Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ызмет көрсету кәсіпорынының маркетингтік мүмкіндіктерін талдау

КІРІСПЕ | АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы | АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |


Читайте также:
  1. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету аясы кәсіпорынының шаруашылық қызметіне талдау
  2. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы
  3. Й – Ағаш – Адам » тестіндегі белгілер бойынша талдау
  4. Терінің қызметтеріне жатпайды
  5. Ызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері
  6. Эксперимент нәтижелері және оларды талдау

 

«АССО Лтд» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігініңтабыстары сатудан түскен табыс, 2009 жылы 2010 жылмен салыстырғанда -15 365 349,75 теңге -32,66 % төмендеп кеткен, есепті жылы серіктестіктің сатудан түскен кірісі азайған.

Қаржыландырудан кірістер түсті, өткен жылы 615 400 теңге көлемінде болса, есепті жылы қаржыландырудан кірістер болмаған. Негізінен серіктестіктің басты табысы меншігіндегі негізгі құралдарды жалға берумен байланысты.

Жұмыскерлердің орташа саны бір адамға көбейді, ол бас бухгалтергерге қосымша екінші бухгалтерді жұмысқа алумен анықталады.

Негізгі қаражаттардың орташа жылдық құны 2009 жыл мен 2010 жылды салыстырғанда -18 276 790 мөлшерде ауытқу, бұл есепті жылда 86,05% қаражаттары төмендеген.

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны өткен жылы 38 419 900 теңге көлемінде, ал есепті жылы 77 073 940 теңге көлемінде 38 654 040 теңге көлемінде оң ауытқу байқалады. Оның себебі дебиторлық қарыздар есебінен болып отыр, яғни жалгерлердің жал ақысын уақытында төлей алмау себебінен серіктестіктің дебиторлық қарыздар көлемі ұлғайып, ол өз кезегінде ағымдағы активтердің көлемін ұлғайтып отыр.

Қор қайтарымдылығы сатудан түскен табыстың негізгі қаражаттардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Есепті жылы қор қайтарымдылығы 10,69%, өткен жылы 2,21%, өткен жылмен салыстырғанда 8,48% есепті жылы қор қайтарымдылы көп, бұл ағымдағы жылдың сатудан түскен кіріс көлемінің жоғары болуымен байланысты.

Қор сыйымдылығы керісінше негізгі қаражаттардың орташа жылдық құны сатудан түскен табысқа қатынасымен анықталады. Сыйымдылық есепті жылы 0,2% ауытқыған, ол есепті жылдағы ақша қаражаттарының сомасы 86,05% төмен болуымен сипатталады.

Өнімінің өзіндік құны жоқ, ол тек әкімшілік шығыстар ретінде есептелінеді. Өткен жылдың әкімшілік шығыстары 38 455 497,24 теңге, есепті жылы 31 469 245, 67 теңге көлемінде. Есепті жылы әкімшілік шығыстардың көп болу себебі, жеткізушілер мен мердігерлердің қызметінің көбейуімен байланысты. Бұл есепті жылы жалгерлерге негізгі құралдарды жалға беру көлемінің көбеюімен анықталады.

Жалпы пайда қызметтер көрсетуден және өнімді сатудан түскен кірістерден өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады, серіктестіктің жалпы пайдасы қызметтер көрсетуден және өнімді сатудан түскен кірістен әкімшілік шығыстарын шегеріп тастағандағы сомаға тең, себебі өзіндік құн қызмет көрсету саласында әкімшілік шығындар ретінде танылады. Жалпы пайда есепті жылы 209 902,38 теңге көлемінде, өткен жылмен салыстырғанда -97,72% төмен. Бұл серіктестіктің есепті жылда пайдамен аяқтағанына қарамастан қаржылық жағдайының нашар екендігін көрсетеді.

Серіктестікте кезең шығындары болмаған.

Салық салынғанға дейінгі пайда – бұл сатудан, қызмет көрсетуден түскен кіріс пен әкімшілік шығыстардың айырмасы ретінде анықталады. Өткен жылы 9 204 400,56 шамасында, ал есепті жылы 209 902,38 теңге (-8 994 498,18) ауытқу сомасы байқалады, -97,72% төмендеп кеткен, себебі есепті жылы әкімшілік шығындары өткен жылмен салыстырғанда 10,02% көбейіп, сатудан, қызмет көрсетуден түскен кіріс есепті жылы өткен жылдан қарағанда 3,63 пайызға жоғарылағанымен әкімшілік шығындары 6,39 пайызға жоғары болады.

Бір жылдағы кіріс көлемінен биылғы жылғы салық кодексі бойынша 20% корпорациялық табыс салығы төленуге тиіс. Ол өткен жылы 1 840 880,11 теңге, есепті жылда 41 980,48 теңге, салыстырғанда 97,72% жоғары. Корпорациялық табыс салығы биылғы жылы салық кодексі бойынша 30-дан 20%-ға төмендеді, бұл нарықтағы заңды тұлғалар үшін өте тиімді салық мөлшері.

Таза пайда анықтау үшін салық салынғанға дейінгі пайдадан операциондық шығыстарды алып тастағанға тең. Компания екі жылда да табыспен аяқтап отыр, бірақ есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда табысы 7 195 598,55 теңгеге төмендеген және 2007ж. компания12 292 942,04 теңге шығынмен аяқтау салдарынан соңғы екі жылдағы тапқан пайда сомасы 2007 жылғы сомасын жаппады. Бұл серіктестіктің 2009 – 2010ж. пайдамен аяқтап, бірақ 2007 ж. салыстырғанда серіктестіктің қаржылық жағдайының шығынмен аяқтағанын көрсетеді.

Операциондық шығыс – бұл қызмет бойынша барлық келісім-шарттар, контракттар, ақпарат алуға кеткен шығындар, бақылауға, келісім-шарттарды ұйымдастыруға, заңдық қызметтерге кететін шығындар.

Дебиторлық қарыздар қаржылық есептілік көрсеткіштерінде екі жылда дебиторлық берешектері 2009 ж. 3 499 370 теңге болса, 2010 ж. 57 138 590 теңгені құраған. Есепті жылы дебиторлық қарыздардың көбею себебі жалгерлердің жалдық төлемдерін уақытылы төлемеуі себебінен болып отыр. Олардың қатарына жалгерлер:

- ЖШС Берекет класс 1 434 221,66 теңге;

- ЖШС Embawood Kazakhstan 1 312 424,94 теңге;

- ЖШС Альрамин, 31 943,42 теңге;

Жоғарыда аталған дебиторлық қарыздардың уақытында қайтарылмауы қайта қаржыландыруға әкеледі!

Ағымдағы активтердің айналғыштығы коэффициенті сату мен қызмет көрсетуден түскен кірістің активтердің жылдық орташа құнына қатынасымен анықталады. Өткен жылы активтердің айналғыштығы 1,23%, есепті жылы 0,41%-ды көрсетті. Есепті жылы 0,33 %-ға активтер айналыштығы төмендеген, бұл есепті жылы активтер құнының көбеюімен және есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда сатудан, қызмет көрсетуден түскен кіріс көлемінің азаюымен сипатталады.

Сатылымдардың рентабельділігі таза пайданың өзіндік құнға қатынасы 100 %-ға бөлу арқылы анықталады, өзіндік құн орнында әкімшілік шығындары, өткен жылы сатылым рентабельділігі 19,15%-ға тең, есепті жылы 0,53%, яғни сатылым рентабельділігі есепті жылы 18,62% төмен. Себебі есепті жылдың таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 97,72% төмендеуімен әкімшілік шығындарының 10,02% көп болуымен сипатталады.

Активтердің рентабельділігі = операциялық пайда: активтер көлемі;

Операциялық пайда = салық салынғанға дейінгі пайда – операциялық шығын;

Активтердің рентабельділігі өткен жылы 23,96%, есепті жылы 0,41%-ға тең.

Өзіндік капитал рентабельділігін таза пайданың меншікті капитал сомасына қатынасы береді. Өткен жылы 6,91% рентабельділік көрсеткіші есепті жылы 0,27%-ға 99,99% төмендегенін көруге болады.

Негізінен 2009 – 2010 жылғы серіктестіктің қаржылық жағдайы төмен, себебі серіктестік құрылғаннан бергі осы күнге дейін залал сомасын жаба алмай келеді. Серіктестікте қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында дебиторлар жағынан қарыздарды уақытында қайтару талап етілу қажет, себебі қарыздардың уақытында қайтарылмауы күмәнді дебиторлық қарыздардың құруына әкеледі, ал одан барып пайданы уақытында танымау салдары байқалатын болады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 279 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері| ОРЫТЫНДЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)