Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эксперимент мәліметтерінің анализы



Читайте также:
  1. Активный (обучающий) эксперимент.
  2. АНАЛИЗ РЕЗУЛЬТАТОВ ЭКСПЕРИМЕНТА
  3. Бланк для регистрации наблюдений экспериментатора.
  4. БЛИЗКИЙ К СМЕРТЕЛЬНОМУ НЕСЧАСТНЫЙ СЛУЧАЙ. НИ ОДИН ЭКСПЕРИМЕНТ НЕ ЕСТЬ ОШИБКА
  5. В первой лаборатории экспериментальной психологии изучались
  6. Верный и Испытанный Эксперимент для любви
  7. ВОПРОС 36. Эксперимент как метод сбора социологической информации.

Эксперимент мәліметтеріне сүйене отырып, бірнеше қорытынды жасауға болады:

1. Коррозиялық орта ингибитор мен тұздың сулы ерітінділері болғандықтан, болат коррозиясы электрохимиялық механизммен жүрді. Металл мен ерітінді молекулаларының өзара әрекеттесу нәтижесінде екі процесс жүрді: болаттың тотығуы (анодты процесс) және тотықтырғыштардың – Н+ суттек иондарының (суттекті деполяризациясымен жүретін коррозия) тотықсыздануы. Коррозия механизмін былай жазуға болады:

Fe – 2é = Fe2+ | 1

2H+ + 2é = H2 | 1

___________|

Fe + 2H+ = Fe2+ + H2

Пайда болған Fe2+ иондары сулы ортада гидроксид-иондарымен байланысады:

2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)2

Темір (ІІІ) гидроксиді ауадағы оттекпен оңай тотығады:

2Fe + O2 + 2H2O = 2Fe(OH)3

Болат коррозиясының өнімі темір (ІІ) және темір (ІІІ) гидроксидтердің қоспасы болатын қоныр тат, ыдарағандағы өнімдері, көмірқышқыл газ және қоршаған ортадағы басқа да заттармен әрекеттескен заттар болып табылады.

2. Темір пластинкалардың бетінің өзгерунің өзгешелігі туралы былай айтуға болады. Пластинкалар ингибиторсыз фондық ерітіндідегі анық байқалған біркелкі емес жаппай коррозияға ұшырады. Ал ингибиторы бар ерітінділерде темір пластинкалар коррозияға аз ұшырады. Оған қарамастан пластинкалардың барлық беті татпен (металдың тотыққандағы өнімі) қапталды, яғни жаппай коррозияның болғанын айтады.

3. Алынған эксперимент мәліметтері болаттың тұзды ортадағы коррозиясы едәуір екенін көрсетеді. Ерітіндіде ингибитордың кішкене мөлшері болғанның өзінде коррозия жылдамдығы азайды. Оған қоса ингибитор концентрациясын 0,1%-дан 2%-ға жоғарлатқан сайын болаттың еру жылдамдығы бірнеше рет азайды, демек металдың қорғаныш дәрежесі жоғарлайды.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.096 сек.)