Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1** Науқас 20 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының 380 дейін көтерілуіне, әлсіздік, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрек 23 страница



** Ер кісі 26 жаста ауруының 1-ші күні терапевтке қаралды. Қонақта болғаннан кейін 8 сағат өткеннен кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,мазалап, 3-4 рет құсқан, үлкен дәреті 10 рет күніне.Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталған. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Ауруханаға жатқызылған.

Қандай клиникалық көрсеткіштерге сәйкес (№33 қаулы бойынша) осы науқасты ауруханаға жатқызуға жолдама берген?

* Ұзаққа созылған диарея

* Ересектердегі аурулардың барлық формалары

* Дизентерияның созылмалы формалары

*+Ауыр сусызданумен өтетін аурулардың барлық формалары

* Артериальді гипертензиямен бірге жүретін диарея синдромы

 

** 20 жастағы ер адам, жатақханада тұрады, бір бөлмеде 5 адам тұрады. Емханаға келген. Қонаққа барғаннан кейін 6 сағаттан соң ауырған, іші эпигастрий аймағында, кіндігінің түбінде ауырған, жүрегі айнып, 3-4 рет құсқан, іші жиі өткен. Түскенде: температурасы – 38 С. Іші кеппеген, пальпациялағанда эпигастрий және оң жақ мықын аймағында ауырады. Ішек спазмдары жоқ. АҚҚ - 90/60 мм.с.б. Пульсі – минутына 100 рет. Кіші дәреті бар. Нәжісі сұйық, қою жасыл түсті, жағымсыз иісті. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

(№33) қаулысына сәйкес сальмонеллезбен ауырғандардың қандай құрамы ауруханаға жатқызылады?

* Балалармен жұмыс істеу

* Жоғару оқу орнынында оқу

* Жер үйде тұру

* Көп қабатты үйде тұру

*+Үйінде эпидемияға қарсы шараларды сақтау мүмкіндігінің болмауы

 

** 52 жастағы әйел, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды. Ішінің толғақ тәрізді ауруына, жүрегінің айгуына, басының ауырып, ішінің 10 ретке дейін өтуіне, тенезмдер мен жалған шақыруларға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температура - 37,5°С,

АҚҚ - 100/60 мм с. б. Пальпациялағанда: сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы анықталады. Үлкен дәреті нәжіссіз, қан аралас шырыш. ҚЖА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109 /л, э - 1, т - 2, с - 75, л - 18, м - 5. ЭТЖ- 17мм/сағ.



Қандай ем ЕҢ тиімді?

* Аспирин

* Мелдронат

* Пенициллин

* Доксициклин

*+Ципрофлоксацин

 

** 30 жастағы әйел адам, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 38,1С, АҚҚ 90/60 сын.бағ.бой., пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0* 1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4* 109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%,. ЭТЖ - 17мм/сағ.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек?

* Зәрдің жалпы анализі

* Қанның жалпы анализі

* Гемокультураға қан тапсыру

*+Нәжісті бактерилогиялық зерттеу

* Зәрді бактерилогиялық зерттеу

 

** Ер кісі, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі бару мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой.,пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Қандай ем ЕҢ тиімді?

* Макропен 500 х 2 р

* Амоксиклав 625х2 р

* Доксициклин 0,1 х 2 р

* Пенициллин 1,0х 4 рет б/е

*+Ципрофлоксацин 500 х 2 р

 

** Ер кісі, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 7-8 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70сын.бағ. бой.,пульсі-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Дәрігер науқаста сальмонеллез бар екенін болжады.

Осы жағдайға сальмонеллездің қай клиникалық формасы сәйкес келеді?

* Сүзек тәрізді

* Гастриттік

* Септикомиемиялық

*+Гастроэнтериттік

* Гастроэнтероколиттік

 

** 42 жастағы ер адам, аймақтық дәрігерге келген. Ауырғанына 2 апта болған, әлсіздік мазалап, зәрі қоңыр түске боялған, сарғайған. Соңғы жылдары терісі қатты қыши бастаған. Қарап тексергенде терісі мен склералары сарғайған, қасыған іздері бар. Бауыры үлкейген, қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Көк бауыры перкуторлы үлкейген. Тәбеті төмен. Зәрі қоңыр, нәжісі ағарған. Басқа органдар жағынан өзгерістері жоқ. Адекватты, бірақ терісінің қатты қышуына байланысты мазасыз, түнде ұйықтамайды. Билирубин бос 46. байланысқан – 120 ммоль/л, АсАТ –10N, АлАТ –8N, сілтілі фосфатаза –3N, тимол сынамасы – 30 ед., сулема сынамасы – 1,5 мл.

ЕҢ ықтимал диагноз?

*+Вирусты гепатит холестатикалық компоненті бар

* Ұйқы безі басының ісігі

* Лептоспироз, сарғаюлық түрі

* Иерсиниоз, гепатитті түрі

* Өт тас ауруы

 

** 45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Диурезі адекватты, зәрі қоңыр.

Қандай асқыну дамыған?

* Бүйректің жедел жетіспеушілігі

*+Бауырлық жедел энцефалопатия

* Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі

* Бауырдың созылмалы жетіспеушілігі

* Тамыр ішінде қанның шашыранды ұйюы синдромы

 

** 25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.

Қандай ем шара ең тиімді болып табылады?

* Ферменттер

*+Дезинтоксикация

* Иммунокорректорлар

* Өт айдағыштар

* Вирусқа қарсы

** 19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».

Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?

* Анатоксин енгізу

* Гамма-глобулин енгізу

* Қорғаныс бетпердесін қолдану

*+Арнайы вакцинация

* Тек қана қайнаған су қолдану

** 40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген.

Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді?

* АЛТ-ң қалыпты деңгейі

* Тимол сынамасының жоғарылауы

* Билирубин деңгейінің жоғарылауы

*+Протромбин индексінің төмендеуі

* Сілтілі фосфатазаның жоғарылауы

 

** 46 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 2 апта бойы ем қабылдап жатыр. Қыжылға, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, терінің айқын қышынуына, қорқынышты түстер көруіне шағымданады. 20 күн бойы үйінде ауырып жатқан. Жүрегі айнып, құсқан, буындары ауырған. Сарғаю пайда болғаннан кейін аймақтық дәрігерге қаралған. 2 ай бұрын тіс дәрігерінде тісін емдеткен. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тырнақ іздері байқалады. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-640 Ед/л; АСТ-240 Ед/л; жалпы билирубин-250 ммоль/л; тікелей билирубин-185 ммоль/л; тікелей емес билирубин-65 ммоль/л.

Клиникалық көріністердің қайсысы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

* Қыжыл

* Сарғаю

*+Қорқынышты түстер

* Терінің айқын қышуы

* Эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

** 17 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуға, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.

Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

* Сулема сынамасы

* Тимол сынамасы

* Трансаминазалардың деңгейін

* Билирубин және оның фракциялары

*+ Вирусты гепатиттердің маркері

** 28 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына. шағымданып түсті Ауырғанына он күн болды. 2 ай бүрын кесар тілігі арқылы босанған. Қан кету болған, жаңа тоңазытылған плазма құйылған. Қарап тексергенде: терісінің және склераларының айқын сарғаюы, терісіндегі трнақ іздері байқалады. Бауыры 1,0-1,5 см-ге ұлғайған. Іш қатуы мазалайды. Зәрі қоңыр, өт пигментіне «оң».

Қай белгі аурудың ауырлық ағымын көрсетеді?

* Сарғаю

* Терінің қышуы

* Гепатомегалия

* Іш қатуға бейім

*+Интоксикация симтомдары

** 21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң».

Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?

* Артралгиялық

* Диспепсиялық

* Холестатикалық

*+Геморрагиялық

* Астеновегетативті

** Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының жоғарлауына, тәбетінің төмендеуне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. 10 күн бойы ауырады. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң терісінің және склерасының сарғаюын байқаған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-440 ммоль/л, АСТ 264 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?

* HbsAg

* аnti-HbeAg

*+anti-HAVIgM

* anti-HAVIgG

* anti-HDVIgM

** Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Лептоспироз

* Бауыр абсцесі

* Жедел холецистит

* Өт тас ауруы

*+Жедел вирусный гепатит

** Әйел адам, 32 жаста, ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Ауруының бірінші күнінен бастап тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімі мазалаған. Аурудың 7-ші күнінде склерасының сарғаюын, зәр түсінің өзгеруін байқаған, ал екі күннен кейін сарғаю айқын көріне бастады. Жүктілік 16-17 апта. Объктивті: жағдайы қанағаттанарлық. Бауырлық улану белгілері жоқ. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Бауыры 1,5-2 см-ге ұлғайған, әлсіз ауырсыну сезімді. Нәжісі түссіз, холурия.

Қайндай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Иерсиниоз

* Жүктілік гепатозы

* Өт тас ауруы

*+ Жедел вирусты гепатит

* Созылмалы вирусты гепатит

** Ер адам 37 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Ауызынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тахикардия - 120 рет минутына. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см­-ге жоғары анықталады. Терісінің және шырышты қабатының сарғаюы кеше байқалды. Бірнеше күн бұрын жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы мазалаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Инфекциялық-токсическалық шок

*+Жедел бауырлық энцефалопатия

* Тыныстың жедел жетіспеушілігі

* Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі

* Жүрек-қантамырлардың жедел жетіспеушілігі

** 32 жастағы әйел, ауруының 8 күні ауруханаға келген. Бірінші күннен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, аздап дене температурасы көтерілген, оң жақ қабырға доғасының астындағы аырсыну сезімі. Ауруының 7 күні көз склераларының сарғаюын, зәрінің қоңырлануын байқаған, ал 2 күннен кейін сарғаюы айқындала түскен. Жүктілігі 16-17 апта. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Бауырлық интоксикация белгілері жоқ. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см шығып тұр, аздап ауырады. Нәжісі ахолиялы, зәрі қоңыр.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

* ҚЖА

* Өт қышқалдарын зәрде анықтау

*+ИФА вирусты гепатит маркерлері

* Коагулограмма

* Бауырды УДЗ

** 38 жастағы ер адам, вирусты гепатитке тексерілгеннен кейін емханаға қаралды. Шағымдары жоқ. Объективті: ішкі мүшелері мен жүйелері жағынан өзгерістері жоқ. Донор болғысы келген. Сол себепті вирусты гепатиттер мен АИВ инфекциясына тексерілген. Тексеру нәтижесінде анықталды: ИФА- аnti-НСV (+), ПЦР–HCVRNА (+), вирусты жүктеме 2600000 МЕ/мл, вирус генотипі 1.

Қандай тактика ЕҢ ықтимал?

* Глюкокортикостероидтар тағайындау

* Бақылау және 6 айдан кейін анализдерді қайталау

* 48 апта ішінде нуклеозидтер аналогтарын тағайындау

* Гепатопротекторлар мен өт айдағыштарды тағайындау

*+48 апта бойы пег-интерферон мен рибавирин тағайындау

** 75- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 2 күн бойы қалтырауға, бас ауруға, сол жақ балтыр аймағының ісінуіне,қызаруына шағымданады. 5 күн бұрын іріңді отитке байланысты ем қабылдаған. Дене қызуы 39°С, сол жақ балтыры мен табан аймағында айқын гиперемия, шектелген, айқын шекарасы бар, пальпация кезінде ауру сезімді, терісі күйіп тұр.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

*+Тілме

* Пастереллез

* Эризипелоид

* Сібір жарасы

* Аллергиялық дерматит

** 50- жастағы ер адам стационарға түсті.2 күн аралығында қалтырау, басының ауруы, оң жақ балтыр мен табан аймағындағы ісіну, ауру сезімі, қызару анықталды. 50 жасында бет тілмесі болған. Дене қызуы 39,6°С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 110/70 мм.сб. Оң жақ балтыр мен табан аймағында айқын гиперемия, жайылмалы геморрагия, қызару шеттері тегіс емес, шекарасы периферялық валикпен айқындалған. Алдыңғы және артқы аймақтарында бірнеше жайылмалы сарғыш және қоңыр түсті көпіршіктер бар.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

* Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі

* Қайталанған тілме, эритематозды-буллезды түрі

* Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі

*+Қайталанған тілме, буллезді-геморрагиялық түрі

* Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі

** 65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, қызару, сол жақ балтырда ауру сезімі және ісіну мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?

* Пенициллин

*+Преднизолон

* Супрастин

* Парацетамол

* Диклофенак

** 70- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, оң жақ балтырда қызару, керінелген ауру сезімі және ісіну мазалайды. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,0С, пульс 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, оң жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық сезімі, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.

Дәрігердің қандай іс – әрекеті жасайды?

* Инфекциялық ауруханаға жатқызу

* Хирургия бөлімшесіне жатқызу

*+Реанимация бөлімшесіне жатқызу

* Эндокринология бөлімшесіне жатқызу

* Кардиология бөлімшесіне жатқызу

 

** 46- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 9 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауп қайтарады. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ, қабырғасында күлгін түсті жағынды бар, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.

Бірінші кезектегі дәрігердің іс-әрекеті?

* Ошақтың дезинфекциясы

*+Жедел түрде хабарлама жіберу

* Қарым-қатынаста болған адамдарды зерттеу

* Серологиялық зерттеу

* Бактериологиялық зерттеу

 

** 26- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 9 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған.Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі розеолезді-папулезді бөртпе анықталады. Тілі құрғақ, қабырғасын кір күлгін түсті жағынды жапқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.

Қай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Листериоз

* Иерсиниоз

* Бруцеллез

* Бөртпе сүзек

*+Іш сүзегі

** 36- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 8 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны.Жағдайы ауыр,дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ,қабырғасын күлгін түсті жағынды басқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбысы тұйықталған, бауыры +1,0 см.

Қандай дәріні тағайындаған ЕҢ тиімді?

*+Левомицетин

* Гентамицин

* Тетрациклин

* Цефазолин

* Амикацин

** 42- жастағы әйел адам стационарға түсті. 5 күн бойы басы ауырған, әлсіздік, қызба болған. Тұрғылықты тұратын жері жоқ. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас қозғыш, көп сөлейді. Бет терісі гиперемияланған, склерит, конъюнктивит, конъюктивасында гемморагия, аңқасында гиперемия, тілінің түбірінде қан құйылулар байқалады. Іші, кеуде, аяқ- қол терісінде көптеген папулезді-петехиалды бөртпе. Жгут симптомы оң. Іші жұмсақ ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>