер туғызғыңыз келсе, оларды үлкен заттардың қасына орналастырған жөн.

Көлемі бойынша барынша ірілердің қасына орналастырылған нысан кішкентай көрінеді. Барынша кіші көлемді заттар өзге нысандар арасында үлкен көрінеді. Сонымен бірге, «орташа» немесе «қалыптыға» қарағанда нысан көлемі барынша үлкен ретінде қолданылады.
Мысалы, кішкентай үстелдер жанындағы үлкен креслолар секілді, жұқа әсем орындық жалпақ үстелмен жұпта ауқымнан тыс көрінер еді.
Масштабты сонымен бірге адам денесіне қатынаста қарастыруға болады. Осылайша, тең емес үлкен интерьерде сіз өзіңізді өте кішкентай сезінер едіңіз және адамзаттық масштабтың жетіспейтіндігін айтуға болады.

Әдетте ірі масштабты күшті, ресмилікті, қауіпсіздікті білдіреді және бұл жиі жағдайда бұл сапаларды күшейтетін әсер қалдырғыш ғимараттарды құру үшін қолданылады. Алайда ірі ауқымды ғимаратқа келудің жөні мен мұндай ғимаратта өмір сүрудің жөні екі басқа. Мүлтіксіз үй туралы ұғым өзіңізді жайлы әрі ешқандай күштеусіз - өте үлкен емесе, не өте тар емес тең, қызметтік кеңістіктен тұрады.

Адамзаттық масштабты біз көріп әрі қолдануға әдеттенген кейбір элементтер – есік саңылаулары, терезелер, баспалдақтар, үстелдер және әртүрлі тіреу орындары (кресло, дивандар, кереуеттер) арқылы қабылдаймыз. Бұл элементтер адамзаттық масштабты үлкен жайларда сақтайды.

Масштабтар мен пропорциялардың дұрыс арақатынасы – бұл интерьер дизайнерінің алдынан шығатын ең негізгі міндеттердің бірі.

Масштабтар мен пропорциялардың дұрыс арақатынасына интерьерді визуалды түрде қабылдау мен адам өзін онда қаншалықты ыңғайлы сезінуі байланысты.

Интерьер дизайнерлері бөлменің көлемі мен ондағы заттардың көлемі туралы айтқанда «масштаб» терминін қолданады. Жиһаз, шамшырақтар және декор элекменттерін таңдау кезінде пропорционалдық қағидасын сақтана отырып, олардың көлемдерін ескеру қажет. Бұл қағида барлық элементтердің бір бірімен үндестікпен үйлесуі. Алайда элементтер тек көлемі жағынан ғана емес, түс, ұзындығы және де пішіні бойынша да үндестікте болуы керектігін есте сақтаған дұрыс.

Масштаб үйлесімі қағидасы сонау Ежелгі Грекияда да қолданылған. Гректер ғибадатханаларының пропорциялары мен көлемдерін адаммен арақатынасты етіп салуға ұмтылған. Сондықтан олар адамзат дене пішімін мүшелердің пропорционалды арақатынасы ережесі бойынша мұқият зерттеген. Дәл осындай ережелер кейін ғимараттар құрылысына да қолданылған. Осының арқасында антикалық құрылыстар қазіргі таңда әсемдік пен үйлесімділіктің мұраты болып табылады. Тіпті ең зор грек сарайлары, өз ғаламаттығымен адамды еңселемей, оған көлемі жағынан үйлесімді келеді.

Осы қағидалар қазір интерьелерді жобалауда қолданылып, олардың функционалдығын қамтамасыз етіп келеді. Мысалы, жиһаздар мен архитектуралық элементтердің барлығын көлемі кәдімгі орташа адамның дене бітімін сәйкес келуі тиіс. Төсектердің ені, үстелдер мен жұмыс жазықтықтарының биіктігі, саты өлшемдері – барлығы бізге күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы етіп анықталады.

Сонымен қатар пропорционалдылық тек функционалды ғана емес, және де эстетикалық құрамдастыққа әсер етеді. Сондықтан үйлесімді әрі әсем интерьер құру үшін бірнеше қарапайым ережелерді ұстанған абзал.

1. Бөлме аумағына сай келетін жиһаз таңдау

Үлкен бөлмеге көлемді жиһаз, ірі шамшырақтар мен декор элементтерін қоюға болады. Үлкен көлемді жерде шағын, кішкентай заттар көзге ілінбей қалады да, ойыншық секілді көрінуі мүмкін. Ал шағын интерьерлерде бөлмені көрер көзге ыбырсытып көрсетпейтін, ықшам әрі жинақы заттарды таңдаған жөн.

2. Барлық элементтерді композициялық орталықпен сәйкестендіру, үйлестіру

Жиһаз бен декор элементтері интерьердің негізгі басты элементіне пропорционалды болуы тиіс. Ірі көлемді диванның үстіне жіңішке графиканы ілуге болмайды. Үлкен үстелдің айналасына тым шағын орындықтар қою да ерсі көрінуі мүмкін.

3. Биіктіктердің пропорционалдығы

Жиһаз алған кезде, оның биіктігіне мән беру керек. Егер қоятын бөлменің үстіңгі қабырғалары аласа болса, оған сәйкес биік емес жиһаз таңдаған дұрс болады, және де керісінше.

Алайда заманауи интерьерлерде бұл ереже сақталмайды. Оларда аталған пропорция әдейі бұзылады. Модерн стилінде аласа жиһаз биік қабырғалы бөлмелерге анағұрлым бейнелілік пен драмалық әсер беру үшін қойылады.

4. Пішіндердің пропорционалдығы

Интерьер элементтерінің пішіндері де бір-бірімен үйлесіп тұрғаны жақсы. Мысалы, тік төртбұрыш диван, үстел, қабырғадағы жиектемелер мен есік ойықтарының арасынан осы элементтердің барлығы бір ырғақты композицияға жиналатындай пропорционалды үйлесімділік табуға тырысу керек.

5. Бос орын қалдыру

Бөлмедегі әрбір метрді толтыруға тырыспай, ірі жиһаздың маңайында көбірек бос орын қалдыру қажет. Бос кеңістіктер көзқарасты демалту үшін керек. Олар да дизайнның элементі және айналадағы заттарға үйлесуі керек.

Мысалға, қандай да бір заттың маңыздылығын оның маңайында біраз бос орын қалдырумен айқындап көрсетуге болады. Алайда пропорциялар сақтауы керек, себебі үлкен қабырғада ілініп тұрған жалғыз кішкентай сурет өте жалғызсырап, жеңіл-желпі ғана көрінуі мүмкін.

Ал екінші жағынан, тіпті ірі алауошақтың өзі жиһазға лық толы бөлмеде көзге түспей қалады. Сонымен қатар лықа толтырылған бөлмелер тарлық сезімін туғызып, жайсыз күйге түсіреді.

6. Түстер мен оюлардың мөлшері бөлмеге пропорционалды болуы тиіс

Шағын бөлмелер үшін монохромды түс гаммасын таңдап, ал акцент ретінде ғана бір жарқын түс алған дұрыс болады. Ал ашық түстерді едәуір үлкен жерлерде қолданған жөн. Мұндайда ірі өрнектер мен оюлар кішкентайларына қарағанда үйлесімдірек көрінеді.

7. Ережелерді бұзу

Дизайнерлердің пропорционалды біртоға интерьерлер жасауға ұмтылатындықтары белгілі. Алайда кейде олар әдейі диспропорциялыққа, яғни үйлеспеушілікке жүгінеді. Бөлмеде бір элементті ерекшелеу үшін, басқа заттарға үйлесімді емес масштаб қолдануға болады. Мысалы, үстел төбесінде ілінген ірі шамшырақтар тамақтану аймағын интерьерде айқындап көзге түсіретін болады.

 

Әрбір зат өлшемге және шынайы көлемге ие. Заттық көлемінің өзінде айқындылық бар. Әрбір бұйым өзіндік ішкі қатынаспен айқындалады. Оны көре тұрып біз саналы не санасыз түрде бұл көлемнің өзара қатынасын қабылдаймыз.

Адам көзі белгілі бір бөліктердің көлемін өзара жіне біртұтастыққа сәйкес орналастырады. Күнделікті тұрмыс затын, мысалы, шырақты көре отырып, оның абажурының көлемін оның бағанасының ұзындығымен салыстырамыз, немесе абажурдың көлемін бүкіл аспаппен, не болмаса, шырақтың формасы мен көлемін қабырға ұзындығымен немесе сағат көлемімен салыстырамыз.

Көпбөлікті күрделі затта көлемі бойынша, пластиналық қасиеті бойынша, фактурасы бойынша салыстырулар көбірек, және бұл салыстырулар, әрине, контрасты және ньюансты болуы мүмкін.

Әрбір заттың үш өлшемге ие екенін білеміз, және осы үш өлшемнің қатынасын біз сеземіз. Сондықтан заттың көлемдік қасиеті оның негізгі өлшемдеріне тәуелді. Егер ені мен ұзындығы тереңдігінен көп болса, мұндай құрылымды тұлға да осылай аталады.

Пропорциялар - объектінің айқындығын қарайтындардың бірі, олар оның қасиетін белгілейді. Сондықтан пропорцияландыру, яғни, біртұтастың барлық бөлігі мен бөлшегін белгілі бір пропорциялық құрылымға сәйкестендіру, үйлестіру құралы болып табылады.

Әсіресе пропорция ролі архитектурада, дизайнда зор.

Көлемнің ең үздік қатынасын, өмір сүретін ескерткіштерді математикалық талдауды түсінумен, олардың жетілдірілген «кілтін» іздеумен атақты зерттеушілер римдік архитектор Витрувий, қайта өрлеу суретшісі Леонардо да Винчи, Альберти, Дюрер, және де Жолтовский, Химбидж, Карбьюзе және тағы басқалар айналысты. Ең үздік ескерткіштердің пропорциясының негізіне математикалық, рационалды, иррационалды қатынастар өлшенгенін уақыт дәлелдеді.

Заттық әлемде адам заттарды шынайы қабылдағанда, заттарды байқай отырып, кейбір көлемдерін салыстырғанда пропорциялар маңызды рольге ие болады. Біз біртұтас заттың көлемін ол орналасқан ортаға қатынасын сеземіз, мысалы шырақтың биіктігін қабырға биіктігіне қатынасын.

Дизайнда пропорциялар әдетте анықталған негізді түзеу нәтижесінде құралады. Бұл негіз заттың тағайындалуымен дайындалу технологиясымен қамтамасыз етіледі.

Пропорция түсінігіне ырғақты қатынас саласы өте жақын. Ырғық (ритм) -бұл элементтердің кейбіреуінің бірізділік ішкі заңдылығына ие. Бізде ырғақты түсіну ең алдымен поэзия, музыка, бимен байланысты.

Архитектурадағы ырғақ белгілі, көзге көрінерлік болып табылады: мысалы, балкондардың, бағаналардың бірізділігі жақсы орналасқан ырғақты қатар тудыруы мүмкін.

Дизайндық туындыларда ырғақ әртүрлі негізге ие. Заттың бетінде детальдар ырғақты түрде орналасуы мүмкін (пульттағы түймелер, иллюминаторлар және т.б.).

Ырғақ мәселесі кеңістікті орта шешімінде айқын көрінеді. Жиһаздыңнемесе құралдың интерьерде ырғақты орналасуы оның кеңістігін құрап, көркемдік образға зор әсерін тигізеді.

Ырғақ тек қана көлемдер мен түстік дақтардың қатынасын емес, сонымен бірге бағыттарды да жинауы мүмкін. Егер композицияда тік және көлденең басым болса, олар бағыттардың тиісті ырғағын тудырады.

Өлшемдердің бірнеше рет қайталануы жағдайында метрикалық қатар құрылады. Және мұнда қатынастар жоқ болса да, өзіндік айқындылық дүниеге келеді. Әртүрлі себептермен қарапайым қайталану архитектурада әркелкі қолданысқа ие болды: грек храмдарында, рим архитеатрларында.

Заман талаптарына сай өндірістік өнім өз мәні бойынша өндірістік өнім болып табылатын архитектура сияқты қайталаулармен байланысты.

Балалар бөлмесінде, Төменгі жастағы балалар бөлмелері қимыл қозғалысқа ыңғайлы болуы керек. Бұл бөлмелерде өткір қырлы бұрыштар, ішке шығыңқы қабырғалар немесе басқа басы артық детальдардың болмағаны жөн

Жай масштабы өзге нысандармен немесе тұтасымен кеңестікпен сәйкестендіріледі. Осылайша, мысалы қабырғадағы көлемдері әртүрлі саңылаулар көзбен қарағанда жай биіктігін өзгертуі мүмкін. Бұл жағдайда адам егер бұрыннан таныс адам денесі немесе интерьердің өзге заттары секілді масштабтаудың шаралары болмаса, қабырға биіктігін көзбен есептей алмайды.


 

2.3.

Жарықтандырудың мінездемесі сандық және сапалық жақтарға ие. Сандық жақ жұмыс жазықтықтарда минимальді жарықтандырудың нормалық деңгейімен анықталады.

Жарықтың әлсіз кезінде көз жұмысы қиындап, көру аппаратынан шаршауына, сонымен қатар организмнің шалдығуы мен, тіпті, көздің ауруына әкеліп соғады.

Жұмыстың ыңғайлы жағдайын тудыру үшін керек жарық деңгейі көру жұмысының мінезі мен күрделілігімен анықталады.

Жұмыстан бос уақыттың көп бөлігін біз жасанды жарықта өткіземіз. Интерьердегі жарық заттың сыртқы формасын айқындауға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, ең бастысы адамның психофизикалық жағдайына өте маңызды әсер етеді.

Светотехникалық терминдер күнделікті тұрмысқа енбеген, және біз жарықты бағалауда күнделікті тиімді қолданамыз.

Тік жарықты шырақтар өзінің сәулесін жазықтыққа түсіреді. Ол шамдар үшін пластмасса, металдардан жасалған, ішкі бөлігі шағылысатын абажур бекітілген. Абажурдың көлеміне жарық шоғының көлемі немесе сәуле конусы тәуелді болады. Одан сыртқы кеңістікке тек шағылысқан жарық түседі. Мұндай шырақта (егер ол бөлмеде жалғыз болса) интерьер сәулелі және көлеңкелі зоналарға айқын бөлінеді.

Сәулесі шашырайтын шамдар үшін абажурлар сәуле бөлігін өткізетін және жарықты барлық бағытта жіберетін әйнектен, пластмассадан, қағаздан, маталардың кейбір түрлерінен және тағы басқа материалдардан жасайды.

Сәулені шағылыстыратын шамдар жарықты тек бөлменің төбесіне шағылыстырып, ол жазықтықтан керісінше жібереді де, бүкіл бөлмені жарықтандырады. Бұл жағдайда көзге жарық сәулесінің түсуі мүмкін емес, және адам өзін ыңғайлы сезінеді.

Негізінен бұл шырақтардың түрлері «таза» күйінде сирек кездеседі. Оларда әртүрлі қасиеттер жиі кздеседі: шырақ бір мезгілде тікелей және шағылысқан жарықтар бере алады.

Жалпы жарықтандыру бөлменің барлық кеңістігіне арналып есептелген.

Сонымен қатар жергілікті жарықтандыру, яғни бөлменің белгілі бір бөлігінсәулелендіру болуы мүмкін. Ол үшін кереует жанындағы тумбада тұратын түндік, журнал столындағы торшер, стол үсті шырағы қызмет етеді.

Шам әрбір зоналарды өзінін формасымен де, жарық климатымен де айқындайды. Жарықтандыру аспаптарының типтері әлі де дәстүрлі, жақсы белгілі (люстра мен бра, стол шырағы және т.б.). Алайда барлық жерде, әркезде дәстүрлі жарықтандыру аспабы өз орнын табуы міндетті емес. Аласа төбелі бөлмелерде плафондар, төбеге жабысып тұратын жарықтандыру аспаптарын қолдану қолайлы.

Жарықтандыру аймағы көзден ғайып болып, көрінбеуі үшін, әдеттегі шырақтардан бас тарту керек. Жарық шығаратын негіз экранмен тасаланып, жарық қабырғаға немесе тік жазықтыққа түседі.

Жасанды жарықтың көптігі - байлық пен басшылықтың символы деген пікірді дәстүрлі стереотипті көзқарас ұстанады. Бұл барлық уақытта олай емес.

Кейбір кездерде жарық белгілі бір жағдай, яғни жұмыс үшін басқа, демалыс үшін екінші жағдай бір-бірімен қатынас үшін, үшінші жағдай тудыруы керек.

Жарық сөніп тұрған кезде, шырақты біз белгілі форма ретінде - кейде қарапайым, кейде ағаштан немесе металдан, әйнек немесе пластмассаданжасалған күрделі мүсін ретінде қабылдайтынымызды ұмытпауымыз керек. Бұл форма тек әдемі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға ырықсыз болмауы керек, яғни басқа заттармен, жиһазбен үлесуі керек.

Бөлмені немесе белгілі бір бөлігін жарықтандыру кезде біз утилитарлы және эстетикалық ұғымға соқтығысамыз.

Дәстүр мен әдеттер қоршаған заттық ортаны заманауи және бірегей етуге құштарлықпен жиі күреседі. Мұнда үлкен маңызға жарық ие болады. Шырақтың құрылымы, формасы мен оның метериалы (хрусталь немесе пластмасса) бірден өң беруі мүмкін. Шырақтың позициясы немесе жарық түсіретін негіз көп нәрсені анықтайды. Әсіресе үйдің төбесіне немесе үй өсімдігіне жасырылған жарык бізе қызықты эффект беруі мүмкін. Бұл жарық сәулесі әдеттегідей жоғарыдан төмен карай емес, белгілі бір театралдылықты, ерекшелікті тудыратын төменнен жоғары қарай бағытталған кезде өткір сезіледі.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йдегі экостиль| Интерьер дизайнының негізі – түс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)