Читайте также: |
|
Радиоактивтi ыдырау заңы деп радиоактивтi ядролардың санының уақыт бойынша өзгеру заңдылығын айтады. Бұл заңды оңай анықтауға болады. Шындығында, егер қандай да бiр уақыт мезетiнде радиоактивтi ядролардың саны N болса онда dt уақыт аралығында ыдырайтын ядролардың саны dN мынаған тең болады
dN=-λN·dt
мұндағы минус таңбасы dN – дi ыдырамаған ядролардың өсiмшесi ретiнде қарастырумен байланысты. Ал λ, радиоактивтi ядроның бiрлiк уақыт аралығында ыдырау ықтималдылығы. Оны әдетте ыдырау тұрақтысы деп атайды. Бұл өрнектi интегралдай отырып
ln N =-λt + const
аламыз. Бастапқы t =0 уақыт мезетiндегi ыдырамаған радиоактивтi ядролардың санын N 0 деп белгiлей отырып, const = ln N 0 екенiн аламыз. Онда
N =N 0 e -λt
Мiне, осы өрнек радиоактивтi ыдырау заңы болып табылады (7.10 - сурет).
Бастапқы радиоактивтi ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты жартылайыдырау периоды деп атап, Т 1/2 әрiпiмен белгiлейдi
7.10 - сурет |
Бүгiнгi күнге дейiнгi белгiлi радиоактивтi ядролардың жартылайыдырау периоды 3·10-7 с-тан 5·1015 жылға дейiнгi аралықтағы мәнге ие.
Радиоактивтi заттың активтiлiгi деп бiрлiк уақыт аралығында болатын ыдыраудың санын айтады, яғни
А=dN/dt=-λNdt/dt=-λN
Бұл жерден активтiлiктiң радиоактитi ядролардың санына пропорционал, ал жартылайыдраудың периодына керi пропорционал екенi көрiнiп тұр.
Активтiлiктiң халықаралық бiрлiктер жүйесiндегi бiрлiгi беккерель (Бк). Беккерель деп 1 с iшiнде бiр ыдырау жасайтын радиоактивтi заттың активтiлiгi алынған. Нақтылы өмiрде активтiлiктiң кюри (Ки) деп аталатын бiрлiгi жиi қолданылады. Кюри ретiнде 1 с аралығында 3,7·1010 ыдырау жасайтын радиоакивтi заттың активтiлiгi алынған
40. Өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті элементар бөлшек дейміз. барлық элементар бөлшектер бір-біріне түрленеді және бөлшектердің антибөлшектері болады.Бөлшектер өздерінің антибөлшектерімен әсерлескенде аннигилляция процесі жүреді,нәтижесінде олар басқа бөлшекке немесе фотонға айналады.Элементар бөлшектер космостық сәулелерден және үдеткіштер қондырғысы арқылы алынады.Элементар бөлшектер 4 топқа бөлінеді:фотондар,лептондар,мезондар,бариондар.Бесінші ретінде бариондар қарастырылады. Бұл бөлшектер гравитациялық тартылыс әсерлесуінде қатысады.Бариондар мен мезондарды адрондар дейді.Элементар бөлшектер төрт әсерлесу күштерінде қатысады:күшті(ядролық), электромагниттік,әлсіз және гравитациялық күштер.Бір кездері молекулаларды, одан кейін атомдарды дүниенің бөлінбейтін кірпіші, яғни элементар бөлшегі деп айтқан болатын. Ал қазір элементар бөлшектер қатарында 400-ден аса бөлшектер бар.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Металдар мен жартылай өткізгіштердегі түйіспелі құбылысы (Зеебек, Пельте құбылыстары). Электрондарды кемтікті байланыс (р-п-ауысуы). | | | Проверка документов |