Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүрек-тамыр аурулары

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы. | Дәріс тақырыбы: ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары | Дәріс тақырыбы: Зілзала және оның салдарымен күрес. | Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау | Тарау. Жалпы ережелер | Атысатын мемлекеттік органдарының құзыреті | Тарау. Террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және | Залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту | Жағынан қамтамасыз ету | Суға бату. |


Адам шаршаса жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек үздіксіз жұмыс істейді, адамның ми клеткалары басқа органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.

Жүректің әрбір қысқарған уақытында ол ірі тамырларға елу, жүз текше сантиметр қан жөнелтеді. Ширек стақан, бір қарағанда аз сияқты, алайда осы санды бір минуттағы 60-80 қысқартуға көбейтіңіз, сонда 4-8 литр, ал тәулігіне 10 мың литрға жуық қан айдайды! Жүректің осы бір алып жұмысы ол өзінің жұмысын ақаулы атқарғанша күн сайын қайталанады. Алайда жүректің құрылымы қандай болса да, табиғат оған қандайда бір күшпен төзімділікті сыйласа да ауруға шалдығуы мүмкін.

Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі уақытта таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.

Жастардың арасында өз денсаулығына немқұрайды қарау орын алып отыр. Олар кейде ауырған кезде бірақ емделеміз деп даңдайсиды. Ең бастысы ауруға шалдыққанша оның алдын алған жөн. 19 ғасырдың белгілі терапевті М.Я. Мудров былай деген еді: «Дені сау адамдарды өз қолына алу, оларды аурудан сақтау, оларға лайықты өмір салтын көрсету-дәрігер үшін емдеуден гөрі оңай міндет».

 

Газбен улану

Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аудару керек.

Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

 

Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.

Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз!

Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай – ақ жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады!

27 литрлік баллонды ауыстырғанда немесе оған газ толтырғанда қақпақтың саңылаусыз жабылғанын тексеруді талап етіңіз.

Нығыздаушы шығыршықтың жай – күйін үнемі тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген жарық, кедір – бұдыр сияқты ақаулар болмауы тиіс. Газ құрал – жабдықтарын орнату мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды пайдаланып болғанда газ құрал жабдық-тарындағы және олардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін қадағалаңыз.
Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай, иісті газдың бөлінуіне себеп болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Күйіктер, үсік шалу. Алғашқы көмек.

2. Суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ыстық тию. Алғашқы көмек.

3. Жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шефер әдісі| Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)