Читайте также:
|
|
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап. Заңның мақсаты мен мiндеттерi
Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың қорғалуын қамтамасыз етуге тиiс және олардың статусын, аумақтардың топталуын айқындайды, әлеуметтiк оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем мен жеңiлдiктер белгiлейдi, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықтың өмiрi мен денсаулығын сақтау, тұрақты тiршiлiк жағдайын қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнiмдерiмен, медицина құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жүйесiн қалыптастыруға принциптi көзқарастарды баянды етедi.
Заң Арал өңiрiнiң әлеуметтiк проблемаларын шешу жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың негiзгi амалын белгiлейдi.
Бап. Арал өңiрi Қазақстан бөлiгiнiң экологиялық қолайсыз аумағын топтау
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесiн, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерiн ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұжырымдамасы негiзiнде Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет аумағы:
экологиялық апат;
экологиялық дағдарыс;
экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлiнедi.
Бап. Экологиялық апат аймағы
1. Экологиялық апат аймағы шекарасын белгiлеудiң негiзгi өлшемдерi мыналар:
халық өлiмiнiң тұрақты өсуi;
экологиялық себептерге байланысты амалсыздан көшiп кету;
айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берiлетiн шектi нормативтерден халық өмiрiне қауiп төндiретiн мөлшерде асып кетуi;
экологиялық жүйенiң толық күйреуi және олардың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн жоғалтуы;
су объектiлерiнiң ғасырлар бойы ауытқудан асып түсетiн апатты жағдайда тайыздауы.
2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының аумақтары кiредi.
бап. Экологиялық дағдарыс аймағы
1. Экологиялық дағдарыс аймағы шекарасын белгiлеудiң негiзгi өлшемдерi мыналар:
халықтың ерекше ауруларының тұрақты өсуi;
айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берiлетiн шектi нормативтерден халық денсаулығына қауiп төндiретiн мөлшерде асып кетуi;
экологиялық жүйелердiң түр-тұқым құрамының азаюы мен құрылымдық тұтастығының бұзылуы, экологиялық жүйелердiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң 75 процентке төмендеп кетуi;
су объектiлерiнiң орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетiн мөлшерде дағдарысты жағдайда тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы (3-бапта көрсетiлген аудандардан басқа) аудандарының аумағы, Қызылорда қаласы мен әкiмшiлiк-аумақтық бағынысына жататын елдi мекендердi қоса, Ленинск қаласы кiредi.
5-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ
1. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасын белгiлеудiң негiзгi өлшемдерi мыналар:
халықтың экологиялық дағдарыс жағдайына себептi байланысы бар ауруларының тұрақты өсуi;
айналадағы табиғи ортада ластауыш заттар шоғырлануының жол берiлетiн шектi нормативтерден тұрақты асып кетуi;
экологиялық жүйелердiң сан жағынан алғанда түр-тұқымы құрамының азаюы және олардың биологиялық өнiмдiлiгiнiң кемiнде 50 процент төмендеп кетуi;
су объектiлерiнiң орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетiн мөлшерде тайыздауы.
2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.
Ескерту. 5-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1997.11.04. N 186 Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар | | | II-бөлiм. АРАЛ ӨҢIРIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ СТАТУСЫ |