Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1** Науқас 20 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының 380 дейін көтерілуіне, әлсіздік, іштегі ұстама тәрізді ауру сезіміне, жүрек 26 страница



Қандай тексеру әдісін жүргізген ЕҢ тиімді?

* Комплемент байланыстыру реакциясы

* Иммунофлюоресцентті әдіс

* Иммуноферментті анализ

*+Иммунды блоттинг

* Иммунограмма

** 23 жастағы ер адам, АИВ инфекциясы бойынша жасырын кеңес алу лабораториясына келген, 2 апта бұрын көк тамырға есіркі қабылдайтын әйелмен жыныстық қатынаста болған. Текерілген анализінің нәтижесі теріс болған. Дәрігер науқасты тағы бір рет АИВ инфекциясына тексеруді ұйғарды.

Қандай уақыттан кейін тексеруді қайталаған жөн (қанша ай, жыл өткеннен кейін)?

* 5 жыл

* 1 жыл

* 9 ай

* 6 ай

*+3 ай

** 27 жастағы ер адам, ауырғанына 4 апта болған, дене температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, тамағы жыбырлаған, әлсіздік дамыған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы – 37,4°С. Мұрынжұтқыншақ қызарған, бадамша бездері ұлғайған. Қолтық, жақасты, мойнының, шаптың лимфа түйіндері 1,5 см ұлғайған, аздап ауырады. Анамнезінде: жанастық партнері көктамырға есірткілерді еңгізеді.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

* Тонзиллит

* Лимфома

*+АИВ-инфекциясы

* Аденовирусты инфекция

* Инфекциялық мононуклеоз

** 29 жастағы ер адам, бір жыл бұрын Нигериядан келген. Әлсіздік сезініп, дене температурасы 37,5ºС дейін көтерілген, денесінде кейде бөртпелер шығады, күнде іші 2-3 ретке дейін өтеді. Дене салмағы 10 кг көпке азайған. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқасты АИВ инфекциясы деген диагнозбен ауруханаға жатқызған.

Қандай манипуляция жасағанда медицина қызметкері АИВ инфекциясын жұқтырып алуы мүмкін?

* Цистоскопия

* Гастроскопия

* Ректороманоскопия

*+Көк тамырдан қан алу

* Бұлшық етке еңгізу

** 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Тексергенде өкпесінің екі жақтық пневмониясы анықталады.

АИВ инфекциясында пневмонияның ЕҢ жиі қоздырығышы қандай?



* Вирусты

*+Пневмоцисті

* Пневмококктық

* Токсоплазмоздық

* Стафилококктық

** 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Дәрігер өкпе жағынан өзгерістер бар деп күманданған.

АИВ инфекциясына тән өкпедегі өзгеріс қандай?

* Өкпе абсцессі

* Астмоидты бронхит

* Қайталамалы плеврит

*+Пневмоцистті пневмония

* Пне

вмококкты пневмония

** 30 жастағы ер адам, 10 жыл бойы көктамырға есірткі заттарды еңгізеді. Биыл бірінші рет АИВ инфекциясы, III клиникалық сатысы анықталып, АРТ қабылдайды. Соңғы екі ай бойы тамақтанғанда аузы ашиды, салмақ тастаған, үлкен дәреті сүйықтау. Қарағанда: ауыз қуысының шырышты қабаттарында ақшыл түсті сүзбе тәрізді жабындылар жапқан, аздап уырады. Тілі өңезделген, бүрлері тегістелген.

Қандай ем ЕҢ тиімді?

* Гормонды терапия

*+Саңырауқұлаққа қарсы терапия

* Антибактериалды терапия

* Иммуномодуляторлар

* Ауыз қуысын антисептиктермен шаю

 

** 35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң.

Науқасты жүргізудің ЕҢ тиімді әдісі қандай?

* Фтизиатр кеңесі

*+ЖИТС орталығына жіберу

* Иммунды статусын анықтау

* АИВ инфекцияға қайта тексеру

* Антиретровирусты терапия тағайындау

** 28 ер адамда гистологиялық әдіспен саркома Капоши анықталған. Осы науқасты қандай ауруға тексеру керек?

* Лимфома

* Меланома

* Иерсиниоз

*+АИВ-инфекциясы

* Жүйелі склеродермия

** 30 жастағы ер адамда АИВ˗инфекциясы, қарап тексергенде аузында келесі өзгерістер анқталады.

Осы ауру қалай аталады?

* Саркома Капоши

* Афтозды стоматит

*+Ауыз қуысының кандидозы

* Түкті лейкоплакия

* Сквамозды-клеткалық карцинома

** 35жастағы ер адам, ауруханаға дене температурасының 37,3-37,5°С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, ылғалды жөтелге шағымданып түскен. Күніне 2 пачкаға дейін темекі шегеді. Екі жыл бойы АИВ˗инфекциясы бойынша бақылауды тұрады. Қарап тексергенде науқаста созылмалы бронхиттің өршу сатысы анықталған.

Науқаста пневмоцистті пневмонияның алдын алу үшін қандай дәрі тағайындаған ЕҢ тиімді?

* Ацикловир

* Доксициклин

* Цефалоспорины

* Нистатин/амфотерицин В

*+Триметоприм/сульфаметоксазол

** Ер адам 20 жаста, жедел жәрдеммен қабылдау бөлімне мынандай шағымдармен түсті: аздап бастың ауруына, мұрынның бітелуіне, құрғақ жөтел, аздаған тамақтағы ауру сезімі. 10 күнен бері субфибрильді температура сақталуда. 1-2 рет сұйық нәжістің болғанын байқаған. Қараған кезде беттің қызыруы, склераның қантамырларының инъекциясы және сол көздің конъюктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының аздап қызарғаны және түйіршіктілігі байқалады. Лимфа түйіндері пальпацияланады. Өкпеде везикулиярлы тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмді ЖСЖ 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.c.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Грипп

* Ринит

* Парагрипп

* Энтеровирусты инфекция

*+Аденовирусты инфекция

** Ер адам 25 жаста, жедел ауырған, бастың ауруы маңдай аймағында және көз алмасында, қалтырау, дененің, сүйектің және буынның қақсауы, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі мазалаған. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған, әсері болмаған, жедел жәрдем шақырып жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген. Ауруының 2-ші күні қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелгені анықталған. Өкпеде везикулиярлы тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны әлсіз, тахикардия жсж 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

*+Грипп

* Ринит

* Парагрипп

* Энтеровирусты инфекция

* Аденовирусты инфекция

** Ер адам 25 жаста, жедел ауырған, бастың ауруы маңдай аймағында және көз алмасында, қалтырау, дененің, сүйектің және буынның қақсауы, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі мазалаған. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған, жедел жәрдем шақырып жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген. Ауруының 2-ші күні қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелгені анықталған. Өкпеде везикулиярлы тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия жсж 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Зәр шығаруы ауру сезімсіз.

Клиникалық көріністе қандай синдром басым болып табылады?

* Эксикоз

* Катаральді

* Геморрагиялық

* Артралгиялық

*+Интоксикалық

** Ер адам 25 жаста, жедел ауырған, бастың ауруы маңдай аймағында және көз алмасында, қалтырау, дененің, сүйектің және буынның қақсауы, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі мазалаған. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған, әсері болмаған, жедел жәрдем шақырып жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген. Ауруының 2-ші күні қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде везикулиярлы тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны әлсіз, тахикардия жсж 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз.

Қандай зерттеу тағайындаған ЕҢ тиімді?

* Қанның жалпы анализі

* Зәрдің жалпы анализі

*+Мұрын жұтқыншақтан вирусологияға жағынды

* Жұтқыншақтан микрофлораға жағынды

* Қанның биохимиялық анализі

** Ер бала 15 жаста, стационарға түскен, 3 күннен бері қалтырау байқалады, бас ауру, дененің қақсауы, субфебрильді температура, тамақтағы ауру сезім трахея бойымен, дөрекі жөтел мазалайды. Қараған кезде: аңқаның аздап қызаруы, бадамша безі доғаның артында жабындылар жоқ. Тыныс алуы қиын және жиі, мұрыннан көп мөлшерде серозды бөлінулер бөлінеді, дауысы қарлыққан. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмді жсж 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Зәр шығаруы қалыпты.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Грипп

*+Парагрипп

* Аденовирусты инфекция

* Риновирусты инфекция

* Респираторлы-синцитиальді инфекция

** Ер адам, 24 жаста стационарға ауруының 2-ші күніде келіп түсті, бастың ауруы маңдай аймағында және көз алмасында, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, бұлшық еттегі ауру сезімне. Объективті: Дене қызуы 39,5С. Аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктелген. Склераның қантамырларының инъекциясы. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер бөлінді. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия жсж 92 рет/мин, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз.

ЖҚА қандай өзгерістер осы инфекцияға тән?

* Лейкоциоз

*+Лейкопения

* Нейтрофилез

* Эозинофилия

* ЭТЖ-ң жоғарлауы

** Ер адам, 24 жаста стационарға ауруының 1-ші күні келіп түсті, бастың ауруы маңдай аймағында және көз алмасында, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, бұлшық еттегі ауру сезімі мазалайды. Объективті: дене температурасы 39,5С. Аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктенген. Склераның қантамырлары инъекцияланған. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер байқалады. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия, жсж 92 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Цефазолин 1,0* 3р б/е, глюкоза 5%-500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, ремантодин схема бойынша, тамақты фурациллинмен шаю тағайындалған.

Қандай дәрі қате тағайындалған:

*+Антибиотиктер

* Дезинтоксикация

* Десенсибилизация

* Ремантадин схема бойынша

* Тамақты фурациллин ертіндісімен шаю

** Ер адам, 21 жаста, жедел ауырған, ауруының 2-ші күні стационарға мынандай шағымдармен түсті: әлсіздік, шаршағыштық, дене қызуының 39°С дейін көтерілуі, тамақтағы аздаған ауру сезімі. Қараған кезде: жағдайы орташа, тері жабандалары қалыптағыдай, аңқасында – қызару байқалады, көкшіл тартқан, ұлғайған бадамша безінде сұры жабынды анықталады, шекарасынан шықпаған, қиын алынады.

Қандай зерттеу маңызды болып табылады?

* Қанның жалпы анализі

* Зәрдің жалпы анализі

*+Аңқадан ВL-ға жағынды

* Аңқадан микрофлораға жағынды

* Қанның биохимиялық анализі

** Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған, учаскелік терапевтке ауруының 5-ші күні қаралған. Ауруы біртіндеп басталған–жұтынған кезде ауру сезімі пайда болған, интенсивтілігі аз, дене қызуы 37,5°С жоғары емес. Терапевт дәргеріне қаралған баспа диагнозы қойылған, 5 күн бойы эритромицин ішкен. Жағдайы жақсармаған – тамақтағы ауру сезімі күшейген, дене қызуы 39°С дейін көтерілген. Жедел медициналық көмек шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Аңқаны қараған кезде: доғаның шырышты қабатының қызаруы, таңдай, бадамша безі, тілшіктің ісінгені. Екі жақта бадамша безінде сұр түсті жабынды анықталады, шпателмен қиын алынады, жабынды тығыз – әйнекке жағылмайды.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

*+Күл

* Лакунарлы баспа

* Паратонзиллярлы абсцесс

* Іріңді-некротикалық баспа

* Симановский-Венсен баспасы

** Жасөспірім 16 жаста, лицейде оқиды, ЖРИ жағдайлары тіркелген, ауруының 8 күні стационарға түскен. Ауруы біртіндеп басталған, мұрыннан су ағумен және жөтелмазалап, аздап тамағы ауырған. Субфебрилді дене қызуы 8 күн бойы сақталған. Эпигастрий аймағында ауру сезімі, 1-2 рет сұйық нәжіс болған. Қараған кезде беттің қызаруы байқалады, склераның қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивит анықталады, жұтқыншақтың артқы қабырғасы аздап қызарған және түйіршікті. Аздап мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір жақты конъюктивит.

Қай диагноз ең ықтимал болады?

* Тұмау

* Парагрипп

*+Аденовирусты инфекция

* Риновирусты инфекция

* Респираторлы-синцитиальді инфекция

** Ер адам, 25 жаста, стационарға түскен. Ауырғанына 3 күн болған. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтерілген, бастың маңдай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтағы ауру сезімі, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде: беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалған. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92, ТС-24, АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109, HB-120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6,с/я-76, мон-8,лимф-10, ЭТЖ-15 мм/с.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Өкпе ісінуі

*+Пневмония

* Жедел бронхит

* Жүрек жеткіліксіздігі

* Тыныс алу жеткіліксіздігі

** Жасөспірім 17 жаста стационарға ауруының 5-ші күні мынандай шағымдармен түскен: тамақтағы ауру сезімі, жұтынған кезде күшейуі, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауру сезімі, зәрінің қоңырлауына. Қараған кезде анықталды: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарған бадамша бездері ұлғайған лакунада іріңді жабынды. Іші жұмсақ оң жақ қабырға астында сезімтал, бауыр қабырға доғасынан +2,0+2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Қандай диагноз ең ықтимал?

* Лептоспироз

* Иерсиниоз

* Листериоз

* Вирусты гепатит

*+Инфекциялық мононуклеоз

** Ер жігіт 19 жаста стационарға ауруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтағы ауру сезімі, жұтынған кезде күшейуі, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауру сезімі, зәрінің қоңырлануы. Қараған кезде анықталды: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарған бадамша бездері ұлғайған лакунада іріңді жабынды. Іші жұмсақ оң жақ қабырға астында сезімтал, бауыр қабырға доғасынан +2,0+2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.

Қандай зерттеу әдісі нақты маңызды болып табылады?

* ТЕГАР

* Қанның жалпы анализі

*+Пауль-Буннель реакциясы

* Қанды вирусты гепатиттердің маркерларына

* Қан, нәжіс, зәр, аңқадан иерсиниозға жағынды

** Ер адам 26 жаста, жедел жәрдем шақырған, ауруының екінші күні стационарға жеткізген, шағымдары: мұрыннан су ағу, бас ауру, тамақтағы ауру сезімі, көздің ашуы. Объективті: Дене қызуы 38,8С, аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер. Склераның қан тамырлары инъекцияланған. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді ЖСЖ 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б

Қандай вирусқа қарсы дәрі тағайындаған дұрыс?

* Ацикловир

* Интерферон

* Циклоферон

*+Осельтамивир

* Оксалин майы

** Әйел, 25 жаста, жүктілігі 12-13апта, ауруының 4-күні аллергология бөлімшесіне мынадай шағымдармен түсті:дөрекі жөтел, жарықтан қорқушылық, әлсіздік, денедегі бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы. Ауруының 4-күні бетінде бөртпелер пайда болды, кейін олар мойнына, кеудесіне таралды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 390С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақта беттің шырыш қабатында - «ұнтақ жармасы» түріндегі энантема анықталады. Бет, кеуде терісінде көптеген бір-бірімен жалғасқан дақты-папулалы бөртпелер.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады:

*+Қызылша

* Қызамық

* Иерсинеоз

* Жәншау

* Аллергиялық дерматит

** Әйел, 25 жаста, жүктілігі 12-13апта, ауруының 4-күні аллергология бөлімшесіне мынадай шағымдармен түсті:дөрекі жөтел, жарықтан қорқушылық, әлсіздік, денедегі бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы. Ауруының 4-күні бетінде бөртпелер пайда болды, кейін олар мойнына, кеудесіне таралды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 390С, склерит, конъюнктивит, ауызжұтқыншақта беттің шырыш қабатында - «ұнтақ жармасы» түріндегі энантема анықталады. Бет, кеуде терісінде көптеген бір-бірімен жалғасқан дақты-папулалы бөртпелер.

Нақты диагнозды анықтағандағы ЕҢ тиімді тактика:

* Науқасты ауруханадан шығару

* Науқасты бөлімшеде қалдыру

* Гинекологтың кеңесін күту

* Десенсибилизациялық ем тағайындау

*+Науқасты оқшаулап, инфекционист шақыру

** Ер адам, 20 жаста, инфекциялық ауруханаға мынадай шағымдармен жатқызылды: қатаң жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, тамағының ауыруы, денесіндегі бөртпелер, жоғары температура. Ауырғанына 5 күн болған. 4 ші күні бетінде бөрпелер пайда болды,содан кейін денесінің жоғарғы болігіне таралды. Объективті:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 390С, склериттің дамуы, коньюктивит, ет терісінде және денесінде жайылған, кейбір жерлерде қосарланған дақты-папуллезді бөртпелер, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатта- “жарма ” тәрізді энантема.

Қандай зерттеу әдісін жүргізген ЕҢ тиімді:

* Преципитация реакциясы

* Агглютинация реакциясы

* ИФА IgM a/т иерсинеоз а/г

*+ИФА IgM a/т қызылша а/г

* ИФА IgM a/т қызамық а/г

** Студент, 19 жаста. Ауырғанына 5 күн болған. Шағымдары: қатаң жөтел, жарықтан қорқу, әлсіздік, денесіндегі бөртпелер, жоғары температура. Бөртпелер аурудың 4ші күні бетінде, содан кейін мойынға, кеудесіне, қолдарына тараған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 390С, склерит дамыған, коньюктивит, бет терісінде және денесіне жайылған, кейбір жерлерде қосарланған дақты-папуллезді бөртпелер, ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатта- “ ұнтақ жарма ” тәрізді энантема анықталады.

ҚР ДМ №264 27 маусым 2007 жылғы бұйрыққа сай ауруды анықтаудың критериилері қандай?

* Температура, конъюнктивит

* Жөтел, тұмау, конъюктивит

* Макуло-папуллезді бөртпе, жөтел

* Макуло-папуллезді бөртпе, жөтел, тұмау

*+Температура, макуло-папуллезді бөртпе, жөтел

** Студент, 20 жаста, жатақханада тұрады,жедел жәрдеммен ҚКБ жеткізілді. Шағымдары: жедел ауырған, дене температурасы жоғарылаған, әлсіздік, бөртпелер пайда болған. Қарау кезінде: t – 39,30С, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, денесінде, аяқ-қолдарда полиморфты (дақты папуллезді, везикулезді, кейбір жерде қабыршақтар) бөртпелер анықталды. 2 апта бұрын туыстарында қонақта болған, осындай клиникамен ауырған баламен байланыста болған.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болады?

* Герпес

* Қызамық

* Жәншау

*+Желшешек

* Аллергиялық дерматит

** Студент, 20 жаста жатақханада тұрады, жедел жәрдеммен ҚКБ жеткізілді. Шағымдары: жедел ауырған, дене температурасы жоғарылаған, әлсіздік, бөртпелер пайда болған. Қарау кезінде:t – 39,30С, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, денесінде, аяқ-қолдарда полиморфты (дақты папуллезді, везикулезді, кейбір жерде қабыршақтар) бөртпелер анықталды. 2 апта бұрын туыстарында қонақта болған, осындай клиникамен ауырған баламен байланыста болған.

Диагноз қоюдағы тактиканыз?

* Күндізгі стационарға жолдау

* Участкалық дәрігерге жолдау

* Кеңес беріп,жатақханаға жіберу

*+Жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализациялау

* Аллергологиялық бөлімшеге жолдау

** Студент, 20 жаста, жедел ауырған, дене температурасы жоғарылаған, әлсіздік, бөртпелер пайда болған. 2 апта бұрын бөлесі осындай клиникамен өткен аурумен ауырған Қарау кезінде:t – 38,90С, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, денесінде, аяқ-қолдарда полиморфты (дақты папуллезді, везикулезді, кейбір жерде қабыршақтар) бөртпелер анықталды. Клиника˗эпидемиологиялық «Жел шешек, орташа ауырлықта» деген диагноз қойылды.

Осы инфекцияға ҚЖА қандай өзгерістер тән?

* Лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

*+Лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ қалыпты

* Анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылауы

* Лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы

* Моноцитоз, атипті мононуклеарлар, ЭТЖ қалыпты

** Жүкті әйел (8-9 апта), 28 жас, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына, тамақтың жыбырлауына, денедегі жайылған бөртпелерге шағымданады. Ауырғанына 3күн болған, t до 37,70 тамағы жыбырлаған. Үйде емделмеген, 2-ші куні бүкіл денесіне таралған бөртпені байқады. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде, аяқ-қолдарында (көбінесе бүгілетін жерлерде)майда дақты˗папулезді бөртпелер. Желкелік лимфа түіндері ұлғайған, аздап ауырсынумен. Ауызжұтқыншақта: бадамша бездері ұлғаймаған, энантемалар мен жабындылар жоқ.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 25 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>