Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1** Науқас 20 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының 380 дейін көтерілуіне, әлсіздік, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрек 27 страница



Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Қызылша

*+Қызамық

* Иерсиниоз

* Желшешек

* Аллергиялық дерматит

** Әйел адам, 19жаста. Түскен кездегі шағымдары: 400С дейін температурасының көтерілуі, тамағындағы ауру сезімі.Танертен ауырған: тамағындағы ауру сезімі, дене температурасы жоғарлаған, кешкісін бөртпелерді байқаған. Қарау кезінде: беті қызарған, мұрын –ерін үшбұрышынан басқа. Мойнында, денесінде, аяқ-қолдарында жайылған майда нүктелі бөртпелер. Жақ астылық лимфаденит. Ауыз -жұтқыншақта – бадамшалар ұлғайған, лакуналарда ірің, шырышты қабатының ашық жайылған қызаруы анықталады. Гемограммада - лейкоциттер 13,5 х 109/л, н.п.-5%, с 77%, мон. -4%, лим.-14%, ЭТЖ-25мм/сағ

Қандай диагноз ЕҢ тиімді?

* Қызамық

* Қызылша

*+Жәншау

* Иерсинеоз

* Күл

** Ер адам 21 жас, жедел ауырған. Әлсіздік, температурасының жоғарылауы 38°С, аздаған тамақтағы ауырсынуы мазалайды. Аңкасында қызару цианотикалық түсте, ұлғайған бадамшада бездерінен шықпайтын, қиын алынатын сұр-ақ жабынды байқалады. Мойын тері қабатында ісіну жоқ, жак асты лимфа бездері аздап ұлғайған, ауырсынусыз. Бауыр ұлғаймаған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Іріңді некротикалық баспа

* Инфекционды мононуклеоз

* Аңқа күлі, токсикалық форма

* Аңқа күлі, аралық форма

* Аңқа күлі, жергілікті форма

** Жас келіншек, 25 жаста, әлсіздікке, тамағының жыбырлауына шағымданады. Ауырғанына алты күн болған: ауруының алғашқы 3 күнінде барлық денесінде майда нүктелі бөртпе пайдаболып, кейіннен өзі кетіп қалған. Анамнезінде: жүктклікке сынама оң. Объективті: дене температурасы 37,00С. Белсенді. Желке, мойын лимфатүйіндері «бұршақ» көлеміне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқада: таңдай доғаларының беті қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ.

Диагнозды анықтауға арналған ЕҢ тиімді әдіс:

* ИФА иерсиниоз а/г IgM а/т анықтау

*+ИФА қызамық а/г IgM а/т анықтау

* ИФА қызылша а/г IgM а/т анықтау

* Нейтрализация реакциясы

* Преципитация реакциясы

** Жүкті әйел (8-9 апта), 28 жас, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына, тамақтың жыбырлауына, денедегі жайылған бөртпелерге шағымданады. Ауырғанына 3күн болған, емделмеген, кешеден бастап денесіндегі бөртпені байқаған. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта., t до 37,30 тамағы жыбырлаған. Денесінде, аяқ-қолдарында майда дақты˗папулезді бөртпелер. Желкелік лимфа түіндері ұлғайған, аздап ауырсынумен. Аңқада: бадамша бездері ұлғаймаған, энантемалар мен жабындылар жоқ.



Диагноз дәлелденгендегі іс әрекеттеріңіз

* Амбулаторлы емге жіберу

* Гинекологқа кеңес алуға жіберу

* Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

*+Вирустың тератогенді әсері туралы айту

* Ем тағайындап, жүктілікті сақтауға кеңес беру

** Жүкті әйел (8-9 апта), 28 жас, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына, тамақтың жыбырлауына, денедегі жайылған бөртпелерге шағымданады. Ауырғанына 3күн болған, емделмеген, кешеден бастап денесіндегі бөртпені байқаған. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта., t до 37,30 тамағы жыбырлаған. Денесінде, аяқ-қолдарында майда дақты˗папулезді бөртпелер. Желкелік лимфа түіндері ұлғайған, аздап ауырсынумен. Аңқада: бадамша бездері ұлғаймаған, энантемалар мен жабындылар жоқ.

Жүктіліктің жалғасуын кім шешеді?

* Гинеколог

* Инфекционист

* Учаскелік дәрігер

*+Жүкті әйелдің өзі

* Әйелдің жолдасы, туыстары

** 22 жастағы әйел, жүктілігі 9˗10 апта, диагнозын анықтауға келесі анализдермен гинеколог дәрігер кеңес алуға жіберген. L – 4,8×109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ, КЖМ УДЗ ˗ жатырлық жүктілік. ИФА қызамық а/г IgG а/д «+» анықталған. Шағымдары жоқ. Анамнезінде ˗ аутуынша бала кезінде бір аурумен ауырған. Қарап тексергенде: дене температурасы 36,40С, аңқада ˗ шырышты қабаттары қызғылт, энентемалар жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Терісі таза, бөртпелері жоқ.

Жүктіге қандай кеңес беру керек?

* Жүктілікті үзу туралы кеңес беру

* Вирустың тератогенді қасиетін түсіндіру

* Инфекциялық ауруханаға жатқызу

* Амбулаторлы емдеу, гинеколог бақылауында болу

*+Ауруды жоққа шығарып, жүктілігін жалғастыру

** Урология бөлімшесіне оң жақтық орхит диагнозымен науқас жатқызылды. Анамнезінен:15 күннен бері ауырады, алғашқы 3 күнінде дене температурасы 380С.құлақ маңының ауыратынын және ісінгенін байқаған,1апта бұрын ішіндегі ауру сезімі мазалаған, жүрегінің айнуы, 5-6 реттік құсу, диарея. 2күн бұрын температурасы көтерілген, кеше оң жұмыртқасының ауыратынын және ісінгенін байқаған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Хламидиоз

* Жұмыртқа карциномасы

* Жедел бруцеллез

*+Паротитті инфекция

* Бактериальды орхит

** Ер адам, 19 жаста ауруының 3-күні келесі шағымдармен түсті: құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі, қатты бас ауруы, қайталамалы құсу. Пальпация кезінде сілекей бездері ұлғайған, қамырлы консистенциалы, аздап ауырсынулы, сиптом Мурсу оң, дене қызуы 39ºС, менингиальді симптомдар оң(мойын бұлшық еттерінің ригиттілігі +3 саусақ, Кернига симптомы «оң»). Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Ликворда: цитоз 85 жасуша 1 мкл3, лимфоциттер – 76, нейтрофилдер – 9, белок - 0,066%, Панди реакциясы ++, қант – 2,7 ммоль/л.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

*+Паротитті инфекция, серозды менингит

* Паротитті инфекция, жедел панкреатит

* Жедел іріңді сиалоденит

* Менингококкты менингит

* Туберкулезды менингит.

** Ер адам, 19 жаста ауруының 3-күні келесі шағымдармен түсті: құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі, қатты бас ауруы, қайталамалы құсу. Пальпация кезінде сілекей бездері ұлғайған, қамырлы консистенциалы, аздап ауырсынулы, сиптом Мурсу оң, дене қызуы 39ºС, менингиальді симптомдар оң(мойын бұлшық еттерінің ригиттілігі +3 саусақ, Кернига симптомы «оң»). Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ.

Қандай зерттеуді ЕҢ бірінші жүргізу керек?

*+Жұлын сұйықтығын алу

* Бас миының КТ

* Электроэнцефалограмма

* Бас миының МРТ

* Бас миының УДЗ

** Ер адам, 36 жаста ауруының 5-күні мынадай шағымдармен түсті: дене температурасының жоғарлауы, бас ауыру, терісінде қышымайтын бөртпе, тамағындағы ауру сезімі. Жақында отбасында үш бала герпестік баспамен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, t -39,50С. Менингиалды белгілері жоқ. Ауыз жұтқыншақта: айқын қызару, жумсақ таңтайда көптеген серозды папулалар, теріде жайылған майда нүктелі бөртпелер байқалады, бауыры ұлғаймаған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Қызылша

* Қызамық

* Иерсинеоз

* Псевдотуберкулез

*+Энтеровирусты инфекция

** Ер адам 21 жаста, жедел ауырған. Әлсіздік, температурасының жоғарылауы 38°С, аздаған тамақтағы ауырсынуы мазалайды. Анкасында қызару цианотикалық түсте, ұлғайған бадамшада сыртына шықпайтын, қиын алынатын сұр жабынды анықталады. Мойын шел қабатында ісіну жоқ.

Күлдік антитоксиннің қандай дозасын беру керек?

* 30000-50000 ЕД

*+10000-20000 ЕД

* 40000-60000 ЕД

* 60000-100000 ЕД

* 3000-5000 ЕД

** Әйел 20 жас, ауруының 3ші күні мынандай шағымдармен түсті: жоғары дене қызуы 390С, әлсіздік, аздаған тамағының ауыруы. Жағдайы орташа ауырлықта, Т-38,40С. Пальпация кезінде жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырсынусыз. Аңқада-цианотикалық түсті қызару, бадамшалары жұтқыншақ доғашықтарынан шығыңқы, ісіңген, сұр түсті жабындымен жабылған, шпательмен алынбайды.

Анамнезінде: 2 күн алдын қызметтесі баспа ауруымен ауруханаға жатқызылған.

Науқасты шығару үшін қанша теріс бактериологиялық зерттеу алу керек?

* 1

* 3

*+2

* 4

* 5

** Қатты ауру сезімді, жергілікті гиперемияланған және гипертермиялы, және периаденитті ірі лимфоденит қай ауруға тән?

*+Оба

* Бруцеллез

* Туляремия

* АИВ-инфекциясы

* Инфекциоялық мононуклеоз

** 42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қандай ұйымдастыру әрекетін бірінші болып орындау керек?

* Консилиум ұйымдастыру

*+Науқасты оқшаулау

* Қанды бактериологиялық анализге алу

* Шұғыл хабарлама беру

* Бастықтарға хабар беру

** 42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырау, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы улану белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-90/60 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильраттар анықталады. В гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.

Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

* Оксигенотерапия

* Гормондарды көктамырға еңгізу

* Антибиотиктерді көктамырға еңгізу

* Антибиотиктерді бұлшық етке еңгізу

*+Көк тамырға инфузионды ерітіндерді еңгізу

** 16 жастағы бозбала аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне келіп түсті. Шағымдары:дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, сол жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфатүйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Гемограммада: лейкоциттері – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдері -4%,сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттері – 6%, моноциттері -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек:

* Гормондарды көк тамырға еңгізу

*+Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

* Бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу

* Көк тамырға инфузионды ерітінділерді еңгізу

* Лимфа түйінін оталау көмегімен ашып, іріңін шығару

** Төмендегідей біріншілік аффектті бар науқас дәрігерге келді.

Қандай емдеу әдісін бірінші кезекте тағайындаған жөн?

* Сарысумен емдеу

* Гормонмен емдеу

* Оталық ем

*+Антибактериалды ем

* Улануға қарсы ем

** 34 жастағы ер адам, ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне білегінің ортаңғы аймағындағы жараға шағымданып келген. Ауырғанына бір апта болған, алғашында білегіндегі дақты байқаған, кейіннен ол дақ қанды көпіршікке айналған, көпіршік жарылып, жара пайда болған. Жара ұлғайып бүкіл қолына жайылған қарқынды ісіну дамыған. St.localis: оң жақ білектің ортаңғы аймағында - 2х2 см көлемді ауырмайтын жара анықталып, айналасын гиперемияланған сақина көмкерген. Жараның шетінде серозды сұйықтаға бар көпіршіктер байқалады. Қолы түгелдей ісінген. Қолтығында лимфаденит анықталады. Жара бөліндісін бактериологиялық әдіспен тексергенде споратүзуші грамша оң боялатын таяқша табылған.

Қандай емдеу әдісін бірінші кезекте тағайындаған жөн?

* Сарысумен емдеу

* Гормонмен емдеу

* Оталық ем

*+Антибактериалды ем

* Улануға қарсы ем

** Әйел адамда аздаған ауру сезімді периаденитсіз лимфаденит, жергілікті қызару және гипертермия байқалады

Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?

* Ампициллин

* Пенициллин

* Цефтриаксон

* Доксициклин

*+Стрептомицин

** 48 жастағы ер адам облыстық ауруханаға оң жақ мойын аймағында ісінудің пайда болуына, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Бір апта бұрын өлген түлкінің терісін сойған. Оң жақ мойынның лимфа түйіндері 2х2 см дейін ұлғайған, аздап ауру сезімді, қозғалады, терісі өзгермеген. Гемограммада: лейкоциттері – 16х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 78%, лимф. – 22%, мон.6%.

Антибактериалды емдеуді қандай дәріден бастаған жөн?

* Пенициллин

* Ампициллин

* Цефтриаксон

* Доксициклин

*+Стрептомицин

** 36 жастағы ер адам емхана дәрігеріне оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, терінің қышуына және дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Тері және шырышты қабаттары сарғыштанған. Кеуде аймағында папулезді дақтар байқалады. Іші жұмсақ, оң қабырға астында сезімталдық анықталады, бауыр 1,5 см-ге ұлғайған, көкбауыр көлемі қалыпты. “Ертіс” өзенінен аулаған сазан балығынан дайындалған “Хе” салатын тамаққа қолданған. Жалпы қан анализінде: Лейк.-9.2×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-55%, эоз.-15%, лимф.-22%, мон.-3%, ЭТЖ-23мм/сағ.

Зәр анализі: өт пигменттеріне «оң». Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, жалпы билирубин-35,6 ммоль/л, тікелей билирубин-18,4 ммоль/л, тікелей емес билирубин-17,2 ммоль/л.

Қай лабораторлық зерттеу әдісі диагнозды дәледейді?

* Нәжісті бактериологиялық себу

* Өтті бактериологиялық себу

*+Нәжісті микроскопиялық зерттеу

* Иммунды ферментті анализ

* Тікелей емес гемагглютинация реакциясы

** 47 жастағы әйел адам, Павлодар қаласының тұрғыны, 2 күн бұрын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі ұстамасының пайда болуына байланысты учаскелік дәрігерді шақырған. Бауыр аймағындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, 2 рет құсу, дене температурасының жоғарылауы, терісіндегі қышыну сезімі мазалаған. Анамнезінде – созылмалы холецистит. Ауруын қуырылған сазанды тағамға қолдануымен байланыстырады. Тері мен шырышты қабаттары аздап сарғыштанған. Іші жұмсақ, өт қабы аймағынданда ауырсыну байқалады. ЖҚА: Лейк.-10,5×109/л, т/я нейтр.-5%, с/я нейтр.-45%, эоз.-24%, лимф.-20%, мон.-6%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-0,9 ммоль/л, билирубин жалпы - 38,9 ммоль/л, тікелей билирубин - 18,9 ммоль/л, тікелей емес билирубин - 20 ммоль/л. Нәжісті микроскопиялық зерттеу әдісімен мысық қос езуінің (кошачья двуустка) жұмыртқалары табылған.

Қандай дәрі ЕҢ тиімді?

*+Празиквантел

* Альбендазол

* Мебендазол

* Ниридазол

* Дитразин

** 48 жастағы аңшы аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бойы жүрек пен ұйқы безі аймақтарындағы арқасына иррадиацияланатын тұрақты ауру сезімі мазалаған. Ентігуге, кеуде торшасындағы ауыру сезіміне, қақырық пен жөтелге шағымданады. Кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Жалпы қан анализінде: лейк.-9,2×109/л, т/я нейтр.-6%, с/я нейтр.-44%, эоз.-18%, лимф.-28%, мон.-4%, ЭТЖ-28 мм/сағ. Рентгеногаммада˗ оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі домалақ пішінді көленке көрінеді.

Отау жасалғаннан кейін қандай дәрі тағайындаған тиімді?

*+Немазол

* Хлоксил

* Дитразин

* Ниридазол

* Празиквантел

** 52 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына менингококкты менингит диагнозымен әкелінді. Науқас қарым қатынасқа келмейді. Анамнез әйелінің айтуынша жиналған: науқастың басы жиі ауырып, әлсіздік, аяқ-қолдарының тартылуы мазалаған. Тексерілмеген. Соңғы 4 күнде жағдайы нашарлаған? Дене температурасы 39,6 дейін көтеріліп, бас ауруы үдеген, құсу қосылған. Тұмаудан емделген, нәтижесіз. Құрысулар пайда болып, науқастың әрекеттері адекватты емес болғанда жедел жәрдем шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, менингиалды белгілері оң, Бабинский симптомы оң. ҚЖА: лейкоциттер – 8,6х109/л., ликворда: цитоз- 15, белок- 0,33, Панди++, глюкоза – 3,2. Эпидемиологиялық анамнезінде: аңшы, өлген қасқырлар мен түлкілердің терісін сыпырады.

Қандай әдіс ЕҢ мәліметті?

* ИФА

* Кацони реакциясы

* Бас миын УДЗ

* Бас миының рентгенографиясы

*+Бастың компьютерлі томографиясы

** 37 жастағы ер адам, маусымда аэропорттан ауыр жағдайда әкелінді, дене қызуы 410С, басы қатты ауырады, бірнеше рет құсқан. Сьерра-Лионда бір күн бұрын ауырған, мұнда бір ай бойы іс сапарда болған. Алдын алу мақсатымен делагил ішкен. Объективті: басын ұстап, ыңқылдап жатыр, қарап тексергенде бір рет құсқан. Беті қызыл, склералары инъекцияланған. Басқа мүшелері патологиясыз. Қан жағындысында тропикалық безгектің барлық даму стадиялары анықталады, көп мөлшерде.

Тропикалық безгектің ауыр түрін емдеуде ЕҢ тиімді дәрі?

*+Хинин

* Мефлохин

* Хингамин

* Артесунат

* Галофантрин

** 43 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына Вирусты геаптит «В» ˗ға күмәнданып алып келінді. Туыстарының айтуынша ауырғанына 10 күн болған. Ауруының 8 күні көп реттен құса бастаған, «құлау» сезімі пайда болып, қорқынышты түстер көре бастаған. Қарап тексергенде: есі анық емес, түнде нашар ұйықтаған, қозу байқалады, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Тері айқын сарғайган, бауыры кішірейген. Жүрек тондары бәсең, ритмді, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет, АҚҚ 100/70 мм.с.б. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі ағарған.

Қабылдау бөлімі дәрігерінің қандай әрекеті ЕҢ тиімді?

* Дегидратациялық терапия тағайындап, бөлімшеге жатқызады

*+Дезинтоксикациялық ем тағайындап, жұлын сұйықтығын алып болғаннан кейін жан сақтау бөлімшесіне жатқызады.

* Гепатопротекторлар, фурасемид тағайындап, емханаға жібереді

* Гепатопротекторлар тағайындап жан сақтау бөлімшесіне жатқызады

* Гепатопротекторлар тағайындап, гастроэнтерологқа жібереді

** 17 жастағы қыз бала жақын жердегі Орталық аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Ауру анамнезі анасының айтуы бойынша жиналды. Ауырғанына 6 күн болған. Аймақтық терапевт дәрігері «Қызылша, ауыр ағымы» болжама диагнозын қойған. Қарап тексергенде: есі-сопор жағдайда, қарашығы екі жағында да бірдей, жарыққа сезімтал, клонико-тоникалық тырысулар байқалып аузынан көпіршіктер ағуда. Керниг симптомы екі жағынан да оң. Денесінің барлық жерінде көптеген, бір бірімен қосылған дақты-папулезді бөртпелер бар. Акроцианоз. Тынысы шулы, ТЖ-28 рет мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі ритмді, толымы әлсіз, минутына 110 рет соғады. ҚҚ – 110/70 мм с.б.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мумкін?

* Энцефалит

* Нейротоксикоз

*+Менингоэнцефалит

* Эпилептикалық статус

* Инфекционно-токсический шок

** 32 жастағы әйел Африка тұрғыны. Аудандық ауруханаға ес-түссіз ауыр жағдайда жеткізілді. Жеткізген адамның сөзіне қарағанда ауырғанына 3-4 күн болған. Ыстықтау, қалтырау, тершеңдік, бас ауыруы, іштің ауыру сезімі байқалып, аспирин, левомицетин қабылдаған. Объективті қарап тексергенде: гипертермия, ернінде герпесті бөртпелер, тері жабындылары сарғайған. Іші жұмсақ, ішектердің спазмы жоқ, бауыры және көкбауыры ұлғайған. ҚҚ – 60/40 мм с.б., зәрі кешеден бері болмаған.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қате болады?

* Дофамин 5,0 т/і

* Полиглюкин т/і

* Преднизолон 120 мг в/і

*+Адреналин 0,5 + физ.еріт. т/і

* Глюкоза 5%-500,0 + витамин С 10,0 т/і

** 20 жастағы ер адам тыныс алудың қиындауына, ауа жетпеу сезіміне, қысылу, қатты жөтел, қиын бөлінетін қақырыққа, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 380 С –қа көтерілуіне, ентігу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ауру катаральді белгілермен басталған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында, тынысы шулы. Мазасыз, акроцианоз, ентігу, тыныс алу жиілігі-32 рет минутына, өлімнен қорқу сезімі мазалайды. Аускультативті тыңдағанда өкпенің екі жағында да орташа және үлкен көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталған. ҚҚ 130/90мм сын.бағ.Тамыр соғысы минутына120 рет.

Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?

* Өкпе туберкулезі. Өкпе ісінуі

* Ошақты пневмония. Өкпе ісінуі

*+Вирусты пневмония. Өкпе ісінуі

* Грипп, ауыр ағымды. Өкпе ісінуі.

* Крупозды пневмония, ауыр ағымда

** 18 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері Менингококкты инфекция, менингококцемия диагнозын қойған. Бөлімшеде пенициллинді тәулігіне 12 млн б/е, ыстық түсіруші препаратын енгізген. Бүгін науқастың жағдайы кенеттен нашарлап, психомоторлық қозу пайда болған, тыныс алу жиілігі - 25 рет мин., тамыр соғысы 130 с/мин, жіптәрізді, ҚҚ – 60/40 мм с.б., дене температурасы 36,20С. Таңертеңнен бері кіші дәретке шықпаған.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>