|
Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді.
Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.
Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.
Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды.
Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген.
Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орналасқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар.
Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар, киетін — кимешектер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған. Олар қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қалпақ, кебенек-шекпендер жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.
Қаңлы елінде заң мен діни нанымдар өзара ұштастырылып атқарылған.
Қаңлылар — отқа табыну, дінге сыйынатын арнаулы кесенелер салған. Табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болған, би билеген.
Археологиялық ескерткіштері. Мардан – күйік қорымы – Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ескерткіші. Бұл қорым Мардан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында ыдырады.
Ндар
Саяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.
Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.
Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Сарматтар
Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б. з. б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б. з. б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б. з. б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған. Б. з-дың IVғ. ғұндардан жеңіліп батысқа қарай қоныс аударған. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) – массагет, исседондармен туыстас болып келген. Сарматтар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, алаңдар, аорстар, сирактар т. б. тайпалар болған.
Мәдениеті. Сарматтар мәдениеті 3 кезеңді қамтиды.
1. ерте сарматтар мәдениеті (прохор)
2. орта сарматтар мәдениеті (суслов)
3. кейінгі сарматтар мәдениеті.
Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б. з. II-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші – жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірге қасында түрлі әшекей заттары бар әйел жерленген.
III-V ғғ. зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б. з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.
Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси–экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.
Қазақстан тарихы[өңдеу]
Карта.
Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа деін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35/33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері[өңдеу]
1. Палеолит - Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. А. Ерте палеолит - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы қүрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
· Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
· Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
· Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Ә. Орта палеолит - (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Адамдар және олардың тіршілігі. Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген. Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
Б. Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
2. Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
3. Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫ[өңдеу]
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҒЫЛЫМЫ – дүние жүзі халықтары тарихының бір саласы. Өз бастауларын алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жартастар мен үңгірлерде салынған суреттерден, кейінгі құл иеленушілік қоғам тұсындағы тасқа жазылған сына жазулардан алады (қ. Есік обасы). Авестада, Ахемен әулеті тұсындағы парсы деректерінде («Бехистун жазуы», т.б.), Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың («Тарих»), т.б. ежелгі дәуір авторларының еңбектерінде қазақ жерін мекендеген сақтар, турлар, дайлар, исседондар, т.б. тайпалар жөнінде, олардың Ассириямен, Мидиямен, Иранмен байланыстары және Кир, І-Дарий, А.Македонский әскерлерімен соғыстары жайында аса құнды жазба деректер бар. Б.з.б. 2 ғ-дағы Қытай деректері (елшілерден, саудагерлерден, миссионерлерден алынған) Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Сыма Цянның (б.з.б. 145–86) «Тарихи жазбалар»еңбегі аса құнды. Онда ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың тұрмыс-тіршілігі, саяси құрылымдары және Батысқа қоныс аударуы жөнінде көптеген мәліметтер берілген. Осы кезде басталған (б.з.б. 2 ғ.) Қытайдан Орт. Азия арқылы Жерорта т. елдеріне жеткізетін Ұлы Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік құрған тұсқа (618–907) сай келеді. Бұл тұстағы Қытай тарихшылары жазған жылнамаларда түркі қағандықтары, олардың тұрмыс жағдайы, әскери күш-қуаты мен жүргізген соғыстары, түргештер, қарлұқтар, т.б. ұлыстар мен тайпалық одақтар туралы деректер көп. Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады. 6–8 ғ-ларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері түркі қағандықтары (Күлтегін жазуы, Білге қаған ескерткіші, т.б.), түргештер, қарлұқтар, оғыздар,қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар,басмылдар, т.б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады. Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9–14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді. 10 ғ-да өмір сүрген әл-Якуди, ибн әл-Факих, әл-Истахри, ибн Хаукал, ибн Фадлан, т.б. еңбектерінде Қазақстанның тарихы мен географиясына қатысты мол деректер кездеседі. 13–14 ғ-ларда араб ғалымдары Якут, ибн әл-Асир, ибн Баттута, ибн Халдун, т.б. қарахан әулеті, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар, хорезмдіктер, қарақытайлар, Дешті Қыпшақ, Шыңғыс ханның жорықтары, Алтын Орда, т.б. ұлыстар мен тайпалар, олардың саяси-экон. жағдайы жөнінде жазды. 13–14 ғ-лардағы А.Жуайни, Ж.Қарши, Рашид әд-Дин, т.б. авторлардың және Батыс Еур. саяхатшылар П.Карпини, В.Рубрук, М.Полоның шығармаларында 12–13 ғ-лардағы Қазақстанды мекендеген ұлыстардың этн. құрамы мен саяси тарихы, Орда Ежен ұлысы тарихы, Жошы ұрпақтарының генеалогиясы, Шағатай ұлысында болған қырқысулар, Сыр бойы қ-ларының қиратылуы жайында, т.б. деректер беріледі. 14–15 ғ-ларда бір топ авторлардың (Шараф әд-Дин Йезди, Му’ин әд-Дин Натанзи, т.б.) шығармаларын Әмір Темір ұрпақтарының тапсырмасымен парсы тілінде жазды. Бұл еңбектерде Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттері және олардың Әмір Темір мемлекетімен қарым-қатынастары жөнінде жан-жақты мәлімет берілген. 16 ғ-да шығармаларын парсы тілінде жазған, түркі тектес тарихшылар М.Х.Дулат («Тарих-и Рашиди»), Бабыр («Бабырнаме»), т.б. өз еңбектерінде Әбілхайыр хандығы, Орыс хан ұрпақтары, Қазақ хандығының қалай құрылғандығы, алғашқы қазақ хандары (Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, т.б.), олардың саяси-әскери қызметтері жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет береді. 15–16 ғ-ларда Орта Азия мен Шығыс Түркістанда шағатай (түркі) тілінде жазылған тарихи шығармалар жарық көре бастады («Шыңғыснама», «Шайбанинама», т.б.). Ораз Мұхаммед сұлтанмен бірге орыс әскерлерінің тұтқынында болып, кейін Борис Годунов патшаға қызмет еткен Қ.Жалайыри 15–16 ғ-лардағы Қазақ хандығы жөнінде аса құнды деректер қалдырды («Жамиғ ат-Тауарих»). 15–17 ғ-ларда қазақ халқы, билеушілері, батырлары мен билері жөніндегі деректер ауыз әдебиетінде де көптеп кездеседі. Қазақ хандығыРесей бодандығына өте бастағаннан кейін, 18 ғ-да ағылшын кескіндемешісі Джон Кэстль, 18–19 ғ-ларда Ресей тарихшылары (П.С.Паллас, А.И.Левшин, Н.Я. Бичурин, т.б.) өлке тарихын жан-жақты зерттей бастады. Қазақстанда тарих ғылымының жандануы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастау алады. Ол еуропаша білім алған қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, географы Ш.Ш.Уәлиханов есімімен тығыз байланысты. Ол қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тектес халықтардың тарихын зерттеді. Орыс тарихшылары мен шығыстанушылары Н.М.Карамзин, Е.М.Соловьев, В.В.Вельяминов-Зернов, әскери тарихшы М.И.Иванин, т.б. ресей елінің неліктен 250 жыл моңғол-татар езгісінде болғанын саяси-әлеум. тұрғыдан түсіндіру мақсатымен Орт. Азия халықтарын жан-жақты зерттеуге кірісті. 19–20 ғ-ларда Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, М.Шорманов, Құрбанғали Халид, Т.Сейдалин, А.Жантөрин, С.Нұрмұхамедов, М.Ж.Көпеев, т.б. қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлес қосты. Олардың жазғандары қазақ тарихнамасында өлкетану еңбектері ретінде бағаланады. Сондай-ақ осы кезеңде жарық көрген (1911 ж. Орынборда) Шәкерім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» қазақ халқының құрылу тарихын ғыл. негізде зерделеген еңбек болатын. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстан тарихымен орыс ғалымдары Л.Мейер, М.Красовский, М.И.Венюков, т.б., этнографиясымен Радлов, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцев, А.Е.Алекторов, т.б. шұғылданды. 19 ғ-дың соңында Верныйда (қазіргі Алматы), Семей мен Орынборда тарихи-табиғат мұражайлары ашылды. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында акад. В.В.Бартольд, П.И.Лерх, т.б. осы өлкеде археол. зерттеу жұмыстарын бастады. 20 ғасырдың бас кезі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің рухани өркендеген дәуірі болды. Баспасөз беттеріне қазақ зиялылары (М.Тынышбаев, С.Аспандияров, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, т.б.) Отан тарихына байланысты жиі-жиі мақалалар жазды. 1925 ж. Тынышбаевтың «Қазақ (қырғыз-кайсак) халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі орыс тілінде жарық көріп, онда қазақтардың негізін құрайтын ру-тайпалар, олардың таңбалары мен ұрандары, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ жүздерінің пайда болуы, этн. құрамы, қазақ хандығының құрылуы сияқты өзекті мәселелер ғыл. тұрғыдан талдауға алынған. Сондай-ақ Аспандияровтың 1935 ж. жарық көрген «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегі де (орыс тілінде) 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихына арналды. Аспандияров Ресейдің басқыншылық саясатын жүйелеп көрсете отырып, қазақ жерінің Ресейге өз еркімен қосылмағандығын дәлелдеді, бұл процестің прогрестік жол еместігін анықтап берді. Т.Шонановтың 1926 ж. Ташкентте жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» деген еңбегі қазақтардың бұрынғы жер иелену тарихын, жерге деген көзқарасын, патшалық отарлау саясатының салдарынан қазақтардың жерден тапшылық көргендігін мол фактілік материалдар негізінде көрсеткен зерттеу болды. 1921 ж. Архив бас басқармасы құрылып, тарихи құжаттарды жинастыру, өңдеу және ғылымға пайдалану ісі басталды. Мәскеу, Ленинград, Омбы, Орынбор ғалымдары (Бартольд, А.Ю.Якубовский, А.К.Самойлович, М.Е.Массон, т.б.) Қазақстан тарихы мәселелерімен шұғылданды. 20 ғ-дың 20-жылдары республикада КСРО ҒА мен Геогр. қоғамның археол.-этногр. экспед-лары (Ә.А.Диваев, А.В.Затаевич, Ж.Т.Шанин, С.И.Руденко) жұмыс істеді. Қазақстан тарихы мен Қазақстан Компартиясының тарихы, ұлт-азаттық қозғалысының тарихы туралы еңбектер шығару жөнінде алғашқы шаралар жүзеге асырылды, тарихшы мамандарын даярлау басталды. 18–19 ғ-лардағы Қазақ тарихы, әсіресе, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері Ә.Бөкейхановтың «Қазақ (Қырғыз) өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени табыстары» деген еңбегінде жан-жақты қаралды. Досмұхамедов, Рысқұлов, Жандосов, П.Г.Галузо зерттеулерінде де Қазақстанның Ресей құрамына кіру мәселелері қарастырылды. 1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ғыл.-зерт. ин-ты құрылды, оның тарих-археол. секторы 1917 ж. Қазан төңкерісінен бұрынғы және төңкеріс кезіндегі бірқатар жұмыстарды қорытындылады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында бір топ мәскеулік тарихшылар (А.М.Панкратова, С.В.Бахрушин, Н.М.Дружинин, М.П.Вяткин, т.б.) Қазақстанға көшіп келіп, қазақ ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде 1943 ж. орыс тілінде «Қазақ КСР-і тарихы» (ерте заманнан осы күнге дейін) жарық көрді. Бұл Қазақстан тарихы жөнінде жүйелі түрде жазылған тұңғыш еңбек болды. 1945 ж. ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) мен пед. жоғары оқу орындарында тарих ф-ттері, Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. және этнол. ин-ты ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары тарихи, археол., этногр. зерттеулердің көлемі едәуір кеңейді. Екі томдық «Қазақ ССР тарихы» шықты (2-бас., 1949). Қазақстан тарихын кезеңге бөлу мәселелері талданды. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған 1783–97 жылдардағы көтерілісін, Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836–37 жылдардағы көтерілісті және қазақ халқының патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басқа да мәселелерін зерттеуге елеулі үлес (мыс., Вяткин, В.Ф.Шахматов еңбектері) қосылды. Қазақтардың материалдық мәдениеті, тұрмысы, ою-өрнек өнері жөнінде этногр. материалдар (Н.Сәбитов, т.б.) жиналып, зерттелді. 40-жылдардың соңынан бастап археол. экспед-лар Қазақстан жерін түгел дерлік қамтыды: Оңт-те үйсін, қаңлы, Батыс Түрік қағандығы ескерткіштерін, шығыста қола дәуірі мен ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетін, орталықта көне заман мәдениетінің жұрнағын қазу жүзеге асырылды (Ә.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.С.Черников). КСРО ҒА-ның Хорезм археол.-этногр. экспед. (С.П.Толстов) Жетіасар және Алтыасар қалаларының орнына зерттеу жүргізіп, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің қарым-қатынасы мен өзара байланысы жөніндегі аса іргелі мәселе жаңа археол. материал негізінде баяндалды. 50-жылдары республика тарих ғылымының алдына қойған мәселелерінің бірі – жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыстанушы мамандар даярлау болды. Қазақстан ҒА-да шығыстану секторы құрылды. Түркі дәуірі, қыпшақ, қаңлы, қарлұқтар туралы еңбектерінде М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков, А.Ш.Қадырбаев, С.М.Сыздықов, т.б. араб, түркі деректері негізінде зерттеулер жүргізді. Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы тарихына қатысты шығыс деректерін аударып, осы кезеңді зерттеуде С.Ибрагимов, Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин көп еңбек сіңірді. 16 ғ-дың 2-жартысындағы Қазақ хандығының саяси тарихын парсы деректері негізінде М.Қ.Әбусейітова, ал 18–19 ғ-лардағы қытай-қазақ байланыстарын қытай деректері негізінде К.Ш.Хафизова зерттеді. Сонымен бірге 17 ғ-дағы қазақ тарихының мәселелері (қазақ-орыс қатынастары, қазақ-жоңғар қатынастары) В.Я.Басин, В.А.Моисеев пен И.Я.Златкиннің еңбектерінде қарастырылды. Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ ауылдарында жүргізген ұлттық мемл. құрылыс пен ұлт мәселесін шешу тарихы зерттелді. Ә.Қанапин, Р.Б.Сүлейменов, Қ.Біржанов еңбектерінде қазақ мәдениетін өркендету жолындағы табыстар баяндалды. Ежелгі заман мен орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жөніндегі шығыс деректерін тауып, орыс және қазақ тілдеріне аудару ісі едәуір кеңейді. Қазақ халқының шыққан тегі зерттелді. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы, 18–19 ғ-ларда қазақ қауымында болған әлеум.-экон. өзгерістер, Ресей капитализмінің «кеңейе» келіп, Қазақстанға да таралуы және ауылдағы рулық қатынастардың ыдырауы, 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындағы қоныс аудару, жұмысшы және агр. қозғалыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Ақпан төңкерісі жөнінде моногр. зерттеулер жасалды. Уәлиханов шығармаларының 5 томдық жинағы мен қазақ ағартушысы Алтынсариннің таңдамалы және 3 томдық шығармалары жарық көрді. Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Қ.Бейсембиев, Ә.Қанапин, Х.Әбжанов, Қ.Ахметов қазақ ағартушыларының өмірі мен шығарм., қоғамдық ой-пікір мен ағарту саласындағы идеялық ағымдар туралы, жалпы мәдениет тарихына арналған ғыл. еңбектер жариялады. әл-Фараби шығармаларының түсіндірме мәтіні шықты. Қазақ жерін этногр. жағынан жаппай зерттеу жүргізілді, қазіргі қазақ аулының мәдениеті мен тұрмысына ғыл. талдау жұмыстары жарияланып, Қазақстанның археол. картасы жасалды. Оңт. және Шығыс Қазақстан мен Балқаштың солт. жағалауында, Қаратау аймағында палеолиттік қазындылар табылды. Ертедегі көшпелі тайпалар, сақ, үйсін мекендері мен «патша» қорғандарын зерттеу жалғастырылды. «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты күрделі еңбек (1966), Ортағасырлық Тараз туралы кітаптар шықты. Ежелгі Отырар мен оның төңірегінде, Орт. Қазақстанда кең көлемді қазба жұмыстары өріс алды. 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап Қазақстан қоғамы шетелдік ғыл.-зерт. орт-тарының назарына ілікті. Қазіргі кезде ондай орт-тар Еуропа (Германия, Франция, т.б.), АҚШ, Жапония, Қытай, кейбір мұсылман елдерінде орналасқан. Бұл орталықтар, әсіресе, КСРО тұсында көбінесе бір жақты еңбектер (антикоммунистік бағытта) жазды. Дегенмен, олар өз еңбектерінде Кеңес Одағында пайдалануға тыйым салынған авторлар мен олардың шығармаларын кеңінен қолданды әрі Қазақстанды Ресейдің отарлауы, Азамат соғысының шындығы, 1930–32 ж. ашаршылық, 1937–38 ж. қуғын-сүргін, ұжымдастыру, фашизмге қарсы соғыс, тың игеру, т.б. тақырыптарда неғұрлым өнімді еңбек етті. Р.Конквест, Э.Бэкон, Л.Крадер, А.Хадсон, М.Олкотт, Р.Пирс, Э.Саркисянц, А.Боджер, А.Беннигсен, т.б. шет ел ғалымдары Қазақстан және қазақтар тақырыбында қалам тартты. Бұған қоса шет елдегі қазақ тарихшылары (Қытай, Түркия, Еуропа елдеріндегі) Қазақстан тарихына байланысты көптеген еңбектер жазды.Г.Ф.Дахшлейгер, [[Д.Дулатова[[, К.Есмағамбетов, Ж.Қасымбаев, Пищулина, Қозыбаев және И.В.Ерофееваның 1970–90 жылдарда жарияланған нақтылы-тарихи және тарихнамалық зерттеулерінде қазақ хандығының құрылуы мен дамуының, 18 ғ-дың 40–80-жылдарындағы отандық тарих, ең алды- мен, Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды. 20 ғ-дың 60– 80-жылдарында жарық көрген Е.Ділмұхамедов, Е.Бекмұхамедов, М.Асылбеков еңбектерінде, сол сияқты кейінгі кезде жарияланған Б.Аяған, С.Игібаев, В.Ғалиев, т.б. шығармаларында 19–20 ғ-лардағы Қазақстанның инфрақұрылымдары және қоғамдық-саяси, мәдени жүйесінің даму эволюциясы зерттелді. Қозыбаев өзінің 20 ғ-дың 80-жылдарының соңынан бастап жариялаған топтама еңбектерінде Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» мәселелерінің, жабық тақырыптардың зерттелуіне, өз бағаларын алуларына күш салды. Әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихының шындығы Қозыбаев зерттеулерінің басты нысандарына айналды. Алаш қозғалысының мәселелері 1990–2000 ж. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейіс, Д.Аманжолова монографияларында жан-жақты сөз болды. Мыс., Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты еңбегінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты мәселелер кең ауқымда қарастырылған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі, қазақ зиялыларының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі, Алашорда өкіметінің құрылуы талданды. Нұрпейістің «Алаш һәм Алашорда» еңбегі алаш қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі, Кеңес өкіметі және Азамат соғысы жылдарындағы Алашорда өкіметінің жағдайына, оның Кеңес өкіметімен қарым-қатынасына қатысты мәселелерді қамтыды. Ресейлік түркілердің, туған халқының тәуелсіздігі үшін шет елде жүргізген қоғамдық-саяси қызметіне арналған Шоқайдың шығарм. мұрасын насихаттауға Б.Садықова, Б.Дәрімбет, С.Шілдебай, Д.Қамзабекұлы, А.Нүсіпхан зерттеулер жазды. 20 ғ-дың 20–30-жылдарындағы қазақтардың дәстүрлі өмір сүру салтының бұзылуы, ұжымдастыру, түрлі көтерілістер, ауа көшушілік, диаспора мәселелері Ж.Абылхожин, Т.Омарбеков, Қ.Алдажұманов, Г.Меңдіқұлова, З.Қинаятұлы еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл. айналымға енгізіп, оларды негізгі дерек көздерінің қатарына қосу мәселесі Қ.Атабаев, Ж.Артықбаев, Ж.Қадыртаева еңбектерінде зерттелді. Қазақстандық археологтар (К.Байпақов, З.Самашев, М.Елеуов, С.Жолдасбаев,Ж.Таймағанбетов, С.Әжіғали, т.б.) республиканың түпкір-түпкірінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның әскери тарихы да кеңінен зерттеле бастады. Әскери тарих саласында Белан, К.Аманжолов, А.Тасболатов, т.б. көп зерттеулер жүргізді. Көптеген тарихшылар шет елдердегі архивтерде (Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа және кейбір мұсылман елдері) жұмыс істеп қайтты. АҚШ-тағы Стэнфорд ун-тінің архивінде Аяған, Қытай архивтерінде Хафизова, Қ.Салғарин зерттеулер жүргізді. Қазақстан ҰҒА-ның Тарих және этнол. ин-ты, 1991 ж. одан бөлініп шыққан Археол. ин-тының ғалымдары Қазақстанды археол. тұрғыдан кешенді зерттеу жұмыстарын жалғастырды. 1996 жылдан бастап ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнол. ин-ты мен Археол. ин-тының ұжымдары, респ-ның кейбір жоғары оқу орындарының қоғамтанушы ғалымдарымен бірлесе отырып дайындаған Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі академиялық бес томдық тарихы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Жекелеген тарихшылар тәуелсіздік жағдайына орайластырып, орта мектептер мен жоғары оқу орындары үшін оқулықтар дайындап, жариялады.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сақ тайпаларының қоныстануы | | | Задание на курсовую работу |