Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе



Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Сот сараптамасының теориясы мен әдістемелеріне кіріспе.

 

Өнеркәсіптің қарқынды дамуы, өндірістік процестердің қарқыны, негізгі технологиялық параметрлердің жоғарлауы – осының барлығы техникалық жабдықтарды пайдалануға жоғары шарттарды талап етеді. Жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жүргізілетін шаралардың негізгісі – оларды коррозиядан сақтау және соған байланысты аса сапалы, берік химиялық материалдарды қолдану.

Бұндай шаралардың іске асырылуын қолға алуын басты себебі, коррозиядан тиген шығын шектен тыс зардап әкеледі. Бар ақпаратқа сүйенетін болсақ, өндірілетін металдың шамамен 10%-ы коррозиядан қайтымсыз зардап шеккен жерлерді жамауына жұмсалады. Халық шаруашылығына үлкен маңызы бар проблемалардың бірі – коррозиядан қорғану мәселесі./3/

Өндірістік жабдықтарды жалпы коррозиядан қорғайтын нәтижелі, экономикалық жағынан тиімді және де әмбепап қорғаныстардың бірі ингибиторлы қорғаныс болып табылады.

Ингибиторлар – аралас әрекеттегі органикалық қосылыстар, яғни олар катодтық және де анодтық реакциялардың жылдамдықтарына әсер етеді. Қазіргі заманғы электрохимиялық кинетика арқасында біз элетролитке арнайы қосылыстарды қосу нәтижесінде реакцияның қай бағытта жүретінін алдын ала болжай аламыз. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы ингибитордың эффективтілігіне тәуелділігін табу негізгі ғылыми-техникалық мақсат болып табылады.

Нәтижелі коррозиялық қорғаныс жасау үшін коррозия механизмі мен коррозиялық жарылуды білу міндет, қоршаған ортаның әсерлерін және осы процестерден қорғанатын материалдардың қасиетін зерттеу, және ортадағы коррозиялы-активті компоненттердің қатысында коррозия ингибиторлары-ның әсер ету механизмін зерттеу.

Ғылыми жобаның мақсаты 1:1 эквиваленттік қатынасындағы этил спирті мен 0,9% NaCl физикалық ерітіндідегі және әр түрлі органикалық қосылыстарды қосу нәтижесінде коррозия процесін зерттеу болып табылады. Аса тиімді, суда еритін коррозия ингибиторларын іздеу, электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механиз заңдылығын зерттеу, зерттеліп отырған органикалық қосылыстардың бейтарап ортадағы болаттың электрохимиялық коррозиясының жылдамдығына әсерін анықтау.

Агрессивті ортаға ингибиторды енгізілуі коррозияға ұшырап жатқан металдың бетінің өзгеруіне әкеліп соқтыратыны анық, және де өзін-өзі еріту процесінде жеке электрохимиялық процестердің кинетикасына әсер етеді. Ингибиторлы әсердің механизмі ингибитр құрылымымен, агресивті ортаның құрамымен, процестің жасалу жағдайымен анықталады. Электрохимиялық процестердің кинетикасы мен механизмін анықтау үшін поляризацияланған катодты және анодты қисықтар түсірілген. Ал фондық ерітіндінің ортада әр-түрлі мөлшерде болуына байланысты жаңа органикалық қосылыстарды зерттеу үшін осы қисықтар қолданылған.

Ингибиторлар екі жеке реакцияларды тежейді, сонымен қатар коррозияның жылдамдығының азаюына байланысты потенциал ондық мәнге жылжиды. Адсорбцияланып жатқан ингибиторлардың бөлшектері электростатикалық немесе химиялық жолмен металдың бетімен әрекеттеседі, бекітіледі. Бұл коррозиялық процестің тежелуіне әкеледі. Адсорбцияланып жатқан ингибиторлардың бөлшектері коррозияға ұшырап жатқан металдың бетіне екі түрде жайылады: біріншіден, молекулалардың немесе иондардың ретсіз орналасуы; екіншіден, жеке кластерлердің топталуы./7/

Адсорбцияланған ингибиторлардың қорғаныш әрекеттері металл мен ерітіндінің арасындағы шекара құрылысының өзгеруіне әкеледі.

Сонымен, металдың коррозиялық қирауын тежейтін, бірақ одан құтыла алмайтын тежегіштер органикалық ингибиторлар болып табылады. Металл коррозиясы осы металдың ортадағы термодинамикалық тұрақсыздықпен байланысты, сондықтан ингибиторлар осы процеске елеулі әсер тигізе алмайды. Ингибиторлар коррозиялық процесті тежейді, бірақ одан толық құтылмайды.

 

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)