Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы.

Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия | Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар | Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы. | Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар | Теріні қорғайтын құралдар | Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары | Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары | Бактериологиялық қарудың индикациясы. | Химиялық әдістер. |


Читайте также:
  1. ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы.
  2. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы.

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы гамма сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған.

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы тура көрсететін елу ДКП - 50А мөлшері өшеуішінен және ЗД-5 зарядтау қондырғысынан тұрады.

Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған.

Аспапты жұмысқа дайындау: қорек көзін және мөлшер зарядын токқа қосу.

Қорек көзін токқа қосу кезінде:

- потонциометр тұтқасын тірелгенше солға қарай бұру керек;

- қорек бөлігіне 1,6-ПМЦ-У-8 (145У) екі элементін орналастырып, оларды таңбаға сәйкес токқа қосу керек;

- қорек бөлігін қақпақпен жауып, бұранда арқылы бекіту керек.

 


ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі:

1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.

ДКП - 50А мөлшер өшеуішті жұмысқа дайындау:

- мөлшер өлшеуіштен қорғаныш оправаны (7) және зарядты құрылғының «Заряд» ұясынан қорғаныш қақпақты (6) бұрап шығару керек;

- потенциометр тұтқасын (4) шегіне жеткенше солға бұрау керек;

- мөлшер өлшеуішті «Заряд» ұясына (5) енгізіп, тірелгенше басу керек, бұл кезде көмескі жарық пен жоғары кернеу беріледі;

- окулярмен (1) бақылай отырып, тұтқаны (4) айналдыру арқылы мөлшер өлшеуіш шкаладағы (2) жіп бейнесін нөлдік бөлікке қою керек;

- мөлшер өлшеуішті ұядан шығарып, жарықта жіп жағдайын тексеру керек – жіптің тік жағдайында оның бейнесі шкаладағы нөлдік бөлікте болады; мөлшер өлшеуіштің қорғаныш оправасы мен қорғаныш қақпақты «Заряд» ұясына бұрап бекіту керек.

Бақылау сұрақтары:

1. ТЖ аумағындағы жағдайды бағалаудың бірізділігі қандай?

2. Барлауға қандай талаптар қойылады?

3. Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.

4. Барлаудың негізгі міндеттері қандай?

5. Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?

 

 

Дәріс тақырыбы: Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.

Жоспар:

-Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері;

-құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды өткізу тәсілдері мен әдістері;

- жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.

Тірек сөздер: құтқару, жарақат.

 

Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ) қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Бұнда басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады.

Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады: уақытша өткелдерді жабдықтау, құлаған жасырыну ғимараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету, адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару, жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату, тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.

Х имиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:зақымдану ошағын химиялық және медициналық барлау, ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау, адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру, ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.

ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең – қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі. Аумақтарды, ғимараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді. Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына

бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Құтқару жұмысына нелер жатады?Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің мақсаттары қандай?

2. Құтқару жұмыстарының мазмұны қандай?Жедел қалпына келтіру жұмысына нелер жатады?

3. Қираған ғимараттардағы зақымданушыларды құтқару қалай жүзеге асырылады?

4. Зақымданушыларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің ұйымдастырылуы.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 502 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы.| Дәріс тақырыбы: ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)