Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йдегі экостиль

Читайте также:
  1. Кристалл күйдегі қатты ертінділер құрылысы жағынан .................деп бөлінеді?

Мен осы дипломдық жобада интерьерге стильді таңдауда Контемпорари стилін қолдандым, бұл стиль туралы, және осы стилді таңдау себебім төменде айтылады.

Заманауи интерьерде стильдер жетіп артылады. Тапсырыс берушінің барлық тілектерін ескере отырып, қайталанбас дизайн жасау мүмкіндігі пайда болған. Стильдердің көптүрлілілігі үнемі даму үстіндегі құрылыс пен дизайн саласымен бекітіліп, солар үшін функционалды ерекшеліктері жағынан ғана сәйкес келетіндей емес, эстетикалық жағын да айқындайтын материалдар шығарылады.

Өзімнің осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдер болды. Осы стильдердің бірін қолдануды жоспарлағаным да болды, олар: Экостиль, Арт поп. Бірақ ойлана келе, акырында Контемпорари стилін таңдап алдым, өйткені бұл стиль басқа стильдерге қарағанда менің назарымды аударды, жобама сәйкес келді, әрі қалған стильдерге қарағанда да артық ұнады.

Контемпорари

Контемпорари: бейтараптықты сақтау. Функционалдық – бірінші орынға, функционалдық – екінші орынға, функционалдық – үшінші орынға, ал десертке – бейтараптық қойылады.

Контемпорари (ағылшын тілінен аударғанда – «заманауи» деген мағынада) интерьер стилі ретінде хай-тек пен минимализм стильдерінің қатаң анықтамаларына жатпайтын қазіргі кездегі дизайнның жаңалықтарын өзіне иеленеді.

Контемпорари стилінің жалпы сипаттамасы:

Контемпорари – қандай да бір стилистиканы анықтау қиынға түсетін интерьер стилі.

Контемпорари стилінің интерьерлерін тарихи дәуірден дәйексөз келтіретін дәстүрлі стильдерге жтқызуға болмайды, алайда олар жайлылық, қарапайымдылық, функционалдық пен қол жетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді. Итальяндықтар оны жаңа идеялар мен технологиялардың жолын ұстаушы ретінде «модерно» деп атайды.

Контемпорари – жалпыға қол жетімді стиль. Ол қарапайымдылық, жайлылық пен тиімділікті қалайтын және де пәтер жиһаздарын жекелей немесе толығымен 5-7 жылда бір ауыстырғанды ұнататындардың барлығының көңіліне қонады. Ол көпке түсінікті әрі орындауға қолайлы. Контемпорари стилінің негізгі қағидасы - жайлылық, қарапайымдылық, функционалдық пен қол жетімділік.

Контемпорари стилінің өзгешелігі оның ойланып жасалған дизайнерлік идея нәтижесінде емес, интерьерде аяқ-асты пайда болуында. Оның эклектикалығы мен ұзақ сақталғыштығы осыда жатыр.

Сонымен, контемпорари стилін қысқаша сипаттай кететін болсақ, ол – түрлі стилистикалық бағыттардың түйісуінде дүниеге келіп, бірақ олардың ең жарқын ерекшеліктерін алмай, керісінше бейтарап түрде тең тұрған стиль. Контемпорариді ең алдымен тиімділігі үшін, екіншіден тіпті шағын орындарда да толық стилистикалық шешімді жүзеге асыру мүмкіндігі үшін (бұл шағын пәтер тұрғындары үшін өте көкейтесті), үшіншіден бұл стиль кез-келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыруға жақсы фон бола алатындығы үшін ұнатады.

Контемпорари тілек пен мүмкіндіктерді қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Мысалға, классикалық интерьерді қалап, алайда пәтер көлемі онда жиһаздың классикалық элементтерін қисынды етіп орналастыруға мүмкіндік бермесе, контемпорариді таңдау жөн болады. Ол дегеніміз – бейтарап интерьер және қосымша бірнеше классикалық детальдар (гүлсауыт, суреттер, диван және кресло), яғни тарихқа сілтемесі бар пәтер. Егер минимализм керек болса, бірақ ол таза түрінде тым суық болып сезілсе, нағыз шешім – контемпорари. Минималистикалық детальдар бейтарап фонда ерекше жарқын көрінеді. аталған стиль негізінде тарихи оқиғалардан емес, көбінесе қатаң қажеттіліктен туындаған. Үйдің интерьерін контемпорари стилімен жасап, аз шығынмен көп нәтижеге жетуге болады.

Мұнда түс таңдау мен жиһазды орналастыруға қатысты ережелер жоқ. Әркім өз талғамы мен әдеттеріне сүйене отырып, интерьер жасауына болады. Мысалы, жарқын түстер ұнамаса, интерьерге бірнеше жарқын элементтер қосып, сурет іліп немесе диванға ашық түсті текстильді жастықтар қойып, интерьерді пастельді өшкін түстермен безендіруге болады. Және де интерьер жалықтыратындай біркелкі болып көрінбейді, онымен қоса талғамға да зияны келмейді. Айта кетерліктей, ол басқа ерекше стилистикалық ағайындарына қарағанда өзінің бейтараптығының арқасында бірнеше жылдан соң да жалықтырмайтын болады. Тіпті егер қоршаған айнала аздап көзге үйір болып қалса, бірнеше детальді ауыстырғанның өзінен-ақ орын жаңа түстермен көз тартатын болады. Интерьер бөліктерінің өзара алмасымдылығы – бұл контемпорари стилін таңдауға деген тағы бір маңызды қосымша. Интерьерді жаңа заттар сатып алмай, жиһаздардың орнын аздап ауыстыру арқылы-ақ жаңартуға болады. Контемпорари – мәжбүрлемейтін, әрі көп ештеңе талап етпейтін өте демократиялық стиль. Тек өз әдетіңді ғана басшылыққа алып, ыңғайлылыққа негізделеді.

Контемпорари ықшамдылық пен жинақылыққа үйір, және бұл түсінікті жайт. Өйткені бұл стильді көбінесе артық декоративті элементтер бос кеңістікті жоғалтатын шағын пәтерлердің иелері таңдайды. Ал контемпорари үшін жарық та ауа да қажет. Ал олардың екеуін де көз алдынан бөлмені қалқалап тұратын қандай да болмасын ұсақ-түйектерді алып тастап, кеңістікті мүмкіншілігінше кеңейту арқылы қамтамасыз етуге болады.

Шкаф-купелер мен сөрелерге кірістірілген ұяшықтарға көңіл аудару қажет. Дәл осылар арқылы шағын пәтерді едәуір ұлғайтып, кеңдік пен еркіндіктің күйін сезіндіреді. Күндіз қабирғаға қарай жиналатын диван-төсек таңдаған жөн, мұндай жиһаз контемпорари стиліне үйлесімді болады. Сонымен қатар бірнеше бөлмені біріктіруге де болады, мысалы, ас үй мен қонақжайды бөліп тұрған қабырғаны алып тастап, бір жағынан толық қанды тамақтану аймағын жасап, екінші жағынан қонақжай бөлме өзінің негізгі функциясында қалады. Және пәтер иесі де қонақтармен тар жерде қыстырылыспай, еркін тыныс алуына болады.

Еркін кеңістіктің әсеріне таңдаған жиһаз да үлесін тигізеді. Ол минимум орын алып, максимум функционалды болуы қажет. Антикварлық буфеттер мен бай әшекейленген консольдарды қоюдың керегі жоқ екендігі сөзсіз. Контемпорари стиліндегі интерьерде олар бөлмені тек ыбырсытып, диссонанстан басқа ештеңе бермейді. Жиһаз таңдаған кезде тік, ықшам да жинақы модельдер мен жұмырланған бұрышы бар жиһаздарға көңіл аударған жөн. Ал олардың жасалған материалының қандай болуы аса маңызды емес. Контемпорари соңғы кездерде қаржылық шығыннның көлемі қаншалықты болса да, оңай жасалатын интерьер стилі ретінде танымал. Бөлмелерді жөндеуге жай стандартты тақтайшаны да немесе эксклюзивті коллекциялық керамика тақтайша алуға болады, жай ағаш жоңқа тақтайшадан жасалған шкафқа тапсырыс беруге болады немесе ағаштың басқа да қымбаттау түрін таңдауға болады – ең бастысы, барлығы интерьерде үйлесімді бола береді.

Жалпы мұндай интерьерде өңдеу материалдары болмасын, жиһаз бөліктері болмасын, көбінесе жаппай өндірістің заттары жиі қолданылғанмен, контемпорари стилін жауапкершіліксіз немесе ерекше қасиетсіз деп айтуға болмайды. Контемпорари, басқаша айтқанда, таза бет сияқты, онда әркім өзіне жақын көріністі жүзеге асыра алады. Жинақылық пен қарапайымдылықты негізге ала отырып, әркім өз тұрағын қанша уақыт болмасын, қанша шығармашылықпен болмасын үнемі толықтырып отыруына мүмкіндігі бар. Қолданымға түрлі декоративті әшекей элементтер, сүйкімді уақ-түйек бұйымшалар, гүлсауыттар, сувенир естеліктер, жастықтар, ерекше перделер, шымылдықтар немесе қолдан тігілген дастархандар, өзгеше бір шамдар немесе антикварлық шам қойғыштар... Жалпы айтқанда, көңілге не қонымды, соның бәрі жарайды. Қиялдап, ойлап, әркім өзіне ғана тән, өз әдеттері мен қылықтарына ғана бағынышты, еркін дем алып, құштарлықпен жұмыс істей алатын интерьер жасап ала алады. Түрлі тарихи стильдерге де жүгінуден тартынбай – классиканың бір сарынын қосып, минимализмнің де үнін енгізіп, функционализмнің салқындығын немесе хай-тектің жоғары технологиясын қосуға болады. Ал егер нәтиже көңілге қонбаса, интерьердің бірнеше детальдерін өзгертіп-ақ, оны жап-жаңа кеңістікке айналдыру оңай.

Ал енді осы дипломдық жобаны жасау барысында, мені біршама қызықтырған стильдерге тоқтала кетсем, олар: экостиль және поп-арт.

йдегі экостиль

Қазіргі заманғы жоғарғы құрылғылардың арқасында біз өз айналамыздағы кез келген затқа түр-түс беріп түрлендіре аламыз. Үйге қазіргі жетістіктер мен қоса жайлылықты үйлестіру экостиль еншісінде немесе француздар айпақшы "натюрель" стилі.

Қазіргі таңда экостиль дизайн әлеміндегі ең танымал бағыттардың бірі. Егер сіз өзіңізді қоршаған металл, шыны, пластик, офисыңыздағы артық дүниелерден шаршасаңыз, экостиль көмегімен үйіңізге жайлылық пен жылу атмосферасын орната аласыз.

Handmade аксессуарлары

Экостильдің ең маңызды құрауыштарының бірі - ол өз қолыңнан шыққан туындылар. Шет тілінен аударғанда Handmade "қол жұмысы" деген мағына береді және де әлемдік дережеде жоғары бағаланатын. Ең қарапайым дүниенің өзі үйіңізге сән беруі мүмкін. Өз қолыңнан шыққан шырақтартардың өзі үстел үстіне сән береді.

Ыдыс-аяқ және асхана дүниесі

Ыдыс-аяқ таңдағанда біз экостиль ережелеріне сүйенеміз - қарапайымдылық пен бірқалыпты, жылы түс. Дөнгелек формалы ыдыстарды таңдағаныңыз дұрыс. Психологтардың айтуына қарағанда дөңгелек формалы ыдыстар адамға тыныштық пен сабырлылық береді екен. Нәзік хрусталь ыдыстарын сенімді және берік керамика ыдыстарына алмастырыңыз.

Экостилдегі жиһаздар

Өз үйіңізге жиһаз таңдағанда жеңіл, қарапайым және материалының табиғи болғанын есте сақтау керек. Үйіңізге ауыр, үлкен жиһаз қажет бола қоймас. Жиһаздарыңыз жеңіл, ыңғайлы, көзге қарапайым, сапалы және берік болсын.

Үйді өсімдіктерге толтырамыз

Үйіңізге өсімдіктерді таңдаудың маңызы жоғары. Өсімдіктер үйіңіздің сәні болумен қатар үй атмосферасына экологиялық жайлылық береді. Өз қалауыңыз бойынша өсімдіктерді таңдай аласыз. Ірі өсімдіктеді қаласаңыз фикус және юкку(ежелден келе жатқан ірі жапырақты өсімдіктер) өсімдіктерін офис немесе үйіңізге таңдасаңыз болады.

Қабырға мен еден

Эко стиліндегі үйде көзге жат болатындай дүниенің болмауы керек, әрбір зат пен түстер жылулық пен қарапайымдылық атмосферасын қамту керек. Қабырғаларыңызға бір түсті тұсқағаз таңдауға болады. Немесе қабырғаңызға ақ түсті штукатурка мен ағаш рамкалы суреттермен үйлестіруге болады

Еденге паркет немесе ағаш тектес керамикалық плита таңдауға болады. Егер сіздің еденіңіз экостильге сай келмесе, онда түр-түсімен үйіңіздің интерьеріне сай келетін кілеммен толтырыңыз.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Частица в одномерной прямоугольной потенциальной яме.| Интерьердегі поп-арт

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)